Ұлттық СӘйкестілікті қалыптастырудағы жазудың МӘдени, саяси және діни аспектілері



жүктеу 74.98 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.03.2017
өлшемі74.98 Kb.
#4230

ҰЛТТЫҚ СӘЙКЕСТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАЗУДЫҢ 

МӘДЕНИ, САЯСИ ЖӘНЕ ДІНИ АСПЕКТІЛЕРІ 

 

Садуақасов А.Қ. 



Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ, Астана

 

 



 

80

 



Ҧлттың  мәдениетімен,  тарихымен,  тілімен,  дінімен,  ділімен  (менталитет),  ҧлттық 

идеясы  және  идеологиясымен,  бір  сӛзбен  айтқанда,  ҧлттық  саясатпен  тығыз  байланыстағы 

мәселенің  бірі  –  жазу  мәселесі.  Осы  орайда  тҥрколог  М.  Ескеева:  «Жазу  –  адамзат  ақыл-

ойының  ҥлкен  жетістігі.  Кез-келген  халықтың  тарихы  жазба  тілмен  тікелей  байланысты 

қалыптасып,  барлық  рухани  және  материалдық  қҧндылықтар  деңгейі  жазба  мәдениетінен 

кӛрінетіндіктен, жазу тарихы жалпы адамзат тарихының бір саласы ретінде қарастырылады» 

[1] – дейді. 

 

Тарихи  деректерге  сҥйенсек,  ғалымдар  жазу-сызудың  табиғатын  тҥсінуге  ықылым 



заманнан-ақ  қызығушылық  танытып  келеді  екен.  ХХ  ғасырдың  орта  шенінде  жазба  тілдер  мен 

олардың  мҧрағаттарын  зерттеуге  деген  қажеттілік  тіл  білімінің  маңызды  салаларының  бірі 

ретінде графикалық лингвистиканың ӛз алдына толыққанды ғылым саласы болып қалыптаса 

бастауына алып келді. Лингвистер мен жазба тарихын зерттеуші палеограф мамандар жазу деген 

ҧғымға «Жазу – мәліметтерді жазудың графикалық жҥйесі, бәрінен бҧрын – адами тілдің ӛмір 

сҥру  формаларының  бірі»  деген  анықтама  берді.  Міне,  осы  анықтамадан-ақ  жазудың  адамзат 

баласы  ҥшін  қаншалықты  маңызды  екендігін  білуге  болады.  Қоғамдық  дамудың  әрбір 

сатысында  адамзат  баласы  жазудың  бірнеше  тҥрін  пайдаланып  келді.  Оларға:  идеографиялық, 

фоноидеографиялық,  логографиялық,  морфемалық,  фонетикалық,  буындық,  консонанттық, 

консонантты-вокаликалық  тҥрлері  жатады.  Ал  ғалымдар  әліпби  деп  –  жазудың  фонетикалық 

тҥрін  атайды.  Социолингвист  Б.  Кәрімов  жазуды  жасап  шығару  адамзат  тарихындағы  ең  ҧлы 

жаңалықтардың  бірі  болғанын  айтады.  Оның  айтуынша,  тілдің  ауызша  тҥрі  социум  мен 

индивидке  ойды,  ақпаратты  қҧруға  және  оны  кеңістіктегі  аз  ғана  арақашықтық  пен  қысқаша 

уақыт аралығына таратуға мҥмкіндік берді. Тілдің жазбаша тҥрі адамзат социумы мен индивид 

жасаған  ақпаратты  кеңістіктегі  ӛте  ҥлкен  арақашықтыққа  және  ӛте  ҧзақ  уақыт  аралығына 

сақтауға жағдай жасады. Бҧл ӛзінің этнациялық тілінің жазбаша ҥлгісін жасаған әрбір этнация 

ойкуменінің  географиялық  тҧрғыдан  кеңейіп,  орасан  зор  кеңістікке  ҧласуына,  сонымен  қатар, 

осы этнацияның ішкі әлеуметтік қҧрылымындағы ҧрпақтан ҧрпаққа берілетін ақпарат сапасы 

мен  кӛлемінің  барынша  артуына  негіз  болған.  Осы  ретте  этнацияның  әлеуметтік  қҧрылымына 

қосылған  жеке  тҧлғалар  санының  ҥдемелі  кӛбеюі  жеке  тҧлғалардың  синхронды  аспектісінде 

және жеке тҧлғалар ҧрпағының диахронды аспектісінде де болды. Ӛзінің жазу жҥйесін жасаған 

этнациялардың әлеуметтік қҧрылымы осы ҥдемелі сандық ӛзгерістен әлеуметтік қҧрылымның 

сапалық  жаңа  ӛзіндік  әлеуетті  мҥмкіндіктегі  санатына  кӛшіп  отырды.  Тарихи  даму  барысында 

осы әлеуметтік қҧрылымдар ӛзге әлеуметтік қҧрылымдарды ақпараттың жиналу ырғағы, білім, 

қарым-қабілет, тәжірибе мен инновацияның теориялық және практикалық жасампаздық қызметі 

жағынан,  жеке  тҧлға  мен  социумның  мәдени,  ғылым,  білім  беру,  заттық  орта  мен  рухани 

әлемінің  дамуы  тҧрғысынан,  жеке  тҧлға  мен  социумның  жаңғыру  ырғағы  бойынша 

инновациялық  мҥмкіндігі  мен  оны ӛмірге  барынша  енгізу  жағынан  басып  озды.  Дамудағы  осы 

басып  озушылық  ақыр  соңында  этноәлеуметтік  қҧрылымдар  жҥйесінде  және  олардың 

мемлекеттік  жҥйесінде,  аймақтық  және  ғаламдық  ауқымдағы  геосаяси  ӛзгерістерге  ҧшыратты. 

Сондықтан да жазу жҥйесінің қалыптасуы, дамуы, қызмет етуі мен жетілдірілуі этнациялардың, 

мемлекеттердің,  ӛркениеттердің,  әлемдегі  аймақтардың  және  тҧтастай  әлемнің,  ғаламдық 

Адамзаттың әлеуметтік дамуындағы маңызды фактор болып табылады екен [2]. Ғалымның осы 

ойы  арқылы  жазудың  дамуы  ғылым  мен  білімнің,  мәдениет  пен  техниканың  ӛркендеуіне  алып 

келетіндігін,  ал  осы  игіліктерді  пайдаланған  этнациялардың  бәсекелестікке  тҥсуі  адамзат 

тарихындағы  геосаяси  ӛзгерістерге  негіз  болатындығына  кӛз  жеткіздік.  Жазба  тарихы  адамзат 

тарихымен тығыз байланыста болса, ал тіл – ҧлттың этникалық негізі екендігі дау тудырмайтын 

ақиқат.  Ал  әрбір  ҧлт  тілінің  тӛл  дыбыстық  ерекшелегі  сол  ҧлттың  жазу  жҥйесін  ӛзге  тілден 

ерекшелейді.  Ал  бҧл  дегеніңіз  -  жазудың  тіл  сияқты  ӛркениет  пен  ӛркениетті,  ҧлт  пен ҧлтты, 

этнос  пен  этносты  ажыратып  беруге  қабілетті  этникалық  саяси  белгі  болып  табылатындығын 

білдіреді.

 

 



Жазудың  пайда  болуына  дейінгі  кезеңде  біздің  ата-бабаларымыз  ӛздерінің  даму 

тарихы мен әлемді тануы жӛніндегі ілім-білімдерін аңыз-әңгімелер мен салттық рәсімдер 

 

81

 



арқылы  қалдырып  келді.  Жазудың  ойлап  табылуы  адамзатты  ӛркениетке  жеткізген  ҧлы 

жетістік  саналады.  Барлық  халықтардың  аңыз-әңгімелері  жазудың  қҧдайдан  тарағандығы 

жӛнінде әңгімелейді – оның қҧндылығын адамдар әрқашан тҥсініп келген. Ал жазу мен оқи 

алу  мҥмкіндігі  ҧзақ  уақытқа  дейін  таңдаулы  адамдардың,  бәрінен  бҧрын,  ауқатты  кісілер 

мен мемлекеттік шенеуніктердің ҥлесіне тиді. Сол  уақыттары мыңдаған кҥрделі  белгілерді 

жазуға ҥйрену мен оны жаттап алу Жаратушының танымын сезініп, ӛзінің табиғатын тануда 

ҥнемі ізденісте жҥретін адамдардың қолынан ғана келді. 

 

Тарихи  деректер  бойынша  тарихтың  атасы  саналатын  Геродоттың  жазып 



қалдыруынша, І Дарий патша кӛшпенді скифтерге қарсы соғыс ашқан. Сол кезде скифтердің 

патшасы  Дарийге  сыйлық  арқылы  хабар  жіберген.  Бҧл  қҧс,  тышқан,  бақа  мен  бес  жебе 

болатын. Парсылар елшіден бҧл сыйлықтың мәнін тҥсіндіруді сҧрағанда, ол бҧл сыйлықты 

ҧсынып, тезірек қайтуға әмір алғандығын мәлімдеген. Осылайша бҧл сыйлықтардың мәнін 

тҥсіну парсылардың ӛздеріне бҧйырған. Гередоттың бҧл әңгімесі  бізге тарихтағы бір ғана 

оқиғаны  емес,  жазудың  ежелгі  тҥрі  болғанын  да  жеткізеді.  Сақтардың  сыйлығы  ақпарат 

таратудың  ӛзіндік  тәсілі,  яғни  кейінірек  пиктографиялық  жазуға  ҧласқан  заттық  жазу 

болатын [3]. 

 

Кӛрнекті  философ-экзистенциалист  Карл  Яспердің  (1883-1963)  мәлімдеуінше,  біздің 



заманымыздан 4 мың жыл бҧрын ғаламшарымыздың негізінен 3 аймағын (Шумер-Вавилон-

Египет-Эгей әлемі, Инд аңғарындағы арийлікке дейінгі мәдениет пен Хуанхэдегі архаикалық 

Қытай) ҧлы мәдениеттердің ошағы деп қарастыруға болады. Дәл осы аймақтарда алғашқы 

мәдени типтердің пайда болуына негіз салған тӛрт фактор болған. Олар: 1) Ніл, Тигр, Ефрат, 

Хуанхэ және Инд аңғарларына ирригациялық жҥйелердің ҧйымдастырылуы; 

 

2)



 

Жазудың ойланып табылуы, оның суреттік жазудан (пиктограмма), сыналық және 

иероглифтер арқылы әліпбилік (идеограммалық) жазуға ауысуы;  

 

3)



 

Ортақ  мәдениет,  тіл,  мифтердің  пайда  болуы,  олардың  бірлігін  пайымдайтын 

халықтардың пайда болуы;  

 

4)



 

Мемлекеттер мен қалалардың қалыптасуы [4].  

 

Жазу  жҥйесінің  пайда  болу  себептерін  сараптап,  оның  тарихи  кезеңдерін  анықтауға 



ҥлес  қосқан  ғалым  Дж.  Клоссон:  «Алғашында  жазу  кӛсемдер  мен  патшалардың,  шiркеу 

иелерiнiң  меншiгiндегi  мҥлiктер  мен  қҧрал-жабдықтарды,  оларға  адал  қызмет  етушiлердi 

ӛздерiнiң  иелiгiнде  екенiн  бiлдiру  мақсатында  пайда  болып,  сәл  кейiнiрек  билеушiлердiң 

ӛнегелi  iс-әрекеттерi  мен  ӛсиеттерiн  қҧлпытастарға  жазып  қалдыру  ҥшiн  қолданылуы 

мҥмкiн.  Кейiнгi  кезеңдерде  қарым-қатынас  қҧралы  ретiнде  билеушiлердiң  алыс 

провинциялардағы халықтармен немесе басқа елдермен байланысқа тҥсуi ҥшiн қызмет еттi. 

Одан  кейiнiрек  сауда-саттық  мақсатында  қолданылды»  [92]  –  деген  мәлімет  береді.  Дж. 

Клоссонның осы тҧжырымынан жазудың діни, саяси және экономикалық қажеттіліктерден 

туындағанын байқаймыз. 

 

Ҧлттық  сәйкестілік,  негізінен,  діни  сәйкестіліктің  негізінде  пайда  болған.  Адамзат 



тарихы  діни  қауымдастықтардың  ҧлттық  қауымдастықтарға  айналуына  жазудың  ықпалы  зор 

болғанын  айғақтайды.  Зерттеу  барысында  біз  америкалық  этносаясаттанушы  Б.  Андерсонның 

лингвистикалық  ҧлтшылдық  тҧжырымдамасына  оның  «Елестетілетін  қауымдастық» 

тҧжырымдамасының  алғышарт  болғанына  кӛз  жеткіздік  [6].  Андерсонның  айтуынша,  діни 

мәтіндерді  жазуға  себеп  болған  бастапқы  әріптер  діни  қауымдастықтар  ҥшін  шын  мәніндегі 

мистикалық қасиетке ие. Қытай, латын немесе араб тілдерінің идеограммалары аталған діндерге 

сенушілер  ҥшін  ақиқатты  білдіруге  арналған  еркін  жасалған  таңбалар  ғана  емес,  эманациялық 

ақиқат, ерекше сипаты бар шынайылық болып кӛрінді. Діни мәтіндердің жазуына онтологиялық 

мазмҧнның  берілуі  –  діни  сәйкестіліктің  рухани  негіздерінің  бірі.  Осының  арқасында  діни 

қауымдастықта осы қауымдастық мҥшелеріне ғана тҥсінікті, ӛзімен бірге айрықша ақпарат алып 

келетін әріпке, жҧмбақ желіге, символдарға деген ерекше сенім пайда болды. Міне сол себепті 

әріптер  діни  мәтіндердің  рухын,  сенім  рухын  білдіреді  деп  есептелді.  Әліпби  әріптері  мен 

жазудың  «мистикалық  қасиеті»  де  осыдан  келіп  шығады.  «Елестетілетін  қауымдастық» 

тҧжырымдамасына сәйкес

 

 

82



 

діни  қауымдастық  діни  тіл  мен  діни  жазу  арқылы  ғана  елестетілетін  болды.  Діни 

дәстҥрлерде  әріптерде  мистикалық  қасиет  бар,  себебі  олардың  негізінде  діни  мәтіндердің 

графикасы  болды  деген  тҥсінік  қалыптасты.  Латын  жазуы  –  Библияның  графикасы,  араб 

жазуы  –  Қҧранның  графикасы,  еврей  әліпбиі  –  Тордың  графикасы,  қытай  иероглифтері  – 

доасизм,  конфуцийшілдік  пен  ӛзге  де  кӛне  қолжазбалардың  графикасы.  Санскрит  жазуы 

буддизм  мен  индуизм  діндерінің  графикасы  саналды.  Саясаттанушы  Р.  Қадыржанов 

Андерсонның тҧжырымдамасына сҥйене отырып, орта ғасырда латын тілі мен латын жазуы 

батыс-христиан  діни  елестетілетін  қауымдастығының,  ал  классикалық  араб  тілі  мен  араб 

жазуы, Қҧран тілі мен графикасы жамағаттың, бҥкіләлемдік мҧсылмандардың елестетілетін 

қауымдастығының  негізі  болғанын  айта  келе:  «Ол  дәуірде  ҧлттық  елестетілетін 

қауымдастық  әлі  пайда  болмаған  еді.  Себебі  оған  қажетті  мәдени,  дҥниетанымдық 

алғышарттар қалыптаспаған болатын. Бҧл алғышарттар кешірек, батысеуропалық қоғамның 

әлеуметтік-мәдени  және  саяси  даму  процесінен  соң  жасалды.  Әңгіме  латын  тілінің 

сакралдықтан арылуы, сананың діннен босануы мен біртҧтас діни қауымдастықты қҧратын 

мәдени-дҥниетанымдық процестер орын алған Реформация мен баспа капитализмінің дамуы 

жӛнінде болып отыр. Осы тҧста латын жазуының сакралдықтан арылуы айрықша мағынаға 

ие  болып,  нәтижесінде  бҧл  жазуды  еуропалық  вернакулярлық  тілдер  ӛздеріне  бейімдеп 

қабылдады.  Латын  тілінің  орнына  барлығы  бірдей  латын  жазуын  пайдаланатын  кӛптеген 

вернакулярлық  тілдер  келді.  Олардың  ендігі  ең  басты  идеограмммалық  функциясы  –  діни 

мәтіндерді  насихаттау  болған  жоқ.  Осылайша  латын  тілінің  негізінде  біртҧтас  діни 

қауымдастықтың  орнына  ӛздерінің  вернакулярлық  тілдерінің  арқасында  ҧлттық 

қауымдастықтар келді. Дегенмен, діни елестетілетін қауымдастықтың ҧлттық елестетілетін 

қауымдастыққа  айналуы  тарихи  тҧрғыда  ҧзаққа  созылды,  тіпті  бірнеше  жҥзжылдықтарды 

алды.  Осы  ретте  елестетілетін  қауымдастықтардың  осы  тҥрлерінің  белгілі-бір  тарихи 

сабақтастығының діни елестетілетін қауымдастықтың ҧлттық елестетілетін қауымдастыққа 

айналуындағы  ӛз  орны  бар.  Сол  себепті  де  жазу  мен  ҧлттық  сәйкестіліктің  байланысы 

діннен, діни дәстҥрлерден бастау алады» [7] - дейді. 

 

Католиктік  және  протестанттық  діни  наным-сенімдегі  халықтар  ӛздерінің 



веранкулярлық  тілдері  ҥшін  латын  жазуын  пайдаланды.  Бҧл  процесс  алғашында 

Реформация,  Ағарту  және  баспа  капитализмін  дамыту  барысында  Еуропада  орын  алды. 

Еуропалық  мемлекеттердің бірқатары қол астындағы отарларына ӛздерінің дінін, мәдениеті 

мен  тілін  таратқан  отарлық  державалар  болғандықтан,  осы  империялардың  отар  елдері  ӛз 

тілдерінің жазуы ретінде латын жазуын қолдана бастады. Осының нәтижесінде латын жазуы 

бҥткіл батыс елдеріне, Африкаға, Австралияға, Азияның кӛптеген елдеріне тарады. 

 

Ҧлттың дамуын жазумен байланыстыра отырып, - саясаттанушы Р. Қадыржанов, - жазу 



таңбасы  діни  қауымдастықтардың  мәдени  әралуандығы  мен  аумақтық  ауқымдылығын 

қамтамасыз  етуде  шешуші  рӛл  атқарғанын  Исламды  мысалға  келтіре  отырып,  егер  де 

индонезиялық Магинданао тҧрғыны Меккеде бербер тайпасының ӛкілімен кездессе, бір-бірінің 

тілін  білмеуі  салдарынан  ауызша  қарым-қатынас  жасай  алмайды.  Дегенмен  олар  бір-бірін 

жазбаша тҥсінуге қабілетті. Себебі тек қана классикалық араб тілінде бар әрбір сакральді мәтін 

олар  ҥшін  тҥсінікті  болып  саналады.  Бҧл  тҧрғыда  жазбаша  араб  тілі  қытай  иероглифтеріне 

ҧқсас  қызмет  атқарады.  Қытайлықтар  ҥшін  иероглифтер  біртҧтас  қытай  ҧлтын  біріктіретін 

мәдени код болып саналады. Қытай тілінің тҥрлі бӛлігі әр алуан айтылу нҧсқасына ие. Бҧл ӛз 

кезегінде  елдегі  ауызша  коммуникацияға  айтарлықтай  кедергі  болып  табылады.  Сол  себепті 

қытайлар  мҧсылмандар  әлемі  секілді  дыбыс  арқылы  емес,  жазу  таңбасы  арқылы  ортақ 

қауымдастыққа  бірігетінін  мәлімдейді.  Публицист-ғалым  М.  Қҧл-Мҧхаммед:  «Латын  тілі  Рим 

империясының  дәуірлеп  тҧрған  кезінде  әлемдегі  ең  қуатты  тіл  болғандығы  ешкім  кҥмән 

келтірмейтін  ақиқат.  Әйгілі  император  Цезарь,  сӛз  атасы  Цицерон,  Вергилий,  Гораций, 

Овидийлер  осы  тілде  сӛйлеп,  осы  тілде  ӛлмес  туындылар  қалдырған.  Ол  заманда  латын  тілінің 

болашағына  оның  достарын  қойып,  жаулары  да  кҥмән  келтірмейтін  еді.  V  ғасырда  Рим 

империясы ыдырағаннан кейін латыннан да қауқар кете бастады, бірақ біржолата қҧрыған жоқ. 

Роман тілдер тобын қҧрайтын (рома – Рим деген сӛз) итальян, испан,

 

 



83

 


француз,  португаль  тілдеріне  ӛмір  беріп,  ғылыми  терминологияның  алтын  қазығына 

айналды. Бҥгінде латын тілі бір мыңнан асатын халқы бар Ватиканның ғана ресми тілі, бірақ 

жоғарыда аталған тӛрт  тіл оның бҥгінгі кҥндері  жайқалған жапырағы сияқты», [8]  – дейді. 

Оның бҧл пікірі латын тілінің ӛлі тілге айналғанымен, оның жазбаша нҧсқасының кӛптеген 

еуропалық  тілдердің  негізін  қалап,  сол  арқылы  қоғамдық  санадағы  діни  сәйкестіліктің 

ҧлттық сәйкестілікке ӛзгеруіне себеп болғандығын дәлелдейді. 

 

Андерсонның 



«Елестетілетін 

қауымдастық» 

тҧжырымдамасына 

сҥйенсек, 

Реформация  мен  одан  кейінгі  Ағарту  дәуірлерінде  діни  қауымдастықтың  орнына  Батыс 

еуропалық  қоғамның  ҧйымдастырушылық  формасы  ретінде  келген  ҧлттық  қауымдастық 

рухани  салада  діни  сананың  бәсеңдеуіне  алып  келгенін  байқаймыз.  Діннен  безу  жазумен 

қатар,  еуропалық  қоғамның  рухани  мәдениетінің  барлық  элементтеріне  әсер  етті. 

Реформация дәуірінен бастау алған баспа капитализмі, баспа машинасының пайда болуы мен 

дамуы нәтижесінде латын жазуы Библияның графикасы ретінде діни сипаты мен мистикалық 

қасиетінен  айырылды.  Баспа  станоктарын  жасау  ҥшін  әріптерді  кӛп  кӛлемде  қҧюға  тура 

келді.  Адам  қолымен  жасалатын  бҧл  процесс  әріпке  қатысты  тҥсінікті  теріске  шығарды. 

Яғни, қоғамдық  санада әріп  - эманациялық  қҧбылыс емес деген трансформация жҥрді.  Ал 

бҧл жағдай батыс христиан қоғамында латын жазуының мистикалық, сакральдық сипатына 

сенушілер  қатарын  азайтты.  Секулиризация  процесінің  қарқынды  жҥруіне  кітап 

саудасындағы  іскерлік,  сауда-саттықпен  айналысатын  адамдардың  рӛлі  зор  болды. 

Осылайша  баспа  капитализмі  ҧлттық  сананың  қалыптасуына  алғышарт  жасады.  Латын 

тілінен  бастау  алатын  Еуропадағы  ҧлттық  тілдер  мен  баспа  капитализмі  сол  кезеңде  ӛзара 

тығыз  байланыста  дамыды.  Капиталистік  мәдениет  еуропалықтардың  ӛздерін  діни 

қауымдастық  мҥшесі  емес,  белгілі-бір  ҧлттың  санатына  жатқызуына  тҥрткі  болды.  Латын 

жазуының  католиктік,  христиандық  діни  сана  тҧрғысындағы  мистикалық,  мифологиялық 

қасиетінен  ажырап,  жазудың  білім-ғылымға  жол  ашуы  ҧлттық  қауымдастықтардың 

қалыптасуына  алып  келді.  Дегенмен,  ата-бабасы  жҥздеген  жылдар  бойы  діни  жазу  ретінде 

пайдаланып  келген  латын  әріптері  ҧлттық  қауымдастық  ӛкілдерінің  санасындағы 

психологиялық сенім негізін тҥбірімен жоймаған болатын. Міне, осы фактор жазуды ҧлттық 

сәйкестіліктің  негізі  ретінде  қарастыруымызға  мҥмкіндік  береді.  Р.  Қадыржановтың 

айтуынша,  кӛбіне-кӛп  бҧл  жағдай  діни  және  этникалық  қауымдастығы  қабысатын 

халықтарға  тән  болды.  Бҧларға  еврейлерді,  грузиндерді,  армяндарды,  гректерді, 

қытайларды, орыстар мен Оңтҥстік Еуропаның славян халықтарын жатқызуға болады. Бҧл 

халықтарда  діни  сәйкестілік  этникалық  және  оның  негізінде  пайда  болған  ҧлттық 

сәйкестілікпен  сәйкес  келеді.  Осы  ретте  бҧл  сәйкестіліктің  ең  басты  факторларының  бірі 

жазу  болып  табылады.  Діни  дәстҥр  шеңберінде  жасалған  бҧл  жазу  бірте-бірте  ҧлттық 

жазуға  айнала  бастады.  Бҧл  халықтар  ӛз  жазуларына  ҧлттық  мақтаныш  және  зор  қҧрмет 

белгісіндей айрықша ықылас танытады. Осы халықтар қолданатын жазу олардың тілдерінің 

жай  графикалық  кӛрінісі  ғана  емес,  сондай-ақ  олардың  діни,  мәдени  және  тіпті  ҧлттық 

сәйкестіліктерінің белгісі болып саналады. 

 

Әдебиеттер 



 

1.

 



Ескеева  М.  Қазақ  жазуының  тарихи  негіздері:  оқу  қҧралы.  –  Астана:  Еуразия 

ҧлттық университеті. 2002. – 120 б.  

 

2.

 



Каримов. Б. Р. Тюркская и Центрально-Азиатская цивилизации и развитие мировой 

системы 


письменностей 

// 


Материалы 

Международной 

научной 

конференции 

«Модернизация  высшего  образования  и  науки:  пути  и  перспективы  инновационного 

развития». – Алматы: КазНПУ им. Абая, 2008. – 792 с.  

 

3.

 



Сапашев О. К вопросу об эволюции тюркской рунической эпиграфики // Кӛне тҥркі 

ескерткіштері:  палеография,  мәтінтану,  жазу  тарихы:  халықаралық  ғылыми-теориялық 

конференция материалдары – Астана: Ер-Дәулет, 2007. – 168 б.  

 

4.



 

Ғабитов  Т.,  Мҥтәліпов  Ж.,  Қҧлсариева  А.  Мәдениеттану  негіздері:  оқулық.  – 

Алматы: Дәнекер, 2002. – 40-41 бб  

 

 



84

 


5.

 

Клосон  Дж.  Происхождение  тюркского  рунического  письма  //  Зарубежная 



тюркология. – Москва: Наука, 1986. - С. 135-158.  

 

6.



 

Benedict  Anderson.  Imagined  communities:  reflections  on  the  origin  and  spread  of 

nationalism. – London: Verso, 1983. – P. 7.  

 

7.



 

Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. / 

Ред.  алқа:  К.  Ш.  Хҧсайын,  Ә.  Нысанбаев,  К.  Н.  Бҧрханов,  С.  А.  Қасқабасов,  М.  Қ. 

Әбусейітова, Н. Қ. Нҧрланова, М. Айдарханов, С. Қҧнанбаева. – Алматы: Арыс, 2007. – 

410 б.  

 

Қҧл-Мҧхаммед М. Ҧлт тірегі – тіл // Салалық терминология: бҥгіні мен болашағы. – 



Астана: Астана полиграфия, 2003, - 22 б.

 

Каталог: repository -> repository2012
repository2012 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҦ У, Астана қаласы
repository2012 -> Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi
repository2012 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы
repository2012 -> №1 (86) 2012 147 Д. ҚАмзабекұлы садуақас ғылмани мұрасы: КӨкейкестілігі және жүйелену негізі
repository2012 -> Қазақ оқырмандарының кейбіреулері сүлейменовтің бірен-саран қиын шығармаларын бүгін
repository2012 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы 3-кесте. Реестрдің стандартты ұялары және оларды қамтамасыз ететін файлдар
repository2012 -> А. Т. Забирова Ш.Қ. Жарқынбекова
repository2012 -> №1 (86) 2012 35 Г. К. ҚИлыбаева бастауыш сынып оқушыларының креативтілігін дамыту

жүктеу 74.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет