М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Сурет 28. Бақаның ас қорыту жүйесі



жүктеу 9.83 Mb.
бет39/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Сурет 28. Бақаның ас қорыту жүйесі

1 – қарын; 2 –он екі елі ішек; 3 – бауыр; 4 – ұйқы безі; 5 – аш ішек; 6 – тік ішек; 7 –

клоака.

Ас қорыту жүйесі: Ас қорыту түтігі ауыз-жұтқыншақ қуысына апаратын ауыз тесігінен басталады. Бұл қуыста тіл орналасады, сонымен қатар сілекей бездерінің жолы ашылады. Одан әрі қарай қысқа, бірақ кең өңеш көлемді қарынға өтеді. Ішектің бастапқы бөлімі - он екі елі ішек. Одан әрі аш ішек тоқ ішекпен клоакаға ашылатын анық көрінетін тік ішекке өтеді. Ірі үш қалақты өт жолы бар бауыр мен ұйқы безі он екі елі ішекке құйылады (сурет 28).

Тыныс алу жүйесі: созылмалы, жұқа қабырғалы қапшық түріндегі жұп өкпелер. Бақаларда тыныс алу механизмі сорғыш типті, яғни насос рөлін ауыз-жұтқыншақ қуысы атқарады.

Қосмекенділердің қан айналу жүйесі. Препараттың жоғарғы бөлігіндегі

жүрек маңындағы қалтада үш камералы жүрек орналасқан, ал сою кезінде соғуын жалғастырады. Оң жүрекшеге үлкен қан айналу шеңберінің қуыстық веналары, сол жүрекшеге кіші қан айналу шеңберінің өкпелік веналары құйылады және қарыншадан үш тамырлар жұбынан бастамасын беретін артериялық конус шығады.

Бірінші жұбы – ұйқы артериялары басқа қан апарады. Екінші жұбы – бұл қолқа доғасының жүйелері, олар кейін арқа қолқасына бірігеді,. Тамырлардың үшінші жұбы – веналық қанды өкпелер мен теріге жеткізетін өкпелік артериялар. Веналық қан алдымен вена қолтығына, сосын жүрекшеге апаратын жоғарғы және төменгі қуыстық веналарға жиналады (сурет 29).




жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет