Сурет 45. Кептердің сыртқы құрылысы
- басы; 2 – мойны; 3 – қанаты; 4 – құйрығы.
Қауырсын түрлері: жамылғы қауырсын, мамық, жіптәріздес. Жамылғы қауырсын құрылысы: қауырсын көбесі (қалам ұшы), сабағы, ілгекшелермен байланысқан бірінші және екінші қатарлы мұртшалар орналасқан желпуіш
(сурет 46).
Сурет 46. Қалыпты қауырсынның құрылысы
1 – қауырсын сояуы; 2 – желпуіш; 3– баған; 4 – бірінші реттік мұртшалар; 5 –екінші реттік мұртшалар; 6 – ілгекшелер.
Лупаның көмегімен мұртшаларды және ілгекшелерді қарап көріңіздер. Жамылғы қауырсындар құстың ұшуы кезінде кедергілерді жеңуін қамтамасыз етеді. Қанаттың құрамына кіретін желпуіш қанаттар көлемінің үлкендігімен, әрі берік болуымен ерекшеленеді. Құйрық ірі бұрушы қауырсындардан түзілген. Барлық қауырсындар бір-біріне шатыр тәрізді жауып орналаса тұтас беткей түзеді.
Қалыпты қауырсынға қарағанда мамық қауырсындардың ілгекшелері болмайды. Жіптәріздес қауырсындардың жіңішке сояуы және редукцияланған мұртшалары болады. Терінің қауырсындармен жабылған бөлігі птерилиялар, қауырсынсыз бөлігі аптериялар деп аталады. Құстың терісі жұқа, бездер болмайды ( тек су құстарында құйымшақ безі болады).
Құсты сойып көрсету жоспарға сай жүргізіледі (сою жоспары ұсынылады).
Ас қорыту жүйесі: ауыз қуысы созылмалы жұқа қабырғалы екі қалақты кеңейген бөлім - жемсауы бар өңешке жалғасады (сурет 47).
Поделитесь с Вашими друзьями: |