М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



жүктеу 9.83 Mb.
бет16/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.«Миноганың сыртқы құрылысы» суреті бойынша сыртқы

құрылысының ерекшеліктерін сипаттап жазыңдар;

2. Дөңгелекауыздылардың қоректену тәсіліне байланысты

морфофизиологиялық ерекшеліктері;

3. Кестені толтырыңдар;







дөңгелекауыздылардың отряды

сипаттамасы

өкілдері

1

Миногатәрізділер (Petromyzoniformes)







2

Миксинтәрізділер (Myxiniformes)






4. Дөңгелекауыздылардың биологиялық алуантүрлілігі;



  1. Дөңгелекауыздылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.




жануарлардан қарастырылады;

  • ми жүйкелерінің құрылысы, қызметі жеке сабақтарда қарастырады.


3 тақырып. Шеміршекті балықтар класы (Сhondrichthyes)
Шеміршектілер – теңіз балықтарының аздаған ( 700-ден астам) тобы. Белсенді қоректенуге байланысты шеміршекті балықтарда прогрессивті құрылыстың белгілері дамыған. Мысалы, шеміршекті балықтарда жұп көкірек және құрсақ жүзбе қанаттары түріндегі қозғалыс мүшелері едәуір жетілген, бұл олардың жүзу кезіндегі түрлі қозғалысын арттырады.

Хорда түгелге жуық сегменттелген шеміршекті омыртқалармен алмасқан, бұл олардың қозғалғыштығын арттырады.

Қозғалыс шапшаңдығының артуына күшті дамыған еттер арқылы қозғалысқа келетін құйрық жүзбе қанаттары мүмкіндік береді.

Висцеральдық қаңқада жіктелген желбезек доғалары пайда болған. Алдыңғы доғалары қармағыш типтегі жақтарға айналған. Тіласты доғасы жақ доғасының ми сауытына қозғалмалы бекіну қызметін атқарады. Желбезек доғалары тыныс алу аппаратына тірек бола отырып тыныс алу қозғалысының біршама тиімділігін қамтамасыз етеді. Прогрессивті белгілеріне іштей ұрықтанумен қатар және кейбір балықтардағы тірі туу да жатады.

Дегенмен де өмір бойы шеміршек күйінде қалатын қаңқа сияқты қарапайым белгілері сақталып қалған.

Терісі қарапайым плакоидты қабыршақтармен қапталған.

Желбезек саңылаулары 5-7-ге дейін, олардың әрқайсысы жеке тесік түрінде ашылады.

Шеміршекті балықтар класы (Сhondrichthyes) екі класс тармағына бөлінеді: Тақтажелбезектілер (Elasmobranchii) және Химералар (Holocephali).






1 сабақ. Тікенді акула мысалында шеміршекті балықтар құрылысының морфологиялық ерекшеліктері

Мақсаты: Шеміршекті балықтардың құрылыс ерекшеліктерін ашып көрсету.


жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет