М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018



жүктеу 9.83 Mb.
бет15/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Сурет 9. Миноганың миы (үстінен)

1 – алдыңғы ми; 2 – иіс бөлімдері; 3 – аралық ми; 4 – төбе органы; 5 – орта ми; 6 – мишық; 7 – сопақша ми.


Мишық нашар дамыған. Мидың барлық бөлімдері бір жазықтықта орналасқан. Мидан 10 жұп жүйкелер шығады.

Қаңқасы басқаңқасынан және хордадан тұрады. Басқаңқасы ми сауыты мен висцеральдық бөлімдерден тұрады (сурет 10).



Сурет 10. Теңіз миногасының басқаңқасы

1 – тақ шеміршекті капсула; 2 – есту қапшығы; 3 – иіс қапшығы; 4 – ерін шеміртшектері; 5 – сақиналы шеміршек; 6 – жүрек маңы қапшығы; 7 – желбезек торы.



Ми сауыты шеміршекті тақташа түрінде, әрі қарай есту қапшығы және алдында иіс сезу капсуласы орналасады.

Ми сауытының бүйір қабырғалары көз шұңқырын түзеді.



Басқаңқасының висцеральдық бөлімінің құрамына желбезек қапшықтарының тірегі болатын желбезек торы және жүрек маңындағы қалта кіреді. Сонымен қатар ауыз түтікшесі мен тілге тіреніш болатын шеміршектерде кіреді.

Миногалардың өстік қаңқасы өмір бойы сақталатын хорда түрінде болады. Дөңгелекауыздыларда ішінде жұлын орналасқан канал түзетін омыртқалардың жоғарғы доғаларының нұсқасы пайда болады.

жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет