М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Сурет 47. Құстардың ас қорыту жүйесі



жүктеу 9.83 Mb.
бет64/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Сурет 47. Құстардың ас қорыту жүйесі

1 – өңеш; 2 – жемсау; 3 – қарынның безді бөлімі; 4 – қарынның етті бөлімі; 5 – он екі елі ішек; 6 – өт жолы; 7 - бауыр; 8 – ұйқы безі; 9 –аш ішек; 10 – тоқ ішек; 11 – клоака.

Қарны екі бөлімді безді және етті бөлімдерден тұрады. Қарыннан қысқа он екі елі ішек шығады, оған өт қабы мен ұйқы безі болмайтын екі бөлікті бауыр ашылады. Ұзын аш ішек тіқ ішекке ауысады, ол клоакаға ашылады.

Тыныс алу жүйесі: ауыз қуысына апаратын танау тесіктері, әрі қарай көмекей қуысы арқылы кеңірдекке барады. Кеңірдек тығыз шеміршекті сақиналы түтік түрінде. Ол жүрек маңында екі ауа тамырларына бөлініп өкпелерге енеді. Құстар үшін дыбыс аппараты - төменгі көмекей тән Өкпелері кемікті құрылысты және олардан ауа қапшықтары шығады.

Тыныс алу актісі көкірек клеткасының қозғалуымен іске асады. Қабырғалық еттердің жиырылуы көкірек қуысының көлемін ұлғайтады, нәтижесінде ауа – өкпелерге және ауа қапшықтарына түседі. Тыныс шығарған кезде көкірек клеткасы төмен түседі және ішкі мүшелер ауа қапшықтарын жаншиды, нәтижесінде оттегі қайтадан өкпелерге түседі.



Осылайша құстар үшін қосарлы тыныс алу тән, яғни тыныс алғанда және тыныс шығаруда өкпелерде газ алмасуы жүреді (сурет 48).




жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет