М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018


Сурет 7. Миноганың желбезек аппараты



жүктеу 9.83 Mb.
бет14/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Сурет 7. Миноганың желбезек аппараты

1- ауыз тесігі; 2 – тыныс алу түтікшесі; 3 - желбезек қапшықтары; 4 – сыртқы желбезек тесіктері.


Қан айналу жүйесі: екі камералы жүрек, қарыншадан шыққан құрсақ қолқасы алып келуші желбезек артерияларына тарамдалады. Артериялық қан алып кетуші тамырлар бойымен құрсақ қолқасына жиналады. Осы тамырдан дененің алдыңғы бөлігіне баратын ұйқы артериялары шығады (сурет 8).



Сурет 8. Миноганың қан айналу жүйесінің сызбасы

1 – жүрекше, 2 – құрсақ қолқасы, 3 – алып келгіш желбезек артериялары; 4 – алып кеткіш желбезек артериялары, 5 – арқа қолқасы; 6 – ұйқы артериялары; 7 – артқы кардиналдық вена; 8 – алдыңғы кардиналдық вена, 9 – веноздық синус; 10 – қарынша; 11 – бауырдың қақпа жүйесі.


Барлық мүшелерге қан жеткізетін артерияларды бөлуші арқа қолқасы да аталған тамырдан шығады. Веналық қан дененің алдыңғы бөлігінен шығатын жұп алдыңғы кардиналдық веналарға жиналады. Дененің қалған бөлігіндегі веналық қан артқы кардиналдық веналарға құяды. Осылайша алдыңғыларымен бірігіп жүрекшеге жалғасқан веноздық қуысқа құйылады. Бауырда қан айналымның қақпа жүйесі бар.

Мезонефросты бүйректерден несепағарлар (вольфов каналдары) шығып зәр - жыныс синусына құйылады.

Дөңгелекауыздалардың жыныс жүйесі дара жыныс бездер түрінде болады. Жыныс жолдары жоқ және жыныс өнімдері дене қуысына түседі, кейін зәр-жыныс емізікшелері арқылы сыртқа шығарылады.

Дөңгелекауыздылардың жүйке жүйесі мидан және жұлыннан тұрады. Мидың келесі бөлімдері бар: алдыңғы, аралық, орта, сопақша (сурет 9).



жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет