1 сабақ. Рептилилердің құрылысының морфологиялық ерекшеліктері
Мақсаты: Бауырымен жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысындағы прогрессивті белгілерді табу.
Керекті құрал-жабдықтар: жаңадан жансыздандырылған кесіртке, скальпель, табақша, пинцет, мақта, препараттық инелер.
Зертханалық сабақты орындау тәртібі:
1. Агаманың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді көріп танысу;
2. Жоспар бойынша агаманы сою;
Негізгі мүшелер жүйесін көріп танысу.
Систематикасы
Хордалылар типі (Chordata)
Омыртқалылар тип тармағы (Vertebratа)
Амниота тобы (Amniota)
Төртаяқтылар класс тобы (Tetrapoda)
Бауырымен жорғалаушылар класы (Reptilio)
Лепидозаврлар класс тармағы (Lepidosauria)
Қабыршақтыларар отряды (Sguamata)
Нағыз кесірткелер тұқымдасы (Lacertidae)
Өкілі дала агамасы (Lacerta sp.L.)
Поделитесь с Вашими друзьями: |