2. сабақ. Қосмекенділердің қаңқасы
Мақсаты: Құрлықтық омыртқалылардың қаңқа құрылысының біртұтастығын көрсету.
Керекті құрал-жабдықтар: бақаның құрастырылған қаңқасы.
Зертханалық сабақты орындау тәртібі:
Басқаңқасын қарап көріп, оған тән белгілерді тауып көрсету;
Өстік қаңқаны көріп танысу;
Белдеулер мен аяқтарын көріп танысу.
Жұмысқа түсініктеме:
Қаңқа негізінен шеміршекті. Ми сауытында аздаған хондральды және жабын сүйектер болғандықтан, ол өмір бойы шеміршек күйінде сақталып қалады (сурет 33).
Сурет 33. Қосмекенділердің басқаңқасы (А – үстінен, Б – астынан):
1- бүйірлік шүйде сүйектер; 2 –шүйде өсіндісі; 3 – құлақ алды сүйек; 4 - сынатәрізді – иіс сүйектер; 5 – мұрын сүйек; 6 – маңдай – төбе сүйегі; 7 – қабыршақты сүйек; 8 – парасфеноид; 9 – таңдай сүйек; 10 – өре сүйек; 11 – хоан, 12 – таңдай – шаршы шеміршегі; 13 – жақаралық сүйек; 14 – жоғарғы жақ сүйек; 15 – шаршы – шықшыт сүйегі; 16 – қанаттәрізді сүйек.
Басқаңқасының шүйде бөлімі екі бүйір шүйде сүйектерінен құрылған.
Екі бүйірі келесі сүйектерден түзіледі: құлақ алды, қабыршақты жабында сақина тәрізді сынатәрізді – иіс сүйектер. Маңдай-төбе және мұрын сүйектері қосмекенділердің ми сауытының қақпағын құрайды.
Басқаңқасының түбінде жабынды тектес – салыстырмалы ірі крест пішінді парасфеноид пен оның алдында жұп өре сүйек орналасады.
Жоғары жақтар жабынды жақаралық және жоғары жақ сүйектерден тұрады. Төменгі жақ негізінен Меккель шеміршектерінен және осы шеміршектің алдыңғы ұшында болатын кішкене ғана жұп иек – жақ сүйектерінен және бұл доғаға қосылатын тіс пен бұрыш жұп жабын сүйектерінен тұрады.
Осыған байланысты жақ ілгекшесі және желбезекке тірек рөлін атқаратын гиомандибуляре ортаңғы құлақтағы есту сүйекшесіне – үзеңгіге
айналған.
Өстік қаңқа омыртқалардан (мойын, тұлға, сегізкөз, құйрық) тұрады. Құйрықсыздарда 1 - мойын, 7 – тұлғалық, 1 – сегізкөз және құйрық омыртқалары бірігіп уростиль деп аталатын сүйек түзеді (сурет 34).
.
Поделитесь с Вашими друзьями: |