М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Сурет 54. Үй қазының басқаңқасының ми бөлімі



жүктеу 9.83 Mb.
бет70/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Сурет 54. Үй қазының басқаңқасының ми бөлімі

1 – бүйірлік шүйде сүйектер; 2 – жоғарғы шүйде сүйек; 3 – қанатсынатәрізді сүйек; 4 – көзсынатәрізді сүйек; 5 - иіс сүйек; 6 – жас сүйек; 7 –төбе сүйек; 8 - маңдай сүйек; 9 - мұрын сүйек; 10 – қабыршақ сүйек; 11 – негізгі сынатәрізді сүйек; 12 - алдыңғы сынатәрізді сүйек; 13 – өре сүйек.


Басқаңқасының висцеральдық бөлімі. Екінші жоғарғы жақ сүйектер шаршы, таңдай және қанаттәріздес сүйектер түрінде болады (сурет 55).


Сурет 55. Үй қазының басқаңқасының висцеральдық бөлімі

1- шаршы-шықшыт сүйек; 2 - таңдай сүйек; 3 - қанаттәрізді сүйек; 4 - жоғарғы жақ сүйегі; 5 - жақаралық сүйек; 6 – тіс сүйек; 7 - бұрыш сүйек; 8– бұрышүсті сүйегі; 9 – буындық сүйек.

Тіс және байланыс сүйектер төменгі жақтарды түзуге қатысады. Екі айыршалы ұзарған тақташа тіласты аппаратын құрайды.

Өстік қаңқа көкірек клеткасынан және омыртқалардан тұрады.



Өстік қаңқа – омыртқа жотасы бес бөлімге бөлінеді: мойын, көкірек, бел, сегізкөз және құйрық. Мойын омыртқаларының саны тұрақты емес, 11-ден 23-25 омыртқалар аралығында болады. Бауырымен жорғалаушылардағыдай бірінші омыртқа атлас немесе атлант формасы сақина тәрізді, ал екінші мойын омыртқа эпистрофей алдыңғымен тіс тәрізді өсіндімен байланысқан, бұл бастың мойынмен салыстырғанда қозғалысын қамтамасыз етеді.

Құстардың қалған мойын омыртқалары әртүрлі – гетероцеркальді типті. Құстардың мойын қабырғалары жұрнақ түрінде және мойын омыртқалармен бірігеді.

Көкірек омыртқаларының саны 3-10. Олар бір-бірімен бірігіп арқа сүйегін құрайды және өте тығыз буын арқылы күрделі сегізкзбен жалғасады.

Осыған орай тірек қозғалысының дене бөлімі қозғалмайтындай болып құралады, ол ұшу кезінде маңызды орын алады (яғни дене тербелісі ұшу қозғалыстарын басқаруға кедергі келтірмейді).

Көкірек омыртқаларына қабырғалар қозғалмалы жалғасады. Әр қабырға екі - арқа және құрсақ бөлімдерінен тұрады, олар бір-бірімен қозғалмалы ұшы артқа бағытталған бұрыш түзіп орналасады.

Көкірек клеткасының мықтылығы қабырғалық арқа бөлімінде болатын ілмек тәрізді өсінділердің немесе қабырғаның үстін бөліп жатуымен жүзеге асады. Үлкен төс сүйегі жұқа келген жалпақ және ұзын тақташадан тұрады, онда барлық құстарда (түйеқұстәрізділерден басқаларда) биік төс қыры орналасады.

Барлық бел, сегізкөз (екі омыртқадан тұрады) және құйрық омыртқаларының бір бөлігі бір-бірімен қозғалыссыз байланысып, біртұтас – күрделі сегізкөз сүйегін құрайды. Оның құрамында 10-22 омыртқа болады.

Күрделі сегізкөзбен жамбас белдеуінің сүйектері қозғалыссыз байланысады. Бос құйрық омыртқаларының саны 5- 9 –дан аспайды. Соңғы 4 – 8 құйрық омыртқалары бірігіп, тұтас құйымшақ сүйегін (пигостиль) құрайды.



Құстардың алдыңғы аяқ белдеулері үш жұп сүйектерден құралған: қарға сүйек, жауырын және бұғана.

Бұғаналар өзінің төменгі ұштары арқылы қосылып, аша сүйекке айналған.

Құстың қанатының қаңқасы – бір тоқпан жіліктен, екі кәрі жілік сүйектері – шынтақ пен шыбық сүйектерден және бірнеше білезік сүйектерінен тұрады.

Тек үш саусақтар ғана сақталған, білезік және алақан сүйектері бір-бірімен бірігіп, бір күрделі сүйек – өрімге айналған (сурет 56).





жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет