М 82 Мұғалімдердің рефлексиялық дағдыларын дамыту жолдары: әдістемелік нұсқаулық



Pdf просмотр
бет1/4
Дата14.09.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4

«

»

АЗА

АЕ

ЗИ

КЕ ЛІК МЕК Е

Е І Д

«

»

А

АЗА

АЕ

И

ЕЛЛЕК

АЛЬ ЫЕ ШК ЛЫ

AEO NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS

"

"

А ана


2016

И АЗ И И


Е ЛЕК И

ЫХ

А ЫК



ЧИ ЕЛЕЙ

М

АЛІМДЕ ДІ

Е

ЛЕК И ЛЫ

ДА ДЫЛА Ы

ДАМЫ

Ж ЛДА Ы

М ал м


к м к

омощь чи лю

Help for the teacher


ӘОЖ 37.011.31-051

КБЖ 74.202

М 82

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының

Әдістемелік кеңесі ұсынған

Рекомендовано Методическим советом Центра педагогического мастерства

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Пікір жазғандар:

Баялиева Р.Ж.,  ф.ғ.к., Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті 

Камалова С.Т., Педагогикалық шеберлік орталығы Қызылорда қ. филиалының директоры

М 82   Мұғалімдердің рефлексиялық дағдыларын дамыту жолдары: әдістемелік нұсқаулық. / 

Қ.С. Абдраманова, Ж.Д. Джансугирова, Б.Қ. Дильманов, Е.Т. Оспанов. – Астана: «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 46 б. 

ISBN 978-601-7780-40-1

Әдістемелік  нұсқауда  өз  тәжірибесін  шынайы  әрі  сыни  бағалауға  дайын,  оқушылары  мен 

өзін кәсіби дамытуға мүдделі мұғалімдерге өзіндік рефлексияны дамытуға арналған бірнеше әдіс-

тәсілдер мен формалар қарастырылады. 

Нұсқаулық мұғалімдерге және педагог кадрлармен жұмыс жасайтын кәсіби мамандарға, педагог 

кадрларды  даярлауды  жүзеге  асыратын  жоғары  оқу  орындары  мен  гуманитарлық  колледждердің 

студенттеріне көмек ретінде ұсынылады.

В методическом руководстве рассматриваются методы, стратегии  и формы развития навыков 

саморефлексии  учителя,  готового  критически  оценивать  собственный  опыт  и  развивать  свою 

профессональную компетенцию.     

Данное руководство предлагается в помощь педагогическим работникам общеобразовательных 

школ, преподавателям высших учебных заведений и гуманитарных колледжей, осуществляющих 

подготовку студентов по педагогическим специальностям.

ӘОЖ 37.011.31-051

КБЖ 74.202

ISBN 978-601-7780-40-1

©   «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

  Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

©   АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

  Центр педагогического мастерства, 2016


МАЗМҰНЫ

Кіріспе .....................................................................................................................

4

Педагогикалық рефлексия дегеніміз не? .............................................................



6

Рефлексиялық қызметтің түрлері .........................................................................

11

Мұғалімдердің рефлексиялық дағдысын диагностикалау тәсілдері.................



12

Мұғалімнің рефлексиялық дағдысын дамытуға арналған модельдер...............

17

Рефлексиялық күнделік жүргізудің тиімді жолдары...........................................



24

Рефлексияны дамытудағы маңызды 10 сұрақ .....................................................

27

Оқыту үдерісінде рефлексиялық дағдыны дамытуға арналған стратегиялар..



30

Қорытынды.............................................................................................................

44

Пайдаланылған әдебиеттер .................................................................................



45

4

КІРІСПЕ

Педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыруда  рефлексиялық  дағдыларды 

жетілдіру өте маңызды болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білікті маман ретінде 

қалыптасуы – үздіксіз және күрделі үдеріс. Ол жоғарғы оқу орнындағы теориялық 

білім алудың белгілі сатысымен шектелмейді. Керісінше, алынған теориялық білімді 

тәжірибемен ұштастыру арқылы жинақталатын жаңа біліммен тікелей байланысты. 

Бұл өз тәжірибесіне өзгерістер енгізе алатын және енгізілген өзгерістердің ықпалы 

мен  тиімділігін  терең  ойластыратын  рефлексиялаушы-практик  маман  болуды 

қажет  етеді.  Қазіргі  таңдағы  біліктілік  арттыру  курстарының  негізгі  міндеті  – 

мұғалімдерді  түрлі  заманауи  әдіс-тәсілдермен  қаруландырумен  қатар,  олардың 

рефлексиялық  дағдыларын  жетілдіру,  яғни,  өз  тәжірибесіне  сыни  көзбен  қарай 

отырып, өз тәжірибесін ұдайы талдап, терең ойластыру арқылы өзін-өзі реттеуге 

дағдыландыру,  дербестік,  өзін-өзі  басқару  және  жетілдіру  секілді  қасиеттерін 

дамыту.


Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында 

атап кеткендей, «Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің 

жаңа  үйлестірілген  стандарттарын  әзірлеу  және  бекіту  бойынша  жұмыстар 

жүргізілуде». Бұл педагогикалық мамандықтар даярлайтын жоғары және арнаулы 

орта  оқу  орындарының  алдына  да  үлкен  міндеттерді  жүктеп  отырғаны  белгілі. 

Жоғары және арнаулы оқу орнын тәмамдаған жас педагог мамандардың нағыз кәсіби 

маманға  айналуы  үшін  терең  пәндік-теориялық  біліммен  қатар,  технологиялық 

және  әдістемелік  біліммен  де  қаруланып  шығуы  тиіс.  Жас  мамандардың  терең 

әрі  түбегейлі  теориялық  білімі  болғанымен,  күнделікті  тәжірибедегі  кездесетін 

қиындықтарда бұл жеткіліксіз болып қалады.

Үздіксіз теориялық білімді жаңарту және рефлексиялық тәжірибе мамандарға 

кәсіби жоғары деңгейге жетуге ықпал етеді.

Рефлексия  сөзінің  бір  анықтамасында:  рефлексия  дегеніміз  –  ойлауға 

бағытталған ой делінген, яғни, бұл тек ой емес, адамның өз тәжірибесін ой елегінен 

өткізіп,  артықшылығы  мен  кемшілігін  саралау,  болған  жағдаяттан  өзіндік  жаңа 

білім тудырту үдерісі. Бұл жерде рефлексия тәжірибеден туындайды. ХХІ ғасыр 

талаптарын мойындап және еліміздің білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістерді 

ескерсек, мұғалімнің рефлексиялық болуы қателесуге жол бермейтін, өз тәжірибесін 

терең ойлау арқылы үнемі дамуды ілгерілететін үдеріс.

Рефлексиялық  дағдыға  ие  болу  мұғалімдерге  өз  мамандығының  құзыретті 

деңгейіне жетуге, өз ісінің шебері атануына көмектеседі. 

Осы тұрғыда «Мұғалімнің рефлексиялық дағдысын қалай арттырамыз?» деген 

сұрақ туындайды. Өзіміздің тренерлік тәжірибемізде мұғалімнің ойлау тұрпатын 

өзгертпейінше,  оның  тәжірибесіне  ешқандай  да  өзгеріс  енгізілмейтініне  көзіміз 

жетті.  Белгілі  бір  салада  ұзақ  уақыт  бойы  қалыптасқан  көзқарас  пен  тәжірибе 

иелері  өз  амалдарының  дұрыс  екендіктеріне  әбден  сенгендіктен,  жаңалықтарды, 

өзгерістерді ерікті түрде мойындамайды. Қателер мен сәтсіздіктерді мойындаудан 

қашады, олардың туындау себептерін түсінуге тырыспайды. 



5

Осы  тұста  өз  құндылықтары  мен  пайымдауларын,  білім  беруге  қатысты  өз 

әрекеті мен қарым-қатынасын өзгертуіне ықпал ететін рефлексияның маңызы зор. 

Мұғалім рефлексиясының тағы бір өзектілігі - өз тәжірибесіне өзгеріс енгізуді 

жаңа инновацияны енгізу ғана емес, өзінің мұғалімдік рөліне қайта қарауға, дайын 

білімді беруден, оқушының жаңа білімді меңгеруіне ықпал етуші рөліне ауысуы. 

Кәсіби  дамудың  заманауи  бағыты  ретінде  рефлексиялық  тәжірибе  мұғалімдерге 

өзіндік білім жетілдіру үшін таптырмас шешім. 

Кәсіби дамудағы рефлексия мен оқыту үдерісіндегі оқушының өз оқуы жайлы 

рефлексиясын  қалыптастыруда  маңызды  үдеріс  болып  табылады.  Осы  тұрғыда, 

қазіргі кезеңде мектептерде орын алып жатқан біршама жайттарға назар аударсақ. 

Мұғалімдер  рефлексия  секілді  сабақтың  ең  маңызды  бөлігіне  мән  бермейді. 

Оның не екенін, рефлексия – өзіңе баға беру екенін де түсінетін секілді. Бірақ іс 

жүзінде,  сабақтың  бұл  бөлігі  оқушылардың  сабақ  соңында  тақтаға  барып  ілетін 

«смайликтер»,  әртүрлі  суреттер  мен  түстермен  ғана  сипатталады.  Не  болмаса, 

мұғалім оқушыларға «Сіздерге сабақ ұнады ма?» деген сауалымен шектеледі. Бұл 

сұраққа барлық оқушылар бірге «Иә!» деген жауап береді де, үйлеріне қайтады. 

Қарап  отырсақ,  бәрі  дұрыс  сияқты.  Рефлексия  болды  ма?  Болды!  Сабаққа  баға 

берілді ме? Берілді. Сабақ жоспарында бұл кезең әдемі әріптермен «Рефлексия» 

деп белгіленген. Бәрі тамаша. Оқушы білімді пассивті қабылдаушыдан өз біліміне 

жауапты  тұлға  ретінде  мұғаліммен  сындарлы  диалогке  түсіп,  оқудағы  әріптес 

ретінде келесі қадамдарды анықтайтын белсенді тұтынушыға айналды ма? деген 

сұрақ  туындайды.  Осы  тұста,  әлі  де  болса,  рефлексияның  мәні  мен  мағынасын 

терең  және  жетік  біле  бермейтініміз  қынжылтады.  Мұғалімдерге  рефлексияның 

қыр-сырын ашуға, өз тәжірибесін жетілдіруде оны тиімді қолдануға бағыттайтын 

стратегиялар қажет.

Әдістемелік  нұсқаулықта  оқу  мен  оқытудағы  сәтсіздіктер  мен  жетістіктері 

бойынша  керібайланыс  алуға,  шынайы  әрі  сыни  бағалауға  дайын,  оқушылары 

мен өзін дамытуға мүдделі мұғалімдерге өзіндік рефлексияны дамытуға арналған 

бірнеше  әдіс-тәсілдерді  ұсынамыз.  Мұғалімдерге  өз  тәжірибесін  ғылыми, 

әдістемелік  тұрғыдан  ғана  емес,  сонымен  бірге  сыни  рефлексиялық  тұрғыдан 

жетілдіруге көмектесеріне сенімдіміз. 

 

 


6

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РЕФЛЕКСИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Мектеп  ойлануға  үйретуі  тиіс.  Ойлануға 

үйретуді,  сұрақтарды  дұрыс  қоя  білу  қабілетін 

дамытудан,  қарама-қайшылықтарды  байқауға 

машықтандырудан бастау керек. Бұл дегеніміз – 

ең алдымен, педагогтің өзі ойланып үйренуі тиіс» 

(10) деп айтқандай, оқушылардың ойлау қабілетін 

арттыру барысында мұғалімнің кәсіби міндеттерін 

адал орындауда өзіндік рефлексиялау дағдыларын 

қалыптастыру  маңызды.  Ұстаздар  қауымы  білім 

саласына  енгізіліп  жатқан  өзгерістерді  іске 

асырушы көшбасшы рөлін түсініп, реформаларға 

белсенді түрткі болуға, жаңа идеяларды алға жылжытуға қабілетті, өз ісінің шебері 

екенін саналы түрде сезінуі керек.

Рефлексиялық дағдыны арттырудың маңыздылығына тоқталсақ, білім саласына 

қаншалықты инновация енгізілгенімен оның түпкі мәні мен қажеттілігін терең түйсіну 

қажет. Осыған орай, Дж.Дьюидің «рефлексиялық емес мұғалім – көп жағдайда өзінің 

әдеттегі  жұмыс  стилінен  ауытқымайды,  нақты  талаптарды  ескерместен,  оқыту 

жұмысының сол бір ғана әдістері мен тәсілдерін қолданады, дәстүр ықпалында не 

болмаса  беделге  бағынышты  болғандықтан  жұмысы  мен  өміріндегі  өзгерістерді 

жақтырмайды» деген пікірін ерекше айтып өткізіміз келеді (7).

А.Бизяева  мақаласында  «Мұғалім  рефлексиясы  бұл  –  кез  келген  бір  кәсіби 

проблеманы белсенді талдау және ойластыру үдерісі, соның нәтижесінде оның мәнін 

және оны шешудің жаңа перспективаларын ұғыну пайда болады. Бұл өзін-өзі ақыл-

оймен зерделеу: яғни, өз құндылықтары мен пайымдауларын іс-әрекет пен қарым-

қатынасты, артықшылықтар мен кемшіліктерді зерттеу» деп пікір айтқан (3). 

Мұғалім  рефлексиясына  түсініктеме  бермес  бұрын,  «рефлексия»  ұғымына 

сипаттама берейік.


7

Рефлексия ұғымының шығуы 

Рефлексия  ұғымының  шығуына  бірден-бір  себеп  – 

философия  саласында  таным  туралы  жалпы  түсініктің 

пайда  болуымен,  оның  ішінде  жүйелі  жасалған 

тарауларының  бірі  таным  теориясымен  тікелей 

байланысты.  Бұл  мәнмәтінде  түсінік  дегеніміз  –  «жеке 

тұлғаның өз қолымен жасайтын шығармашылық әрекеті» 

деген  мағынаға  сәйкес  келеді.  «Бізді  өткеннен  жаңаша 

күйге  түсіруге  ықпал  етуші  қозғаушы  күш»  ретінде 

түсіндіріледі.  Мұндай  үдеріс  нәтижесінде  адамның  мүмкіндігі  қабылдау,  түсіну, 

есінде сақтау және сезіну түйсіктерінің кеңейуіне тікелей ықпал етеді. 

Рефлексия  –  адамның  өз  әрекетіне  талдау  жасауы,  өзінің  көңіл-күйінің  өз 

әрекеті  мен  өткеніне  талдау  жасауы,  ойлану  қызметі.  Рефлексия  тереңдігі  бұл 

жерде адамның білімдігіне, моральдық сезіміне және өзін-өзі бақылау деңгейіне 

тікелей  байланысты.  Рефлексияны  қарапайым  тілмен  «өзіңмен-өзің  тілдесу»  деп 

түсіндіруге болады. 

Рефлексияның психологиялық мазмұны қандай?

Рефлексияның психологиялық мазмұнының көлемі, оның жан-жақты қызметі, 

өзіндік  ерекшеліктері  мен  қасиеттері  рефлексияның  рөлі  мен  алатын  орнының 

маңыздылығын көрсететін жеке тұлғаның ажырамас бөлігі екендігін дәлелдейді. 

Рефлексия  үдерісін  психологияның  кез  келген  саласында  байқауға  болады. 

Рефлексиялық  психологияның  шығуы  А.Буземан  есімімен  тікелей  байланысты. 

Ол  мұны  ХХ  ғасырдың  басында-ақ  өз  бетінше  пән  ретінде  ұсынған  болатын. 

«Рефлексия» сөзінің өзі көне латынның «reflexio», яғни, «Кейінге, артқа бұрылу» 

дегенді білдіреді. 

Рефлексияның философиялық аспектісінің мәні неде?

Философия  мәселелері  мәнмәтінінде  рефлексия  әдетте  төмендегідей 

түсіндіріледі: 

1.  Ойлау мен ойды өзіне бағыттай алу мүмкіндігі; 

2.  Жаңа білім алу мақсатында ақпараттарды талдау; 

3.  Өз ойы мен жан-дүниесінің жағдайын өзіндік бақылау

4.  Өзіндік қалыптасуға бағытталған зерттеушілік әрекеті; 

ХҮІІ  ғасырда  ағылшын  философы  Джон  Локк  (1632-1704)  «рефлексия» 

түсінігін жаңа идеялардың келуі мен жинақталуы жүретін тәжірибе үдерісі ретінде 

алғаш қолданды. Рефлексия – сана көздерінің бірі, ал сананың құралы – ой, яғни 

ой  –  рефлексияның  құралы.  Бұл  рефлексиялық  механизмнің  маңызды  құралы 

(рефлексия  үдерісінің  кезеңі).  Мұндай  салыстырудың  болмауы  «жеткіліксіз 

рефлексияға» әкелуі мүмкін. Мұны И.Кант өз еңбегінде «... біз кейбір түсініктерді 

зерттемей-ақ,  олардың  шығу  мәнін  тексермей-ақ  қолдана  аламыз,  алайда,  біз 

рефлексия жасамайынша ешнәрсеге үкім шығара алмаймыз және қақымыз да жоқ» 


8

деген. Қытай философы Конфуций рефлексияның маңыздылығын мойындай келе, 

оны даналықты зерттеудің «асыл тәсілі» деп сипаттайды (Педагогикалық диалог, 

№4. 2014, 140 бет). Демек, философиялық тұрғыдан алсақ та, рефлексия белгілі 

бір сала бойынша ойымызды жүйелеп, оның мән-мағынасын түсінуге жетелейді. 

Адамға өзінің ішкі жан-дүниесімен үйлесімділікті табуға баулиды. Ал, ұлы ойшыл, 

көрнекті ақын Абай Құнанбайұлының «Егер де есті кісілердің қатарында болғың 

келсе, күніне бір мәрте болмаса жұмысыңда бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен өзің 

есеп ал!» деген сөзі әрбір адамның өмірлік ұстанымы болуы керек.

Рефлексияның педагогикадағы маңызы

Еліміздің  білім  саласындағы  жаңашылдықтың  артуына  байланысты 

рефлексияның  педагогикадағы  алатын  орнының  мәні  артып  отыр.  Сапалы  білім 

беруге қажеттілік туындағанда рефлексиялық мұғалімдерге сұраныс жоғары болары 

сөзсіз.  Мұғалімнің  рефлексиялық  қызметінің  мақсаты:  педагогикалық  әрекеттің 

негізгі  компонентерін  есіне  түсіріп,  алынған  нәтиженің  «дұрыс»  не  «бұрыс» 

болғанын  дәлелдей  алу,  қолданылған  әдіс  пен  құралдардың  тиімді  не  тиімсіз 

болғанына  байланысты  өзіндік  көзқарасын  білдіру,  орындалып  өткен  әрекеттің 

нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға 

қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.



«Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында 

өз-өзіне  нені,  қалай  жасағаны  туралы  толық  және  анық  есеп  беруі  немесе  өзі 

әрекет  барысында  басшылыққа  алған  ережелер  мен  кестелерді  мойындауы  не 

жоққа  шығаруы».  Рефлексиялық  мәдениеті  қалыптасқан  адам  өзінің  тұлғалық 

және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл - өзіндік сана, 

өзін-өзі  ұйымдастыру,  өзін-өзі  талдау,  өзін-өзі  іске  қосу,  өзін-өзі  бағалау  сияқты 

кәсіби мәнді сапалармен сипатталады.

Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды 

әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия 

жасауға  дағдыландыру  мұғалімнің  басты  міндеттерінің  бірі  болғандықтан,  ол 

сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. 

Педагогикалық  рефлексияны  дамыту  критерийлерін  көрнекті  ғалым  

Г.Г.Ермакова  ұсынды  (8).  Автордың  пікірінше,  педагогикалық  рефлексияны 

дамытудың  алғашқы  критерийі  –  рефлексиялық  білімнің  жеткілікті  болуы. 

Екінші критерийі ретінде педагогтың педагогикалық рефлексияға, рефлексиялық 



іс-әрекетке  қатынасын  атайды.  Оның  көрсеткіштері  –  құндылық  және 

түрленушілік. Бұл критерийге сипаттама беруде автор келесі деңгейлерді белгілейді: 

жоғары, орта және төмен. Әрбір деңгейдің қасиеттері ретінде: өз педагогикалық 

рефлексиясына және рефлексиялық іс-әрекетіне деген қарым-қатынастар тиімділігі 

мен позициялығын қарастырады. 

Педагогикалық рефлексияны дамытудың үшінші критерийі ретінде педагогтың 

шынайы рефлексиялық мінез-құлқын атайды. Көрсеткіштері – жеке бағдар мен 

кәсіби шеберлік.



9

Педагогикалық рефлексияны дамытудың талаптары қандай?

Педагогикалық рефлексияны дамытуда педагогикалық талаптарды анықтаудың 

маңызы зор. Біз төменде Г.Г.Ермакованың (8) кейбір зерттеулеріне сүйенеміз. 

Педагогикалық  рефлексияны  дамытудың  бірінші  педагогикалық  талабы  – 

педагогтың  арнайы  ұйымдастырылған  рефлексиялық  іс-әрекетінің  болуы.  Олар 

педагогикалық  үдерісте  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  үшін  рефлексиялық  іс-

әрекеттер мүмкіндігін ажыратып алуға көмектеседі. 

Педагогикалық  үдерістің  басты  ерекшелігі  дегеніміз  -  оқушылардың  оқу 

әрекетін  ұйымдастыру,  сонда  ғана  оның  құрылымы  арқылы  рефлексиялық  іс-

әрекеттерге талдау жасауға болады. Бұдан шығатын түйін, рефлексиялық іс-әрекет 

сипаттамасына іс-әрекеттер құрылымы, тәсіліне қарай тұтастығы, өту барысы мен 

түпкі нәтижелер кіретіні анықталды. 

Педагогикалық  рефлексияны  дамытудың  екінші  педагогикалық  талабы  – 

рефлексиялық  ортаның  болуы.  Рефлексиялық  орта  дегеніміз    тұлғаны  дамыту 

талаптарының  жүйесі  деуге  болады.  Ол  жеке  тұлғаның  алдында  әлеуметтік-

психологиялық ресурстардың өзін-өзі зерттеуі мен өзін-өзі түзету мүмкіндіктерін 

ұсынады.  Мұндай  ортаның  қызметі  адамның  рефлексияға  деген  қажеттілігінің 

туындауына ықпал етеді. 

А.А.Бизяева «рефлексиялық-инновациялық орта» деген түсінікті ұсынады. Бұл 

жерде таңдау талабы, серіктестік секілді ұғымдар ынталандырылады, нәтижесінде 

адамның  жеке  тұлға  және  кәсіби  маман  ретінде  өзіне  деген  қарым-қатынасы 

түбегейлі өзгереді (2). 



Рефлексиялық  ортаны  құрудың  мақсаты:  педагогтың  оқу  үдерісінен 

алшақтауын  болдырмау  және  өмірлік  функцияның  құралы  ретінде  педагогтың 

кәсіби  рефлексиясын  дамыту;  рефлексиялық  ортадағы  жұмыстардың  басым 

бағыты  педагогтың  өз  әрекетінде  экзистенциалды  құбылыстармен,  ойлармен, 

құндылықтармен  жұмыс  жасау,  кәсіби  сапалардың  психологиялық  қауіпсіз 

диагностикасын  жүргізу  және  алынған  нәтижелерді  өзінің  кәсіби  тұрғыда 

қалыптасуы мен шығармашылық құзыреттілігін дамытуға қолдана алу. 

Педагогикалық  рефлексияны  дамытудың  үшінші  педагогикалық  талабы  – 

рефлексиялық  әрекеттестікке  қатысушылардың  арасындағы  тұлғааралық  қарым-

қатынасты  күшейту.  Рефлексиялық  әрекеттестік  талаптарының  педагогикалық 

үдеріске  қарым-қатынасының  ерекшелігі,  мұғалім  де,  оқушы  да  іс-әрекетінің 

тең  құқылы  қатысушылары  болады.  Екеуінің  де  әрекеттері  бірдей  болады  және 

әрқайсысы  бір-бірінің  әрекетін  толықтырып  отырады.  Дәл  осындай  субъект-

субъект  қарым-қатынасында  мұғалімнің  кәсіби  рефлексиясын  дамыту  механизмі 

орын алады. 

Мұғалім мен оқушының тұлғааралық қарым-қатынасының маңызы орасан зор. 

Ол күштерді біріктіруге, іс-әрекеттердің бір арнаға тоғысуы мен қатысушылардың 

бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді. Мұндай жағдайда, 

оқушының күші мен мүмкіндіктері ашылуымен қатар, жоғары нәтижелерге жетуге 

ықпал ететін мұғалімнің педагогикалық шеберлігі де шыңдала түседі. 

Рефлексиялық  әрекеттестікте  тұлғалар  арасындағы  қарым-қатынас  нәтижесі 

ретінде өзара түсіністік, серіктестік және өзара шығармашылықты атауға болады. 


10

Рефлексия  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  орнатудың  маңызды  құралы 

болып  табылады,  рефлексияның  нәтижесінде  өзіңді  ғана  танып  қоймай,  басқа 

адамдардың да жан-дүниесін тануға мүмкіндік беретін механизмді көруге болады. 

Рефлексиялық  әрекеттестікте  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  тиімділігінің 

көрсеткіші ретінде басқа адам үшін рефлексияның орынды болуы, позицияларды 

келісіп  алу,  бір-біріне  деген  қызығушылықтың  болуы,  өзара  жауапкершілікті 

сезіну, қолдау т.б. атауға болады. Рефлексия мұғалімнің әлеуметтік перцептивтік 

және коммуникативті қабілеттерінің негізінде жатыр және оның кәсіби танымының 

деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 



Педагогикалық  рефлексияны  дамытудың  төртінші  педагогикалық  талабы 

–  мұғалім  рефлексиясының  өзектілігі.  Рефлексиялық  өзара  әрекеттестікке 

қатысушылардың  рефлексиялық  әрекеттестіктегі  алатын  орнының  өзектілігін 

анықтайды.  Бұдан  шығатын  қорытынды,  рефлексияның  арқасында  мұғалімді  өз 

кәсібінің тұңғиығына батып кетуден қорғайды, өз кәсібіне басқа адамның көзімен 

қарауға мүмкіндік береді, өз ісіне дұрыс көзқарас қалыптастыруға және кәсібіне 

өзінің  сырттай  немесе  ішінара  қатынасын  анықтауына  көмектеседі.  Мұғалім 

рефлексиясының  өзектілігі  оған  өзінің  педагогикалық  эгоцентризмін  жеңуге 

көмектеседі. Мұндай жаңарған мағынадағы рефлексия мұғалімнің ішкі дүниесінің 

өзгеруіне, ескі кәсіби түсініктерді жоюға, өзінің келешектегі кәсіби дамуына жол 

ашады. 


Педагогикалық  рефлексияны  дамытудың  бесінші  педагогикалық  талабы 

–  кәсіби  рефлексияны  дамыту  бойынша  білім  беру  бағдарламаларын  қолдану. 

Рефлексиялық  тәжірибе  кәсіпқойлар  дамуының  бастапқы  және  үздіксіз  дамуын 

қолдау үшін маңызды құралы ретінде танылғандықтан, әрбір мектеп көшбасшылары 

рефлексиялық құзырлылықты жетілдіруге атсалысуы қажет.



11

Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет