Ұлт мақтанышы болған ұЛАҒатты ұстаз құмаш Нұрғалиев



жүктеу 51.65 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.01.2017
өлшемі51.65 Kb.

ҰЛТ  МАҚТАНЫШЫ  

БОЛҒАН  

ҰЛАҒАТТЫ  ҰСТАЗ

Құмаш Нұрғалиев

(29.10.1925 - 27.05.1988)

Құмаш Нұрғалиев 1925 жылы 

29 қазанда Шығыс Қазақстан 

облысы,  Марқакөл ауданының 

Сармөңке ауылында  белсенді 

колхозшылар Нұрғали мен 

Күлдәрінің отбасында дүниеге 

келген. 

Ұлы Отан соғысына 19 жасында аттанып

бір жылдан кейін Латыш жеріндегі Ауце 

қаласының түбінде әскери бұйрықты орындау 

кезінде ауыр жараланып, екі аяқ, бір қолынан 

айырылады. Әскери госпитальда дәрігерлер  

өмір үшін күресе отырып, Құмашқа 12 операция 

жасап, өмірін сақтап қалады. Екі жыл бойы 

госпитальда жатқан осындай ауыр күндердің 

өзінде ол білім алып, кәсіп меңгеруді армандады.  

Орта білім  туралы аттестат пен бухгалтерлік 

курсты аурухана төсегінде жатып алған Құмаш 

1945 жылы ағаш протезге нық тұрып, өзін ұстаз 

болуға даярлады. 

Құмаш Нұрғалиұлы 1946 

жылы елге оралысымен  

педагогтық еңбек жолын    

Сармөңке жеті жылдық 

мектебінде орыс тілі мен 

әдебиеті пәнінен сабақ беруден 

бастады. Кейіннен осы мектепте 

директор болды.

Ұстаздық  еткен  

жалықпас, 

үйретуден балаға 

Абай


Құмаш Нұрғалиұлы 1957 жылы 

Марқакөл ауданының Боран 

мектебіне директор қызметіне 

тағайындалды. Сол мектепте 31 

жыл қызмет атқарған жылдар 

аралығында ол кісі басқарған  

қарапайым мектеп аудан, облыс, 

республика, тіпті Одақ көлемінде 

танылды. 

Сонымен қатар, Қазақстан 

көлемінде ең үздік ауыл мектебі 

атанды. ХХ ғасырдың 70-80 

жылдары Боран ауыл мектебі толық 

компьютермен жабдықталып, 

спутниктік жүйеде «қашықтан 

оқыту» идеясын  жүзеге асырды.

Оқыту мен тәрбиелеудің табысты 

болуы мектеп басшылары мен 

педагогтердің қалай жұмыс істегеніне 

ғана емес, оқушылардың қалай 

еңбектенгеніне де байланысты. 

Ойлана еңбектенудің қандайлық зор 

жаңартқыш қуат-күші барын 

ұмытуға болмайды.  Осындай күш 

педагогтерді де оқушыларды да 

баурауы тиіс... 

Қ.Нұрғалиев



Осы Боран мектебінде Құмаш 

Нұрғалиұлы өзін ұстаздар көшбасшы 

ретінде көрсете білді. Өз мектебін 

ғылым мен техниканың соңғы 

жетістіктерімен жабдықтай отырып, 

мектеп мәселесін жоғары  орындарға  

жеткізе алды.

Боран орта мектебі 

ауылдың әлеуметтік

-

мәдени 

орталығына айналып, мұнда түлектер 

екі

-

үш мамандықты игеріп, совхозда  

жұмыс істеуге өз еріктерімен қалып 

жатты. 

Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия

Халық мұғалімі – жасөспірімнің рухани 

дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең 

қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, 

өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп 

тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және 

аса қиын кәсіп бұған өз өмірін арнаған 

адамнан тұрақты творчествоны, ойдың 

тынымсыз жұмысын, орасан зор жан 

жомарттығын, балаларға сүйіспеншілікті, 

іске шексіз адалдықты талап етеді...

Қ.Нұрғалиев


Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия

Ерте ме, кеш пе 

мұғалімдер де өмірдегі 

өзінің биік тұғырына 

қонарына мен сенімдімін...

Қ.Нұрғалиев



“Оқудан тиылған ойлаудан да тиылады ” – дейді Құмаш

Ұстаз оқушыға баға қоярда аса бір 

ұқыптылық танытсын, әрі оқушыларды 

ұқыпсыздықтан, құнтсыздықтан 

сақтандыра білсін. Белгілі бір бағаның 

қойылуында  педагогикалық  

дәлелдеме  жайында шәкірттер дұрыс 

ұғым алуы үшін,  мұғалім қысқаша 

түсініктеме беріп кеткені жөн

Қ.Нұрғалиев



Құмаш шәкірттер арасында

Құмаш Нұрғалиұлы еңбекке баулумен қатар, 

алыстағы ауыл балаларының 

фундаменталды білім алуына көп еңбек 

сіңірді. Ол үшін мектепте телевизиялық 

техникалық орталық ұйымдастырылды. Әр 

сыныпта телевизор орнатылып, мұғалім өз 

сабағында кез

-

келген көркем, ғылыми



-

көпшілік фильмнен үзінді көрсете алатын. 

Осының бәрі ірі қала мектептерінің 

тәжірибесін зерттей отырып, жоғары оқу 

орындарымен тығыз байланыста, ғылыми

-

педагогикалық негізде жүзеге асырылды





Мектептің 

телевизиялық басқару 

орталығы

Білім ордасы КСРО Халық 

шаруашылығы жетістіктері 

көрмесіне 1975 жылы 

қатысып, 1980 жылы Қазақ 

КСР Ауыл шаруашылығы  

көрмесінің қола медаліне  ие  

болды.

Сонымен қатар  Боран аулындағы 

оның авторлық мектебі ЮНЕСКО 

мен республикалық білім саласын 

ақпараттандырудың «Қазақстан 

Республикасындағы ауыл 

мектептерін қашықтан оқыту» 

бағдарламасы бойынша жаңашыл

-

ақпараттық технологиялар орталығы 



болып саналады.



Білікті ұстаздың еңбегін 

жоғары бағалаған 

Дінмұхамед Ахметұлы 

Қонаев «Бұл ғажап 

адамның өзінің өмірі -

ерлік, шәкірттерді рухани 

адамгершілікке 

тәрбиелеуге, олардың 

азаматтық сапасын 

қалыптастыруда ғибратты 

өнеге болып табылады» деп 

жүрекжарды лебізін 

білдірген.

Кезекті бір сабақтан көрініс

Құмаш Нұрғалиұлының атқарған 

еңбегі еленіп,  Жоғары Кеңестің 

Құрмет грамоталарымен 

марапатталып,   «КСРО халық 

мұғалімі», «КСРО ағарту ісінің 

үздігі», «Қазақ КСР-нің ағарту 

ісінің үздігі», «Қазақ КСР-ның 

еңбегі сіңген мұғалімі» 

«Қазақстан Ленин комсомолы 

сыйлығының лауреаты» атақтары 

беріліп, «Әскери Қызыл Ту», 

«Отан соғысының бірінші 

дәрежелі» орденімен,  «Ленин» 

орденімен, екі рет «Еңбек Қызыл 

Ту»  ордендерімен және бірнеше 

медальдармен  марапатталды.


Құмаш Нұрғалиұлының еңбек жолына 

арналған 

«Құмаштың мектебі», «Өлімді 

жеңген өмір» 

атты кітаптар және ұстаздың 80 

жылдық  мерейтойына орай 

«Халық мұғалімі 

Құмаш Нұрғалиев. Педагогикалық династия» 

атты кітап жарық көрді. Кітапта халық 

мұғалімі туралы замандастарының, 

қызметтестерінің, шәкірттерінің, 

қаруластарының естеліктері, ақын–

жазушылардың өлең-жырлары жарияланған. 



Елінің еркіндігі үшін от кешкен 

кешегі майдангер, сан буын 

ұрпақтың жүрегінен жылы орын 

тепкен ұлағатты ұстаз - Құмаш 

Нұрғалиевтің өнегелі өмірі әлі 

талай әңгімеге арқау болары анық. 

Өйткені ол  жас ұрпақтарды оқыту 

мен тәрбиелеу ісінің білгірі бола 

білді

.  

Адамда кісі – ақ еді Құмаш деген,

Жалғанда енді ондайлар тумас деген,

Жүзіне бүтіндердің татушы еді ау,

Жалғыз қол, екі жанар, бір баспенен,

Ер деген сөз жетпеген бағасына,

Сан ақыл көрік берген санасына,

Тағылған жеке дара жұлдыз еді,

Алтайдың алтын шекпен жағасына.

Ғафу 

Қайырбеков

П

АЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.

Әбуғалиев М. Өлімді жеңген өмір. - Алматы: Мектеп, 1984. - 78 б.



2.

Жұмажанова Т. Нұрғалиев Құмаш //Қазақстан: ұлттық энциклопедия /бас. ред. 

Ә. Нысанбаев. – Т. 7. - Алматы, 2005. - 86 б.

3.

Құмаш Нұрғалиев (1925-1988) //Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. –



10 т. ХҮ-ХХ ғ.ғ. қазақ ойшыл оқымыстыларының тәлім-тәрбие туралы ой-

пікірлері. - Алматы, 2010. - 359-361 б.

4.

Құрмаш Нұрғалиев (1925-1988) //Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы:                   



2 томдық. - Екінші том (ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейінгі 

кезең) /құраст: Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. - Алматы, 1998. - 365-368 б.

5.

Құмаш Нұрғалиевке //Ғабдуллин М. Алтын жұлдыз: очерктер, хаттар және 



күнделік /М. Ғабдуллин. - Алматы, 2005. - 244 б.

6.

Нұрғалиев Құмаш (1925-1988) өмірбаяны және ұстаздық қызметі //Әбиев Ж. 



Педагогика тарихы: оқу құралы /Ж. Әбиев.- Алматы, 2006. - 456-458 б.

7.

Шегендіков М. Құмаштың мектебі: деректі әңгімелер. - Алматы: Жалын, 1986. –



112 б.

8.

https://kk.wikipedia.org/wiki/Құмаш Нұрғалиев (қаралған уақыты - 10.10.2015)



9.

http://referatkaz.kz/http:/Құмаш Нұрғалиев (қаралған уақыты - 10.10.2015)



жүктеу 51.65 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет