Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе



жүктеу 2.01 Mb.
бет1/2
Дата21.04.2022
өлшемі2.01 Mb.
#19162
  1   2
Ұлттық құндылықтар

Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе
Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде пайда болуымен бірге туындаған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, дағды, көзқарастар жатады. Құндылық адам өлшеміндегі мәдениетті көрсетеді, әрі өмір сүру және адамдық болмыс қалпының негізін кұрайды. Құндылықтар қоғамды реттеу кезінде дәстүрлер мен ғұрыптар жүйелерін, әсіресе қоғамға аса маңызды адамдык нормалар мен құкықты өзіне бағындыра отырып, ыңғайлы деңгейге ие болады.
Руханият – адамзаттың негізгі бастауларының бірі. Адам әдебиет пен өнер туындылары, түрлі уағыздар мен мінажаттар арқылы өмір тағлымдарын танып, руханияттылыққа қол жеткізеді. Бұл шындық, әділеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, сұлулық идеялары мен рухани-адамгершілік ұстанымдарын қабылдау мен пайымдауға әкеледі. Қазір отандық бұқаралык ақпарат құралдарында, түрлі әдебиеттерде «руханият» атауы орынды қолданыла бастады деп есептейміз. Біле-білсек, бұл – дәстүрге адалдық, тарихқа құрмет» деп пайымдайды Д. Хамзабекұлы. Жоғарыда айтылғандардан ұлттық руханият – ұлттық құндылықтар жүйесі деп түйіндеуге болады.
Ұлттық руханият – ұлттық рухтан туындаған ұғым. Ұлттық рух болмаған жерде ұлтпын деп айту қиын. Руханиятқа ұлт тілі, ділі, діні, дәстүрі, ұлттық мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. ұлттық құндылықтар жатады. Ол – халық санасының, мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі, ұлттық болмысы. Ұлттық руханият мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңеді. Ұлттық руханиятты сақтау, оны нығайтып отыру және дамыту – өскелең ұрпақтың қасиетті парызы мен міндеті. Бұл шындық, әділеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, сұлулық идеялары мен рухани-адамгершілік ұстанымдарын қабылдау мен пайымдауға әкеледі.
Ұлттық руханият
Ұлт ділі
Ұлт мәдениеті
Ұлт тілі
Ұлт өнері
Ұлт дәстүрі
Діл – халыққа, ұлтқа немесе белгілі бір топқа тән дүниетанымдық және руханияттық ұғымдар жиынтығы. Ол – ұлттың «Мені», автопортреті. Өзге халықтардан даралайтын сипаты және сол сипатымен кім екені айтылмай-ақ жат жұртқа танылатын, туабітті қанына сіңген, болмысына дарыған табиғи ерекшелігі; ұлттың табиғи, рухани және тарихи даму жолындағы, өмір ағымындағы жарғылық мәнді әдет-ғұрып, салт- дәстүр, мінез-құлық, іс-дағды сипаты. Ол – адамның өзін қоршаған әлем және қоршаған әлемдегі өзінің орны туралы түсініктерінің нормасы. Діл адамның өмірлік айқындамалары мен өмір туралы пайымдауларына негіз болады.
Өнер – өмір өрнегі. Ол адамды асқақ сезімге бөлеп, жан дүниесін нұрландыра түсетін құдірет. Ол өмірді кемелдендіріп, ізгілік шуағын таратады. Өнер арқылы адам өзінің өмірге деген ерекше құштарлығын, сүйіспеншілігін білдіреді және өзге адамдардың да өмірге деген көзқарасына ықпал етеді. Адамның өмірі, пейілі және іс-әрекеті – оның өзіне деген махабатының көрінісі, өнер арқылы адамның өмірге құлшынысын, құштарлығын байқалады. Нағыз өнер адамның игілігіне қызмет етеді. Ұлттық өнер туындылары рухани құндылықтармен қатар материалдық құндылық болып та саналады. «Өнер – адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы,» – деп бағалайды Б. Момышұлы.

жүктеу 2.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет