М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018



жүктеу 9.83 Mb.
бет49/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Жұмысқа түсініктеме:

Агаманың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді көріп танысу: дене пішіні, мойны, басы, танау тесітері, көздері, дабыл жарғағы, алдыңғы аяқтары, артқы аяқтары мен клоака тесігі (сурет 35).



Сурет 35. Кесірткенің сыртқы құрылысы

1-басы; 2 – тұлғасы; 3 – құйрығы; 4 –алдыңғы аяқтары; 5 – артқы аяқтары.


Олардың денесі бас, мойын, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Басы мен тұлғасы біркелкі бұрыс пішінді мүйізді қабыршықтармен жабылған.

Бастың алдыңғы ұшында ауыз, жақтарында тістері орналасқан. Кесірткелердің дәм және сипап-сезу мүшесі болып табылатын ұзын, жұқа, ұшы екі айрық тілін сыртқа әлсін-әлсін шығарып тұрады. Ауыздан жоғары жұп танау тесіктері орналасқан, оның ішінде жұп иіс сезу мүшелері болады. Кесірткенің көзі қозғалмалы қабақтармен қорғалған, бірақ көзді құрғап кетуден сақтайтын жартылай мөлдір үшінші қабақ – жыпылықтауыш жарғақтар болады. Бастың артқы бөлігінің екі бүйірінде дабыл жарғақтарымен керілген есту түтіктері болады.

Тұлға бүйірлерінде салыстырмалы қысқа аяқтары орналасқан. Олар қосмекенділер сияқты бөлімдерден, яғни алдыңғы: тоқпан жілік, білек, алақан және артқы: сан, балтыр және аяқ басы сүйектерінен тұрады. Кесірткелердің бессаусақты аяқтары басқа рептилилердегідей мүйізді түзінділер – тырнақтармен аяқталады.

Дененің артқы бөлігі тұлға мен құйрық бөлімінің шекарасында құрсақ қалқаншаларының арасында қуыста клоака тесігі орналасқан. Агаманың терісі барлық бауырымен жорғалаушылардағыдай құрғақ, бездер болмайды.



Бауырымен жорғалаушыларды сою жоспар бойынша жүргізіледі (сою жоспары ұсынылады).

Ас қорыту жүйесі: ауыз қуысында түбі жалпақ, ұшы алға қарай жіңішкеретін, әрі айыр тіл орналасқан, ол жемтігін қармап ұстауға және жұтуға көмектеседі. Тілді ішіне қарай тартқан кезде оның ұшы сезгіш жүйке ұштары орналасқан ерекше ойық - якобсон мүшесіне жалғасады. Бұл мүше тілге жабысқан түйіршіктерден болатын химиялық тітіркендірулерді қабылдайды (сурет 36).




жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет