Сурет 2. Ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы
1 – арқа жүзбе қанаты; 2 – құйрық жүзбе қанаты; 3 – құрсақ жүзбе қанаты; 4 – атриопор; 5 – метаплевральдық қатпар; 6 – сезгіш қармалауыштары бар ауыз воронкасы, 7 – миосепталар; 8 – миомерлер; 9 – хорда, 10 – жүйке түтігі; 11 – Гессе көзшелері; 12 – желбезек саңылаулары; 13 – жыныс гонадалары; 14 – ішек; 15 – бауырлық өсінді.
Тыныс алу мүшелері жұтқыншақ тұсындағы желбезек қуыстары (ланцетниктің жқтқыншақ тұсындағы көлденең кесіндісінен жақсы көрінеді) (сурет 3).
Сурет 3. Ланцетниктің жұтқыншақ тұсынан көлденең кесіндісі
1 – арқа жүзбе қанаты; 2 – метаплевральдық қатпар, 3 - эпидермис; 4- миомерлер, 5 – миосепталар; 6 – хорда, 7 – жүйке түтігі; 8 – желбезек саңылаулары; 9 – артриаль қуысы; 10 – жыныс бездері; 11 – бауырлық өсінді; 12 – эндостиль.
Ланцетниктің жұтқыншақ тұсынан көлденең кесіндісі микропрепаратынан негізгі мүшелерді көріп танысыңыздар: жабыны, миосепталары бар миомерлер, жүйке түтікшесі, хорда, желбезек қуыстары, жыныс гонадалары, бауырлық өсінді, сондай-ақ сыртқы құрылысындағы метаплевралды қатпарлы бірқабатты эпителий.
Ішек тұсындағы көлденең кесіндінің суретінен жоғарыда аталған мүшелерден басқа ішек анық көрінеді (сурет 4).
Поделитесь с Вашими друзьями: |