4 тақырып. Сүйекті балықтар класы (Osteichthyes)
Сүйекті балықтар келесі белгілермен сипатталады: сүйекті балықтардың қаңқасы сүйекті жабынды немесе хондральды жолмен пайда болған.
Сүйектірек балықтар үшін жұп жүзбе қанаттары тән, көкірек және құрсақ қанаттарында базалилер, ал құрсақ жүзбе қанаттарында радиалилер де болмайды.
Көкірек қанаттары тұлғаның астында тік бағытта орналасқан. Ауыз бастың ұшында, кейде басқаша да орналасуы мүмкін. Құйрық жүзбе қанаты гомоцеркальды.
Тоқ ішегінде спиральды қақпақ болмайды. Көптеген сүйектірек балықтардың ішегінде тұйық (пилорикалық) өсінді және анальдық тесікпен аяқталады. Клоака жоқ.
Денесі жұқа тақташалы сүйекті қабыршақтармен қапталған. Артериялық конус орнына қолқа бадамы пайда болған.
Басым көпшілік түрлерінде желбезек аралық перделер редукцияланған және желбезек күлтелері тікелей желбезек доғаларында орналасады. Желбезек аппараты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған.
Маңызды гидростаттикалық мүше – торсылдағы болады. Уылдырықтары майда, көпшілігі сырттай ұрықтанады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |