Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда



жүктеу 1.02 Mb.

бет6/11
Дата09.01.2017
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

маркиза БаЗаРБаЙҚыЗы

жүздЕсу


 

Ең басты міндет – өзіңнің қа бі ле­

тіңді, қадір­қасиетіңді білу! Оған мінез 

жатады. Адамның ең жақсы қасиеті өз 

мінезін біліп, ашуын, ызасын басып 

ұстай білу, ақылмен жеңу. Ашуланшақ 

адам өзін­өзі ұстай алмай, дөрекілік 

көрсетеді, тіл тигізеді, тіпті төбелеске, 

кісі өлтіруге дейін барады. Соның бәрі 

өз мінезін, ашуын, ызасын біліп, оның 

ұят екенін, барып тұрған мәде ниет­

сіздік, көргенсіздік екенін біліп, түсіне 

алмағандықтан өзін ұстай алмаған­

дықтан болады. 

Егер сен көп білсең, көп оқысаң 

көқірегіңе көп тоқысаң – сонда нағыз 

мәдениетті адам боласың.

Кейбіреулер ойлайды (айтып та жүр) 

«Менің дипломым бар, жоғары білім­

ді мін, тіпті ғылым кандидатымын, мен 

мәдениетті адаммын» деп. Бірақ ол та­

рихты, әдебиетті, өнерді тіпті тілді (ана 

тілін) білмейді. Ал әдебиетті, музыканы 

(әнді), көркем суретті түсінбеген (оқы­

маған) адам қалай мәдениетті болады?

Көне гректер: «Нағыз сауатсыз адам 

оқып, жаза білмейтін адам емес, му ­

зыканы түсінбейтін адам нағыз сауат­

сыз» деп бағалайды екен.

Ойлап қараңызшы, қазір музыка 

тұр  мақ, кітапты оқымайтын адамдар 

кө бейіп кетті. Осыларды сауатты, мә­

де ниетті адамдар деп айтуға бола ма? 

Осы мәдениетке жеткізетін әдебиетті, 

та  рихты, өнерді үйрететін – тіл. Тіл – ең 

құ діретті, ең касиетті, тіпті ең сиқырлы, 

өте қа білетті құрал. Тіл ана сүтімен бой­

ға енеді, қарым­ қатынастан, адам мен 

адамның араласуынан өрбіп, мек теп­

те, жоғары оқу орындарында дамиды. 

Сұлтанмахмұт Торайғыров: 

Сүйемін туған тілді – анам тілін, 

Бесікте жатқанымда­ақ берген білім, 

Шыр етіп жерге түскен 

минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп 

түй ген екен. Бұдан артық айтуға бола 

ма?


Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарымыздың 

319­хадисінде «Тілін түзеген адамға 

Алланың рақметі жаусын!» делінген.

Мұхтар Әуезов: «Кім де кім қазіргі 

уақытта ана тілін, өз әдебиетін сыйла­

маса, оны сауатты, мәдениетті адам деп 

санауға болмайды» деп батыра айтқан. 

Шыңғыс Айтматов: «Халықтың 

мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір 

тіл өзінің халқы үшін ұлы» деп жоғары 

бағалайды.

Осыдан барып тарихты білу мәселесі 

туады. Тарихты білу де үй ішінен, ата­

ана тәрбиесінен басталады. Қазақта 

«жеті атасын білу» деген ұғым бар, «Жеті 

атасын білмеген жетесіз» дейді халық. 

Ойлап қарасаңыз, ол­тарихқа апаратын 

жол. Жеті атасын білу арқылы руын, елін 

біледі.  Ота нын біледі. Отанды білу, От­

анды сүю, ардақтау – ұлтшылдық емес, 

ұлтын сүю деген сөз. Ол үшін Отан ның, 

елдің тарихын білу, терең білу керек. Ал 

тарихты білу Отанның өткен жолын, 

күресін, жеңісін, жеңілісін білу деген 

сөз. Кеңес өкіметінің 70 жылдық зама­

нында бізге қазақта тарих та, мәдениет 

те жоқ. Сауаттылар саны 3 пайыздан 

аспайды деп келді.

Патша өкіметінің, одан соң Кеңес 

өкіметінің қолдан жасаған қыр­

ғындарын бізге білдіргісі, айтқысы кел­

меген. Сондықтан да олардың жос пары 

70 жыл бойы тілімізді, дінімізді, бар 

мәдениетімізді жойып, өзімізді мәң гүрт­

тендіру болған.

Енді біз еркіндік алып, тәуелсіз 

егемен ел болғанда, сол жойылып, жоқ 

болып кете жаздаған тілімізді қайта 

қалпына келтіріп, дамытуға кіріскенде 

көп қазақтардың өзі оған ынталы бол­

май, тіпті қарсы шығып жүргендері 

айқын көрінеді. Мұның бәрін біздің 

көп адамдарымыздың ұлттық ру­

хын, ұлттық қасиетін, ұлттық намы­

сын жоғалтқандары деп ойлаймын. 

Оның басты себебі, 70 жыл бойы орыс­

ша оқытып, ұрпақты орыстілді етіп 

шығарып, орыстандырып жібергендігі 

деп білу керек. Сондықтан көп қазақтың 

нағыз қазақ екенін естен шығарып, осы 

күнге дейін балаларын орысша оқытып, 

орыс мәдениетіне табынып, адасып 

жүргендігінен деп ойлаймын. Нағыз 

қазақтың намысы, ары жоғары болады. 

Ұлттық өзгешелігі, ерекшелігі айқын. 

Нағыз қазақтар намыстарын қанды­

қырғын соғыста да жоғары ұстаған.

Біздің ауданның ұланы Молдабек 

ақын Саламатов былай жырлайды: 

Жолында жеңіс қиылған. 

Қыршындар үшін өш алам.

Әділ кекке сыйынған,

Намыссыздың несі адам?!

Тағы бір өлеңінде:

Ауылда алыссынсақ қарыс жерді,

Соғыста елемейміз алыс жерді.

Ұйқы ұмыт, үйдегі әдет ерсі болған,

Бәрін де сол мінездің намыс жеңді! 

дейді.

Ал атақты халық ақыны, Жамбылдың 



алғашқы шәкірті Саяділ Керімбеков:

Қан көргенде қарудан қайнасын кек. 

Зеңбіректің оғынан таймасын бет. 

Қардай борап үстіңнен оқ жауса да,

Адамшылық арыңнан аттама тек! – 

деп арды өмірден де жоғары бағалайды. 

Осылай арды, намысты, ұлттық 

рухымызды жоғары көтере отырып та­

рихты білуіміз керек. 

Ал казақ әдебиеті қазір дүние тани­

тын дәрежеге жетті. Абайдың, Мұх­

тар  дың, Ғабиттің, т.б. толып жатқан 

жазушылардың шығармаларын бұрынғы 

Одақ, бүкіл дүниежүзі біледі. Тек «Абай 

жолының» дүниежүзінің 60 тіліне 

аударылғанын айтсақ та жеткілікті. 

Қазақтың ауыз әдебиеті өте бай. 

Дастан­эпостар, ертегілер, мақал­ 

мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар 

– баға жетпес қазынамыз. Бұл қымбат 

әрі асыл қазынамыз бізге сол бай тіліміз 

арқылы жетіп отыр. Жалпы қазақ тілі – 

өте бай әрі сұлу, музыкалы, әсерлі тіл. 

Ауыз әдебиеті ішінен мақал­мәтел­

дер, жұмбақ және жаңылтпаш туралы 

айта кетейін. Қазақ халқы сөзін мақал­

мәтелсіз айтпаған. Сондықтан бізде 

мақал көп әрі мағыналы.

Осылай әрбір мәдениетті адам өзін­

өзі білу үшін алдымен білімін жан­

жақты тереңдетуі керек. Ол үшін қазақ 

тілін – ана тілін жете, жан­жақты білуі 

қажет. Тек тілді жақсы біліп, әдебиетті, 

тарихты, музыканы мәде ниетті (тек 

қазақтың нағыз таза мәде ниетін терең 

жете білгенде ғана) өзінді­өзің жақсы 

білуге мүмкін болады. Қазақ мәдениеті 

дүниежүзінде теңдесі жоқ жоғары 

мәдениет. Біріншіден, ол ар мен на­

мыстан, рухани байлықтан туады. Мы­

салы, қазақ үйге кірген адамға дәм 

татырмай жібермейді. Қонағын қатты 

сыйлап, мал сойып күтеді. Қазақ үлкенді 

сыйлап, құрметтейді. Әйелді «ана» 

деп ардақтайды. Қызын қызыл гүлдей 

мәпелейді. Әйел болса ол еркектің ал­

дын кесіп өтпейді. Әйел еркектің сөзін 

бөлмейді. Жас тар үлкен кісі тұрғанда 

алдымен сөйлемейді. Міне, мәдениеттің 

жоғары түрі осылар. Осының бәрі 

адамның өзін­өзі білуімен, алдымен 

өзін сыйлай білуінен туады.



үсенбай тастаНБеКов, 

Қазақстанның құрметті журналисі,

алматы облысының Құрметті 

азаматы

өзіңді-өзің тани біл



Адам өзін-өзі тани білуі керек. Сенің биологиялық, физиологиялық негіздерің 

қандай? Ағзаң неден тұрады? Денеңдегі қандай ерекшеліктерді, кұбылыстарды 

білесің?

Содан соң түр-түсің, мінезің, ақыл-ойың, білімің қандай? Осының бәрін жете 

білмесең де, жалпы-түсінігің болуы керек. Адам дүниедегі ең күрделі, ең 

ақылды, ең шебер, өнерпаз жан иесі.

ойтүрткі


да заманына лайық ерекшеліктері бары 

белгілі. Қайсы жолға түскен дұрыс? 

Күштеп таңа алмайсың. Уақыт өзі екшейді. 

Тек адасып қалмаған абзал. Міржақып 

күдікпен шошынтып, ақылмен сабырға 

шақырып ой тастайды. Халықтың өсіп

жердің өспеуі һәм тозуы, қазақ жері патша 

мүлкі саналып, сол себепті миллиондап 

жерсіз мұжықты үкіметтің қазақ жеріне 

қондыруы, бұл тілеусіз қонақтар келе 

бастағаннан бері жер тарылып, атаме­

кеннен ірге қозғалып, қазақ шаруасының 

күйзелуі, 15­20 жылдан бері бұл көшпелі 

мұжықтардың келіп бітуінің ұшы көрінбеуі 

неліктен?! Бұлай болғанда, енді аз жылда 

қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып, 

ақырында титықтап бітуі ықтимал дегенді 

және қосып қояды. Сақтандырады. Са­

раптай білуге шақырады. Жасыратыны 

жоқ, жер проблемасы әлі толық шешіліп 

бітпегенін мойындағанымыз жөн.

Қазақ жеріне мұжықтарды не үшін жер 

аударады деген сұрақ Мір жақып көкейін 

үнемі тесіп жүргенін байқаймыз. «Әлде 

сөзіне ұйыта алатын зиялылар жеткілікті. 

Қазақ жерін бөлшектеуге қаймықпай 

қарсы шыққан мемлекет және қоғам 

қайраткері Ж.Шаяхметовтің ізбасарлары 

бүгінде де бұқпантайлап жүрген жоқ. 

«Жерді сатқаның – анаңды сатқаның!» 

деп Парламентте жар салған марқұм 

Б.Қыдырбекұлы, «Құнарлы аймақ қазаққа 

қай та қайтарылсын» деп жарғақ құлағы 

жастыққа тимей жүрген С.Әсіпұлы, «Жерді 

жалға алғаны – жағаға қолды салғаны» 

деп жанай қайын естірткен Р.Айыпұлы, 

«Уай, Алашым! Жерің – арың, киелің!» деп 

жырмен жалындата аһ ұрған С.Сматаев, 

т.б. зиялылар, қазақ жері нің бір мысқалы 

уыстан шықпауы үшін ішер асынан іркіліп 

жүргендер. 

...Міржақып үміт еткен мұндай 

ұлтжандылардың қатары толыға түскені 

алаң көңілді басып, қазақ жерінің 

біртұтастығына деген сенім әр жүрекке 

нық ұялайды екен. Қашан да ақ сөз ащы 

болады. Әділ сөздің зілі жоқ. Әлі де баты­

рып айтуы мыз керек­ау!

***

М. Дулатов дінге қатысты ой­пікірлерін 



проза, поэзия түрінде де жазып, әртүрлі 

басылымдарда, атап айтқанда, «Серке», 

үйретіп, ислам хакімдерін білдірмек, 

жақсы мінезбен тәрбие қылып, дүниеде 

һәм ақыретте бақытқа жеткізетін жол 

көрсетпек һәм мемлекетіміздің тыныш 

һәм рақат жасауы үшін қызмет етпек». 

Келесі: «Мектеп һәм медреселерде оқыту 

тәртібі хақында шариғатта баян бар ма?» 

деген сұраққа: «Мектеп һәм медреселер­

де оқыту тәртібі жеңіл һәм мақсатқа тез 

жетерлік орысша, ана тілінде араб харпімен 

оқытылуы тиіс» деп жауап берілген.

Д і н г е   к ө з қ а р а с   қ ы р ы қ   ж а м а у , 

қырғи қабақ, қарсылықты жағдайда 

имандылықты тура көздеген келісімдердің 

жөнін жіті аңғара білудің пайдасы ұшан­

теңіз екендігін Міржақып әрдайым ай­

тып, жазғандарында негізге алып оты­

ратыны байқалады. Мұның мысалына 

«Орынсыз шығын» («Қазақ», 1914 ж., 

№53) мақаласын тартуға болады. 3­4 

жылдан бері Мединеде оқып жатқан 10­

15 қазақ шәкірттері Медине шаһарында 

қазақ атына бір зор медресе салу тала­

бында болған екен. Сол ниетпен барған 

қажылардан жылда ақша жинай бастаған. 

Шәкірттердің талабы таза болса да кейбір 

елге шығып, солардың атын жамылғандар 

түскен қаржыны жымқырып кеткендіктен 

бастаған істері жүзеге аспай қалыпты. 

Осының бәрін екшей келіп Міржақып 

былайша ашынады: «...Олар бір үй сатып 

алып, ішіне кіре қоюмен медресе бола 

қалады деп ойласа керек. Ал медресе са­

лынсын, оған оқушы қайда? Осы арада 

қанша шәкірт бармақшы? Ақырында, бұл 

медресе де бұрынғы қазақ тектілері секілді 

әулиелік сатып жүрген сарт пен қожаның 

пайдасына қалмай ма? Мұны да ойларға 

керек». Ол тағы бір ойын нығыздап, баса 

айтады. Мединелік шәкірттерге қолғабыс 

жасағысы келген қажылардың көбінің өз 

ауылдарында бұл күнге шейін бір тәртіпті 

бастауыш мектеп жоқтығын беттеріне 

басып, соны көре тұра, дүниенің бір 

«Жаңа тілек» өлеңіндегідей, ашық та 

ашына айтып, жалаңаш батырдай көзге 

түсе ұрандатты, қалың жұртын өзіне жалт 

қаратты. Мойын бұрғызды, санасатындай 

халге жеткізді. Мына шумақ еріккеннен 

емес, елдік мінезбен өрілген: «Өз қамыңды 

ойлан өзің, ел болсаң, Ел боламын, тең бо­

ламын дер болсаң. Көктен теңдік келмес, 

өзің кем болсаң, Мең­зең болмай, талпын, 

оян, Алашым!» Болжағыш. Көрегендік. 

Ойшылдық. Кем болғанның теңі – теңдік 

еместігіне жүректі мытып бүріп, меңзейді. 

Теңдікке елеңдетеді. Сөз тереңінде – 

тәуелсіздік тұрғанын аңдатып, пайымда­

тады.

Қара сөздің майталманы Міржақып 



халқына жаңа да жарқын жол сілтеуді 

азаматтық парызым деп түсінген. Жетесіне 

жеткізіп түсіндіре жазды, көңілге түрлі ой 

салып, түңілдіре жазды. Соның бір айғағы 

«Қазақ жайлы» («Қазақ», 1913 ж., №10) 

мақаласында: «Қазақтың кемтігі, керегі 

көп. Кемтігін толтырып, керегін табуға 

істегені аз, тіпті жоқ. Біздің керегіміздің 

көбі – бұрынғы күйімізде болмаған, осы 

күнгі жайымызға қарай керек болып тұрған 

нәрселер» деп ел болып, ілгерілік қамын 

күйттеуге қажеттіліктерді санамалай бас­

тайды. Ғылым мен өнерді алғы кезекке 

шығарады. Онсыз қоғам дамуы тежеледі. 

Ғылым, өнерімен асқандар білімсіз

өнерсіздерді білімімен жығып, аяғына 

баспақшы деп үміттендіреді. Оқымаған, 

өнерсіз, кәсіпке ебі жоқ адам басқаларға 

жалданған малайлықтан басқа неге жарай­

ды деп, шындыққа жүгінеді. Сөзінің бір 

тұсында, қазақтың зор адасқандығы деп, өз 

ісін өзі істемей, өзгеге сенгендігін үлкен мін 

ретінде тағады. «Өзіміз жай жатып сұрай 

берелік дейміз де, сұрай береміз. Сұрағанын 

алмақ түгіл, қазақ әлі алдырумен келеді»  

деп өзгеге алақан жайғыштықтың кесірінен 

ада болуға үгіттейді. 

Қараңғы қазақ жаңалыққа да селт 

етпейтін көнбіс болып алған. Мұндай 

енжарлықтың да ұпай түгендетері шамалы 

екендігін Міржақып жақсы түсінеді де, ең 

болмағанда билікке, басқаруға қатысты 

қарапайым нәрсені біле жүруіне үндейді. 

Алдымен, земство қандай қажеттерді 

өтейтінін түсіндіре бастайды. Земствоның 

өтейтін қажеттері: оқу – оқыту ісі, от пен 

судан сақтау, адам һәм мал дәрігерлігі, 

ашаршылықта, жұтта мұқтаждарға 

жәрдем беру, жол түзету, поштаханалар 

ашу һәм басқа сондай жұрттың күшімен 

басқарылатын жұмыстар екендігін тізіп 

береді. Жатық түсіндіреді. Шошынбаула­

рын сұрайды. Осындай басқаруға илігіп, 

мұратты жолда хал­ахуалын түзеуге ынта­

ландырып бағады. Әйтеуір, сөзімен себін 

тигізгісі келеді­ау!

Көрнекті көсемсөзші өмірден көрген­

түйгенін қазақтың қамы үшін, әлеуметтік 

тұрғыдағы тұйықтан шығуы үшін, шаруа­

сын жақсы күйттеп, әлді тұрмыс құруы 

үшін, биліктегі шенқұмарлықтан арылып, 

халқына адал қызмет етуі үшін мысал, 

үлгі, насихат ретінде байытып, назарға 

ұсынып отырады. Оның сезгіш жүрегі 

биліктегілердің былығынан жиіркенеді. 

Дәл осы тұста жөнсіз билікті түйрей сынай­

ды: «Ел билеген жақсылардың ойлағаны ел 

қамы болмаса, әрқайсысы өзінің пайдасын 

ойлап, мұқатқаны ағайын­жұрты болса, 

билерде әділет болмаса, енді жақсылықты 

жұрт қайдан күтпек керек?!» деп әділдіктен 

а т т а ғ а н д а р ғ а   о й   т а с т а й   с ө й л е й д і . 

Қазағыңның қамы үшін шыншылдықпен: 

сендер жан ауыртпасаңдар, кім қамқорлық 

жасамақ деп, салмақты салады өздеріне. 

Бүгінге салмақ сала айтсақ, жақсыдан әкім 

қойсаң – түзер, жаманнан әкім қойсаң – 

бүлдірер дегеннен сабақ алуға болар еді. 

Елдікті сақтап, ертеңгі күнге зор үмітпен 

қараушылық жайын сөз еткен мақала 

«Сана қайда!» («Қазақ», 1917ж., №236) 

деп аталып, онда қазақ халқының қолына 

тиген бостандықты баянды етуі үшін са­

налы түрде істер істеу қажеттігі айтылады. 

Көп жерлерде баяғы ескі әдеттерден әлі 

арылмағанына өкініш білдіріледі. Мәселен, 

комитет сайлауы кезінде бұрынғы болыс 

сайлауы тұсындағыдай жікке бөлініп, 

халық мүддесі естен шығарылғаны сынға 

алынады. Міржақып елдің ақсақалдарына, 

ел билігінде жүрген жақсыларға мынадай 

сөз арнайды: «Талас­тартысты қойыңдар! 

Ал да тұрған зор істерге қамданыңдар! Ын­

тымаққа қайтыңдар! Жұртты ойлаңдар!».

Алдағы зор істер деп отырғаны – 

Құрылтай жиналысының сайлауы мен 

енгізілгелі тұрған Земство жайы еді. Осы 

жұмыстарды санамен атқарайық. Бұғанасы 

бекімеген, буыны қатпаған бостандықтан 

айырылып қалмайық. – Мақала иесінің 

халыққа тастаған ұрандары осындай еді.

Сол кезеңнің күпті де зәру мәсе  лелерін 

қозғаған дара мақаланың бірі «Қайтсек 

жұрт боламыз?» («Қазақ», 1918 ж., №264) 

деп аталады. Онда дүниежүзілік соғыс 

басталғаннан бергі төрт жыл мен патшалық 

құлағаннан бергі жыл жарым ішінде саяси­

әлеуметтік өмірде болған өзгерістерді шола 

келіп, қазіргі алмағайып заманда елдің 

елдігін сақтап қалудың бірден­бір жолы 

– олардың өзін­өзі қорғай алатын әскери 

күші болуы деген ой түйеді. «Бұл заманда 

әскері жоқ жұрт – жұрт емес, құл. Біз қазір 

екі жолдың тарауында тұрмыз, қайсысына 

түсетін болсақ та ерік өзімізде». Автордың 

пайымдауынша, бұл екі жолдың біреуі 

құлдық жолы, екіншісі жұрттық жолы. 

Баяғыдай құлдық бұғауын қайта кимей, 

елдігіміз болсын десек, әскеріміз болсын, 

қазынамыз болсын. Бұларсыз автономия 

жоқ. «Қайтсек жұрт боламыз» дегенді 

ойласақ, жауап біреу­ақ: – Әскеріміз бол­

са ғана жұрт боламыз». Міне, көрмейсіз 

бе, жұрт болу қамының қадау­қадау 

міндеттерін зерделегенде, әскер жасақтау 

ісіне Міржақып тегіннен­тегін мән беріп, 

бас ауыртып отырмағаны байқалады. Елдік 

мүддеге қашаннан қамығып та торығып, 

ақыр соңында қуаттана білген, халқын 

келелі сөзге ұйыта, сендіре алған қазақ 

зиялысы ғой ол!

Алғашқы қазақ съезі қарсаңында 

халықты әділдікке үгіттеген Міржақып 

елден жұрт болудың қамын мықты ойлас­

тыруды талап етіп, біраз мақалалар жазды. 

«Өз ісімізді өзіміз басқара алмасақ, бізді 

біреу келіп түзетер деу адасқандық» деп 

турасына көшіп, қазіргі бір күннің жүз 

күннен қымбат екендігін, қызмет қылып, 

жұртты ұйысуға бастауға кең мүмкіндіктер 

ашылғанын әркімнің жетесіне жеткізе 

уағыздайды. Сол себепті учредительное 

собраниеге сайланатын депутаттарға көп 

нәрсе байланысты болатынын түсініп, 

таңдауды дұрыс жасауға шақырады. Олар 

халыққа шын пайдалы адамдар болуы 

керектігін ескертіп, пайдалылық таразы­

сын былайша безбендей бастайды... Олар 

ақ жүрек таза болса. Жұртты иә сатып, иә 

алдап кетпейтін болса. Халық үшін ерінбей 

қызмет етерлік, екі талай жерде жанын 

қиярлық ер жүректі болса. Өз пайдасы­

нан жұрт пайдасын артық көретін болса. 

Саясат ісіне жетік болса. Білімді, шешен, 

көсем, оқыған болса. Халықтың қалпына, 

салтына, тұрмысына жете таныс болса... 

Міне, осындай елеп­екшеу тізбелеулердің 

түпкі нәтижесі оңды боларына, халқым 

дейтін ерлердің іріктеліп, ел атынан мінсіз 

қызмет етеріне күмән келтірмейді.

Жоқ кісіні біреуден қарызға алуға 

болмайды,– дей келіп Міржақып, қазақ 

осы өлшеуге салып, өзіндегі барын депу­

тат сайлау керектігін нығырлайды. Бұл 

сипаттарға қарамай қазақшылыққа салып, 

әркім жақынына, ұранына, облысына, 

үйезіне тартса, қазақ халқы келешектегі 

жұртшылығын ойламаған болады дейді. 

Қаузаған ойының бәрі қазақтың қамы мен 

жағдайына байланыстырылады. Қай рудан 

екенің емес, үш жүздің баласы бәрің де 

қазақсың деген сипатпен халық қажетіне 

жарамды болуға икемделуге талпынды­

рады. «Жақсы болу үшін депутат болу 

шарт емес. Депутат болу үшін жақсы болу 

шарт» деген Міржақып сөзі қандай өткір, 

өміршең!

***


Шерді – шер қозғайды. Мұңсыз 

өмір болмайды. Десек те, Міржақыптың 

ұнжырғасын түсірген бұл мұңның жөні 

алабөтен. Жалғасып жатуымен де – қасірет! 

Міржақып «Қазақ тілінің мұңын» («Ауыл 

тілі», 27. 07. 1926 ж., №1) шаққанда, бүгінгі 

тілдің қолданылу көріксіздігіне жүрек 

ауыртып, ертеңгісіне алаңдап, жоғары 

лауазымды Мыңбайұлы Жалауға зар­

наласын төге сөйлейді. Бұл шенеуніктің 

қолында зор басқару тетігі болса керек, 

оның «Ауыл тілі» газетін шығарам, ол тек 

нағыз ауыл тілімен, таза қазақ тілімен жа­

зылады дегеніне дәсердей боп қуанып, іші 

елжірегенін (әрине, Тіл монологы ғой – 

Қ.Ә.) жасырмайды. «Мұныңа тілектеспін,– 

дейді «Тіл».– Жорытқанда жолың болсын, 

жолдасың Маркс, Ленин болсын, сенің не 

керегіңе мен дайынмын. Бірақ мені қорға, 

таза сақта, көрінген тілмаштарыңа тағы да 

қор қылма... Азар коменес болып кетсең 

де, ата­бабаң қазақ еді ғой, мен солардың 

тілі едім ғой, не жазығым бар, ая мені!» 

Жолдасың – Қыдыр болсын демейді. Нет­

кен тапқырлық. 

Мұндай сөз соққысы нендей тас 

жүректі де қақыратып, тітірентіп жіберер. 

Көздегені де қазақ тілін сиықсыздықтан 

арылтып, толыққанды қолданысқа енуіне 

сара жол ашу емес пе еді? Сол мақсатта 

тайынар ма? Тіл монологы өне бойды шы­

мырлатады. Тұла бойды өксік буады. Тіпті 

аузыңдағы тілің өзіңдікі емес, өзгенікі 

секілді ме? Байқап көресің. Иә, өзіңдікі. 

Бірақ дәмі, нәрі жоқ салақтаған бірдеңе. 

Тілдің ұшына өткір біз сұғылғандай, қара 

қан шапшып, тыйылар емес... «Мен за­

манымда қандай едім? Мен ақын, шешен, 

тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған 

тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға 

соққан толқындай екпінді едім. Мен нар­

кескендей өткір едім. Енді қандаймын? 

Кірленіп барамын, былғанып барамын. 

Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім?».

Аза бойды қаза қылатын, жалғы зынан 

айырылғандағы «жоқтау» ма? Қайғылы 

қара теңеудің қайсысына да лайық 

шығар. Отқа май құйып, жалынын маз­

датуын қарашы: «...оның үстіне қазақ тілі 

мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. 

Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не 

керегі бар, босқа қуанған екенмін...».

Тәйір­ай! Тіл тағдырының айнақатесіз 

қ а й  т а л а н у ы н   қ а р а ң ы з ш ы !   Қ а з і р г і 

тәуелсіздік заманымызда да қазақ тілі 

мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып 

отыр емес пе? Міржақыптың бір жойқын 

сөзі бар еді. «Адам не тілесе – Құдай 

соны тағдыр қылмақшы» деген. Құдды, 

соның кебі келіп тұрғандай екен... Бүгінгі 

кейбір шенеуніктердің «ішкі» тілегі тіл тағ­

дырының қамы тындай боп, тал мойынды 

қысқан үстіне қыса түсетіндей ме?..

Бұрын патшалық дәуірінде тіл мәселесі 

қазақ, қырғыз, ноғай, башқұрт, өзбек, 

түрікпен секілді «бұратана» жұрттар үшін 

зор саяси мәселелердің бірі еді. Ол кезде 

мемлекет тілі – орыс тілі. Заң­закондар 

орыс тілінде, оқу­ағарту да орысша бо­

латын. Орыстан басқа жұрттар меке­

мелерге өз тілінде арыз жазуға, ауызекі 

мұңын шағуға болмайтын еді... Енді алдағы 

мүмкіндіктерді саралай келіп Міржақып

Кеңес үкіметі тұсында әр халық өз тілінде 

оқуға, өз тілінде жазуға, өз тілінде тергеуге 

тиіс артықшылығын баса жазып, айтуға 

кіріскен деп түйіндейді. Насихаты – қазақ 

тілінің кең өркен жаюын күйттеген. Оның 

түсінігінше, енді мемлекет законінен бас­

тап, ауылный комитеттердің ісіне шейін, 

жазу әр халықтың өз тілінде болуы керек. 

Бұған енді дау­дамай жоқ. Тек жүзеге 

шығару ғана қалды. Сүйекке сіңген ескі 

дерттен құтыла алмай, бұл күнге шейін 

орыстан хатшы алып отырған болыстар 

бар, мұның атын өшіріп, енді «орысшала­

уды» ұмыту керек, – деп Міржақып төте 

міндет қояды. 

Әрине, мұндай парыз бен қарызды 

түсінушілік жауапкершілігі автономия 

құрылғаннан бері Республика аумағында 

тұратын халықтардың өз тілінде сөйлеуге, 

оқуға, мемлекет істерін жүргізуге 

мүмкіндік туғаннан кейін сол шараларды 

жүзеге асырудың жолдары сөз болады. Бұл 

– тіл мәселесінің маңызын түсіндіру үшін 

Міржақып бұрынғы патшалық тұсындағы 

жағдайды еске түсіре келіп, алдымен 

сол кездің зардаптарынан арылудың 

қажеттігіне назар аударады. 

Автономия құрылып, қазақ тіліне 

мемлекеттік тіл деген мәртебе берілгеннен 

бері іске асырылған игілікті істермен 

қатар, мемлекеттік маңызы бар бұл 

істе әлі де көп кемшіліктер орын алып 

отырғаны заңды еді. Міржақып осы рет­

те «Қазақ тілін жүргізетін комиссияның 

құлағына алтын сырға» деген мақала 

жазып, онда Қызылорда төңірегіндегі 

жергілікті әкімшілік орындарында қазақ 

тілінде іс жүргізуді енгізу барысында рес­

ми қаулы­қарарларды аудару кезінде жол 

берілген қателіктер, ана тілінің өрескел 

бұрмалануын сынға алған еді. Әңгіме бұл 

сияқты өте шетін істе бақылаусыздық, 

бетімен жіберушілік болмауы, оны бір 

орталықтан ұйымдастырып, біліктілікпен 

жүзеге асыру жайында болып отырғаны 

белгілі. Мұндай талап, емеурін қазіргі 

жағдайда да өз күшіне мініп, кең етек 

жайса, мемлекеттік тілдің көсегесі көгере 

түсері анық деп ойлаймыз.

Тілге қатысты проблема көтеру 

«Баспасөз қатесіз болсын!» («Еңбекші 

қазақ», 7.02.1926 ж., №29) деген мақалада 

да белең алған. Жарыққа шыққан кітаптар 

мен мерзімді басылымдарда етек алып 

кеткен емле қателері мен корректорлық 

шалалықтардың төркінінде де сауаттың 

кемшіндігі жататыны белгілі. Сол себепті 

де автор баспасөзде қателерді болдырмау 

үшін өз тәжірибесіне сүйене отырып, 

нақты ұсыныстар енгізеді.

Ана тілін дамытудың маңызын ау­

дармамен ұштастырып талдаған келесі 

бір мақала «Орысшалаған қазақ тілі» 

(«Еңбекші қазақ», 4.07.1926 ж., №141) 

деп аталады. Мұнда әңгіме орыс тілінен 

қазақшаға аударғанда, ұлттық тілдің 

табиғатын бұзбай, түпнұсқаның мазмұн­

мағынасын дәл жеткізе отырып, оны 

мейлінше жатық, сауатты түрде ауда­

ру жайында болған. Яғни аударманың 

ана тілге нұқсан келтірмей орындалуы 

хақында талап пен талғамның тең түсіп 

жатқаны сезіледі.

Иә, ана тілінің нағыз жанашы­

ры, ұлттың ертеңін етене тілімен біте 

қайнатып, болашағын болжай білген 

дарагөй, зиялы М.Дулатовтың қайбір 

сөйлегені де бүгінгінің бүйрегін бүлкіл­

детіп жататындай. Кешеден бүгінге келіп, 

жарықтықтың елесі кезіп, бәрін қолымен 

қойып, қазақ тіліне деген асқан құрметін 

жан­жүрегімен білдіріп жүргендей ме? 

Иә, иә... 

Бүгінгі халіміз нешік? Ана тілінің 

жылдар бойы қордаланып қалған проб­

ле малары біртіндеп, шешіліп жатыр. 

Ауыз ды қу шөппен сүртуге әсте болмай­

ды. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 

2011­2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы» бүкілхалықтық талқы­

лауға ұсынылғаны күпті көңілді дем деп, 

көншіткен сыңайлы. Бірақ тоқмейілсуге 

әлі ерте... «Тілі бардың, тіріде ақысы 

кетпейді» дегенді есте мықтап ұсталық.

. . . А л а ш   а р д а қ т ы с ы   М і р ж а қ ы п 

Дулатовтың туғанына биыл 130 жыл тола­

ды. Жылыстап әлі жылдар өте берер. Уақыт 

алыстаған сайын Міржақыбы халқына 

жақындай түсер!.. Көп біліп қана қоймай, 

інжу­маржанның ең керектісін халқын 

оятуға арнаған ақкөмей, даңғыл ой, кесек 

тілді дара тұлға Міржақып бүгін ортамыз­

да жүргендей, ертеңге бірге қанаттасып, 

қолтықтасып бара жатқандай!.. Айтып­

айтпай не керек, сөз шындыққа тоқтайды. 

Және ол Міржақып сөзі болса ше! 

Россияда жер аз ба?» деп кекесінді әрі 

таңданысты ойға беріледі ол. Жауабы да 

әзір. Шұ  райлы жер аз емес, бірақ соның 

бәрі байлардың, дворяндардың, поме­

щиктердің қолында, олар өз жерлерін 

ешқашан тегін бермек емес, ал аштан өлуге 

шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға 

шамасы жоқ. Түрлі деңгейдегі министрлер, 

жоғарғы шенеуніктер мен генералдар Рос­

сияда көбейіп келе жатқан мұжықтардан 

құтылу үшін оларды біздің қазақтардың 

арасына жер аударуда... 

Шынында да, осындай өз мүддесін 

өзгенің есебінен дөңгелентіп, бұратана 

қазақтарды одан әрмен бұқтыра түсудің 

амалымен ашық қулыққа басқан әміршіл 

жүйе, қызылкөз саясат дегенін біртіндеп 

жүзеге асыра берді. Шенеуніктер қазақ 

даласына мыңдаған мұжықтарды жер 

аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы 

жерлерін тартып әперді. Шенеуніктерді 

арқаланған олар өздеріне жайлы қазақ 

жерін еркін иемденуде. Тұтас ауыл болып 

келіп, бұлар сорлы қазақтарды ұрып­

соғып, бар мүлкін тартып ала бастады.

Осындай кері кетуді көзімен көріп, жа­

нымен сезіп отырған Міржақыптың қаны 

басына шаппағанда қайтсін? Мұжықтар 

жерін тартып алғанша «жоғарыдағының 

пәрмені ғой» деп, бастары бірікпей, тары­

дай шашырап жүрген қазақтың пиғылы да 

оңып тұрмағаны аян: біз біржола бағынған 

халық, қалай билесе, солай билесін, закон 

шығару біздің жұмысымыз емес дейтін 

шығар. Мұндай пиғылдың кері әсерін 

әр қазақтың миына шұқып құйғанша 

Міржақыпта маза қайдан болсын. Жазады, 

түсіндіреді, ашындырып, қитығына тиеді. 

Сөзімнің бір пайдасы болар ма деп, қатты 

қамығып, торығады. Сонда, түйінді ойы 

мынаған саяды: бір патшалыққа бағыну 

құл болу деген сөз емес қой; өз керегін 

өзі білдіртпесе, Петербургте отырған 

шенеуніктер 3­4 мың шақырым жерде ен 

далада көшіп жүрген қазақтың тұрмысын 

қайдан біледі. Міне, көңілдегі қыжылдың 

мәнісі қандай?

Жер! Жер! Жер! М.Дулатов жүрегінің 

дүрсілі осы! Тепкіленіп, атқыланып соғады. 

«Оян, қазағында» «Жер кетті...» деп күллі 

қазағына жар салуы да сондықтан. Жүз рет, 

мың рет айтса да, ол бір тілегінің орында­

ларына үміт артады: «надандық түнегінде 

адасқан бейшара қазақ халқын жетектеп 

жарық дүниеге шығарушы қаһармандарға 

мұқтажбыз. Тілесе кісі жоқ емес, уақыт 

та өткен жоқ» деп «жердің жыртысын 

жыртатын» дуалы ауызды, көкірегі ояу 

зиялылардың осынау үгіт­насихатқа ара­

ласуын қалайды. 

...Қазақта қазір бұл тұрғыда бірауыз 

«Қазақ» газеттері мен «Айқап» журна­

лында жүйелі жариялап отырған. «Біздің 

мақсатымыз» («Серке», 1907 ж., №84) де­

ген мақаласында ол: «...Енді шенеуніктер 

біздің дінімізге, атадан мұра болып 

келе жатқан әдет­ғұрпымызға, біздің 

молдаларға ғана тиісті неке мәселесіне да 

араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға 

алды» деп дінге қатысты қыспақтың кейбір 

қисынсыз негіздерін таратып баяндаған. 

« М ә с ж і д   ( м е ш і т )   –   м е д р е с е 

хақында» деген өлеңінде: «Дегенмен 

«мен мұсылман», іс бітпейді, Бұл күнде 

жұрттың көбі дін күтпейді. Қазақша киім 

киіп, сөйлегенмен, Мойныңнан фа­

рыз, уәжіп бір түспейді» деп діни міндет, 

борышқа деген саналылықтың селдірлігін 

шым­шымдап сынап өтеді. Әрі қарай 

оқысаңыз, кедергінің түп­төркіні ашыла 

түседі: «Қазақтың көп жерінде мешіті 

жоқ, Жоғына себеп болған миссионер 

поп. Екінші, халықтың өзі ықылассыз, 

Не ғылып исламға ашылсын ход»? Өлең 

тұжырымында ащы мысқыл мен кекесінге 

қоса, міскін тұсын аңдатып, ойға баты­

ратын, сонысымен шешуші қадамға тас­

түйін бекіндіретін, түйсікке салмақ салған 

қорытынды шумақ бар: «Оңбассың бойда 

жүрсе бұл мінезің, Теріс пе насихатым бұл, 

біл өзің. «Әйтеуір, ата­бабам мұсылман» 

деп, Дүрмекті қоя­тұғын келді кезің» дейді 

міндет пен парызға еліктіре түсіп.

Айтулы ақынның іргелі бір жетістігі 

– «Насихат ғумумия» деп аталатын он 

жеті бөлімнен тұратын ұзақ өлеңі. Оның 

дінге қатысты шумақтары да баршылық. 

«Тарылып дін, дүниеміз бара жатыр

Япырмау, білген бар ма – мұны ғажап? 

Ойламас ертеңгісін не болар деп, Салы­

нып жалқаулыққа біздің қазақ» деп ақын, 

имандылықтың өрісін кеңейте алмаудың 

кесіріне шыланып қалмаудың сезігінен 

сақтандырады. Дінді тек қана апиын 

ретінде құбыжық етіп көрсетушілердің 

кері үрдісті пікіріне мойынұсынбайтынын 

ашық айғақтайды немесе дін ағымының 

жат пиғылды насихатынан жирендіру 

мақсатымен жазған ғақлияларының да 

жөні бөлек. Мысалы, «Мұң» өлеңінің 

сарынынан соны аңғарамыз. «Шариғат 

сатып, мал жиғанға салынбай, Ағарт 

жұртты, молдекелер, қамдан да...» деп діни 

алдампаздардың әрекетін әшкерелейді. 

Патшалық Ресей кезеңінің діни 

бағытта жүргізілген кейбір сауалнама­

ларында мектеп­медреселер мәселесіне 

қатысты ой өрбітіліп, нақты жауаптар 

алынғаны белгілі. Мәселен, «Мектеп 

һәм медреселердің мақсаты не нәрсе?» 

деген сұраққа былайша жауап берілген: 

«Мұсылман балаларына оқу, жазу 

шетінен медресе ашпақшы болып, елден 

мал жинамақшы қарекеттеріне бүйрегі 

бұрмайтынын жасырмайды. Орынсыз 

шығын неге керек деп намыс түрткілейді.

Мұсылмандық ағартушылықта діни 

құндылықтарды басты айналымға түсіре 

білген М.Дулатовтың еңбегі орасан зор. 

Оның «Үлкеніміз қадимлыққа жазылып, 

Жәдит деген партияда жас болдық» деп 

бұл ағымды қолдауға үндеуі тегіннен­

тегін емес. Бір есте ұстарлығы сол, ол 

дін туралы насихатында дабыра, қызыл 

сөзден мүлдем адалық танытып, тек 

түсіндіру ыңғайындағы жанашырлық 

пейілімен дараланып отырады. Қалай 

сеніп, қалай ұғынуды оқушының өзіне 

жүктейді. Саралап, пайымдап, безбендеу 

арқылы әркімнің ойлау еркіндігіне қанат 

байлайды, таңдауға құлшыныс жасатады. 

Міне, нағыз теологтың имандай сендіргіш 

қасиеті де осындай шеберлікте жатса 

керек­ті. 

Діндер үнқатысуы және  адамзат 

т а ғ д ы р ы   т ұ р ғ ы с ы н д а   2 0 0 9   ж ы л ғ ы 

1­шілдеде Астанада ашылған Әлемдік 

және дәстүрлі діндер лидерлерінің 

ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстан халқының 

діни және этносаралық татулықты ту еткен 

асыл қасиеттерін әрдайым мақтан тұтамыз. 

Бұл жетістігімізді әлем жұртшылығына үлгі 

етуге ұмтыламыз... Сондықтан Әлемдік 

және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі 

дүниежүзінде дінаралық келісімнің өркен 

жайып, өркениеттердің өзара үндестік 

табу ісінде айтарлықтай рөл атқарады деп 

есептеймін» деп дәйекті пікірін білдірді. 

Сөз төркіні осынау ойлы пайымнан айқын 

аңғарылып тұрған жоқ па!

Иә, өркениеттің өзегі – дін екендігіне 

ақыл жетіп, көңіл тоғайғаны қашан. Бүгінгі 

қоғамдағы ең бір зәрулігі басым мәселе 

деп, мемлекет пен діннің дұрыс қарым­

қатынасын анықтауға қатысты мәселелерді 

айтсақ керек. Біртіндеп шешіліп жатқанға 

да ұқсайды. Дегенмен, нақты үлгідегі, 

«міржақыпша» талдаудың кемшіндігі, 

кейде таяздығы, тіпті долбарлығы сезіліп 

қалып жатады... Арыла білу, айқындала 

білу – уақытқа сын!

***


Мірдің оғындай осы «хараб» сөзі 

Міржақыптың тіліне тегіннен­тегін 

оралмаған шығар! Құру, күйреу мәніндегі, 

«мен қазақпын» дегеннің намысын 

тілгілеп, шарадай көзін шарасыздықпен 

аштыратын қайқы қылыш жүзіндей лыпып 

тұрған «жан алғыш» сөз. Міржақып іштей 

мүжіліп, «Сырым» деп өлең жазып, өз сы­

рына өз мұңын қосып күйзелгенде, жұртқа 

пайдасын тигізуге асығып, ынтыққан. 

Әйтпесе: «Баста – бақыт, қолда – дәулет, 

тәнде – жан, Кім айта алар, үнемі кетпей 

тұрарын. Мұның бәрін білсең, қазақ бала­

сы, Халің хараб, онан да ғажап шыдауың» 

деп, кімге базына айтып, зарымен запыран 

құстырар десейші. Жанға жұмсақ лири­

касын үлбіреген сезімге шылап, жайлы 

жата бермес пе еді? Өйте алмайтын еді, 

Міржақып. Өткір найзасы – өміршең 

өлеңін қазағының қанын жүгіртіп жаза 

берді, түпкі көздегеніне тиіп жатты. Енді 

ол ішкі сырымен жасырын жымдаспай, 

Ш

ЕР МЕН МҰҢ ШЕШІМІ




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал