М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Сурет 31. Аналық бақаның зәр-жыныс жүйесі



жүктеу 9.83 Mb.
бет41/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Сурет 31. Аналық бақаның зәр-жыныс жүйесі

1 – бүйректер, 2 – қуық; 3 – клоака; 4 – оң жақ жұмыртқа безі; 5 – жұмыртқа жолы; 6 – жұмыртқа жолының жатыр бөлім; 7 – майлы дене.


Жыныс жүйесінде майлы денешіктер жақсы дамыған, оның қызметі көбею кезінде жыныс бездерін қоректік заттармен қамтамасыз ету.

Жүйке жүйесі. Көлемі бойынша салыстырмалы ірі алдыңғы ми екі жарты шарларға бөлінген, алғашқы ми күмбезі – архипаллиум бар (сурет 32).




Сурет 32. Бақаның миы (астынан)

1 – алдыңғы ми, 2 – иіс бөлімдері; 3 – орта мидың көру төмпешіктері; 4 – сопақша ми.


Аралық мидың үстінде эпифиз орналасқан. Орта ми көру бөлімдерінен тұрады. Мишық нашар дамыған. Мидан 10 жұп ми жүйкелері шығады.
Бақаны сою

  1. Союға жаңадан жансыздандырылған, ірі мөлшерлі бақа қолайлы;

  2. Бақаны жансыздандыруды сабақтың басталуына 20-30 минут

қалғанда бастау керек;

  1. Осы мақсатта бақаны аузы тығыз жабылған, ішінде хлороформмен

немесе эфирмен ылғалданған мақтасы бар ыдсқа орналастырады.

  1. Сыртқы құрылысын көріп танысыңыздар. Құрлықтық және сулық

тіршілік белгілерін табыңыздар (дене пішіні, реңі, аяқтары, жүзу жарғақтары, қозғалмалы қабақтар, дабыл жарғағы және басқалар).

  1. Бақаны табақшаға шалқасынан құрсағын жоғары қаратып және

аяқтарын созып, оларды түйреуіштермен бекітеміз. Осы кезде құрсақтың ашық реңіне көңіл аударыңыздар;

  1. Құрсақтың артқы бөлігінің терісін пинцетпен көтеріп аяқтарының

алдынан көлденең етіп кесеміз;

  1. Сосын қайшыны тесікке енгізіп, сол жерден дененің ортасын бойлай

иек астына дейін ұзынша етіп тілеміз. Кесу кезінде мүшелерді зақымдамас үшін қайшының ұшын жоғары көтеріп ұстаған дұрыс;

  1. Алдыңғы аяқтардың тұсында теріні перпендикуляр бағытта алдыңғы

аяқтардың негізіне дейін кесеміз;

  1. Пайда болған тері жапсарын екі жаққа аударып, оларды

түйреуіштермен бекітеміз

  1. Тері мен еттердің арасындағы кеңістік теріасты лимфатикалық

қуыстар түрінде болатындығына көңіл аударыңыздар;

  1. Бұлшық еттер мен кейбір қан тамырларын қарап көріңіздер;

12.Тұлғаның орта бөлігіндегі құрсақ қуысы үстінде көлденең сіңірлермен жеке бөліктерге бөлінген құрсақтың тік еті орналасады;

13. Алдыңғы аяқтар тұсында жұп көкірек еттері орналасқан, олар дененің орта тұсынан үш шоғыр болып шығып алдыңғы аяқтарға тарайды;

14. Көкірек еттерінің алдында төменгі жақ бұталарының арасында тыныс алу механизмінде маңызды рөл атқаратын жақасты еттері болады;

15. Күңгірт түсті қан тамырларына назар салыңыз, бұл құрсақтан тік етіп бойлай созылған құрсақ венасы;

16. Әрі қарай құрсақ қабырғасының етін кесеміз. Ұзынша етіп кесуді дененің ортасын бойлай емес, қан ағысын болдырмас үшін құрсақ веналарының бүйірінен жүргізген дұрыс;

17. Алдыңғы аяқ белдеулерінің сүйектерін кесіп тастау кезінде тереңде орналасқан жүректі зақымдамайтындай сақ болу керек;

18. Ет жабындарын артқа қайтарып түйреуіштермен бекітеміз, алдыңғы аяқтарды қайтадан түйрейміз (олар иық белдеулерін кескен кезде босап кетеді), сосын препаратты сумен абайлап шаямыз;

19. Бірде-бір ішкі мүшелерді алып тастауға болмайды;

20. Сойылған бақаның жоғары бөлігіндегі перикардтық қалта ішінде (жұқа пленка) жүрек орналасады, сойған кезде ол соғуын жалғастырып жатады;

21. Ең соңында ішекті жазып жануардың қасына бөлек қоюға болады.



жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет