Сурет 50. Құстардың веноздық жүйесінің сызбасы
1 – жоғарғы қуыс венасы; 2 - бүйректің қақпа жүйесі; 3 - бауырдың қақпа жүйесі; 4 – артқы қуыс венасы; 5 – оң жақ жүрекше; 6 – өкпе венасы; 7 – сол жақ жүрекше.
Бүйректері метанефросты, ірі және жамбас белдеуінің ойысында орналасқан. Бүйректерден клоакаға құйылатын несепағарлар шығады. Қуық болмайды.
Аталықтың жыныс жүйесі: ақшыл сопақша тұқым бездері, олардан тұқым жолдары шығады және клоакаға құйылар жерде біршама кеңейіп тұқым көпіршігін түзеді (сурет 51).
Сурет 51. Көгершіннің зәр – жыныс жүйесі (аталығы)
1 – бүйректер; 2 – несепағар; 3 – клоака; 4 – аталық жыныс безі; 5 - ұрық жолы; 6 – ұрық көпіршігі.
Аналықтарында оң жақ жұмыртқа безі редукцияланған, тақ сол жақ жұмыртқа безі дәнді құрылымды.
Сол жақ жұмыртқа жолы (мюллер каналына ұқсас) ұзын түтік түрінде, бір ұшы кеңейіп дене қуысына артқы ұшы клоаканың сол бөліміне ашылады (сурет 52).
Поделитесь с Вашими друзьями: |