М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


сабақ. Бауырымен жорғалаушыларды анықтау



жүктеу 9.83 Mb.
бет58/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
3 сабақ. Бауырымен жорғалаушыларды анықтау

Мақсаты: Әртүрлі бауырымен жорғалаушыларға тән белгілерді анықтап табуға үйрену.

Керекті құрал-жабдықтар: қатырылған материалдар, қол лупасы, табақша, препараттық инелер, пинцет.

Зертханалық сабақты орындау тәртібі:

1. Бауырымен жорғалаушылар өкілдерінің қай отрядқа, тұқымдасқа жататындығын анықтаңыздар;



  1. Анықталған түрдің негізгі «түйінді» белгілерін қысқаша жазу.


Жұмысқа түсініктеме:

Берілген тақырып бойынша бір сабақ болған жағдайда бауырымен жорғалаушыларды анықтауды отряд пен тұқымдасқа дейін жіктелген дұрыс.

Төменде бауырымен жорғалаушылардың отрядтары мен тұқымдастарын анықтау кестесі, сондай-ақ Қазақстанның бауырымен жорғалаушыларына систематикалық шолу келтірілген.
Қазақстан бауырымен жорғалаушыларының отрядтары мен тұқымдастарын анықтаудың қысқаша кестесі
1(2) Денесі майда-мүйізді қабыршақты, қалқанды немесе бүршікті терімен қапталған. …............................................................Қабыршақтылар отряды (Squamates)

2(1) Денесінің жоғарғы және астыңғы беті қатты сүйекті сауытпен қаптаған.......................................………….Тасбақалар отряды (Testudines)

Қабыршақтылар отрядының (Squamates) тармақтарын анықтау
1(2) Аяғы жоқ, көздің қозғалмалы қабақтары болмайды …………………………………………Жыландар отряд тармағы (Serpentes)

2(1) Аяғы бар, аяғы жоқтарында көз қабақтары ашылмалы-жұмылмалы ………………………………………….Кесірткелер отряд тармағы (Sauria)


Жыландар отряд тармағының (Serpentes) тұқымдастарын анықтау кестесі:
1(2)Клоаканың бүйірінде артқы аяқтың тырнақ тәрізді рудименті байқалады..............................……Буындырғыш жылан тұқымдасы (Boidae)

2(1) Артқы аяқтың рудименті жоқ.

3(4)Танау тесігі мен көздің арасында терең шұңқыр бар....................................... Ойықбасты күркіреуік жылан тұқымдасы (Crotalidae)

4(3) Танау тесігі мен көздің арасында шұңқыр жоқ.

5(6) Бастың жоғарғы беті салыстырмалы түрде ірі және симметриялы орналасқан қалқандармен қапталған ....……Сарыбас жылан тұқымдасы (Colubridae)

6(5) Бастың жоғарғы беті әртүрлі орналасқан майда қабыршақтармен қапталған …………………................… Сұржылан тұқымдасы (Viperidae)


Кесірткелер отряд тармағының (Sauria) тұқымдастарын анықтау кестесі:

1(6) Бастың жоғарғы беті әртүрлі пішінді майда қалқандармен және қабыршақтармен қапталған.

2(3) Қозғалмалы қабақ жоқ. Көзі мөлдір қасаң қабықпен жабылған..............……………………...................……Геккондар тұқымдасы (Gekkonidae)

3(2) Көздері қозғалмалы қабақпен жабылған.

4(5) Танау тесігі көздің алдыңғы жиегінен гөрі тұмсықтың соңына таман орналасқан. Тілі жұмырланған немесе ұшында кішкене айыры бар. Басының ұзындығы салыстырмалы түрде еніне сәйкес............…Агамалар тұқымдасы (Agamidae)

5(4)Танау тесігі тұмсықтың соңынан гөрі көздің алдыңғы жиегіне жақын орналасқан. Тілі терең ойықты. Басының ұзындығы оның енінен біраз үлкен ................………………................................Кеселдер тұқымдасы (Varanidae)

6(1) Бастың жоғарғы беті ірі және симметриялы орналасқан мүйізді қалқандармен қапталған.

7(8) Денесі жылантәріздес. Аяқтары жоқ............................Аяқсыз кесіртке тұқымдасы (Anguidae)

8(9) Аяқтары бар.

9(10) Тұлғасындағы қабыршақтар дөңгелектене келген тақталар. Бұлардың алдыңғылары артқыларын жапсарлай жауып жатады.Құрсақ пен бүйіріндегі қабыршақтар бірдей пішінді. ……………………………………........Сцинк тұқымдасы (Scincidae)

10(9) Тұлғасындағы қабыршақтар пішіні өзгеше. Құрсағындағы мүйізді қалқандар ірі және бұлар мөлшері мен пішіні жөнінен бүйірдегі, арқасындағылардан басқаша,…………………………………….............Кесірт тұқымдасы (Lacertidae)
Қазақстанда құрлықтық тасбақа тұқымдасына жататын дала тасбақасы және тұщысулық тасбақа тұқымдасына жататын батпақ тасбақасы тіршілік етеді.


жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет