Ұлттық ТӘрбиедегі тағылым мәселесі а. О. Бураншеева



жүктеу 41.01 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.03.2017
өлшемі41.01 Kb.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ТАҒЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ 

 

А.О.Бураншеева 



БҚО, Бөрлі ауданы 

 

Бүгілген  тіземіз  жазылып,  бүтін  ел  болуға  ұмтылған  алмағайып  заманда  білім-  білігімен  ел 



дамуына өз үлесін қосқан халқымыздың маңдайалды азаматтары аз болған жоқ. Солардың қатарында 

айтулы  ұстазымыз,  көрнекті  әдебиетші  ғалым:  фольклоршы-этнограф,  ф.ғ.д.,  профессор  Мәтжан 

Мақсымұлы Тілеужанов та бар. 

Енді, міне, Отанымыз орнығып, мәртебеміз өскен тұста бүкіл саналы ғұмырын қазақ әдебиетіне 

арнаған  ғалымның,  фольклор  саласына  қосқан  еңбегін  бағалап,    М.  Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дің 

филология факультеті қазақ филологиясы  кафедрасының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қазақ 

әдебиеттану ғылымы мен тіл білімі: жаңа бағыттары және оқытудың  инновациялық технологиялары» 

атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өскелең ұрпаққа сабақ болумен қатар, қазақ еліне, 

ел азаматына деген құрмет деп айтсақ жарасары хақ. 

Сөз құдіреті-әсіресе халық әдебиетінде көрініңкірейді, онда сөз қожасы- адамды ардақтағандары көп, 

әулие  жасағандары  да  жеткілікті,  адамның  ездігін  де,  мәңгүрттігін  де,  сорлылығын  да,  аңқаулығын  да, 

анықтайтындары 

бар, 

рухымызды, 



ұлылығымызды, 

парасаттылығымызды, 

кемеңгерлігімізді, 

бауырмалдығымыздың да сан түрлілігін көрсететін сөздер кездеседі. 

Мен  «тағылым»  деген  қазақтың  қарапайым  сөзінен  барлық  қазағымды  көріп  тұрмын,  оның 

қарапайым сөйлеген сөзін естимін, күпі киген ебдисіз де сықпытын көремін, жусан исін, бетеге исін, 

даламның исін сезінемін. Осы сөздің тәлім- тәрбие, үлгі өнеге, ақыл- кеңес, оқу- ағарту, өсиет- ұлағат, 

жөн-  жосық,  ұстаздық-  жетекшілік,  ұлағат-  тәлімгерлік  деген  ұғымдарының  ішіне  қамтып  тұрған 

кеңдігіне, кең мағынасына сүйсінемін, қазағым сияқты кең пейілдігін танимын. [1.17]  

М.Тілеужанов өз еңбегінде «тағылым» деген сөз, «педагогика» деген грек сөзінің мағынасынан 

әлдеқайда  кеңірек  екенін  айт  алмай  жүрдік  дейді.[1.3]  Шындығында  да,  «педагогика»  терминін 

күнделікті  қолданылып  жүрсек  де,  жас  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеу  барысында  «тағылым»  сөзінің 

қолданылуы жанымызға жақын. 

М.Тілеужанов та Абайдың руханиятымызға қосқан үлесі мәңгілік екенін айта отырып,  

«Ел ішінде сау келсең,  

Тағылым айтпас ер ме едің? 

Жол көрсетіп сонда өлсең, 

Арманым бар дер ме едім» жолдарын келтіреді. 

Қазіргі уақытта түрлі қылмыс, парақорлық, сыбайластық неге көбейіп кетті? Себебі, 

адамгершілік, кісілік, ар-ұждан, иман әлсіздігі пайда болды. Руханиятымыз әлсіреді… 

Алаш ақыны Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты кітабында: тәрбиенің төрт түрі жайлы 

айтады.  Олар:  дене  тәрбиесі,  ақыл  тәрбиесі,  сұлулық  тәрбиесі,  мінез-құлық  тәрбиесі.  Адам  баласына 

осы  төрт  тәрбие  түгел  берілсе,  толық  адам  болғаны.  Яғни,  дене  тәрбиесі  дұрыс  қалыптасқан  бала, 

жігерлі, қиындықтан жол табатын батыл, тәуекелшіл болады.  

Бір  нәрсені  жасау  үшін  бәрін  алдын  ала  ойластырып,  ақылға  салу  керек.  Бұл  орайда,  жас  ұрпаққа 

М.Мақсымұлының «Қазақ тағылымындағы» «Ақсақалдық мектеп», «Қазағымның жігіттері-ай», «Әжейлер, 

қыз-  келіншектер  тағылымы»  еңбегін  үлгі  етер  едім.  Соныман  қатар,  әңгіме  төркінін  ақыл,  мінез- 

құлық тәрбиесі жайында қозғамақпын. 

Халық  тағылымында  «Бала  көргенінен  танбайды»  деген  қағида  бар,  ғалым  баланың  есту 

қабілетінен  гөрі  көру  қабілеті  күштірек  екенін  есте  сақтауды  ұсынады.  «Тәрбие  -  тал  бесіктен» 

демекші,  балаға  отбасындағы  тәрбие  басым  әсер  ететінін  бүгінгі  тәжірибемізден  көріп  те  жүрміз. 

Бүгінгі  таңда  әр  ата  –  ана  жұмыстан  қолы  бос  кезде  балаларын  еркелетіп,  жылы  сөз  айтса,  қиындық 

тудырып, түсінбей жүрген сабағына көмектессе, көңілінде ойландырып жүрген құпия сырын тыңдап, 

пікірін  білдірсе  (айлап,  апталап  жұмыста  жүретін  ана-ана  баласының  пікірі,  тіпті  олар  ата-анасының 

қалай еркелететінін де ұмытқан) бала үшін үлкен қуаныш. Азар алла деп, анда-санда көрген ата-анасы 

жұмыстан босаған соң демалыс деген осы екен деп, тапқан-таянғанына ащы су ішіп, темекінің түтінін 

будақтатады,  осы  қылықты  ұрпағына  көрсете  отырып,  оны  істемеу  туралы  «ақыл»  айтады.  Көзімен 

көрген  бала,  ішінен  «өзім  білем»  деп  тұрмасына  кім  кепіл?  «Ақсақалдық  мектеп  туралы»  заманның 

мұндай індетін Мұрат Мөңкеұлы: 

Мен қауіп еткеннен айтамын: 

Шашын мұртын қойдырып, 

Ащы суға тойдырып

Бұза ма деп реңін 

Адыра қалғыр заманның 



Мен  жаратпаймын  сүреңін  –  деп,  1873  жылда  –  ақ  айтып  кеткенін  айтады.  Көрегендік  емей 

немене. 


Қазіргі  уақытта  дүкеннің  түрін  көреміз,  қай-  қайсысына  барсаң  да,  ішімдіктің  алуан  түрі  бар. 

Той-  думан  арақ-  шарапсыз  өтпейтін  болды,  қажет  заттарды  тізімдегенде,  алдымен  арақтың  түрі 

жазылады екен. Бойжеткен қыздарымыз көшеде қолдарына сыра ұстағанды «мода» санайтын болған, 

ал «Қыз- болашақ ана», «Қызға қырық үйден тыйым», «Ана көрген – тон пішер» деген халқымыздың 

тәрбиелік  қағидалары  қайда  кеткен?  Қазағым  «ұлым  өсіп,  ер  жетсе,  есігім  жабылмайды,  қызым  бой 

жетсе,  өрісім  кеңейеді»-  дейді.  Қазақ  қызды  қонақ  деді,  маңдайына  шаң  тигізбеді,  төрге  отырғызды. 

[2.67] Ата- анасын баға алмай қарттар үйіне жіберіп жатқан ұлдардан не қайыр? Қолдарына сыра ұстап, 

беттеріне он тонна бояу жағып жүрген қыздар өріс кеңей те ме, ұрпақ тарата ма? Өзге елге еліктеу көп. 

Ұрпақ тәрбиелеуде халқымыз өз қожалығынан айрылып бара жатқан жоқ па деген ғалым қорқынышы 

шындыққа келеді- ау, сірә. 

Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалық, сыпайылық, әдептілік, іскерлік, бәрінен де 

ар тазалығы басқа халықтың қыздарына тән деп айтуға келмейді. Осы қасиеттерімен қазақ қыздарының 

зор  тағылым  иесі  екенін  дәлелдейміз.  Қыз  Жібектің,  Ақжүністің  ақыл  парасатын  үлгі  етеміз.[1.33] 

Бүгінгі  қыз  ертең  бой  жетеді,  бикеш  атанады,  өмір  заңдылығына  сайуақыты  келе  келіншек  болады. 

Өмірдің соқтықпалы, соқпақсыз жолдарына қадам басады, мойымайды, шаршап-шалдықпай, үлкендер 

алдында  тік  жүріп  келіндік  міндетін  атқарады.  Бұдан  кейін  ене  мен  келін  арасындағы  «тағылым» 

басталады. Осы күні «ене мен келін тату емес» деген әңгіме көп айтылады. Ене аспаннан түскен жоқ, 

ол  да  әдемі  қыз болып  ана  тәрбиесін көрді, келін  де  басқа  дүниеден келген жоқ,  ол да  ана  тәрбиесін 

көрді. Ендеше, ана тәлімін алған адамдарда қандай қиындық болады? Жетіспейтін нәрсе, ененің келінді 

өз  қызындай  қабылдамауы,  келіннің  енені  өз  анасындай  қабылдамауы,  яғни  жан  түсініспеушілігінің 

жоқтығы. 

Тәрбиенің  кемшін  тұсын  жаңа  өсіп  келе  жатырған  баладан  көре  бермей,  ересек  адамдар 

өздерінен  бастау  керек  пе  деген  ойға  қаламын.  Себебі,  «жас  бала  жас  шыбық»  тәрізді,  қалай  исең, 

солай  майысады.  «Ұлт  тәрбиесінің  мықты  болуы-ұрпақ  тәрбиесіне  байланысты»  десек,  ұрпақ 

тәрбиелейтін ата-әже, ата-ана, аға-апа тәрбиесін көлеңкеге тастамауымыз қажет. Біз, ата- әжелерімізден 

ертегі,  қисса-  дастандар  тыңдап  өстік,  ал  бүгінгі  қарттарымыз  ертегі  айта  біле  ме,  аналарымыз  бесік 

жырын  айта  ала  ма?  Міне,  бұл  жағын  да  ұмытпайық.  Жалпы,  ұлттық  тәрбие  турасында  әңгіме 

қозғағанда  ата-баба  тағылымын  жадымызда  ұстамай,  өткенімізді  ескермей,  болашақты  болжау  қиын 

екенін айтқым келеді. Мектепте ата- аналар жиналысында (кей ата-аналар өз білгеніміз өзімізге дейді) 

мұғалімдер  тарапынан  адамгершілік,  кісілік,  ар-ұждан  тақырыптарында  баяндамалар  оқылса,  аз  да 

болса шешімі табылар ма еді деп ойлаймын. 

Қай  халықтың  болмасын  тарихы  елінің  зердесінде  өшпес  із  қалдырған  аса  көрнекті  жеке 

тұлғалардың  атымен  тығыз  байланысты.  Қаз  дауысты  Қазыбек  мемлекет  істерімен  қатар,  ру  ішінде 

немесе  ру  аралық,  сұлтандар  арасындағы  кикілжің  тартыстарға  да  әділ  билігін  айтып  отырған. 

Мәселен,  1748  ж.  тамыз  айында  болған  Әбілқайырдың  өлімінен  кейін  кек  алмақ  болған  оның 

балаларынан  сескеніп  Орта  жүздің  Арғынына  арқа  сүйемек  болған  Барақ  сұлтанға,  оның  жақын 

кеңесшісі бола тұра Қазыбек би: «біз сен үшін Кіші жүзбен айтыспаймыз» деген екен (Орынбор ОММ. 

3-қ. 1-т.,2-іс, 248-249 пп.). 

Ел ішінде қара қылды қақ жарған, алты алаштың ардағы аталған Қаз дауысты Қазыбек бидің бұл 

Орта  жүз  бен  Кіші  жүз  араларын  ушықтырмай,  мәмілеге  келтіру  арқылы  олардың  бірлігін  сақтауды 

мақсат  еткен  даналығын  көрсетеді.  Сөйтіп,  Барақ  сұлтанның  кінәсін  қарау  мәселесі  билер  сотына 

тапсырылыпты.    Осы  орайда,  М.Тілеужанов  халық  тарихында  ақсақалдар  –  халық  иесі  десе,  

«Ақсақалдық мектеп туралы» еңбегінде өмір оқытушылары екендігін айқын көрсетеді. Әсіресе, ұрлық- 

қарлықтан  аулақ  болуға,  ақшаны,  байлықты  басты  құндылық деп ойламай,  адамгершілікті  алға  ұстау 

керектігін  үйретіп  отыратын  үлкендердің  болғаны  нұр  үстіне  нұр  болып,  тентекті  тезге  салатын  ел  - 

елде, мектептерде де осындай «ақсақалдар алқасы», «әкелер мектебі» тәрізді белсенділер тобы болса, 

арыз- шағым, айқай- шу деген болмас еді.  

Ұрпақ тәрбиесінде иман әлсіздігі бар дедік.  Абай шығармаларында имандылық,  діни тақырыпқа 

ерекше орын берілген. Оның ғақлиясында (қара сөздері) діни ғибрат көп-ақ. Әсіресе, сенім мен әдепке 

қатысты аят пен хадистерді қазақи мәнерде түсіндіреді. Онда ғибадат тақырыбы да қозғалған.  

Асыл мақсат – Алла тағаланы тану.  «Алла деген құр қалмайды» дейді,  қазақ ұрпағы жаңа істі 

бастар алдында аллаға сыйынады, Шариғатымызда барлық амалдардың бірінші шарты – ниет. Жақсы 

да  ізгі  амалға  тек  жүректен  шыққан  шынайы  ниет  түрткі  бола  алады.  Әр  адамның  ниеті  таза  болса, 

жақсылық жасауға ұмтылып тұрса, ол да адам баласының ар тазалығы болар.[4.5] 

Үлкенді  сыйлау,  үлкеннің  алдын  кесіп  өтпеу  жөнінде  қағидалар  бала  отбасынан  бастап 

үйретілсе, мектеп қабырғасында бұл ережелер тереңдей түспесе, кемімейді. Бүгінгі таңда мұғалім сабақ 

оқытып  мектепте  ғана  отырмайды,  ол-  үй  аралап  адам  басына  санақ  жүргізеді,  оқушының  түнде 

көшеде жүрген-жүрмегендігін қадағалайтын полиция қызметкері қызметін де атқарады. (баласы түнде 



көшеде  жүрсе,  оны  мұғалім  қадағаласа,  ата-ана  не  үшін?)  Мұғалімдер  үйдегі  өз  балаларымен  қатар, 

мектепте  барлық  бала  үшін  жауап  береді,  онымен  қоймай  «дұрыс  тәрбие  бермедің»  деп  ата-ана 

тарапынан  сөз  де  естіп  жатады.  Кінәлілерді  іздемей,  іске  көшетін  уақыт  әлдеқашан  болды.  Себебі, 

тәрбие  саласында  жіберілген  кемшілікті  ұрпақ  кешірмейді.  Ұрпақ  тәрбиесінің  мәні  мен  мазмұнын 

ашып, оны халық дәстүрлерімен байланыстырайық. 

 

Әдебиеттер 



1. «Қазақ тағылымы» М.М.Тілеужанов Орал- 1994 ж. 

2. «Ел әдебиеті» М.М.Тілеужанов Алматы: «Ана тілі», 1992 ж. 

3.

 

К.Есімов «Қаз дауысты Қазыбектің тағылымы»

  

4. 

Р. Қамбаров Ислам және өркениет» газеті 20 наурыз 

 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 41.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет