Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда



жүктеу 1.02 Mb.

бет2/11
Дата09.01.2017
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

БАРшАғА БІРДЕй ОСы зАМАНғы МЕМлЕКЕТ: 

Қазақстан республикасының Президенті, «нұр отан» партиясының төрағасы н.Ә.назарбаевтың партияның XVI съезінде сөйлеген сөзі



Ұлы 

жеңіске

ж ы л

Орталық сайлау комиссиясында болды

Облыстардың және Астана мен Алматы 

қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес 

өткізді 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 

Президентіне кандидат ретінде мемлекеттік тілден сынақ тапсырды.

Бұл үрдіс ел Конституциясында бекітілген тәртіпке сәйкес 

өтті.

Қазақстан Президенті барлық тапсырманы сәтті орындады. 



Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Біздің күшіміз – бірлікте» 

деген тақырыпта жазба жұмысын жазып, Ілияс Есенберлиннің 

шығармасынан үзінді оқыды, ал ауызша әңгімеде «Бабалар сөзі 

– даналық көзі» тақырыбында сөйледі.

Лингвистикалық комиссия қорытындысы бойынша 

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген деп 

танылды. 

Кеңесте өңірлік дамудың қазіргі мәселелері, соның ішінде 

қоғамдық­саяси тұрақтылықты, биылғы жылыту маусымын 

үзіліссіз аяқтауды, көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты 

қамтамасыз ету, сондай­ақ бюджет қаражаттарын басқару, 

жергілікті жерлердегі баға мен тарифті мониторингтеу жайы 

қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы 

өңірлерді әрі қарай дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді. 

Б е л г і л і   ж у р н а л и с т ,   ғ а л ы м 

Сағымбай Қозыбаевтың орыс тілінде 

жарық көрген «Опаленная войной. 

Казахская фронтовая печать» деп 

аталатын кітабы бар. Сол кітапта 

келтірілген деректерге сүйенсек, 

майдан жылдары қазақ тілінде 16 

газет жарық көріпті.

 «Қазақ тіліндегі майдан газеттері 

1942 жылдан шыға бастады. Бағыты 

айқын, мақалалардың тілі жауын­

герге ұғынықты тілде тартымды 

әрі қызықты етіп жазылды. Басты 

мақсат жауға деген жеккөру сезімін 

тудыру, отанға деген сүйіспеншілікті 

а р т т ы р у   б о л д ы »   д е п   ж а з а д ы 

Сағымбай Қозыбаев. 

Бүгінде Алматыдағы Қазақ­

стан Республикасы Ұлттық кітап­

ханасының «Сирек қол жазбалар 

қорында» майдан газеттері сақтаулы 

тұр. Атап айтқанда, «Алға жауға 

қарсы», «Жауға қарсы аттан», 

«Қызыл Армия», «Майдан прав­

дасы», «Отан үшін», «Отан үшін 

ұрысқа», «Отанды қорғауда» және 

т.б. Жиыны оншақты газет. Бірақ 

майдан газеттерінің барлық жыл­

дары мен айлары түгел деп айту 

қиын. Өйткені кейбір газеттердің 

тігінділері жекелеген айлар бойын­

ша ғана болса, кейбіреулерінің бір­

жылдық немесе екіжылдық ғана 

тігінділері бар. Осы жерде мәселе 

туындайды. Біздіңше, майдан жыл­

дарында жарық көрген газеттердің 

толық тігінділері Мәскеудің, 

Санкт­Петербург қалаларының 

кітапханаларында сақтаулы болуы 

тиіс. Соның толық көшірмелерін 

Қазақстан Республикасы Сыртқы 

і с т е р   м и н и с т р л і г і   а р қ ы л ы 

еліміздің Ұлттық кітапханасына 

неге алдырмасқа? Өйткені ол га­

зеттерде қазақ жауынгерлерінің 

қаншама тағдыры, өмірі жазылған. 

Соғысқа байланысты іздеп таба 

алмай жүрген көптеген құнды де­

ректер де сол газеттерден табылуы 

бек мүмкін. Біз ол басылымдардан 

із­түссіз жоғалып кеткен отандас­

тарымыз, қандастарымыз тура­

лы да керекті деректер табар едік. 

Осыған ел Үкіметі назар аударар 

деген сенімдеміз. 

 Ал енді жоғарыда айт қа ны­

мыздай, майдан газеттерінің сар­

ғайған беттерін парақтауға көшейік. 

«Отанды қорғауда» деп аталатын 

газетті қарап, оқып отырмыз. 

№3 саны. 1942 жыл 18­қараша. 

Атақты майдан журналисі Илья 

Эренбургтың «Қазақтар» деп атала­

тын мақаласы көзімізге оттай басыл­

ды. Оқиық: «Маған бір фриц мынан-



дай деді: «Бізге қарсы қорқынышты 

«Осылай соғысады жігіттер»

БЕС иНСТиТУТТыҚ РЕфОРМА

Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Неміс басқыншыларының туы жығылғанына, фашизмнің күйрегеніне 70 жыл. 

Адамзат баласының тарихи шежіресінде 1941-1945 жылдар қанды қырғынмен, жаудан қорғанған елдер үшін аса 

бір қиын, ауыр жылдармен есте қалды. Майдан шебінде бәрі болды: бомба да жарылды, оқ та атылды, мина да 

қойылды, снаряд да көкке көтерілді. Бәрі де Ұлы Жеңіс үшін еді. Сонымен қатар бұл жылдары жауынгердің рухын 

демеп, жігер-қайратын жану үшін, жалпы соғыстың қалай жүріп, қандай жетістіктерін барын таразылап айтып 

отыру үшін майдан газеттері жарық көріп жатты. Бүгінде бұл газеттерде жазылған дүниелер отты жылдардың тірі 

шежіресіндей. Оқып отырып, толқисың. Жеңістің қандай қиындықпен келгеніне көз жеткізіп, ардагерлеріміздің ал-

дында бас иесің. Оларға деген құрметің арта түседі. Мұны айтып отырған себебіміз, біз газетіміздің осы нөмірінен 

бастап «Майдан газеттерінен» атты жаңа айдар ашып отырмыз. Мұнда сол газеттерде басылған мақала, хабар, 

ақпарат, очерк, репортаждардан үзінділер басып, оқырман назарына ұсынатын боламыз.  

 Көрмеде жұртшылық назарына 

еліміздің Конституциялық даму сатыла­

рын бейнелейтін ғалымдардың кітаптары, 

зерттеу еңбектері, ақын­жазушылардың 

туындылары ұсынылып, олар «Жеті 

жарғы», «Қазақстан Республикасының 

Конституциясы», «Балалар құқығының 

заңдары», «Жастар саясаты заңы» деп ата­

латын төрт бөлімге бөлінді. Бұл көрменің 

ерекшелігі әр бөлім бойынша жеке­жеке 

таныстырылым жасалды. 

Атап айтқанда, бірінші бөлім бойын­

ша №37 мектептің 9­сынып оқушысы 

Жанғали Зарема сөз алып, «Жеті жарғы» 

туралы баяндады. Сонымен қатар ол 

ұрпақтан­ұрпаққа жеткен «Қасым 

ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі 

жолы» жайында да мағлұмат берді. 

«Қазақстан Республикасының Кон­

ституциясы» деп аталатын бөлімде 

оқырмандардың назарына Қазақстан 

Республикасы Конституциясының 

бекітілген күні, құрылымы, ережелері 

туралы ақпарат берілді. Оқырман қауым 

құқық жөніндегі әдебиеттермен та­

ныс болды. Қазақстанның бүгінгідей 

жетістіктерге жеткені, қол жеткен 

игі істердің барлығы Конституция 

қағидалары сақтала отырып жасалғаны 

тілге тиек етілді. 

 «МЕнің ЗАңыМ – 

ӘДілЕТТің Тұғыры»

басқосу


Ақтөбе қаласында облыстық Н.Байғанин атындағы кітапханада Қазақстан Республи-

касы Конституциясының 20 жыл толуына орай «Менің заңым – Әділеттің тұғыры» 

тақыры бына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Ал «Балалар құқығының заңдары» 

д е п   а т а л а т ы н   ү ш і н ш і   б ө л і м н і ң 

ерекшелігі жайында Ақтөбе облыстық 

білім басқармасы Балалардың құқығын 

қорғау  бөлімінің бас маманы Әмина 

Нұрманова айтып берді. Ол Балалар 

конвенциясы 1998 жылы қараша айында 

қабылданып, 1990 жылы күшіне енгенін, 

1994 жылы ратификацияланғанын атап 

өтті. Конвенцияның мәні өте зор екенін 

мәлімдеді. Ақтөбе облысы бойынша 

балалардың құқығын қорғау жөнінде 

көптеген іс­шаралар өткізілгенін, қалада 

сенім телефондары іске қосылғанын 

айтты. 


Оқырманға түсінікті болу үшін 

айта кетейік, Конвенция ол арнаулы 

мәселелер жөніндегі келісімшарт болып 

есептеледі. Осы Конвенция негізінде 

2002 жыл тамызда Қазақстанда «Балалар 

құқығы туралы» Заң қабылданған бола­

тын. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 

Осы ережелерді бұлжытпай орындау – 

парыз. 

Ақтөбе облыстық жастар саясаты 



мәселелері басқармасының маманы 

Гүлнар Мақатова «Жастар саясаты ту­

ралы» Заң жөнінде айтып берді. Ма­

ман аталған Заң 5 тараудан, 30 баптан 

тұратынын заңның әрбір баптарына 

тоқталып түсіндірді. Жастар бұл Заң тура­

лы хабардар болғаны абзал екенін орынды 

атап өтті. Өйткені Елбасы Қазақстанның 

жастарына ерекше сенім артады. Сол 

сенімнің үдесінен шығу – бүгінгі жас 

үшін үлкен мақсат болуы тиіс екені 

анық. Көрме барысында М.Бөкенбаев 

атындағы Ақтөбе Заң институтының 

инс пекторы Дамир Сарқұлов пен инсти­

тут курсанттары «Жастар саясаты тура­

лы» Заңының 3­4 баптарының мақсаты 

мен міндеттері және қағидаттарын 

талқылады, өзара пікір алмасты. 

Осылайша «Менің Заңым – Әділеттің 

тұғыры» атты көрме оқырмандар үшін 

өзінің тағылымымен ерекшеленді. 

Жиынның қорытынды сөзін кітапхана 

директоры Бақытгүл Снабаева алып, 

мұндай басқосу өскелең ұрпаққа зор 

тәлім­тәрбие беретінін, өз елінің патрио­

ты болып өсуіне септігін тигізетінін тілге 

тиек етті. Шараға қатысушыларға алғыс 

білдірді. 



Б.Исатаева, 

Н.Байғанин атындағы облыстық 

балалар кітапханасы

Жоғары сынып оқушыларына 

қызмет көрсету

 бөлімінің меңгерушісі 

солдаттар болды, оларды ешқандай 

оқ тоқтата алмайды, олар бізге тура 

жүгіреді. Бұлар қазақтар деп маған 

кейін айтты. Мен бұрын мұндай 

халықтың барын білгенмін...». Күн 

шығыстың даласында көптен бері 

ыстық пен қатты суыққа үйреніп 

кеткен қайратты халықтар тұрған. 

Қазақ ақындары қазақтың кең даласы 

туралы, батырлардың батырлықтары 

туралы жырлаған. Батырға ұяттан 

қымбат нәрсе жоқ. «Маған жалғыз-

ақ ұят қымбат» деп алты құлаш 

найзасын алып, Ертарғын батыр 700 

дұшпанға қарсы шыққан. Москваны 

қорғаған 28 батырдың көз алдында 

Тарғынның осы бейнесі елестеген 

емес пе? 

П а н ф и л о в ш ы л а р д ы ң   б і р е у і , 

19 жастағы Сұлтан Ходжиков 

Алматыдағы өзінің сүйгеніне былай 

деп жазады: «Жоқ, менің сүйгенім 

Эсфира, мен сені немістің қорлығына 

бермеймін! Өлем, бірақ шегінбеймін. 

Мен ондаған арамдарды жаңа олардың 

полковнигімен қоса о дүниеге ат-

тандырдым. Бұл менің сүйгендігімнің 

белгісі, Эсфира. Сенің Сұлтаның». 

Он бір немісті полковнигімен жоқ 

еткен жігіттің сеніміне қандай қыз 

қуанбайды. 

...Ауыр жараланған қазақ Әмірбек 

Ильясов жанармай құйылған шыны-

мен неміс танкісін өртеуге өзінен күш 

тапты. Бұл ер жүректі кішкентай 

қазақ. Фрицтер енді қазақтың кім 

екенін кәзір білді. Қазақ Увалиев 29 

немісті атты, 29 рет жауынгерлер 

«Ура» деп айқайлады. Пулеметчик 

қазақтар Естаев, Балапанов неміс 

жаяу әскерлерін танкіден бөлді. 

О л а р   н е м і с т е р д і   1 5 0   м е т р 

жақындатып, содан кейін ата бас-

тады. Сонда Балапанов Естаевқа 

айтты: «Жаудың өлімтігінен жақсы 

иіс шығады» деген рас екен. 

...Қазақ Ирисов жауынгерлерді 

ұрысқа бастап барды. Жаралы болған 

Ирисов, ұрыс даласынан оқ тиген 

командирді алып шықты. Ирисов-

ке «Санчастіге бар» деді. Ол «Жоқ 

соғысуға барам» деді. Фронтқа кетіп 

бара жатқан Ошім Қосқабаевті бүтін 

ауыл болып шығарып салды. Ошімнің 

әкесі, сақалды қазақ баласына былай 

деді: «Ошім, біздің жеріміздің қандай 

екенін ұмытпа. Жеріміз жақсы – бұл 

жерде бидайда, қарбызда, кендірде 

бәрі бар, бұл сенің жерің, неміске 

берме»  деді. Ошім пулеметчик бол-

ды. Ауыр күннің бірі еді: немістер 

атакаға шықты. Мина таусылды. 

Ошім қолына винтовка алып «Соқ 

немісті» деп жауға қарай жүгірді. 

Оның соңынан басқа жолдастары 

да жүгірді. Ошім неміс офицерін 

штыкпен түйреді. Сол күні Ошім 4 

рет қолдасқан соғысқа қатысты. 

Ол бірнеше немісті түйреді. Ошім 

жаралы болды. Оған жолдастары: 

«Қосқабаев госпитальға бару керек» 

деді, оған Ошім «Госпитальдың керегі 

жоқ, одан да немістерді соғу керек» 

деді, жаңа стройда қалды. Осылай 

соғысады жігіттер. 

Ленинградты қорғаушы қазақ 

Дяган Коквалин атакаға кетіп бара 

жатқанда снаряд оның винтовка-

сын бөліп тастады. Дяган қорыққан 

жоқ. Ол жауға гранатпен шықты. 

Қазақтар далада атқа мініп өскен. 

Керек болса олар еңбектейді, жүгіреді, 

батпаққа түседі, оларды ешнәрсе 

тоқтата алмайды...

Илья ЭрЕнБУрГ

 

Майдан жылдарындағы газет­



тер: «Қазақ жауынгерлері, неміс 

арамдарын аямай жой!», «Неміс 

оккупанттарына өлім», «Тілесең 

жеңісті, өлтір немісті», «Кек ал, жау­

ын гер» және т.б. ұран сөздермен, 

айдарлармен жарық көрген екен. 

Жеңістің сәттерін бейнелейтін 

мақала, хабарлардың өзі: «Жексұрын 

дұшпан тапталды», «Төрт атқыш 

517 немістерді жойды», «Айбынды 

қазақ халқы – Совет отаны үшін 

күресте» және т.б. тақырыптармен 

оқырманына жол тартқан. Газет 

бетінде ақпарат, хабар, мақала, 

әңгіме, хат, пікір, ереже, ертегі, 

бұйрық, жауынгерлердің жазған 

хаттары басылған. 

«Отанды қорғауда» газетінің 

1942 жылғы 25­қараша күні шыққан 

с а н ы н д а   қ а з а қ   ж а у ы н г е р л е р і 

И.Абенов, Ш.Рыспеков, Тинбаев, 

Амирбековтердің редакцияға жазған 

хаты басылыпты. 

Оқиық: «Қазақ тілінде шығатын 



«Отанды қорғауда» газетін оқып өте 

қуанып қалдық. Біздің ана тілімізде 

шығып тұратын газета өте ке-

рек. Сталин жолдастың баянда-

масы мен бұйрығының қазақшаға 

аударылғанына біз өте қуандық. Қазір 

көсемнің баяндамасы мен бұйрығын 

оқып терең түсіндік. Ленин қаласы 

үшін табанды, жігерлі түрде күресіп, 

қазақтың жауынгер жігіті деген 

атты былғамаймыз». 

Қазақ жауынгерлері майдан 

шебінде ерекше ерліктерімен, ұрыс 

қимылдарына деген ептілігімен 

көзге түскені белгілі. Біз мұны газет 

бетінде басылған Д.Ережебаев деген 

азаматтың «Пулеметті меңгеремін», 

мақаласынан, сондай­ақ старшина 

К.Байғаловтың «Елі үшін ер өлер» 

атты мақалаларынан оқып куә бола 

аламыз. 

«Пулеметті 

меңгеРеміН»

Мен винтовканы, гранаттың 

қандай түрінде, автоматты жақсы 

меңгердім. Тактикалық ойындар-

ды жақсы үйренудемін. Қазір қол 

пулеметті үйренуге кірістім. Қол 

пулеметі ыңғайлы, жауға өте күшті 

қорқыныш беретін, айбатты қару. 

Қол пулеметін үйреніп, жауды қыруға 

дайындалудамын. Сүйтіп жолдас 

Сталиннің бұйрығын орындауда, 

өзімнің соғыс білімімді көтеремін. 

Қызыл әскер 

Д.ЕрЕЖЕБАЕв 

«елі үшіН еР өлеР»

Б і з   ө з і м і з д і ң   о т а н ы м ы з -

ды неміс фашист озбырларынан 

қорғайтынымызды жақсы білеміз. 

Өзіміздің әке-шешемізді, апа-

қарындастарымызды, әйелдерімізді, 

балаларымызды неміс қанішерлерінің 

аяғына таптатпауымыз керек. 

Олар бізді неміс фашистерінен қорға 

дейді. Біз бұны орындауымыз керек. 

Отан басында ауыр күндер төніп 

тұрғанда, біз жауға ешбір мейірімсіз 

болуымыз керек. Біз Ленинград-

ты немістерден осы кезге дейін 

қорғадық, әлі де қорғаймыз. Мен Ле-

нинградты қорғаушы деген ардақты 

атқа ешбір кір келтірмеймін. Ке-

рек болған уақытта Ленинградты 

қорғауда жанымды аямаймын. «Елі 

үшін ер өлер» деген қазақ мақалы бар, 

бұл орынды сөз. Отан үшін жанымды 

аямай күресемін» деп серт етемін. 

Старшина

 Байғалов К. 

Басылым бетінде жауынгер­

лерге арнап жазған аналарының 

хаттарын көптеп кездестіруге бо­

лады. Мәселен, «Өлтір немісті» 

тақырыбымен Қатыш Жүнүсованың 

жарық көрген хатын тебіренбей, 

бейжай оқу мүмкін емес. Жарық 

көрген уақыты 16.12.1942. «Отанды 

қорғауда» газеті. 



өлтіР Немісті! 

Өз Отаны үшін, советтер 

халқының бұзылмас достығы үшін, 

фашист айуандарына қарсы та-

бан тірескен күресте, өздерінің ел 

алдындағы борыштарын Қызыл Ар-

мия жауынгерлері шын ниетімен 

орындауда. Қызыл Армия тылдағы 

біздің колхоздар, совхоздар, басқа 

кәсіп орындарымен өте тығыз бай-

ланысты. Бұны төмендегі қарт 

Қатыш Жүнүсованың майдандағы 

баласына жазған қаты дәлелдейді. 

«Сүйікті қарғам Сәлім! Саған бүгін 

сәлем жолдаушы қарт анаң Қатыш. 

Мен сенің қатыңнан Ленинград май-

данында екеніңді, Ленин қаласының ер 

жүрек қорғаушыларының бірі екеніңді 

естігенде өте қуанып қалдым. Сен 

Ленинградты немістерден қорғасаң, 

өзіңнің туған Қазақстаныңды 

қ о р ғ а й с ы ң .   Л е н и н г р а д ,   М о -

сква қазақ халқының мәдениеті, 

ауылшаруашылық тұрмысының алға 

өркендеуіне жәрдемші болғанын 

есіңнен шығарма. Біздің колхоз 

жақында Қызыл Армияның астық 

фондасына 100 центнерден аса 

жақсы сапалы астық тапсырды. 

Қазір Ленинград, Сталинградтың 

батыр қорғаушыларына жаңа жыл 

сыйлығын жіберуге, жылы киімдер, 

тәтті құрттар, ірімшік, майлар 

дайындап жатырмыз. Біздің барлық 

еңбектеріміз сіздерге көмек үшін, 

фашист зұлымдарынан совет жерін 

тазалау үшін. Сондықтан да олар-

ды аямай жоя бер. Совет жерлерін 

ол сұмырайлардан тазартып, ұлы 

жеңіспен үйге қайт. 

Жазған қарт анаң Қатыш. 

9 ноябрь. 42-жыл. 

Ұлы Жеңіс күнін жақындатуға 

деген елдің рухы, халықтың жігері 

бұл газеттерден айқын сезіледі. 

Олай болса, біз алдағы уақытта 

майдан газеттеріне шолу жасауды 

жалғастыратын боламыз. 

Дәуіржан төлеБаев

майдан газеттерінен

Жаңа айдар:



Қазақстан халқы Ассамблеясының 

«Нұр Отан» партиясы XVI съезінің 

Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан 

Республикасының президенттігіне кандидат 

етіп ұсыну туралы шешімін қолдау туралы

ү н д е у і

тамыр­таныстықты туындатады, кадрлық 

әлеуетті төмендетеді. Сонымен бірге еңбекке 

ақы төлеудің төмендігінен мемлекеттік 

қызмет тартымсыз күйінде қалуда. Көбіне­

көп мемлекеттік қызметшілерде айқын 

мансаптық келешек жоқ, ал қызметте 

жоғарылау сол баяғы қамқоршыларға 

байланысты. Мен маңызды мемлекеттік 

бағдарламалар мен жобалардың түрлі 

деңгейлердегі жекелеген шенеуніктердің 

біліксіздігінен «зардап шегіп» жатқанын 

білемін.


Сондықтан мемлекеттік қызметшілер 

корпусын кәсіби және автономиялы етіп 

жасау маңызды міндет болып табылады. 

Сайлаулар, министрлердің, әкімдер мен 

өзге де басшылардың ауысуы әкімшілік 

мемлекеттік қызметке әсер етпеуі тиіс. 

Ағымдағы позициялылықтан мемлекеттік 

қызметтің мансаптық моделіне көшу қажет. 

Әрбір басшы төменнен бастап барлық 

басқару сатыларынан өтуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілерге, олардың 

б а с қ а р у   ү д е р і с і н е   қ о с қ а н   ү л е с і н і ң 

нәтижелілігі бойынша еңбекке ақы төлеудің 

жаңа жүйесін енгізу қажет. Олардың 

қызметтері мен экономикада қол жеткізген 

табыстарының әр жылдағы нәтижелері 

бойынша саяси қызметшілер үшін бонус­

тар және әкімшілік қызметшілер үшін 

сыйақылар төлеуді қарастыру қажет. Жақсы 

жұмыс істесе, бонус алады. Жаман жұмыс 

істесе, экономикада өсу және нәтижелері 

жоқ болса – тиісінше, еңбекақысы да 

төмендейді.

Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге та­

лантты кандидаттарды, соның ішінде жеке 

сектордан да, іздеудің жаңа арналарын аша­

тын уақыт келді. Белгілі бір лауазымдарға 

шетелдік менеджерлерді тарту орынды 

болмақ. Тілді білмеу де, азаматтық та бұл 

орайда кедергі болуға тиіс емес. Көптеген 

табысты елдер осылай жасайды.

Мемлекеттік қызметке қабылдау 

үшін біліктілік талаптары қатаңдатылуы 

тиіс. Барлық деңгейлердегі мемлекеттік 

қызметшілерді толық аттестаттаудан өткізу 

қажет. Меритократия қағидаттарын қорғау 

және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу 

бойынша жүйелі жұмысты жолға қою 

маңызды. Ол үшін Мемлекеттік қызмет 

істері агенттігінің құрылымында сыбай­

лас жемқорлықпен күрес жөніндегі жеке 

дербес бөлімшені құру қажет. Мерито­

кратия тек мемлекеттік аппарат үшін ғана 

емес, сонымен бірге, соттарды, құқық 

қорғау органдарын, ұлттық компания­

лар мен холдингтерді қоса алғанда, бүкіл 

мемлекеттік сектор үшін де жалпыға бірдей 

қағидатқа айналуы тиіс.

Бізге Мемлекеттік қызмет туралы жаңа 

заңды әзірлеу, «Сыбайлас жемқорлыққа 

күрес туралы» Заңға өзгерістер енгізу қажет 

болады. Мемлекетке қызмет ету біздің 

қоғамымыздың бірлігін нығайту үшін негіз 

болуы тиіс. Мемлекеттік қызмет этностық 

қатыстылығына қарамастан меритократия 

қағидаттары негізінде өзін­өзі көрсетуге 

бірдей мүмкіндіктер беретін әділетті 

қазақстандық қоғамның түпбейнесіне ай­

налуы керек.

Екінші – Меншік құқығына кепілдік 

беретін, кәсіпкерлік қызмет үшін, 

келісімшарттық міндеттемелерді қорғау 

үшін жағдай жасайтын, түптеп келгенде 

экономикалық өсім үшін негіз болатын 

заңның үстемдігін қамтамасыз ету.

Бүгінде сот жүйесінің әлсіз буыны – 

судьялар корпусы арасындағы сыбайлас 

жемқорлық көріністеріне жиі­жиі соқтырып 

жататын судьяларды іріктеу, судьяларға 

қойылатын біліктілік талаптарының 

тиімсіздігі. Судьялар корпорациямен 

меңіреу тұмшаланбауы тиіс және қоғамдық 

сыннан тыс болмауы керек. Ашықтық 

– судьялар қатарындағы жемқорлықтан 

емдейтін дәрі.

Ішкі істер органдарының жұмысы да 

қоғам үшін мөлдір емес. Полиция қоғамның 

өзіне деген сенімін арттыратындай етіп 

жұмыс істеуі керек. Бүгінде азаматтар жол 

инспекциясы офицерінің жол қозғалысы 

ережесін бұзғаны үшін әкімге немесе ми­

нистрге айыппұл салатынына онша сене 

қоймайды. Бұл ретте АҚШ­тың Мемлекеттік 

хатшысына қатысты таяуда болған мы­

салды келтіруге болады. Джон Керриге өз 

үйінің алдындағы қарды тазартпағаны үшін 

айыппұл салынды.

Сондықтан полицияның мәртебесі мен 

оның азаматтар алдындағы жауапкершілігін 

арттыру қажет. Құқық қорғау органдарының 

м ө л д і р л і г і н ,   а қ п а р а т т ы қ   т е х н о л о ­

гияларды дамыту, патрульдік қызметті 

бейнетіркеушілермен жабдықтау бойынша 

шаралар дестесін қалыптастыру керек. 

Полицияға кәсіби және психологиялық 

і р і к т е у д і ң   ж а ң а   ж ү й е с і н   е н г і з і п , 

полицейлердің өздерінің біліктіліктерін 

тұрақты түрде арттырып және растап оты­

руын қамтамасыз ету маңызды.

Судьяларға қойылатын біліктілік та­

лаптарын қатайту қажет. Судьялар 

корпусындағы орыннан үміткер кан ди­

даттың нотариуста, полицияда немесе 

заңгерлік ЖОО­да емес, сот жүйесінде бес 

жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс. 

Кандидаттар негізгі жұмысынан босатылған 

негізде және бір жылдан кем емес мерзімде 

соттарда өтетін сот тағылымдамасы үшін 

шарт ретінде қатаң тестілік іріктеуден 

өтуі тиіс. Кез келген жоғары тұрған судья 

төменгі соттарда жұмыс істеп көруі керек. 

Сол сияқты қызметін жаңа бастаған судья­

лар үшін ұзақтығы бір жылдан кем емес 

сынақ мерзімін енгізу де маңызды, оны 

табысты өткеннен кейін олардың үздіктері 

судьялыққа сайланады.

Шетелдік және отандық инвесторлар 

қазақстандық әділ соттың адалдығына 

сенімді болуы тиіс. Оған деген сенімді арт­

тыру үшін инвестициялық дауларды қарауға 

шетелдік судьяларды тартып, мұндай 

дауларды шетелдік және халықаралық 

соттардың үздік стандарттары бойынша 

қарау қажет.

Айрықша мәселе – елдің Қарулы 

Күштерін жаңғырту. Олар заманауи, 

жұмылғыш, кәсіби болуы тиіс. Кәсібилік 

және озық қару­жарақпен, сондай­

ақ техникамен жарақтандыру есебінен 

армияның жауынгерлік қабілетін арттыруды 

қамтамасыз ету керек.

Ү ш і н ш і   –   И н д у с т р и я л а н д ы ­

ру және әртараптандыруға негізделген 

экономикалық өсім.

Кәсіби мемлекеттік қызмет және заңның 

үстемдігі орта тапты жедел қалыптастыру 

үшін экономикалық реформалардың 

кешенін жүзеге асыруға жағдай жа­

сайды. Сапалы өсім мен экономиканы 

әртараптандыруға қол жеткізу үшін біз ин­

дустрияландыру бағдарламасын жүзеге асы­

рудамыз. Ол уақтылы және мейлінше қажет 

шара болып табылады. Индустрияландыру 

– экономиканың құралы ғана емес, соны­

мен бірге мемлекет дамуының және орта 

тапты қалыптастырудың маңызды факторы. 

Дегенмен, индустрияландыру мен өңдеу 

секторы әзірге экономикалық өсімнің нағыз 

қозғаушысы бола алған жоқ. Үкімет онымен 

айналысуы тиіс.

Ауылшаруашылығын мемлекеттік 

қолдау жүйесінде де қиғаштықтар бар. 

Аграрлық секторға бюджеттен қосымша 

құны төмен сала өнімдері өндірісін 

субсидиялауға қомақты қаржы бөлінеді. 

Оның үстіне, ауыл өндірушілері салық 

төлемейді десе де болады. Бүгінде ауыл­

шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу сек­

торын жаңа кешенді бағдарламалар негізінде 

дамыту маңызды. Бұл орайда қайта өңдеу 

салаларында трансұлттық компаниялардың 

қатысуымен шамамен 10 ірі жобаны жүзеге 

асыруға кірісу қажет. Индустрияландыру, 

сонымен қатар, шағын және орта бизнес 

арқылы жұмыс орындарын құру мен елдің 

экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталып 

отыр.

Қазір кедендік ресімдеулер көп уақыт 



алады, тариф саясаты күрделі және шым­

шытырық болып табылады, тарифтік емес 

кедергілер әлемдік тәжірибеге кереғар келеді. 

Еуразиялық одақ аясында тариф саясатын 

оңтайландыру бойын ша ауқымды жұмыс 

жүргізу қажет. Болашақтағы басты міндет 

экономикалық даму серпінін қамтамасыз 

ету болып отыр. Жұмыстың қорытындылары 

экономиканы әртараптандыру есебінен 

жаңа 3­4 экспорттық өнімдердің туындауы 

болуы тиіс.

Шағын және орта сервистік кәсіп­

орын дар саласындағы даму шешуші бағыт 

болып табылады. Туризмді дамытудың 

жаңа бағдарламасын қабылдаған жөн. Бұл – 

артық еңбек ресурстарын ауылды жерлерге 

тар тудың маңызды мәселесі. Бізде урбаниза­

ция әлсіз. Халықтың 43 пайызы ауылды 

жерлерде тұрады.

Қазақстанның интеграциялық саясаты 

барысында ел экономикасының әлемдік 

шаруашылық байланыстарға тартылуын 

кеңейту үшін құралдар қалыптастырылды. 

Алматыда қаржы орталығын құру үдерісі 

жоғары серпінділік алуы тиіс. Бұл жерде 

Алматының арнайы мәртебесін заңнамалық 

бекіту маңызды.

Төртінші –  Болашағы біртұтас ұлт.

Б і з   ө з і м і з д і ң   т ұ р а қ т ы л ы қ   ж ә н е 

келісім моделін дамытуда айтарлықтай 

табыстарға жеттік. Қазақстан Консти­

туциясы нәсілдік, этностық, діни және 

әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, 

барлық азаматтың құқықтық теңдігіне 

кепілдік береді.

С о н ы м е н   қ а т а р   қ а з а қ с т а н д ы қ 

біртектілікті одан әрі нығайту қажет. 

Ол азаматтық қағидатына негізделуі 

тиіс. Барлық азаматтар құқықтың бір 

көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің 

бір жүгін арқалауы және тең мүмкіндікке 

қолжетімділікті иеленуі керек. «Мәңгілік 

Ел» идеясы арқауындағы жұмылдырушы 

қ ұ н д ы л ы қ т а р   –   а з а м а т т ы қ   т е ң д і к ; 

еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен 

білімді қастер тұту; зайырлы ел – тағаттылық 

елі. Осындай жағдайда азаматтық орнықты 

және табысты мемлекеттің ең сенімді 

іргетасы болады.

Мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ 

халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. 

Қазақтар Жаңа Қазақстанның болмы­

сын қалыптастыруда барша ұлыстарды 

ұйыстырушы рөлге ие. Бұл – қазақтың 

ұлттық сипатын сақтап, дамытудың және 

еліміздің қазақы болмысын нығайтудың 

басты факторы.

Тілдердің үштұғырлығын – қазақ, орыс 

және ағылшын тілдерін дамыту –қоғамды 

топтастырудың, оның бәсекеге қабілеттілігі 

өсімінің кепілі. Қазақстанның барлық аза­

маттары үшін қандай да бір өзгешеліктер 

мен шектеулерсіз тиімді әлеуметтік 

лифттерді қамтамасыз ету қажет. Біздің 

басты мақсатымыз – қазақстандықтар жаңа 

жалпыұлттық құндылықтарды – құқықтың 

үстемдігін, мемлекеттік дәстүрлерді, 

қазақстандық құндылықтарды – өздерінің 

этностық мінез­құлық модельдерінен 

жоғары қоюлары керек. Барлық қазақ стан­

дықтар үшін қазақстандықтың бойында 

азиялықтың да, еуропалықтың да озық 

сапаларын шынайы сүзгіден өткізетін 

еуразиялық идеясы біріктіруші болып та­

былады.

О р т а   т а п   қ а з а қ с т а н д ы қ   ұ л т т ы ң 



негізі, кәсіби мемлекеттік аппарат 

қалыптастырудың қайнар көзі ретінде 

қарастырылуы тиіс. Бұл – заң үстемдігіне ба­

рынша мүдделі және мемлекеттің халық пен 

елдегі тұрақтылыққа есептілігінің қозғаушы 

күші. Сондықтан нақ кең көлемді орта 

тап ұлттық біртектілікті қалыптастырудың 

өзегі болып табылады. Мемлекеттің аса 

маңызды құжатында ресімделген Мәңгілік 

Ел идеясы жалпыазаматтық құндылықтар 

жүйесі ретінде көрінуі тиіс. Мектеп­

терде бүкілқазақстандық «Мәңгілік 

Ел» идеясының құндылықтарын оқыту 

бағдарламасына енгізу қажет.

Біздің елімізде 17 конфессияның 

өкілдері бейбітшілік пен келісімде тату­тәтті 

тұрып жатыр. Олардың ішіндегі аса ірілері 

– ислам, православие және протестанттық. 

Қазақстан аумағында тарихи қалыптасқан 

Ханафит исламы ұстамдылығымен және 

төзімділігімен, ислам құндылықтарын 

парасатты түсіндіруімен ерекшеленеді. 

Қазақстандағы тегі славян тұрғындарының 

көп бөлігіне тән православие басты мәселе 

ретінде адамның ар­ұяты мен адамгершілік 

таңдауын, ізгілік пен аяушылықты қояды. 

Соңғы жылдары Қазақстанда протестанттық 

шіркеуге барушылар қатары өскені 

байқалады. Протестанттық табысты және 

өнімді еңбекті, ұқыптылық құндылықтары 

мен қайырымды істерді адам өмірінің 

өзегі ретінде қарастырады. Осылайша, 

әр діннің өз қасиеті бар. Олар қашанда 

қазақстандықтарды біріктіріп, бейбітшілік 

пен келісім, қоғам мен экономиканы да­

мыту, мемлекетті нығайту ісіне қызмет етуі 

тиіс.

Бесінші – Транспарентті және есеп 



беруші мемлекет.

Қазақстан қоғамы өзгерістерге кезең­

кезеңмен бейімделіп келеді. Бұл – бізге ішкі 

қарама­қайшылықтардың ушығуға ұрынбай, 

саяси тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік 

беретін маңызды фактор. Көптеген елдердің 

тәжірибесі «әуелі – күшті мемлекет және 

экономика, содан кейін саясат» қағидатын 

бұзу апаттарға алып келіп, қоғамды «сынды­

ратынын» көрсетіп отыр. Біреулерінде саяси 

режімдерді бұзу орын алып, басқаларында 

экономика қирап, жанжалдар және тіпті 

азамат соғыстары пайда болады. Біз мұны 

түрлі елдердің тарихтарынан жақсы білеміз 

және бүгін көптеген мемлекеттерден 

көзбе­көз көріп отырмыз. Әлемнің түрлі 

өңірлеріндегі соңғы азамат соғыстары мен 

қанды жанжалдар тізбегі ойластырылмаған 

және жеделдетілген демок ратияландыру 

мемлекеттің тұрақтылығына кепілдік 

бермейтінін және табысты экономикалық 

жаңғыртуды қамтамасыз етпейтінін көрсетіп 

берді.

Саяси мәдениетсіз сайлаудың салда­



рын көптеген елдердің қазіргі ахуалынан 

бағамдауға болады. Соңғы жылдары кейбір 

елдердің азаматтары еңбек етуді ұмытты. 

Наразылық шерулері сәнге айналды. Адам­

дары митингке шығуға күнделікті жұмысқа 

барғандай асығатын болды. Сол үшін оларға 

арандатушылар жалақы төлейтін болды. 

Сайлау жұртты біріктіретін емес, бау ыр­

ларды бөлетін, ағайынды араздастырып, 

өзара қару кезендіретін болды. Көшедегі 

қарабайыр саясатшылдық пен тек сайлаудан 

сайлауға дейін өмір сүру ақылды елдің жолы 

емес. Елге қызмет ету үшін емес, мансап 

үшін билікке ұмтылу да абырой әпермейді.

Осы орайда ұлы Абайдың қара сөздерін 

еске түсіремін. Ол үшінші қара сөзінде 

былай дейді: «Үш жылға болыс сайланады. 

Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па» деп 

елдің бұлданғанымен күн өтеді. Екінші 

жылы кандидатпен аңдысып күн өтеді. 

Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, 

тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп 

күн өтеді. Енді несі қалды?».

Сайлау – әншейін сайлау өткізу үшін 

емес, елді бірлікке шақырып, жұртты еңбекке 

ұйыту үшін болса, ғанибет. Сондықтан 

жоғарыда айтылып кеткен төрт мақсатты 

орындап, содан кейін  сая си мәселелерге 

көшкен жөн. Бұл жолды дүниежүзілік 

тәжірибе көрсетіп отыр.

Бес институттық реформалар – ел дәл 

осындай ізділікпен өтуі тиіс бес қадам. Тек 

осындай жағдайда ғана біздің реформалары­

мыз тиімді болады, ал қоғам мен мемлекет 

біртұтас және тұрақты болады. Нақ осындай 

жолдан барлық табысты мемлекеттер өткен.

Біріншіден, мемлекеттік органдар 

басшыларының есептілігі тәжірибесін 

кеңейткен жөн. Екіншіден, шешім қабылдау 

үдерісінің мөлдірлігін қамтамасыз ету керек. 

«Ашық үкімет» тетігі арқылы азаматтар 

барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың 

шешім қабылдау үдерістеріне белсенді тарты­

луы тиіс. Бұл үшін жасау және қабылдау алда 

тұрған көпшілік ақпараттарға қолжетімділік 

туралы жаңа заң осыған негіз болады. 

Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер 

жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін 

күшейту маңызды. Үшіншіден, азаматтық 

бюджеттендіруді енгізген жөн. Әңгіме 

азаматтық қоғам өкілдерінің өңірлердегі 

бюджет қаржысын бөлуге қатысуы туралы 

болып отыр. Төртіншіден, шағым жасау 

жүйесін нығайту маңызды. Заңнамада 

азаматтардың мемлекеттік қызметшілердің 

іс­қимылына шағым жасауына мүмкіндіктер 

кеңейтілген болуы керек. Бесіншіден, 

қоғамда өзін­өзі реттеуді кеңінен енгізуді 

қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік ор­

гандар жауапкершілігі аймағын әлеуметтік 

маңызды мемлекеттік қызмет көрсетулер, 

олардың дайындығына орай азаматтық 

қоғам институттарына байланысты 

өкілеттіктерді бере отырып, кезең­кезеңмен 

қысқарту керек.

Осы бес бағыт бойынша оң нәтижелерге 

қол жеткізілуімен жергілікті атқарушы 

органдардың жаңа сайлау жүйесі тура­

лы мәселені шешуге болады. Билік 

өкілеттіктерін біздің дәстүрлерімізді есепке 

ала отырып Президенттен Парламентке 

және Үкіметке қайта бөлуді көздейтін 

конституциялық реформа кезең­кезеңімен 

жүргізілетін болуы тиіс.

Осы бес реформа жинала келіп, 

Қазақстан мемлекеттілігін нығайту мен 

әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену 

үшін жағдайлар жасайды. Бұл –«2050­Стра­

тегиясын» орындауға бастар жол. Бес 

институттық реформаның әрқайсысы – ел 

үшін орасан зор сын­қатер және үлкен 

жұмыс. Мұндай реформалар тек билік 

пен халықтың мықты ерік­жігерімен ғана 

қамтамасыз етіле алады. Әлемдік тәжірибе 

көрсетіп отырғанындай, күшті мемлекет, 

дамыған және либералды қоғам қалыптасуы 

үшін елдің алға қарай 40­50 жыл бойы 

тұрақты қозғалысы қажет.

Ұсынылып отырған шаралар қоғамдық 

қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертеді. 

Оларды жүргізу үшін мен Президент жаны­

нан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия 

құруды ұсынамын. Ол бүкіл реформалар 

кешенін жүзеге асыруды үйлестіретін бола­

ды. Осылайша, біздің алдағы жылдардағы ең 

өзекті мақсатымыз – осы бес институттық 

реформаны іске қосып, кезең­кезеңімен 

жүзеге асыру.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал