Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда



жүктеу 1.02 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата09.01.2017
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

әл-Фараби атындағы ҚазҰу-дың 

аға оқытушысы

кетік­кетік боп тұрған арна­жағаларын 

онан сайын бұза­жара, бүкіл шабындық 

жазықты жаулап алады. Ал енді, жан­

жаққа қарасаң, айнала кілкіген су... 

ортасында арал – Көкжар... 

 Алайда қара жерді топансу ба­

рымталап жатса, жайылған су бетін 

– мыңдаған құс жаулап алады. Олар 

түр­әлпеті біркелкі емес, кейбіреуі 

ұзын, ши мұрынды боп келеді, кел­

те мұрын кекілділері де бар, мұрыны 

күректей, жап­жалпақтары да аз емес... 

шиқылдайды, қиқылдайды. Құдай­

ау, кейде ышқына ысқырады ма... ал 

кейбіреулері  алқымы бүлкілдеп саха 

тұқымдастардың әуез­әуенін еске түсіріп 

жатады... күні­түні ойран­топыр, бүкіл 

әлемнің құсы ұлы майданға жиналғандай, 

пұл беріп қойдыра алмайтын ән­сауық 

базары бас талады... Топалаң тигендей 

құс базарынан қашып жүретіндер тек 

дуадақтар мен тырналар – олар қыр асып 

кетеді. Тырна болмаса, тойған қозыдай 

маң­маң басып жүретін дуадақтың алып 

бара жатқан небір дауысы бар дейсің...

  Қыстай құрысып қалған қара 

жер, енді – суды сіміре бастаған кез­

де, қыртыстары жазылған қара өкпе 

кең дала «у­уф» деп, демін ала берген­

де, жан­жақтың бәрінен шуда­шуда 

бу көтеріле бастайды. Сосын жаппай 

көтерілген бу алдымен тұманданып, 

қызған ауамен араласа суиды... Осы 

бір сәтте күн сәулесінің құдіретімен 

мұнарланып, сағымда бұлдырай бастай­

ды... Осынау сиыр­сәске кезде топ­топ 

боп шоғырланып отырған аққулар 

айдын алаңда жайыла бас тайды. Кей­

де бір жіпке тізілгендей саптанады. 

Енді мұнар­сағымның сиқырымен 

жаңағы аққу­мұнаралар жерден көкке 

дейін жетіп тұрғандай, дірілдеген 

бейнелерімен көзіңді байлайды, алдай­

ды, қызықтырады, естен әбден танды­

рады, талдырады... Көзіңді жұмып, енді 

қайта қарасаң, мәссаған, айдын судың 

қақ ортасында кенеттен небір Аққала 

қапшық­қапшығымен ақ я қызыл тары 

да саудаға түсетін (осы арада ауыз тол­

тыра айта кететін бір жай: Ойыл халқы 

Ұлы Отан соғысы кезіндегі аштықтан 

тек тарының күшімен аман қалды). 

Осы тұста тағы да – ақ тарының ата­

сы  Шығанақ Берсеевті қалай еске 

алмайсың (бірде, бала кезімде, Дәрғожа 

деген шалдың үйіне Шығанақ ата келді, 

біз Бақтықожа – Дәрғожаның баласы 

– екеуміз Ленин орденін сонда оның 

кеудесінен алғаш рет көрдік). 

Ойыл өңірінде ежелден мұсылман ­

дық мектептер мен медреселер болған. 

Ол оқу орындарында тек қана діни пәні 

емес, математика, жағрафия, астро­

номия сияқты сабақтар өткізілген. 

Б е р і р е к т е   қ ұ р ы л ғ а н   о р ы с ­ қ а з а қ 

«туземдік мектебі (1887 ж.)», «Қызыл 

мектеп (1910 ж. қызыл кірпіштен 

өрген)», т.б. кішігірім оқу ошақтары 

жасөспірімдердің білім алып, орысша 

үйренулеріне зор әсер етті. 

Ойыл өлкесі азаматтарын күнделікті 

болып жатқан уақиға – хабармен  қамту, 

жасөспірім ұл­қыздардың тарихи діл­

мәдениетін өрбіту, әрдайым олардың 

рухын, ар­намыстарын ояту жолында 

аудандық газеттің (1930 ж.), кейініректен 

құрылған «Халық театрының» маңызы 

өте зор болды (бала кезімде тыңдасам 

да, Жалғасбай Маханов ағайдың дауысы 

(Шеге ариясы) әлі есімде. 2008 жылы 

Астанада «Қыз Жібек» эпосының 500 

жылдығына арналған мереке­той өтті. 

Сон да маған сол кештің сценарий­мә­

тінін жазуға Жалғасбай ағамның аруағы 

тірек болды. Ойылдың халық театры 

кезінде қазақтың батыс өлкесіндегі 

көрнекті бір мәдениет ошағы болды. 

Оқымыстылар тұжырымы  бойынша, 

Ойыл ауданы әлі сыры ашылмаған 

аймақ. 

сәдуақас НҰРЖауов,

Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі

табуға болады. Көкжар бекінісі тура­

лы қапсыра­қамтып я асыра сілтеп 

айтпағанның өзінде, Ойыл – әлемге аян 

Асан қайғы бабамыздың аузына іліккен 

таңбалы жер. Қалың қазақ өзінің ноғай 

бауырынан айы рылып, енді өзара тағы 

да ыдырай бастағанда: Жәнібек хан мен 

Керейге «Ойылда кеңес құрмадың» деп, 

ол бабамыздың назданғаны бар­ды, ал 

енді сонау ежелгі заманда айтылған осы 

леп­лебіздің өзі біз үшін неге тұрады 

(«Бес ғасыр жырлайды», Алматы, «Жа­

зушы», 1984 ). 

Данышпан жандардың ат­есімдері 

әлбетте қосақтана­қосарланып келеді: 

Абай – Ибрагим, Шоқан – Қанапия, 

Сәкен– Сәдуақас. Ойыл да – солай. 

«Ойыл» дегенде, жүрек дүрсіл­лүпілі 

шабандоз шабысқа көшеді, сағыныш 

тұтқан көз алдыңа жарнама сияқты, 

оның басқа да ат­есімдері жалт­жұлт 

ете қалады: Көкжар, Адай уезі, тіпті 

жымия күліп отырып, Ойылды «Жым­

питы» деп те атаймыз. Неге десең, 

Жымпитыда құрылған алғашқы қазақ 

үкіметі – «Ойыл уәлаяты» деп аталған. 

Бұл аталы түсініктер, әрине, тарих 

алаңында «тар жол, тайғақ кешкен» 

Көкжар бекінісіне байланысты, олар 

тән­тұлғамызға ананың ақ сүтімен 

әбден еніп кеткен, бүгінгі таңға дейін 

олар санамызда әлі тұр. 

 Әттеген­ай, Ойылда мен он үш­ақ 

жыл тұрыппын – бір мүшел. Деген­

мен, сол қылдай мерзімнің өзі қалған 

ғұмырымда маған рухани азық болды. 

Содан кейін жетімдік тағдыры жетелеп, 

елден ылғи сая жүрдім.  «Туған жердің 

қадірін шетте жүрсең білерсің» деген­

дей, со бір балдай балалық шаққа қайта 

орала алсам, оған қалған өмірімнің 

бәрін сарп етер едім, қайтейін... 

 Табиғаттың ең таза кезеңі – азан,  

ал адам боп жаралған жандікі – балалық 

шақ. Сол жас дәуренді кезінде тез ат­

тап өткенменен, ол әлемді ғұмыры 

ұмыта алмайсың, ол енді өне бойы есте 

қалады. Меніңше, Абай мен Жамбыл 

аталарымыз да, көз жұмар алдында, 

осындай балдай тәтті балалық шағын 

елестетіп жатты­ау деймін...

  Ата жолынан таймай, мен де сол 

жасөспірім кезең­әлемнен есімде 

мөрдей басылып қалған бір сәтін айта 

кетейін. Ол – Көкжар көктемінің, 

Құдай­ау, көк аспанды қақ айыра, 

күркіреп тууы!



таңғаЖаЙыП КөРіНіс

Талай жерді көріп жүрміз ғой, 

бірақ Көкжардың көктемі буырқанып­

бусанып, ерекше қарқынмен туады. 

Неге екенін айтайын, Көкжардың арқа 


10

11

№10 (1268) 



12 – 18 наурыз

2015 жыл


№10 (1268) 

12 – 18 наурыз

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

ойтолғам

АДАМТАнУ


жырлары

бЕзбЕн


«Поэзия, менімен егіз бе едің?» 

Қ

ұрақ көрпе



Қ

ұрақ көрпе



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰмаР

адам құпИясы

Көп болса алыстайсың, 

Мезетпен қашықтайсың. 

Асықсаң аз болады, 

Табасың мұны қайсысың?

Бар, май шайқа, 

Байқа, жай шайқа.

(Уақыт)

Африкалық қара мамба – әлемдегі ең жылдам 



жүретін жылан болып саналады. Оның жылдамдығы 

сағатына 20 шақырымға дейін барады. Қара мамба 

шаққанда адам 4 сағатқа жетпей өледі. 

Ұлыбританиялық археолог-

тар Назарет қаласында жүргізген 

қазба жұмыстары барысында 

болжам бойынша Иса пайғамбар 

өмір сүрген үйді тапты. 

Иосиф пен Мария ананың 

өмір сүрген мекенжайын қай 

жерден іздеу керектігі ХІХ 

ғасырдың соңында анықталған. 

Бірақ ғалымдар оған бел шешіп, 

кірісе қоймаған. Ғалымдар 

қазба орнының суреттерін жариялады. Фотодан ескі 

тас қабырғаның қалдығын көруге болады. Үй шамамен 

І ғасырда салынған деп болжанып отыр. Аңыз бойын­

ша, Иса пайғамбар Назареттен кеткен соң, оның үйінің 

орнына шіркеу соғылған. 



Испандық ғалымдар жержүзін кеңейте түсетін «қара 

энергия» жоқ деген тұжырымға келді. осыған орай олар 

материя мен уақыт деген ұғым санамыздан мүлде жойы-

луы мүмкін екенін айтуда. 

Мұндай болжамды деректермен Хосе Сеньовил­

ла, Марк Марс пен Рауль Вера атты ғалымдар бөлісіп 

отыр.  Олардың бұл идеясын негізсіз деп айтуға да 

болмайды, себебі уақыт жылдамдығының бәсеңдеп 

бара жатқаны баршаға аян дүние. Алайда уақыттың 

мүлде тоқтайтыны туралы күні бүгінге дейін нақты 

мәліметтер жоқ. Бұл теорияны шындыққа жанас­

тырып тұрған уақыттың бәсеңдеуі ғана емес. Кэмб­

ридж университетінің космологі Гэри Гиббонс те 

уақыт тығырыққа таяп қалды дегенге қосылатын 

тәрізді. Себебі оның айтуынша, уақыттың өзі 

Үлкен жарылыс салдарынан пайда болған, яғни сол 

уақыттан бері кері құбылыстың орын алуы ғажап емес.  

«Уақыт жойылады» деген тұжырымның қаншалықты 

«қорқынышты» естілгеніне қарамастан, ғалымдар 

адамзатты қатты алаңдамауға шақырады. Себебі бұл 

құбылыс бірнеше миллиардтаған жылдардан соң орын 

алатын көрінеді. 

гренландия – әлемдегі ең 

үл кен арал. Бұл арал толық тай 

дерлік мұз астында болған дық-

тан, оның қазба байлықтары әлі 

толық зерттелмеген. 

Егер де Гренландия мұзы 

толықтай еріген болса әлемдік 

теңіз деңгейі 7.4 метрге көтерілер 

еді. Жыл сайын Гренландия­

дан 10­15 мың айсберг бөлініп 

шығады. Гренландия – соңғы үш 

ғасырда Данияға тиесілі, өзінің Үкіметі мен Парламенті 

бар автономия. Жергілікті тұрғындар тәуелсіздікті талап 

етуде. Алғашқы тұрғындар эскимостар болғанымен, 

аралды алғашқы ашқан адам ретінде Сары Эйрик деп 

танылған. Аралды 1721 жылы Дания отарлап алған. 

Жергілікті тұрғындары — иннуиттер. Халық саны 56 

мың. Аралда күн сирек шығады, бірақ бір шыққанда күн 

қызуы өте зор. Осындайда тұрғындар күнге қыздырынуға 

далаға шыққанды жақсы көреді, бай қамаса аралда аз 

уақытта күнге тез күйіп кетуге болады. 

жасырдым жұмбақ

қайталап көріңіз

Ең...Ең...

ұлық кісі – қызық кісі 

қыр-сыры мол дүнИЕ 

таным

Әуелгі байлық – денсаулық 

Сағатына 20 шақырым 

жүретін жылан 

Болжам бойынша... 

Уақыт тоқтауы мүмкін бе?

Ең үлкен арал 

өмірінің соңына қарай адам 

орта есеппен алғанда 150 трил-

лион бит ақпаратты есте сақтап 

қалады. 

Адам бойындағы жылудың 

80 пайызы бастан шығады екен. 

Дене салмағының 1 пайызы­

на тең су жоғалтқанда адамда 

шөлдеу сезімі пайда болады. 

Бұл көрсеткіш 5 пайыздан асса 

– талып қалуы, ал 10 пайыздан 

асса – өлуі мүмкін. 

Күзбен салыстырғанда көктемде тыныс алу жиілігі 

үштен бір есе жиірек. Шалқасынан жатып ұйықтайтын 

жалғыз тіршілік иесі болып саналатын адам көрген 

түстерінің 90 пайызын ұмытып қалады. 

Адам тәнінде өмір сүретін бактериялардың орташа 

салмағы 2 келі. Бактериялардың 1 пайызы ғана адамда 

сырқаттар тудырады. 



Қазақ әдебиетінің даму үдерісіне 

ХХ ғасырдың 80-жылдары өзінің 

поэзиялық, прозалық туындыларымен 

қосылған шығармашылық жаңа 

толқынның қатарына Әділбек 

ыбырайымұлы да өзіндік орнымен 

ерекшеленеді. 

Қаламгердің шығармашылығында 

поэзиялық туындылары айрықша 

даралана танылуда. Ақынның 

лирикалық өлеңдерінде адам 

сезімінің сан алуан толғаныстарының, 

тебіреністерінің күрделі әлемін 

аңғарамыз. Адамдардың алуан түрлі 

мінез-құлық психологиясы ауқымында 

өмір сүретіні – тіршілік қозғалысының 

ұлы заңдылығы. Әділбек ақынның 

өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкердің 

қуаныш пен мұң тоғысқан жан діліндегі 

толғаныстар аясында азаматтық 

парасат биіктеріндегі адамгершілік-

имандылық ұлағаты бағаланады.

байқау


құлаққағыс!

... Дембемді қоздыртты дақпырт, мадақ,

Жазық болып көрінді қайқаң маған.

Жолдар қалды соңымда шиырланған,

Астым талай асудан, қиырлардан.

Тежемедім тізгінді, қоя бердім,

Көкейіме қиядан құйылды арман

Көңіл өсті, өзім де шаттанғанмын,

Кенет, келіп жабысты қапталдан мұң.

Елмен қоса топ еттім қара жерге,

Мерт болмадым, 

жазымнан шақ қалғанмын.

Кісінеді қаракер кесек үнмен,

Атып тұрдым шыдамай төсегімнен!

... Түстің өзі осынша қобылжытты,

Сақтағайсың, о Тәңір, кеселіңнен.

(Ә.Ыбырайымұлы «Сүмбіле шуағы», 

369­б.).


Ақындар поэзиясындағы ұлттық 

с и п а т   –   х а л ы қ т ы ң   б ұ ғ а н   д е й і н г і 

қалыптасқан әдет­ғұрыптарын, салт­

дәстүрлерін перзенттік махаббатпен 

натын аңсауы («Шаншарқасқа», «Ақкекіл», 

«Бозжорғалар» жіберетін көтеріп пәсте 

мені») да шынайы:

Пай­пай, шіркін, күліктер құлын мүсін,

Екпініңмен тапап ем зұлым мысын...

Талай­талай шапқанмын...

Бір бәйгеге

Шаптырмай­ақ кетем бе ұлымды шын?

... Қыздырады қазақы ер делебемді,

Жылқы мінез, тарпаң жан көне ме енді?

Шырт­шырт сынған қымызды сапыра 

алмай,


Бос қаңқайтып қоям ба тегенемді?

(Ә.Ыбырайымұлы  «Сүмбіле шуағы», 

79­б.).

Көркем әдебиет шығармаларындағы 



табиғат көріністерін, жыл мезгілдерінің 

(көктем, жаз, күз, қыс) пейзаждық 

суреттердің лирикалық­психологиялық, 

л и р и к а л ы қ ­ ф и л о с о ф и я л ы қ , 

дидактикалық­педагогикалық сарын­

Азаматтық сарынды отаншыл жырлар­

дың бірқатары қоғамдық­әлеуметтік, 

тұр  мыстық  қайшылықтарды  сынаған 

қайраткерлік көзқарас шындығын 

аңғартады. Байырғы түркі өркениеті жазба 

жәдігерліктерінде де орта ғасырлардағы 

діни­исламдық дүниетаным жырларында 

да, Қазақ хандығы жырауларының және 

ХІХ­ХХ ғасырлардағы зар заман поэ­

зиясында да желісі үзілмеген азаматтық­

сыншылдық дәстүрі – қазақ сөз өнерінің 

алтын желісі. Халықтың материалдық 

және рухани мәдениет салаларындағы 

өсуіне, өрлеуіне кедергі, қырсық болып 

кес­кестеген алуан түрлі келеңсіздіктерді 

(көзқамандықты, мәңгүрттікті) сынап, 

әшкерелеп жырлау – қазақ сөз өнерінің 

халықтық тұғырнамасы. Әділбек ақынның 

азаматтық­сыншылдық сарынды өлең­

дерінде ақын ұлттық асыл қасиеттерді, 

игі салт­дәстүрлерді халықтың шынайы 

жан ділі болмысын аздыруға, тоздыруға 

ықпал етіп жатқан жағымсыз, жиіркенішті 

ықпалдарды әшкерелейді, аяусыз сынай­

ды. Азаматтық­сыншылдық жырларынан 

қазіргі және болашақ буын ұрпақтарын ру­

хани сауықтыру, жамандықтан сақтандыру 

мұратындағы адамгершілік гуманизм 

ұлағаты айқын танылады.

Классикалық әдебиет дәстүріндегі 

желілі сала – философиялық поэзия. 

Тіршілік қозғалысындағы себеп пен 

салдардың, қарама­қайшылықтардың 

күресі мен бірлігінің, жекелік пен 

жалпылықтың, т.б. құбылыстардың өзара 

сабақтастығындағы егізделген жүйесіндегі 

шындық тұжырымдары ақындар жыр­

ларына арқау болады. Әділбек ақынның 

осы классикалық дәстүр аясындағы 

философиялық өлеңдері («Еңкіш тартқан, 

ал самайы саркідір», «Түнде – өлімен, 

күндіз – тірі пенделермен тілдесем», 

«Бәсіре», «Тасынған көңіл сап тынды», 

«Контраст», «Мұңлы мұхит, түпсіз терең», 

«Қаражер ат астымда, жайтаңдаған», 

«Жаудыраған жанарында», «Шахмат», т.б.) 

тіршілік қозғалыстарының жүйелі, кешенді 

әлемін қамтитын уақыт пен кеңістіктегі 

қасиеттерді, құбылыстарды байыптайтын 

ақыл­ой иесі адам жан ділінің бағалауларын 

байқатады. Ақын поэзиясындағы барлық 

туындыларына арқау болған алтын желі – 

асқақ арман, ізгі мұрат жолында сәттіліктер 

мен сәтсіздіктер кезектескен тіршілік 

қозғалыстарын оқырмандар назары­

на елестету. Лирикалық қаһарманның 

түсінде көргендерінің шынайы өмірдегі 

тіршілік шындығымен баламалануы да ой 

түйіндеуге бағдарлайды:

Қасіретті шындық

ақпараттық хабарлама



Астанадағы «Флорид» 

баспасынан белгілі қаламгер 

Сәуле Досжанованың «Жатқа 

туған бала» деп аталатын кітабы 

жарық көрді.

Қазір әлемдік медицина дамы­

ды. Адамның нәзік ағзаларына ота 

жасай беретін болды. Жүрекке ота 

жасау, бау ыр мен бү йрек ті ау ы­

стыру медициналық орталықтың 

к ү н де л і к т і  қ ызме т і не  а й на л ы п 

келеді. Олардан қазақ медицинасы 

да қалысар емес. Осыдан он жыл­

дан астам уақыттан бері суррогат 

ана лар арқылы бір перзентке зар 

бол ы п ж ү рг ен ж ан ұ я лар ға сәби 

«сыйлау» қолға алынды. Бұл, әрине, 

медицинаның көмегімен жүзеге асы­

рылатын үдеріс... «Жатқа туған бала» 

хикая ты, міне, осы мәселені сөз етеді. 

Бүгінгі Қазақстан медицинасының 

көмегімен өзгеге сәби сый лаған 

қазақ әйелінің тағдырын толғайды. 

«...Байғұс әйел, бала тапқаннан 

басқа қолынан келері жоқ. Осыдан 

басқа қайтіп ақша табады? Мына 

Саин көшесінде қанша әйел тәнін са­

тып күн көріп жүр. Мыңдаған әйел ала 

қап арқалап, белі үзіліп жүргені анау. 

Осының бәріне кім кінәлі? Заман ба, 

заманды билеген адам ба?». Осындай 

ойлардан жанын қоярға жер таппай 

бәлен пәшке шылымды тауыс ты. Бұл 

суррогат әйелдің күйеуі Мақсұттың 

толғанысы. Толғанысы дейміз­ау, 

күйініші, жанайқайы!

Әрі­бері ойланып, толғанып 

жүріп Мақсұт әйелінің жатқа бала 

туып беруіне ақыры көнді. Жария 

да мұндай шешімге бірден келген 

жоқ. Мың мәрте ойын саралап, 

салмақтап барып барған еді. Ары 

қарай: «...Жарияны Шара, сүйрелеп 

жүріп дегендей, барлық тексеру­

ден өткізді. «Медициналық талаптар 

бойынша денсаулығы бала көтеруге 

жарайды» деп анықтамалық қағаз 

алғаннан кейін Жария күйеуіне теле­

фон арқылы жағдайды мәлімдеді. 

«Мүмкін, денсаулығы жарамай қалар, 

бетін қақпайын» деген Мақсұттың 

ойы болмай қалды. Әйелі барлық 

жағдайды айтып хабарласқанда ау­

зына түскен алғашқы сөзі: « Жарияш, 

пәтер алу үшін енді күніміз саған 

қарағаны ма?» болды. 

Әйелі: «Мақсұт, біреулердің 

әйелдері шетел асып сауда жасап 

үйлерін асырап отыр ғой. Олардың 

кейбіреуінің күйеулері жұмыс та 

істемейді. Сен оқысам деп жүрсің, 

күнің маған қарап тұрған жоқ. Бітіріп 

келген соң­ақ біздің жағдайымызды 

жасарсың. Мен де қолымнан келгенін 

жасайын» деп қоймады. Қайраны 

қалмаған Мақсұт: «Жарияш, сен 

байқа, біреуге бала тауып берем 

деп ден саулығыңнан айырылып, өз 

балаларыңа ие бола алмай қалма» деп 

ескерту жасады алдымен...».

А в т о р   Ж а р и я н ы ң   е к і қ а б а т 

кезіндегі бейнесін, сезімін сенімді 

суреттейді.

«Бұрын балаларына екіқабат 

кезінде Мақсұт ішін тыңдап, кейде 

сипап «сөйлесетін». Енді жанында 

ондай әкесі болмаған соң, қызы ер 

адамның дауысын естімей өсіп жат­

ты. Теледидар қарағанда бұрынғыдай 

мелодрама, талас­тартысы бар кино­

лар қарамайды, танымдық хабарлар 

көруге тырысады». 

Аянышты. Оқып отырып жаның 

ауырады. Өз ішіндегі сәбиіне (қанша 

дегенмен, құрсағында жатыр ғой) 

билігі, иелігі жоқ. Анасына ұқсап 

емірене алмайды. Өйткені ол сәби 

Жарияның құрсағында жатқанымен, 

жат адамның баласы. Оның билігі 

Айғанымда. Сол не айтса, соны ғана 

істейді. Келісім солай, шарт солай 

жасалған.

Кітапты тағы да парақтай түсейік.

«Бақырып жарық дүниеге кел­

ген шарананы босандырған аку­

шер кіндігін кесті де, көрші крес­

лода жатқан Айғанымның жалаңаш 

кеудесіне тастай салды.

Жарияның жүрегі сол сәтте солқ 

ете түскендей болды!

Сол сәттен бастап тоғыз ай жүре­

гі нің түбінде жатқан шаранасы басқа 

жүректің тұсына барып етпеттеп жата 

кетті.


К ө к б а қ а   с и я қ т ы   т ы п ы р л а п , 

Қазақстан Республикасы Пре­

зиденті сайлауына орай «Қазақ 

газеттері» ЖШС­і Серіктестікке қа­

расты «Ана тілі» газетінде материал­

дарды орналастыру бойынша өз 

қызмет құнын ұсынады. 

«Ана тілі» газеті 1990 жылдың 

22­нау рызынан бастап шығады. Га­

зет форматы – А2. Бет саны – 12.  

Басылымның электрондық нұсқасы – 

www.anatili.kz. Сайлау туралы матери­

іңгәлап бақырып жатыр...

Содан қайтып Жария перзентін 

көрмеді...».

Иә, ол көруге тиіс те емес еді. О 

бас тағы уәде солай болған. Жаны қан­

ша егілсе де, сөзін жерге тастамау ке­

рек. Егер пенделік қылып сәл босаң­

си  тын болса, бүкіл тірлікті бүлдірер 

еді. Ол кезде жан жары Мақсұттың 

да көңілінде кірбің қалар еді... Ары 

қа рай:«Ертесіне Жария мен Айғаным 

жат қан палатаға халат жамылған екі 

ер кек кірді. Жария біреуін суреттен 

көр ген еді, тани кетті – Жақсыбек.

– Жария, сіз бізге үлкен бақыт 

сыйладыңыз, рақмет! – деді, төсегіне 

жақындап келіп қолын алды.

Екінші еркек нотариус екен. Ол 

баланың Туу туралы куәлігін тол­

тырды. Әкесі – Жақсыбек. Анасы – 

Айғаным деп жазылды.

Бас дәрігер мен қосшылары 

ерлі­зайыптыны тұңғыштарымен 

құттықтап жатты.

Жарияның ешбір қатысы жоқтай. 

Ешкім оған көңіл де аудармады. Ба­

ланы емізуге де әкелмеді. Шара келіп:

– Жария, кеудеңді тастай етіп 

таңып таста, сүт түспесін, – деп 

дәрігерлік кеңес берді.

Жария көзінің жасы мөлтілдеп 

тұрып кеудесін тастай етіп таңып 

алды. Сол сәттен бастап тоғыз ай 

көтерген перзентіне де көңілі тастай 

болып қатып бара жатты...». 

Жарияның жанының мықты лы­

ғын, антына адалдығын нақтылай 

түсе тін тұс осы. Хикаят былай 

аяқта лады: «Келесі жетіде Айғаным 

Жарияның үйіне келіп, жаңа салынған 

элиталық ауданнан екі бөлмелі үйдің 

кілті мен құжаттарын берді.

– Еліміздің астанасы Ақмолаға 

ауысқалы жатыр екен, біз сонда 

көшеміз, енді көріспеспіз. Айтпақшы, 

қызым өзіме тартыпты, – деп көзі 

нұрланып тұрды да, – сен бізді 

ұмыт, жаным! Ал мен сені өмірі 

ұмытпаймын! Бізге бақыт сыйладың, 

– деп бетінен сүйіп, қуаныштан 

көзінің жасы көл болып қоштасты...». 

Автор сөзіне иланасың. Оқиғасына 

қиналасың, бірақ иланасың. Әсіресе, 

Айғанымның қос жанары жасқа то­

лып тұрып: «Сен бізді ұмыт, жаным! 

Ал мен сені өмірі ұмытпаймын!» 

дегеніне қалай иланбайсың. Жал­

пы, жазушының мықтылығы да 

осында, айтқан оқиғасына, жазған 

шығармасына оқушысын иландыра 

білгендігінде. 

«Жатқа туған бала» атының өзі 

айтып тұрғандай, тың тақырыпқа, 

бұрын­соңды түрен тимеген соны 

тақырыпқа арналған хикаят. Деректі 

оқиғаға құрылған. Нағыз осы күннің 

әпсанасы. Бүгінгі заманның сыры 

да, мұңы да осы. Қашсаң да құтыла 

алмайтын қасіретті шындық. Бірақ 

жазу шы осы қасіреттен қасиетті 

оқиға өрбітіп отыр. Бір перзентке зар 

болған шаңыраққа шаттық сыйлап 

отыр. 

Сәуленің осы кітабында «Екі 



күйеулі келіншек» және «Үлкен үйдегі 

үрей» деген екі хикаят бар. Алғашқысы 

– түптің түбінде алтын әріппен жазы­

латын әйел мейірбандығы, жүрек 

шамы туралы баян болса, екіншісі – 

жылы ұяны күйрететін қарашаңырақ 

киесі мен ашкөздікті сөз етеді. Бұл 

екеуі де оқуға жеңіл, бірақ оқиғасы 

ауыр шығармалар. Өмір шындығы. 

Шындықты айту қашан да ауыр ғой.



Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін

жүктеу 1.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет