М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Сурет 19. Алабұғаның ішкі құрылысы



жүктеу 9.83 Mb.
бет30/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Сурет 19. Алабұғаның ішкі құрылысы

1 – қарын; 2 – ішек; 3 – пилорикалық өсінділер; 4 – бауыр; 5 – ұйқы безі; 6 – желбезектері, 7 – бүйректері, 8 – несепағар; 9 – қуық; 10 – аналық жұмыртқа безі, 11 – жүрекше; 12 – қарынша, 13 – қолқа түбірі; 14 – торсылдақ.


Гидростатикалық қызмет атқаратын торсылдақ жақсы байқалады және ол ішектің алдыңғы бөлімімен байланысады.

Тыныс алу жүйесі: желбезек доғаларынан тұратын төрт толық желбезектер, оларға желбезек күлтелері бекиді. Желбезек доғаларының ішкі бетінде сүзгі қызметін атқаратын желбезек таяқшалары болады. Сүйекті балықтардың тыныс алуы желбезек қақпағының есебінен болатын қозғалыс механизіміне байланысты.

Қан айналу жүйесі: шеміршекті балықтармен салыстырғанда артериялық конус орнына бірыңғай салалы етті қолқа бадамы болады, құрсақ қолқасы төрт алып келуші желбезектік артерияларға тарамдалған. Қақпа жүйесі бауырда, сол бүйректе де түзіледі.

Зәр шығару жүйесімен танысу үшін ішек пен торсылдақты алып тастау керек. Бүйректер дене қуысының арқа жағында орналасады, олардан несепағарлар (вольфов каналдары) шығады. Сүйектірек балықтарда қуық дамыған.

Жыныс жүйесі. Торсылдақтың екі бүйірін бойлай аналық (уылдырық) безі, аталықтарында тұқым безі орналасады. Сүйекті балықтарда жыныс жолдары жыныс тесіктері арқылы сыртқа жеке ашылады.

жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет