М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018



жүктеу 9.83 Mb.
бет35/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Керекті құрал-жабдықтар: кестелер, интерактивті тақта.

Зертханалық сабақты орындау тәртібі:

1. Шеміршекті балықтардың миының негізгі бөлімдерін көру;



  1. Сүйекті балықтардың миының құрылысындағы ерекшелітерді тауып

көрсету;

  1. Ми-жұлын жүйкелерінің морфологиясын талдау.


Жұмысқа түсініктеме:

Балықтардың орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Балықтардың миы келесі бөлімнен тұрады: алдыңғы, аралық, орта, мишық және сопақша милар. Шеміршекті балықтарда алдыңғы ми ірі көлемді және жартылай екі бөлікке бөлінген (сурет 25).




Сурет 25. Шеміршекті балықтардың миы (үстінен)

1 – иіс бөлімдері; 2 – алдыңғы ми; 3 – эпифиз; 4 – аралық ми, 5 – орта мидың көру бөлімдері; 6 – мишық, 7 – сопақша ми.


Одан ірі иіс сезу бөлімдері шығады. Орта ми жақсы дамыған, әрі екі көру бөлімдеріне бөлінген.

Аралық ми үлкен емес, үстіңгі жағында эпифиз орналасады. Шеміршекті балықтарда мишық жақсы дамыған, беткейінде иірімдер болады. Тіршіліктік маңызды қызметтерді бақылайтын сопақша ми жұлынмен жалғасады. Мидан 10 жұп ми жүйкелері тарайды (кесте 1).


Кесте 1. Шеміршекті балықтардың ми жүйкелері




Жүйкенің аты

Қызметі

Жүйке тарайтын ми бөлімі

Жүйкеленетін мүше

1

Иіс

Сезім

Алдыңғы ми

Иіс сезу мүшелері

2

Көру

Сезім

Аралық ми

Көру мүшесі

3

Көзқозғағыш

Қозғалтқыш

Орта ми

Көз бұлшық еттері

4

Шығыр

Қозғалтқыш

Орта ми

Көз бұлшық еттері

5

Үштарам

Аралас

Сопақша ми

Көз алмасы, рострум

6

Алып кеткіш

Қозғалтқыш

Сопақша ми

Көз бұлшық еттері

7

Бет

Қозғалтқыш

Сопақша ми

Тіласті доғасы

8

Есту

Сезім

Сопақша ми

Ішкі құлақ

9

Тіл-жұтқыншақ

Аралас

Сопақша ми

Жұтқыншақ, тіл, желбзек қуыстары

10

Кезеген

Аралас

Сопақша ми

Ішкі мүшелер, бүйір сызықтары, желбезек аппараттары

Шеміршекті балықтармен салыстырғанда сүйектірек балықтардың миының көлемі кіші (сурет 26).




Сурет 26. Алабұғының миы

1 – алдыңғы ми, 2 – иіс бөлімдері; 3 – орта ми; 4 – мишық; 5 – сопақша ми.


Алдыңғы мида жүйке заттары болмайды. Одан кішігірім иіс сезу бөлімдері шығады. Эпифизі бар аралық ми көмескі байқалады (кішігірім көлемді). Орта ми мен мишық жақсы көрінеді. Сопақша ми біртіндеп жұлынға ауысады. Сүйектірек балықтардың да миынан 10 жұп ми жүйкелері тарайды.
4 сабақ. Балықтарды анықтау

Мақсаты: Сүйекті балықтардың отрядына тән белгілерді анықтауды үйрену.


жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет