Сурет 36. Кесірткенің ішкі құрылысы (аталығы)
1 –жүрек; 2 – кеңірдек; 3 – өкпелері; 4 – өңеш; 5 – қарын; 6 – он екі елі ішек; 7 – бауыр; 8 – өт қабы; 9 – өт жолы; 10 – ұйқы безі; 11 – тоқ ішек; 12 – бүйрек; 13 – қуық; 14 – аталық жыныс безі; 15 – ұрық жолы; 16 – жыныс бездерінің қосалқысы.
Өңеш етті түтік түрінде кеңірдектің үстімен мойынды бойлап созылып құрсақтың алдыңғы бөлігінде қарынға жалғасады. Қарыннан аш ішекке ауысатын он екі елі ішек шығады.
Аш ішек бірнеше иірімдер түзіп тоқ ішекке өтеді. Аш ішек пен тоқ ішектің шекарасында тұйық өсінді – соқыр ішек бастамасы болады. Тоқ ішектің артқы бөлімі тік ішек. Тік ішек клоакаға және клоакалық қуыс арқылы сыртқа ашылады.
Қарын мен он екі елі ішектің аралығында сопақша, тығыз ұйқы безі орналасқан. Қарынмен қатар оның ұшына жақын қызғылт реңді көкбауыр орналасады. Дене қуысының алдыңғы бөлігін едәуір қамтыған, өт қабымен одан шығатын өт жолы бар бірнеше қалақты ірі бауыр болады.
Қан айналу жүйесі. Үш камералы жүрегі көкірек қуысының алдыңғы бөлігінің құрсақ жағында орналасқан. Жүрек қарыншасы толық емес перделермен екі қуысқа бөлінген (сурет 37).
Поделитесь с Вашими друзьями: |