Сурет 43. Кесірткенің иық белдеуі
1- жауырын; 2 – жауырын үсті шеміршегі; 3 – коракоид; 4 - бұғана.
Жыланда иық, сондай-ақ жамбас белдеулері редукцияланған (өзгерген), тасбақаларда бұғана құрсақ қолқасының құрамына кіреді.
Кесірткенің жамбас белдеуі – бұл үш жұп жамбас сүйектерінің бірігуінен пайда болған (шанданай, мықын, шат) (сурет 44).
Сурет 44. Кесірткенің жамбас белдеуі
1 – мықын сүйектері; 2 – шат сүйектері; 3 – шонданай сүйек; 4 – буындық ойық.
Кесірткенің алдыңғы аяқтары келесі сүйектерден құралған: тоқпан жілік, шынтақ сүйек пен кәрі жілік (білек сүйектері), аяқ басы сүйектері (білезік, алақан, ұшында тырнақтары орналасқан саусақ сүйектері). Рептилилердің артқы аяқтары: сан, балтыр (асықты жілік пен шыбық сүйек), табан сүйектері (толарсақ, табан және тырнақты саусақ байқалады).
Поделитесь с Вашими друзьями: |