М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Кесте 2. Қазақстандағы бауырымен жорғалаушыларға систематикалық шолу



жүктеу 9.83 Mb.
бет60/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Кесте 2. Қазақстандағы бауырымен жорғалаушыларға систематикалық шолу


отряд

отряд тармағы

Тұқымдас

түр

Қабыршақтылар (Squamates)

Жыландар (Serpentes)

Буындырғыш (Boidae)

құмжылан, шығыстық құмжылан

Ойықбасты күркіреуік жылан (Crotalidae)

Паллас қалқантұмсығы

Сарыбас жылан (Colubridae)

Шұбар жылан (өрнекті, түрлі түсті, көлденең жолақты, сарыбауыр, қызылжолақты), оқжылан, сарыбас су жылан

Сұржылан (Viperidae)

Кәдімгі сұржылан, дала сұржыланы

Кесірткелер (Sauria)

Геккондар (Gekkonidae)

Жіңішке саусақты каспий гекконы, жіңішке саусақты туркістан гекконы, жіңішке саусақты сұр геккон, эверемани гекконы

Агамалар (Agamidae)

Дала агамасы, жұмырбас (тақырлық, құлақты, құмдық)

Ұршықсап (Anguidae)

Сарыбауыр

Сцинктер (Scincidae)

Алай жалаңкөзі, құм жалаңкөзі

Кесірткелер (Lacertidae)

Кесіртке (сызықты, жолақты, үлкенкөзді, орталықазиялық), тірітуатын кесіртке


7 тақырып. Құстар класы (Aves)
Құстарды сипаттайтын маңызды белгілері: жүйке жүйесінің дамуы, жоғарғы жүйке жүйесінің күрделілігі және сезім мүшелерінің, әсіресе көру мен естудің жақсы жетілуі, дене температурасының жоғары, әрі тұрақты болуы, ұшу арқылы ауада қозғалу қабілетінің жетілуі, көбею ерекшеліктері жатады.

Эволюция барысында құстардың барлық мүшелер жүйесіндегі морфофизиологиялық қайта түзілулер олардың жалпы ұйымдасу деңгейінің бауырымен жорғалаушылармен салыстырғанда күрт артуын қамтамасыз етті.

Құстардың морфофизиологиялық ұйымдасуын қарастырғанда біріншіден, олардың бауырымен жорғалаушылармен туыстығын көрсететін белгілерді және екіншіден ұшуға байланысты белгілерді айтқан дұрыс.

Бірінші белгілерге жататындар: бездері мүлдем аз жұқа тері; мүйізді түзінділердің күшті жетілуі, шүйде өсіндісі біреу; интертарзальды буын; клоаканың болуы және басқалар.

Екіншіге жататындар: алдыңғы аяқтарының қанаттарға айналуы, саусақтарының редукциялануы, интертарзальды буын және өрімнің пайда болуы;

ауада ұшқанда кедергіні жеңілдететін және қанаттарындағы тұтас беткей түзетін қауырсын жамылғысы;

іші қуысты, ауалы сүйектер және салмақты жақ сүйектердің жеңіл, тіссіз мүйізді тұмсықпен алмасуы есебінен дене салмағының азаюы;

қанаттарды қозғалысқа келтіруші, күшті дамыған көкірек бұлшық еттері бекитін орны төс қырының болуы;

көптүрлі қызметтер атқаратын, әсіресе ұшу кезінде тыныс алу үшін қажетті ауа қапшықтары;

қаңқасындағы бірқатар ерекшеліктер: сүйектердің бірігіп кетуі, құйрық бөлімінің жойылуы және басқалар.

Бұлардан басқа ұшуға байланысты өкпелер дене қуысында тығыз бекиді, қуық болмайды, әрі аналықтарының жыныс жүйесі ассиметриялы орналасады: құстардың көпшілігінде оң жақ жұмыртқа безі және оң жақ жұмыртқа жолы болмайды.


жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет