Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда



жүктеу 1.02 Mb.

бет10/11
Дата09.01.2017
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

салия ӘБДіКӘРімова

алдар газеттің 4­бетінен бас тап 12­бет 

аралығында жариялану мүмкіндігі бар.  

Әр аптаның бейсенбі күні шығады.  

Таралымы – 20020 дана. 1 шаршы 

сантиметрінің құны, ҚҚС қоса есеп­

тегенде – 900 теңге. 

Газеттің мекенжайы: 050009, Алма­

ты қаласы, Абай даңғылы, 143, 5­қабат.

Редакция телефондары: 394­42­46, 

394­41­30.

Жарнама бөлімі: 394­41­27.

Әділбек ақын поэзиясындағы аза­

мат тық­отаншылдық рухты, ұлттық­

этнографиялық сипатты өлеңдері айрықша 

саралана көрінеді. Өлеңдердегі лирикалық 

қаһарман – қазақ халқының көп ғасырлық 

тарихындағы адамгершілік­имандылық 

ұлағатымен рухтанған, ата­бабалардың 

жауынгерлік­қаһармандық тағылымын 

ұстанған ұрпақтардың көркем жинақталған 

тұлғасы. Ақынның азаматтық­отаншылдық 

сарынды өлеңдеріндегі лирикалық 

қаһарманның сан алуан сезім тебіреністері, 

толғаныстары құрсауындағы перзенттік 

борышты сезіну мұратындағы ойларының 

парасат биіктігіндегі болмысын танимыз. 

Ақынның азаматтық өршіл қаһар­

мандық рухты өлеңдеріндегі ортақ идеялық­

поэтикалық желі – Қазақ мемлекеттілігінің 

дерекнамалық­тарихнамалық тағылымын 

ұлықтау. Кең­байтақ Қазақ Елінің мың­

жылдықтар бойы өзін­өзі сақтау, бірігу 

ұс танымынан айнымағанын «Алатау» 

өлеңінде көркем шындық поэтикасымен 

жырлауының ұлттық тарихи сананы сер­

піл тетін тармақтары («Әр тасыңда тарихым 

бар сарқынды», «Пәс көңілге текті тұрқың 

дем берер», «Қасиетті сенің әрбір сілемің») 

қазіргі және болашақтағы отаншыл ұрпақ 

санасын рухтандыра түсері ақиқат:

... Жырлай алсаң бір­бір дастан әр саға,

«Хан орданы» «Ақ ордамен» пар сана.

Бауырыңда өтті қырқыс жойдасыз,

Қарап тұрдың мізбақпастан баршаға.

... Таңғы ауамен терең алып тынысын,

Асқақ жатыр жаралғандай жыр үшін.

... Жойқын жорық басталарда даламда,

Ат ойнатып, тізе қосқан Ұлысым.

Түскен кезде мұқым елге ұлы сын,

Жинағанда Батысы мен Шығысын.

Алты Алаштың ұлы келіп бірігіп,

Қазағымның туын тіккен шыңысын!

Кім біледі, бәлкім, содан Ұлысың.

(Ә.Ыбырайымұлы  «Сүмбіле шуағы», 

310­бет).

Лирикалық қаһарман – Ақын – ата­

бабалардың азаматтық­отаншылдық, 

жауынгерлік­қаһармандық рух қуатын 

бойларына сақтаған бүгінгі Тәуелсіз Қазақ 

Елінің ұрпақтарының атынан айбындана 

толғайды:

Қазақ атам,

Сенің қаның мендегі,

Тарих маған талай теңін

Теңледі.


Орыс кірді,

Отаныма қол салып.

Моңғол шапты,

Ешқайсысы жеңбеді.

Көшпенділер

Тәңірінің тұтамы,

Керегенің көгін кие тұтады.

Қазақ! Қазақ!

Қашаннан да сол Қазақ –

Әлем деген қара ағаштың бұтағы.

Ұлы жіңгір жаһан жатты

Жосылып,


Қалың қыпшақ қаптай өрді

Қосы – құт.

Күллі кінәз басын иді Далаға,

Қаһарынан қаймананың шошынып.

(Ә.Ыбырайымұлы  «Сүмбіле шуағы», 

304­б.).


«Ана тілінің» жастар әдебиеті қосымшасы

«жыл құсы» беті – 

оқырмандарымыздың 

сүйіспеншілігіне бөленген 

бастамалардың бірі. 

Қазақ – ана тілін, әдебиетін 

ардақтаған халық. 

сондықтан өлең, әңгіме 

жазуға жастарымыздың 

қай өңірде болсын көптеп 

кездесетіні даусыз. 

ыл құcы


Ж

КүН шығыП КелеДі...

Кенеттен жоғалды олар, аласталды,

Жұлдыздар жымыңдасып жарасқан­ды.

Нұр қанатын кең жайып күн шықты, әне

Көгілдір түске бояп қара аспанды.

Айға жаным ашып тұр қалыс қалған,

Қош келіпсің, бақыттың әні ұшқан таң.

