М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Басқаңқасыздар тип тармағы (Acrania)



жүктеу 9.83 Mb.
бет4/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Басқаңқасыздар тип тармағы (Acrania)

Басхордалылар класы (Cephalochordata);


Қабыршақтылар тип тармағы (Urochordata или Tunicata)

Асцидиялар класы (Ascidiae)

Сальпылар класы (Salpae)

Аппендикулярлар класы (Appendiculariae)


Басқаңқалылар (Craniata), немесе Омыртқалылар тип тармағы (Vertebrata)

Бөлім I .Жақсыздар (Agnatha)

Дөңгелекауыздылар класы (Cyclostomata)



Бөлім II. Жақауыздылылар (Gnatostomata)

Балықтар класс тобы (Pisces)

Шеміршекті балықтар класы (Chondrichthyes)



Сүйекті балықтар класы (Osteichthyes)

Төртаяқтылар класс тобы (Tetrapoda)

Қосмекенділер, немесе Амфибилер класы (Amphibia)

Бауырымен жорғалаушылар, немесе Рептилилер класы (Reptilia)

Құстар класы (Aves)

Сүтқоректілер (Mammalia), немесе Аңдар (Theria) класы







1-тақырып. Басхордалылар класы (Cephalochordata)

Басқаңқасыздар өте қарапайым хордалы жануарлар. Хордалылар типінің барлық негізгі белгілері басқаңқасыздарда жақсы байқалады, әрі өмір бойы сақталады.

Оларда өстік қаңқа ретінде хорда қызмет атқарады, жүйке жүйесі түтікше ретінде болады, жұтқыншақ желіден қуыстармен жалғасқан.

Басқаңқасыздардың екінші ауызы және екінші дене қуысы – целомы болады. Кейбір мүшелерінде метамерия сақталған.

Басқаңқасыз жануарларға дененің екі жақты (билатеральды) симметриялылығы тән.

Бұдан басқа басқаңқасыздар бірқатар ерекше қарапайым белгілерінің болуымен сипатталады. Басқаңқасыздарда эпидермис бірқабатты, жұқа кутикуламен қапталған. Эпидермис жасушаларының арасында жекеленген сезгіш және безді жасушалар орналасқан. Кутис нашар байқалады және де жұқа қабатты іркілдек ұлпа түрінде болады.

Орталық жүйке жүйесі миға және жұлынға жіктелмеген. Мидың жоқтығына байланысты басқаңқасы да болмайды.

Сезім мүшелері нашар дамыған: дененің үстіңгі бетінде шашыраңқы орналасқан сезгіш жасушалар бар. Жүйке түтігінің қабырғасында орналасқан жарық сезгіш түзінділер – Гессе көзшелері және дененің алдыңғы бөлігінің үстіңгі бетінде жатқан иіс сезу шұңқыры болады.

Желбезек қуыстары сыртқа емес терінің бүйір қатпарларының қалыңдауынан пайда болған атриалды немесе желбезек маңындағы қуысқа ашылады.

Ас қорыту жүйесі әлсіз жіктелеген түтікшеден тұрады, онда тек екі бөлім – жұтқыншақ пен ішек айқындалған. Жұтқыншақтың түбінде ұзына бойы созылған, кірпікшелі эпителий және безді жасушалармен астарланған – эндостиль болады. Эндостильдің қызметі судан қоректік түйірлерді бөліп алу.

Ланцетниктің қаны түссіз, жүрегі болмайды.

Зәр шығару мүшелері қысқа түтік түріндегі – нефридиялар түрінде болады. Олар 90 жұп болып метамерлі түрде жұтқыншақтың астында орналасады.

Көбею мүшелері – дөңгелекше дене түріндегі тұқым бездері мен аналық бездер. Жыныс өнімдері атриалды қуыс арқылы шығады.


жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет