М. Б. Жақсыбаев, К. И. Батырова, Д. У. Сексенова зоология 2 Алматы, 2018



жүктеу 9.83 Mb.
бет12/85
Дата10.02.2022
өлшемі9.83 Mb.
#17134
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
Омыртқалылар зоологиясы. Оқу-әдістемелік құралы
Жұмысқа түсініктеме:

Миногалардың денесі ұзарған, угр пішінді болып келеді (сурет 5).





Сурет 5. Миноганың сыртқы құрылысы

1- арқа жүзбе қанаты; 2 – құйрық жүзбе қанаты; 3 – сорғыш түтік; 4 – көз; 5 – танау тесігі; 6 – төбе тесігі; 7 – сыртқы желбезек саңылаулары; 8 – бүйір сызығы; 9 – зәр-жыныс емізікшесі, 10 – аналь тесігі.


Дененің алдыңғы бөлігінде мүйізді тісті тақташасы бар ауыз тесігі, дара танау тесігі, жұп көздері және дененің екі бүйірінде жеті жұп желбезек қуыстары орналасқан. Денені бойлай бүйір сызық мүшелері өтеді, олар қатарлап ұсақ сыртқы тесіктер түрінде болып теріге терең еніп жатқан каналға апарады. Онда судың тербелісін қабылдайтын рецепторлар орналасқан.

Терісі тығыз, жалаң, көптеген безді жасушалы. Арқасын бойлай орналасқан екі арқа жүзбе қанаты құйрықтың протоцеркальды жүзбе қанатпен аяқталады.

Миногалардың жартылай паразиттік тіршілік ету тәсіліне байланысты сорғыш түтікшесі болады (сурет 6).



жүктеу 9.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет