Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда



жүктеу 1.02 Mb.

бет7/11
Дата09.01.2017
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қайсар Әлім,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері, ҚР Президенті 

сыйлығының лауреаты

Жер! Жер! Жер! М.Дулатов жүрегінің дүрсілі осы! Тепкіленіп, атқыланып 

соғады. «Оян, қазағында» «Жер кетті...» деп күллі қазағына жар салуы 

да сондықтан. Жүз рет, мың рет айтса да, ол бір тілегінің орындалары-

на үміт артады: «надандық түнегінде адасқан бейшара қазақ халқын 

жетектеп жарық дүниеге шығарушы қаһармандарға мұқтажбыз. Тілесе 

кісі жоқ емес, уақыт та өткен жоқ» деп «жердің жыртысын жыртатын» 

дуалы ауызды, көкірегі ояу зиялылардың осынау үгіт-насихатқа арала-

суын қалайды. 

Айтулы ақынның іргелі бір жетістігі – «Насихат ғумумия» деп аталатын 

он жеті бөлімнен тұратын ұзақ өлеңі. Оның дінге қатысты шумақтары 

да баршылық. «Тарылып дін, дүниеміз бара жатыр, япыр-мау, білген 

бар ма – мұны ғажап? Ойламас ертеңгісін не болар деп, Салынып 

жалқаулыққа біздің қазақ» деп ақын, имандылықтың өрісін кеңейте 

алмаудың кесіріне шыланып қалмаудың сезігінен сақтандырады. Дінді 

тек қана апиын ретінде құбыжық етіп көрсетушілердің кері үрдісті 

пікіріне мойынұсынбайтынын ашық айғақтайды.

м

хат жолдарынан

Қарты бар үйдің қазынасы бар

Нұрмағанбетова, Диана Шарапова, 

Роман Майғазиев секілді әншілердің, 

сондай­ақ «Таңсәрі» ансамблінің 

өнеріне тәнті болды. Қариялар тіпті 

өздеріне таныс әндерді қосыла шырқап, 

бір марқайып қалды. Шексіз риза бо­

лысты. 


Осы жерде айта кеткеніміз жөн, 

«Бауыржан» қайырымдылық қоры 

жылдың бір күнін «Ата­аналар күні» 

деп белгілеуді ұйғарып отыр. Қор 

басшылығының айтуынша, бұл күн – 

26­ақпан болса дейді. Олар өздерінің 

бастамасымен бұған дейін бұқаралық 

ақпарат құралдары арқылы да ұсынған 

еді.  Меніңше, қолдауға болатын баста­

ма. Өйткені «Ата­аналар күні» барша 

қауым ата­анасына, ата­әжелеріне, қам 

көңіл қарияларға құрмет көрсетіп жатса, 

құба­құп емес пе?! 

айзере шыНат

Есімі әлемге белгілі философ Эриз 

Ремарк «Адамның адамға бір там­

шы жылулығынан өзге берері бар ма? 

Одан артық не болуы мүмкін?» деген 

екен. Сол айтпақшы, айналамызда 

қамқорлыққа зәру жандар аз емес. 

Оларға бір сәт көңіл бөліп, рухани және 

материалдық қолдау көрсетіп, жылы 

сөзімізбен демеп отырғанға не жетсін. 

Сондай мұқтаж жандарға, тіпті әр күн 

сайын қолымыздан келгенше көмек 

жасап отырсақ, артық болмас еді. 

Осындай игі мақсат жолында 

қызмет етіп келе жатқан «Бауыржан» 

қайырымдылық қорының атқарып 

отырған жұмысына ризашылығымды 

білдіргім келеді. Қордың өкілдері 

жақында Қарттар үйінде болып, ар­

н а й ы   қ а й ы р ы м д ы л ы қ   ш а р а с ы н 

өткізді. Қайырымдылық концерті 

жоғары деңгейде өткенін атап өту 

ләзім. Ақ самайлы қариялар Айжан  


8

9

№10 (1268) 



12 – 18 наурыз

2015 жыл


№10 (1268) 

12 – 18 наурыз

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

«МҰҚАҒАЛИ МҰРАСЫ – 

ОРТАҚ ДҮНИЕ» 

Ұлт ардақтысына арналды

АРДАГЕР АНА

«ОРАЛУ»

фильмі көрерменге 



жол тартты 

18 жасында аудандық соттың төрағасы болған 



сыр-сұхбат

аҚш елінің бұрынғы мемлекеттік хатшысы және 

бұрынғы бірінші ханымы Хиллари Клинтон 2016 жылы 

өтетін келесі президенттік сайлауға қатысатыны тура-

лы мәлімдеді. 

Президенттік сайлау науқанын өткізу үшін 

Клинтонның штабы 1 миллиардтан астам доллар 

жинамақшы. Б.Обамамен 2008 жылы таласқа түскен 

67 жастағы Х.Клинтон алдағы президенттік сайлауға 

Демократиялық партия атынан шығуы мүмкін 

кандидаттардың бірінен саналады. Ол Мемлекеттік 

хатшы қызметінен 2013 жылдың басында кетті.

Сонымен қатар Республикалық партияның 

атынан 2016 жылы шығуы мүмкін кандидаттардың 

арасында Флорида штатының бұрынғы губерна­

торы Джеб Буш (бұрынғы президент кіші Джордж 

Буштың ағасы), Нью­Джерси штатының губерна­

торы Крис Кристи, сенаторлар Марко Рубио, Рэнд 

Пол және Тед Круз, Висконсин штатының губер­

наторы Скотт Уокер, Арканзас штатының бұрынғы 

губернаторы Майк Хакаби және конгрессмен Пол 

Райанның есімдері аталады. 



Британиялық үкімет Бі-

ріккен Корольдікте ғарыш 

ай лағын салу бастамасын 

қолдады. 2018 жылы қолда-

нысқа берілу көзделген нысан 

еуропадағы алғашқы ғарыш 

айлағы болмақ.

Жаңа базадан ғарышқа 

коммерциялық ұшырулар 

мен халықаралық рейстер 

жүргізіледі деп күтілуде. Үш 

айлық кеңестен кейін ел Үкіметі құрылысқа жарай­

тын орын тізімінің санын беске дейін қысқартты. 

Ол Шотландиядағы Кэмпбелтаун, Глазго Прествик 

және Сторновей әуежайлары, Ньюквей (Англия) 

мен Лланбедр (Уэльс).

Жаңа ғарыш айлағы халықаралық ұшу уақытын 

қысқартады. Жобаға қатысушылардың айтуынша, 

болашақта Ұлыбританиядан Австралияға ұшу үшін 

14 сағат емес, 2 сағат қана уақыт кетеді екен.  



Ресми статистика бойынша Қытай  тұрғындарының 

15 пайызының жасы 60-тан асып кеткен. Былтырдың 

өзінде Қытайда жұмысқа жарамды азаматтардың саны 

2,5 миллионға қысқарды. 

Бейжің билігі осы мәселенің алдын алу үшін 

«Бір бала – бір отбасы» саясатын жұмсартты. Егер 

ерлі­зайыптылардың біреуі отбасында жалғыз өссе, 

тағы бір сәби сүюге рұқсат берді. Нәтижесінде, жаңа 

туған нәрестелердің саны өсті. Үкіметке екінші бала 

сүйгісі келген 1 миллионнан астам отбасынан өтініш 

түскен. «Бірақ бұл көрсеткіш тым аз, біз күткендей 

нәтиже берген жоқ» дейді сарапшылар. Өйткені 

жастар тым жұмысбасты болып кеткен. Осылайша 

Қытай Үкіметінің бала туу санын шектеу саясаты 

бір мәселені шешкенмен, үлкен түйткілге жол ашты. 

Ұлттың қартаюы биліктің бас ауруына айналды. 

Намибия Президенті Хифи-

кепунье Похамба әлемдегі ең 

қомақты жеке марапат сана-

латын мо Ибрагим сыйлығын 

алды. сыйақы көлемі – 5 мил-

лион доллар.

Мо Ибрагим сыйлығы 

Африкада ел басқару ісінде 

зор жетістіктерге жеткен, 

қоғамның дамуына және 

халықтың тұрмыс деңгейін 

көтеруге үлес қосқан, демократиялық жолмен 

сайланған басшыларға 2007 жылдан бастап жыл 

сайын тапсырылып келеді. Марапат өкілетті мерзімі 

біткеннен кейін отставкаға кеткен немесе кетіп 

жатқан көшбасшыларға ғана беріледі.  Айта кетейік, 

бұған дейін төрт рет қатарынан жүлдеге лайықты 

адам табылмаған. Х.Похамба – ел тәуелсіздігі 

үшін күрескен көтерілісшілердің бұрынғы көсемі. 

Ол 2004 жылы мемлекет басына келіп, 2009 жылы 

президенттікке қайта сайланды.

замандас

Әзірлеген Нұрлан ҚҰмаР

Ж

аһанның жүрек лүпілі



Ж

аһанның жүрек лүпілі



Президенттік партия жеңіске жетті

орта азИя 



тәжікстанда өткен парла-

мен т тік  сайлауда  елдің  Ха лық-

тық-демократиялық партиясы 

жеңіске жетті.

Тәжікстан Президенті 

Эмо мали Рахмон басқаратын 

пар тия  65,2 пайыз дауысқа ие 

бол ды.

Өткен сайлауда 8 пайыз 



дауыс жинап, «билік пар тия­

сының» негізгі бәсекелесі 

деп есептелген Ислам партиясының бұл жолғы 

көрсеткіші 1,5 пайыз мөлшерінде болды. 63 

депутаттық орыннан тұратын Тәжікстанның 

жаңа парламентінде Тәжікстан Халықтық­

демократиялық партиясы 16 депутаттық мандатқа, 

Аграрлық партия – 3, Экономикалық реформа­

лар партиясы – 2, әлеуметтік партия – 1 орынға 

тұрақтады. Тағы 41 депутат бір мандатты округтер­

ден сайланады.

солтүстік амЕрИка

Еуропа

шың Елі 


афрИка

Обаманың орнына кім келеді?

Алғашқы ғарыш айлағы

Қытай ұлты қартайып барады

Сыйақыға ие болды 

қазақ хандығына –  550 жыл

Жақыпжан НҰРҚОЖА – белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 

Бірнеше прозалық шығарманың, зерттеу кітаптарының авторы, ҚР президенті 

жүлдесінің иегері, Г.Толмачев атындағы сыйлықтың лауреаты.

70-жылдары «лениншіл жастың» «ұстаханасында» шыңдалған қаламы жүйрік 

журналист. Ұзақ жылдар бойы Алматы облыстық «Жетісу» газетін басқарды. Қазір 

«Мұқағали» журналы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 

Ақынның өз атымен аталатын «Мұқағали» журналы бұдан он жыл бұрын жарық 

көрген еді. Наурыздың 13-і күні Қарасаз ауылында өтетін Республикалық Мұқағали 

Мақатаев оқулары қарсаңында Жақыпжан Нұрқожамен сұхбатымыздың мазмұны 

журналдың бай тарихына негізделді. 

Жазба деректерде Жетісудың 

батысында «Қозы басы шу» деген 

жерде Жәнібек пен Керей хандар 

бастаған қазақ хандығының 

құрылғандығы халқымыздың 

тарихында белгілі. Көрсетіліп 

отырған жер Моғол хандығының 

жері еді. Алайда Моғол ханы 

бұл қазақ хандарын өз жеріне 

келулерін қуанышпен қарсы 

алған. Себебі Есенбұғы ханның 

інісі Жүніс хан Моғол хандығына 

осы жағынан қауіп туғызып 

отырған. Сондықтан енді Жүністің 

Моғол хандығының бұл жағынан 

қатер туғыза алмайтынын біліп, 

Жәнібек пен Керейдің өз жеріне 

келіп орналасуына ешбір кедергі 

жасамаған. Бұл жерге келгенге 

дейін қазақ сұлтандары қазақ 

хандары деген атауда да аталып 

жүрген. Мұнда келгеннен кейін 

қазақ хандары деген атаумен 

атала бастаған.

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ордабасы аудандық 

сотының ұйымдастыруымен аудандық соттың Мәжіліс залында 

судьялар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері 1941-

1950 жылдары сот саласында қызмет еткен тыл ардагері Жамал 

шойбековамен кездесу өткізді.

Жақыпжан НҰРҚОЖА:

кЕздЕсу


тұсаукЕсЕр

– Жақыпжан аға, көз алдымызда 

күні кеше ғана құрылғандай көрінетін 

«мұқағали» басылымы сәби шағын артқа 

тастап, бармақтай бала да оң-солын та-

нып үлгеретін он жасқа кеп қапты. сіздің 

жаныңызға жақын жобаның туындау себебі 

кім-кімді де қызықтыратыны сөзсіз. оның 

үстіне, жеке адамның атындағы журналдың 

қиындығы аз болмаса керек. осы жөніндегі 

ойларыңызды ортаға салсаңыз...

–  Ақын атындағы басылымды қолға 

алу мақсаты – халыққа, жас ұрпаққа 

қызмет ету идеясынан туған мұраттар 

еді. Хал­қадерімізше Мұқағали жасаған 

ұ л т т ы қ   қ ұ н д ы л ы қ т а р д ы   қ а з а қ т ы ң 

игілігіне жаратсақ деген ойлар бізді алға 

жетеледі. Арман болып алыстан қол 

бұлғады. Шүкір, бүгінгі күннің биігінен 

көз тастай отырып, журналымыз он 

жылда он белестен асты деп сенімді түрде 

кесіп айтуға болады. 

Мұқағали мұрасы – бәрімізге ортақ 

дүние, сарқылмас қазына ғой. Қараған 

сайын көз тартады, оқыған сайын 

тереңдейді. Уақытпен бірге иықтасып, 

Журналдың бас редакторы Батық 

Мәжитұлы екеуміз ақылдаса келіп, белгілі 

тұлғалардан сұхбат ұйымдастыруды 

ойластырдық. Оны тұрақты жүргізу маған 

жүктелді. Бұл идея сәтімен атқарылған 

іс болды деп ойлаймын. Мәселен, 

 Фариза Оңғарсынова, Сәкен Иманасов, 

Кәкімбек Салықов секілді қаламгерлердің 

пікірлерін мұқағалитану қазынасына 

қосып үлгердік. 

Ал Әкім Тарази, Темірхан  Медетбек, 

Т ө л е н   Ә б д і к т е р д і ң   к ө з қ а р а с т а р ы 

талайларға ой салды. Қазір осы үрдісті 

әрі қарай жалғастырып жатырмыз. 

Аталған сұхбаттардың басын қосып 

«Жүрегі оның – жанартау» деген кітапты 

шығарудың сәті түсті. Мұқағали ағамыз 

«Жүрегім менің – жанартау» десе, осы 

тіркесті екінші жаққа келтіріп атап едік, 

кітаптың аты жарқырап шыға келді. Мұны 

мұқағалитануға қызмет етудің бір қыры 

деп ұқсаңыздар болатын сияқты.

– мұқағали заманында сіз де алма-

тыда жүрдіңіз, түрлі қызмет атқардыңыз. 

а қ ы н м е н   ә ң г і м е л е с к е н ,   ж о л ы қ қ а н 

сәттеріңіз болды ма? Болса, сол сәттерді 

еске түсіріп көріңізші...

– Бізді жақындастыратын атаме­

кен – ақ мекен – Аспантаулар өлкесі. 

Мұқағалидың кейіпкерлері – таулы 

өлкенің қазақтары. Солардың бейнелері 

сомдалды. Тау елінің ірі мінездері, салт­

дәстүрлері әрбір жырдың арқауына 

айналған. Сондықтан ақын өлеңдерін 

құмарта оқыған алашқы адамдар – біздер 

болдық. Әкелеріміз бен ағаларымыздың 

қасыңнан қалмайды. Сенімен қатарласа 

сырласып, әңгімелеседі. Өмір сырын 

танып­білуге көмектеседі. Мұқағали 

өлеңдері аға буынға айналған бізбен ғана 

емес, ХХI ғасырдың бүлдіршіндерімен де 

сөйлесіп жатыр. Осындай құбылыстардың 

құпиясын ашуға ден қойдық. Алтын 

іздеушілердің жанкешті әрекеттерін бас­

тан кешіргендей күйге бөлендік. Істі қолға 

алған соң тосып тұрған қиындықтардың 

бұдан да көп екенін аңғарған жайларға 

кездестік. Әсіресе, журналдың негізгі 

материалдарын Мұқағалимен байланыс­

тырып отыру оңайға соққан жоқ. Ақын 

замандастарының пікірлеріне жүгіндік. 

мұрағаттарды да аз ақтарғанымыз жоқ. 

Қысқасы, журналдың мазмұнды, тартым­

ды шығуы үшін не қажет болса, соның 

бәрін игеруге бар күшімізді салдық. 

Ш ы н ы н а   к е л с е к ,   б а с ы л ы м н ы ң 

б а с т ы   ш ы ғ а р у ш ы с ы   б і з   –   ш а ғ ы н 

шығармашылық топ болғанымен, оның 

тамырына қан жүгіртіп, қалам сілтеп 

отырған – Мұқағали поэзиясын түсініп, 

соны қастерлеуші, зерделеуші қалың 

қауым. Оның ішінде белгілі тұлғалар 

да, атақты ғалымдар да, танымал ақын­

жазушылар да, ақындыққа жақын әкім­

басшылар да бар. Яғни өлең өлкесінің 

табалдырығын енді ғана имене аттаған 

жас талаптан бастап, еңкейген кәріге 

дейін «күпі киген қазақтың қара өлеңін, 

шекпен жауып өзіне қайтарған» ақын 

туралы өз ойларын ортаға салуды өзінің 

парызы санайды.

Журнал есею үстінде. Амандық бол­

са, биыл жырсүйер ағайынмен бірге 

басылымның 10 жасқа толған  мерейтойын 

тойлаймыз. Ойлап отырсам, ақын 

поэзиясының айдыны шексіз, терең 

екен. Оны зерттеп­зерделеуге Мұқағали 

еңбектері молынан жетеді, бұл – анық.



– лайым солай болсын! өзіңіз білесіз, 

филология ғылымында мұқағалитану 

өрісіне жол ашыла бастады. осындай 

үрдістерге ақын атындағы басылым қандай 

үлестер қосып жатыр?

– Журналдың табиғаты – әдеби, 

мәдени, танымдық деген сипатқа келеді. 

Демек, мұқағалитануға бірден­бір арна 

ашып, қызмет етіп келе жатқан орталық 

– осы журнал.

Біз ең алдымен, ақын өлеңдеріндегі 

тіркестерді айдар етіп пайдалану­

ды қолға алдық. Бұл беріліп жатқан 

материалдардың мазмұнын одан әрі 

аша түсуге септігін тигізеді. Мұқабаның 

сыртқы бетіне «Мұқағали кім туралы 

не айтты?» деген ойларды беріп, соны 

ішкі мазмұнда айшықтадық. Одан кейін 

ақын туралы ойлар айтқан тұлғалардың 

портреттерін жариялап отырдық. Осы 

бір үйлесімдердің өзі ақын сырын ашуға 

септігін тигізе бастады деп ойлаймын. 

Әр нөмір сайын Мұқағалиға арналған 

және Мұқағалидың сөзіне жазылған 

композиторлардың шығармаларын 

жарияладық. Ізденістер қырын осылай 

сан­салаға бұрдық. 

10 жылдың ішінде жүздеген зерттеу 

мақалалар, естеліктер мен көзқарастар 

сериясы тынбай жалғасуда. Оның ішінде 

бұрын­соңды кездеспеген небір қызықты 

жайларды жолықтыруға болады. Ақынға 

арналған өлеңдердің өзі бір төбе. Бәрін 

рет­ретімен санамалап шығу мүмкін 

емес. Онымен ортақтасу үшін журнал 

тігінділерін асықпай ақтару керек. Ұлттық 

кітапхана мен Кітап палатасында барлық 

тігінділер сақтаулы тұр.

Журналды дер кезінде шығару арқылы 

ұтқан бір тұсымыз – ақынның көзін 

көрген, бірге жүрген замандастарының 

айтқандары болды. «Өмір – өзен». Қазір 

олардың қатары сиреді. Небір асыл 

дүниелерді тасқа басып үлгердік. Мұның 

бәрі – мұқағалитануға септігін тигізетін 

себептер.



– мұқағали мерейтойы төрт рет ата-

лыпты. солардың бір-бірінен айырма-

шылықтары қандай?

– Ақын дүниеден озғаннан кейін, бүкіл 

қазақ Мұқағалиға ерекше ден қоя бастады. 

Оған себеп болған ақынның дүниеден 

қайтуы емес, ақынның асыл жырлары еді. 

Сол жырлар Мұқағалидың тірі кезінде­

ақ жүректерге ұялаған. Ол кісінің жыр 

жинақтарының дүкен сөресінде шаң 

басып тұрмағаны соны аңғартса керек. 

Алайда кеңестік өкіметтің ресми билігі 

халық ақынының аса күшті қуатын 

мойындағысы келмей тоңмойындыққа са­

лынды. Бірақ қолдан жасалған кедергілер 

ұзаққа бармайды екен. Тосқауылды ешкім 

сақтап қала алмады.

Жұрттың ықылас, әсерін сезінген, 

а қ ы н н ы ң   р у х а н и   ә к е с і   Ә б д і л д а 

Тәжібаевтың сұрауын жерге тастамаған 

Алматы облысы партия комитетінің 

бірінші хатшысы Кеңес Аухадиев ағамыз 

бәрін дұрыс ұғынды. Оны республика 

басшысы Дінмұхамед Қонаев та түсінді. 

Сөйтіп, 1981 жылы 50 жылдық мерей­

тойды атап өтуге алғаш рет жол ашылды. 

Десек те, сол тойдың өзі Қазақстанның 

Р е с е й г е   ө з   е р к і м е н   қ о с ы л у ы н ы ң 

250 жылдығы деген саяси шарамен 

қабаттасқаны бар.

Мұқағалидың нағыз мерейтойы 

тұңғыш рет ешбір қоспасыз 1991 жылы 

аталды. Қарасазда ақынға арналған 

мұражай ашылды. Ал 2011 жылы өткен 

80 жылдық мерейтойы ұлы ақынды 

ұлықтағандық дәрежесіне көтерілді. 

Жетісу өңірінің сол кездегі басшысы Серік 

Үмбетовтің бұл іске сіңірген еңбегі орасан. 

Торқалы 90 жылдығы да толымды өтер 

деп шамалаймыз. Біздің байқағанымыз, 

мерейтойға деген ықылас уақыт өткен 

сайын артып келеді. «Мұқағали тойы – 

халықтың тойы» дейтініміз сондықтан. 

Журналдың шығармашлық ұжымы да бұл 

іске белсене араласты.

– аға, сіздің осыдан екі жыл бұрын 

шыққан «Жүрегі оның – жанартау» атты 

кітабыңыз жұрттың ыстық ықыласына 

бөленуде. осы шығарманың мазмұны мен 

идеясын таныстыра кетсеңіз...

– 80 жылдық мерейтойға келгендер 

журнал қызметкерлері құрастырған 

үш томдық кітапты қолдарына ұстады. 

Оның біріншісі – зерттеулер, екіншісі – 

ақынға арналған өлеңдер, ақын бейнесін 

сомдаған пьесалар және ақын сөзіне 

жазылған әндер еді. Жұрт оларды қуана 

қабылдады. 

Кітаптарға «Мұқағалитану  бастауы» 

деген серия қойылды. Серия сонымен 

шектелген жоқ. Композитор Бейбіт 

Д ә л д е н б а й   « Ә у е л і   ә н д і   т ы ң д а ,   ә н 

өлмесін» деген жинақ шығарды. Мәтіні 

Мұқағалидікі болып келетін жүзден асқан 

ән көпшілік тұтынатын асыл дүниеге 

айналды. 

қолдарынан ағаның кітаптары түспейтін. 

Бастарын шайқап разы болып отыратын. 

Ол кісі лауреат па, емес пе, өлшемі біреу­

ақ. Ол – Мұқағали Мақатаев деген сөз. Әлі 

күнге дейін солай. Көпшілік Қазақстан 

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 

М.Мақатаев деген ұғымды қабылдамай­

ақ қойды. Нағыз ақынның есімі бәрінен 

биік тұратын. 

 Үлкендердің алдынан қия өтпей 

үйренген біз Алматыға келген соң да сол 

дағдыдан арылған жоқпыз. Ақын ағаға 

сәлем беру парызын өтеуден әріге бара 

алмайтынбыз. Алып тұлғаны көргенде қақ 

жарылып жол бердік. Ол кісіні тыңдасақ 

та, өзімізді тыңдата алмай сөз тосып тұрып 

қалушы едік. 

Мұқағали ағамыз адамға айналған 

қыран сияқты көрінетін. Өлең оқуы да 

өзгеше. Саңқ еткен дауысында өрлік 

пен ерлік, тазалық пен мөлдірлік бар 

еді. Дүниенің ақ пен қарасын айқын 

аңғаратын талант даладай кең, баладай 

сенгіш еді. Інілерінің басынан сипап, 

«қанаттарым менің» дегені бәрімізді ерек­

ше марқайтатын. Мұқағалидың інілері 

жаман болмауға тиіс деген ұғымның 

жетегінде тәрбиелендік. Сондықтан терең 

дайындықтан өтпей ағамен ағыл­тегіл 

сырласуға әзір еместей сезіндік.

Біз күткенмен, уақыт оны күтпейді 

е к е н .   « Ө м і р   д е г е н   ж а р қ   е т к е н   б і р 

найзағай». Небәрі 45 жасында алтын 

сандығын арқалап асыл аға мәңгіліктің 

көшіне ілесіп кете барды. Сол сандықтағы 

қазынаны енді іздеп жүрміз. 

– Басылымның алдағы шығарма шы лық 

жоспарларынан не хабар бересіз?

– «Мұқағали» энциклопедиясын 

шығарсақ деген пікірлер бар. Бірақ соның 

орындалуы қалай болады? Міне, басты 

гәп осында. «Абай» энциклопедиясын 

оқып көрдім. Ол уақыт жүгін көтеретіндей 

етіп жасалған. «Мұқағали» да солай болу 

керек. Сондықтан оны арнаулы «Қазақ 

энциклопедиясы» қолына алса деп 

үміттенеміз. Осыған орай әңгіме қозғауды 

ойластырып отырмыз.

Биыл – журналдың онжылдығы. 

Не бітірдік, нені бітіруге тиіспіз деген 

сұрақтарға зиялы қауымды қатыстырсақ 

деп жоспарладық. Мұқағалидың аударма­

лары терең зерттеуді қажет етеді. Әсіресе, 

Дантенің «Құдіретті комедиясының» ақын 

тәржімалаған «Тамұқ» бөлімі ғажайып 

астарлы сырларды қойнына бүгіп, менің 

жұмбақтарымды кім ашады деп тосып 

отыр. Ғалымдардың назарын осындай 

мәселелерге бұрсақ деген ниетіміз бар.

Мұқағали жырлары «тілге жеңіл, 

жүрекке жақын тигенмен», түбі өте терең. 

Мұқағалитану ісі жаңадан басталды. Оның 

арнасын кеңейту жастардың қолында. 

Ұлы ақынды жарқыратып көрсететін ұлы 

сыншының дүниеге келуіне мұрындық 

болсақ, журнал мақсатының орындалғаны 

шығар деп ойлаймын.

Ойдан ой туады. Жұмысты ширатқан 

сайын жақсы идеялар туындай береді. 

Біз соны аңғардық. Мұнай елу жылда 

таусылады екен. Ал Мұқағали жүз жылда 

да таусылмайды. Оның рухани кенішін 

ақтара алатын ұрпақ жалғаса береді деген 

ойдамын.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал