Сурет 38. Кесірткенің зәр - жыныс жүйесі (аталық)
1 – метанефростық бүйрек; 2 – қуық; 3 –клоака; 4 – аталық жыныс безі; 5 - жыныс бездерінің қосалқысы; 6 – ұрық жолы; 7 – шағылысу мүшесі.
Аналық жыныс жүйесі – жұп жұмыртқа бездері. Жетілген жұмыртқа жасушалары дене қуысына түседі, сосын дене қуысының алдыңғы бөлігіндегі жұмыртқа жолының түтікшесіне түседі. Мюллер каналының гомологы жұмыртқа жолы клоакаға жеке-жеке ашылады (сурет 39).
Сурет 39. Кесірткенің зәр - жыныс жүйесі (аналық)
1 - метанефростық бүйрек; 2 – қуық; 3 – клоака; 4 – аналық жұмыртқа безі; 5 – жұмыртқа жолы; 6 - жұмыртқа жолының воронкасы.
Жүйке жүйесі. Үлкен жартышарлары сұр заттан құралған ми қыртысымен жабылған (сурет 40).
Поделитесь с Вашими друзьями: |