Сабақ. Ланцетник мысалында басхордалылардың құрылыс ерекшеліктері
Мақсаты: Хордалы жануарларға тән белгілерді тауып көрсету.
Керекті құрал - жабдықтар: формалиндегі ланцетник, ланцетниктің бекітілген препараттары, микроскоптар, интерактивті тақта.
Зертханалық сабақты орындау тәртібі:
1.Ланцетниктің сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді қарап көру (дене пішіні, жабыны, дененің алдыңғы бөлігі, арқа-бүйір қатпары);
2.Ланцетниктің негізгі мүшелерін қарап көру: жұтқыншақ, ішек, желбезек қуыстары, атриопор, ас қорыту түтікшесі, жыныс гонадалары (кестелер);
3.Микроскоптың көмегімен ланцетниктің жұтқыншақ тұсындағы
көлденең кесіндісін қарап көру;
4.Микроскоптың көмегімен ланцетниктің ішек тұсындағы көлденең
кесіндісін қарап көру.
Систематикасы
Хордалылар типі (Chordata)
Басқаңқасыздар тип тармағы (Acrania)
Басхордалылар класы (Cephalochordata)
Ланцетниктәрізділер отряды (Amphioxiformes)
Өкілі ланцетник (Branchiostoma lanceolatum Pall)
Поделитесь с Вашими друзьями: |