Жұмысқа түсініктеме:
Құстар үшін бастың кіші болуы, қозғалмалы мойын және жинақы дене тән.
Созылыңқы (ұзарған) тұмсықтар мүйізді. Бастың екі бүйірлерінде жұқа жартылай мөлдір жыпылықтауыш жарғақтар және қозғалмалы қабақтары бар көздері орналасқан. Көздің артында орналасқан сыртқы есту жолы дыбыс жарғағымен ұштасады. Алдыңғы аяқтары түрі өзгеріп қанаттарға айналған.
Кептерлерде сан мен сирақ бөлімдері қауырсынмен қапталған, жіліншектері мен саусақтары қабыршақтармен жабылған. Құстарда әдетте төрт саусақ болады, олардың үшеуі алға, біреуі артқа бағытталған (сурет 45).
Поделитесь с Вашими друзьями: |