Заңғардан ұзатылған күн арудың,

Көрінді әне, сәукелесі алыстардан.

ҚалыҚта, 

БостаНДыҚ ҚыРаНы

Қалықта, бостандық қыраны,

Шаттықтың естілсін жыр әні.

Көгімде желбіреп Көк туым,

Шырқалсын елімнің ұраны.

Қалықта, бостандық қыраны,

Сарқылмай жарымның бұлағы.

Сен барда мәңгілік тұрады,

Жарқырап үміттің шырағы.

Қалықта, бостандық қыраны,

Самғай бер әлде де жоғары.

Төменде қалғанын қалаймын,

Михнат пен зардаптың мұнары.

Қалықта, бостандық қыраны,

Көңілде жарқын ой тұр әлі.

Тұрақты болса екен әрқашан,

Елімде азаттық тұрағы.

тілім меНің

Жамылған жасыл көрпесін,

Көрдің бе, қазақ өлкесін?

Жырлаумен мәңгі өтермін,

Бір таңы менен бір кешін.

Тілім бар, менің бағым бар,

Тіл десе, кеудем жалындар.

Алғанша жалғыз тілімді,

Тәңірім менің жанымды ал.

Сезімді біраз шайқайын,

Естілмей жатса айғайым.

Жалғызым тілім болмаса,

Сырымды қалай айтайын.

Ертеңгі күнге бек сенем,

Мұратым айқын көксеген.

Кейінгі біздің ұрпаққа,

Сол тілім аман жетсе екен.

Жырлайын және толғайын,

Жеткендей жұртқа көп жайым.

Лапылдап іште жатқанда ой,

Қалайша айтшы, тоқтайын?!

аНа тілі

Ана тілі – мәртебесі елімнің,

Ана тілі – қыраны ғой көгімнің.

Ана тілі – тәрбиенің бұлағы,

Білім менен біліктілік шырағы.

Ана тілім – басымдағы бақытым,

Асыл арман, бар байлығым – жақұтым.

Мәртебеңді биік ұстап жүруім,

Азаматтық атағыма тағы сын.

Ана тілден басталады әр қадам,

Ана тілден бақ табады әр адам.

КелеДі еКеуі...

 

Белгісіз, қай күні, қай түні, 



Қай жанды жаралайтыны.  

Мезгілсіз батқаны, 

Белгісіз қайда бара жатқаны, 

Келеді екеуі... 

 

Белгісіз бүгін бе, кеше ме, 



Белгісіз көшеде, 

Белгісіз ғашық екені, 

Кім­кімге асық екені, 

Әйтеуір, келеді екеуі... 

 

Белгісіз әңгімелері де, 



Белгісіз жан дерегі де. 

Сезімге беріліп, 

Аспанды жанармен көтеріп, 

Келеді екеуі... 

 

Белгісіз Тәңірден сұратқаны да, 



Белгісіз іштегі сұрақтары да. 

Кім­кімге жақын екендері, 

Не үшін  бірге екендері 

Әйтеуір, келеді екеуі... 

 

Белгісіз, нұрға барары, мұңда қалары, 



Жазылып қалады ма екен «Сырнамалары». 

Адасты ес неге?! 

Бір­біріне қарайды да, 

Ұқпайды ештеңе, 

Әйтеуір, келеді бірге! 

 

Белгісіз қашан шықты жолға мына,  



Ессіздік қонғаны ма?! 

Апарар сол күй ме, 

Қамалып сол күйге, 

Адасып кетейікші, 

Бірге! 

ӘЙтеКе  БИ

Тұлпардың беріп тынысын,

Кемел болған ұлы ісің.

Қазағым мақтан ететін,

Даналарымның бірісің.

Дарытпай бойға кеселді,

Жібермей жауға есеңді.

Ұрпағың үлгі ап өзіңнен,

Шешен сөйлеп төселді.

Тамырын жайған тереңге,

Төзімің ұқсап еменге.

Тамсанып тұрар ел­жұртың,

Әйтеке би дегенде.

ДіН

Дін – біреудің дүниелік танымы,

Дін – біреудің елді бұзар қаруы.

Жер шарын сақтап тұрған аман­сау,

Адамдардың Хаққа деген нанымы.

Жүрегіңді тоңдыратын мұз қылып,

Жақсылыққа жіберетін жүздіріп.

Қырқыстырмай бітістірер баршаны,

Діннің түбі – түсінгенге ізгілік.

Ел болмайсың өзге дінмен күн көріп,

Өз дініңді құрметтей біл  көпті үндеп,

Айтқаны бар Елбасының халыққа

«Діннің жүзі – ұстарадан өткір» деп.

Кәкім БӘКІЖАН – 

павлодар облысы, Ақсу 

ауданы, Құркөл ауылы

С.Дөнентаев атындағы 

орта мектептің 11-сынып 

оқушысы

Етіш СЕРІКҚАли – 

Қызылорда облысы, 

Қазалы ауданы, Бірлік 

ауылындағы №102 орта 

мектептің 10-сынып 

оқушысы

Мұхит АСҚАРҰлы – 1998 жылы туған, Алматы мемлекеттік энергетика және 

электронды технологиялар колледжінің 1-курс студенті. Алматы облысы, 

Райымбек ауданы, Кеген ауылындағы №3 Кеген орта мектебін бітірген. 

