М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Сурет 20. Сүйектірек балықтардың басқаңқасының ми бөлімі



жүктеу 9.83 Mb.
бет33/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Сурет 20. Сүйектірек балықтардың басқаңқасының ми бөлімі

1 – негізгі шүйде сүйек; 2 – бүйірлік шүйде сүйектер; 3 – жоғарғы шүйде сүйек; 4 –негізгі сынатәрізді сүйек; 5 – көзсынатәрізді сүйек; 6 - қанатсынатәрізді сүйек; 7 – есту сүйектері, 8 – иіс аралық сүйек; 9 – бүйірлік иіс сүйектері; 10 – төбе сүйек; 11 – маңдай сүйек; 12 – мұрын сүйек; 13 – парасфеноид; 14 – өре сүйек.


Басқаңқасының висцеральдық бөлімі: тері тектес жоғарғы жақ сүйектер жоғарғы жақтың қызметін атқарады (сурет 21).


Сурет 21. Сүйектірек балықтардың басқаңқасының висцеральды бөлімі

  1. жақаралық сүйек; 2 – жоғарғы жақ сүйегі; 3 – шаршы сүйек; 4 – қанаттәрізді

сүйек; 5 – тіс сүйек; 6 – бұрыш сүйек; 7 - буындастырғыш сүйек; 8 – гиомандибуляр; 9 – гиод; 10 – копула; 11 – желбезектік доғалар.
Тіс және бұрыш жабын сүйектер төменгі жақты құрайды. Сүйекті тіласты доғасының құрамына шеміршекті балықтардағы барлық элементтер кіреді, яғни гиомандибуляре, гиод, копула. Сүйектірек балықтарда үстін желбезек қақпағы жауып тұратын төрт жұп желбезек доғасы болады.

Өстік қаңқа омыртқалардан құралған (тұлғалық, құйрық). Омыртқалар амфицельді пішінді. Әрбір омыртқа денесі мен сүйір өсінділі доғалардан тұрады. Жоғарғы доғалар жұлынды қоршап жауып тұрады. Тұлға омыртқаларына қабырғалар бекиді (сурет 22).

Құйрық бөліміндегі омыртқалардың төменгі доғалары қосылып гемальдық канал түзеді.



Сүйектірек балықтардың иық белдеуі жауырын, коракоид, клейтрум және клейтрум үсті тәрізді сүйектер түрінде болады (сурет 23).



жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет