Сурет 52. Көгершіннің зәр – жыныс жүйесі (аналығы)
1 – бүйректер; 2 – несепағар; 3 – клоака; 4 – сол жақ жұмыртқа безі; 5 - сол жақ жұмыртқа жолы; 6 - жұмыртқа жолының воронкасы; 7 – жатыр; 8 – оң жақ жұмыртқа безінің қалдығы.
Құстардың жүйке жүйесі. Иіс сезім бөлімі кішкентай. Аралық мидан жағындағы эпифиз нашар дамыған, ал түбіндегі - көру жүйкесінің қиылысқан жерінде гипофиз орналасқан.
Орта мида ірі көру бөлімдері орналасқан (сурет 53).
Сурет 53. Көгершіннің миы (үстінен)
1 – алдыңғы мидың үлкен жарты шарлары; 2 – орта мидың көру төмпешіктері; 3 – мишық; 4 – сопақша ми; 5 – иіс бөлімдері.
Құстардың барлығында қозғалысты және тепе-теңдікті басқару орталығы – мишық жақсы дамыған. Сопақша ми біртіндеп жұлынға ауысады. Құстарда 12 жұп бас жүйкелері (бірақ он бірінші жұбы оныншы жұптан айқын бөліне қоймаған) шығады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |