М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Сурет 37. Кесірткенің қан айналу жүйесінің сызбасы



жүктеу 9.83 Mb.
бет51/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Сурет 37. Кесірткенің қан айналу жүйесінің сызбасы

1 - жүрек; 2 – қолқаның жүйелік доғасы (оң жақ, сол жақ); 3 – ұйқы артериялары; 4- бұғана асты артериялары; 5 – арқа қолқасы; 6 – өкпе артериялары; 7 – ярем венасы; 8 – бұғана асты венасы; 9 – бүйректің қақпа жүйесі; 10 – бауырдың қақпа жүйесі; 11 - артқы қуыс венасы.


Кіші және үлкен қан айналым шеңберінің басты артериялық бағандары қарыншадан жеке-жеке шығады. Бұл үш дара тамырлар: өкпе артериясы мен екі (оң және сол) қолқа доғалары.

Қан айналым шеңберлерін қарастырамыз. Кіші қан айналым шеңбері қарыншаның веноздық бөлігінен өкпе артериясы ретінде шығады. Веноздық қаны бар өкпе артериясы екі тарамдалып өкпелерге барады да, сол жерде газ алмасу жүреді. Артериялық қан өкпе веналарының бойымен жүрекке барып, дара тамыр түрінде сол жүрекшеге құйылады.

Қарыншаның сол және ортаңғы бөлігінен қолқа доғасының жүйелері шығады. Үлкен қан айналым шеңбері осылайша басталады.

Қолқаның оң жақ доғасы дененің алдыңғы бөлігіне қан апаратын ұйқы және бұғанаасты артерияларының бастамасын береді. Сосын доғалар иіліп арқа қолқасына бірігеді, ол барлық мүшелерге қан апаратын көптеген қан тамырларының тарамдарын береді. Вена қаны вена тамырлары бойымен жиналып, жоғарғы және төменгі қуыс веналар түзеді де әрі қарай оң жүрекшеге барып құйылады.

Бауырымен жорғалаушыларда веналар бүйректер мен бауырдың қақпа веналарын түзеді.

Тыныс алу жүйесі. Кесірткенің тыныс жолдары сыртқы мұрын тесіктері – танау басталады. Әрі қарай ауа мұрын жолы және ішкі танау тесіктері –хоаналар арқылы ауыз қуысына, сосын көмекей арқылы қабырғасында босаңсуына мүмкіндік бермейтін сақинатәрізді шеміршектері бар едәуір ұзын түтік – кеңірдекке келіп түседі. Кеңірдек мойынды бойлай өтіп екі қысқа бронхыларға тарамдалып өкпелерге енеді.

Өкпелердің губкалы құрылысты болуы олардың тыныс алу беткейін арттырады. Кесірткелерде тыныс алу актісін арнаулы еттердің әсерінен көкірек клеткасының кеңейіп-тарылу жолы арқылы іске асады.



Зәр-жыныс жүйесі. Бауырымен жорғалаушыларда жамбастық (метанефростық) бүйректер. Әрбір бүйректен клоакаға ашылатын несепағар басталады. Клоаканың құрсақ қабарғасынан жұқа қабырғалы тұйық өсінді түріндегі қуық шығады.

Аталық жыныс бездері. Жұп тұқым бездері. Олар тұқым шығарғыш каналшалар көмегімен тұқым безі қосалқысымен тығыз байланысқан. Тұқым безінің қосалқысынан тұқым жолдары басталады. Клоакаға құйылар алдында тұқым жолдары несепағарлармен бірігеді де, бір тесік арқылы клоакаға ашылады (сурет 38).


жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет