М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


тақырып. Бауырымен жорғалаушылар класы



жүктеу 9.83 Mb.
бет47/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
6 тақырып. Бауырымен жорғалаушылар класы (Reptilio)
Бауырымен жорғалаушылар немесе рептилилер, сондай-ақ құстар мен сүтқоректілер де жоғары сатыдағы құрылыстық омыртқалыларға жатады. Олар үшін дененің бөлімдерге айқын бөлінуі тән.

Теріде денені құрғап кетуден сақтайтын эпидермистің мүйізді қабаты мен қабыршақтары болады. Тері бездері көбінесе болмайды.

Омыртқаның мойын бөлімі дамыған, басқаңқасы бірінші мойын омыртқамен бір өскінше арқылы байланысады. Көкірек клеткасы дамыған, тыныс алуы өкпелік.

Жүрегі мен артерия доғалары біршама жіктелеген: қарыншаның сол және оң бөліктерінің аралығында жартылай перделер болады, одан үш артериялық тамырлар жеке-жеке шығады.

Тұлға бүйректері жамбас бүйректерімен алмасуы (метанефрос).

Ми күштірек дамыған, екінші ми қыртысының бастамасы (неопаллиум) түзілген.

Ұрықтануы іштей. Жұмыртқада үш ұрық қабықшасы болады. Осылардың біреуінің амнионның болуына байланысты жоғарғы сатыдағы омыртқалылар амниоттар деп аталады. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда ұрық қабы болмағандықтан анамния тобын құрайды.

Бауырымен жорғалаушылардың эволюциясының негізгі бағыттары: локомоторлық аппараттың жетілуі мен әртүрлі қимыл-қозғалысының артуы. Бауырымен жорғалаушыларға бастың үлкен қозғалғыштығы тән.

Бұл басқаңқасының омыртқаның мойын бөлімімен қозғалмалы байланысты: бірінші екі мойын омыртқаларының (атлант және эпистрофей) түрі өзгерген, сондықтан бастың қозғалысы дененің көлденең өсін айнала өтеді.

Қабырғалардың төспен жалғасын көкірек клеткасының түзілуі-бауырымен жорғалаушылардың қаңқасындағы ірі қайта түзілулердің бірі болып табылады.

Құрлықтық тіршілік иесі ретіндегі олардың құрылысындағы қарапайым ерекшеліктер ретінде екі қолқа доғасының болуы мен тұлға артерияларындағы аралас қанның болуын, зат алмасу деңгейінің төмен, әрі дене температурасының тұрақсыздығын айтуға болады.


жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет