1 сабақ. Сүтқоректілер құрылысының морфологиялық ерекшеліктері
Керекті құрал-жабдықтар: жаңа сойылған егеуқұйрық, скальпель, табақша, пинцет, мақта, препараттық инелер
Зертханалық сабақты орындау тәртібі:
1.Сүтқоректілердің сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді көріп танысу;
2. Ішкі мүшелерінің орналасуын көріп танысу.
Систематикасы
Хордалылар типі (Chordata)
Омыртқалылар тип тармағы (Vertebratа)
Амниота тобы (Amniota)
Төртаяқтылар класс тобы (Tetrapoda)
Сүтқоректілер, немесе Аңдар класы (Mammalia)
Жоғарғы сатылы андар немесе плацентарлық сүтқоректілер
инфракласы (Eutheria)
Кемірушілер отряды (Rodentia)
Өкілі егеуқұйрық (Rattus norvegicus)
Жұмысқа түсініктеме:
Сүтқоректінің денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және екі жұп аяқтардан тұрады. Басында екі жұп танау тесігі, кірпікшелермен жиектелген жоғарғы және төменгі қабақтары бар көздер (сурет 58).
Поделитесь с Вашими друзьями: |