Өлеңдері аудандық газеттерде жарық көрген. Мектепшілік, аудандық жыр 

мүшәйраларының жеңімпазы.

Жарқыннұр БОлыСХАН – 

1993 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды 

мемлекеттік университеті филология мамандығының IV курс студенті. 

Мұратым 


айқын көксеген...

Ардақ тұтам 

дәстүрімді-салтымды

Тым болмаса 

көрінші сағынғанда...

Сыр бойы – 

алтын қазына

Сенен ғана тал бесікте жатқанда,

Анашымның  әуезді үнін тыңдағам.

Ана тілі – әр халықтың жыр­әні,

Ана тілі – тарихымның шын мәні.

Ана тілі – ұрпақтарды жалғаған,

Бар қазақтың ең сенімді құралы.

мҰҚағалИға аРНау

Ақын аға – айбынды, өр тұлғалы,

Қастерлеген жырыңды жұрттың бәрі.

Асқарына шықтың ғой Хан Тәңірдің,

Абайыңды пірің ғып тұттың­дағы.

                             *** 

Тереземнің ар жағы – сенсіз өмір. 

Сенсіз өмір мәні ме таңдағаным?! 

Маңдайымнан сипамас онсыз да өмір, 

Таңдайыңнан босатшы ән қамалын.

Тереземнің ар жағы – моншақ жаңбыр,

Ал мендегі моншақтар құрықтаулы.

Арнағым­ақ келеді ән саған бір,

Дауысым­дағы моншақпен құлыптаулы.

Тереземнің ар жағы – өткен күндер. 

Ренжісулер, жүректі тергегенің. 

Ол шақтарды көңілім көктемім дер, 

Өткен күнді ұмытқым келмей менің. 

 

Тереземнің ар жағы – кездесулер, 



Қас­қағым сәт, содан соң ғайып болу. 

Бәлкім, мені ойлардың кезбесі дер

Ақын қызға сүйе алмау – айыпталу.  

 

Тереземнің ар жағы – сенің бейнең,  



Барша жұрт күлімдей ме саған ұқсап. 

Сыбырлайтын сияқты маған кей дем, 

Сеніміңнің бұлағын маған тұсап. 

Әйнегімнің тұнығы ақтық дәрмен, 

Тым болмаса көрінші сағынғанда. 

Мен де кетем бір күні ақ бұлттармен, 

(Күлдір етіп терезем шағылғанда) 

Шағымданба! 

О, аға, аспандағы қыранбысың,

Қашан да айтып жүрер бір әнбісің?

«Саржайлаумен» сағынып сар даланы,

Сағым қуған бозбала ұланбысың?!

Поэзия сырласы, мұңдасысың,

Нұрға толы айшықты жол басысың.

Жырларың ешқашанда өшпек емес,

Өлмейтұғын мәңгілік жыр басысың!



таНыстыРу

Аспантаулар арасында мекенім,

Қыран құстай көздегенге жетемін.

Жерім – байтақ, суым – шекер, елім – бай.

Енді өзімді таныстырып өтемін.

Күйімді білсеңдер ғой бұл кештегі,

Тұрғандай ата­бабам тербеп мені.

Атыңнан айналайын атамекен,

Жігіт болды сәбиің жөргектегі.

Көтеремін биікке елдің даңқын,

Ардақ тұтам қазақтың дәстүр­салтын.

Мұхит балаң келіп тұр басын иіп,

Ассалаумағалейкүм, туған халқым!

 

                *** 



Бір күні...

Әйтеуір, бір күні,

Елітіп үрімнің үр гүлі,

Естіліп сырғаның сыңғыры,

Бергізіп жасауын, айттырып,

Еншіге қалың мал мыңғыры.

Той жасап әлемге қырық күн,

Отыз күн ойын ғып, қырық түн.

Ең ұлы мақсатым отым деп,

Жолында қалам деп ұлықтың,

Кетерсің...

Бір күні...

Әйтеуір, бір күні,

Жырымның аялап күмбірі,

Естілмей өткеннің дүңгірі,

Ешқандай ой салмай, үңілсем,

Бақшамда өсетін мұң гүлі.

Тайсалмай, қайғыға берік боп,

Бұйрығы, әмірге жерік боп,

Оты боп жүректе бір ердің,

Ошағын сөндірмей, серік боп,

Өтермін...

Ұмыт боп қалады, қалады,

Қалады жазусыз қаламы.

Тоңдырып өткені, көктемі,

Жарының жылытып қабағы.

Ғайып боп кетеді базар күз,

Көктемге өзге хат жазармыз.

Еске сап сол бір ән, біз бәлкім,

Сол күнді бәрібір қазармыз.

Бір күні...

Әйтеуір, бір күні.



ҚҰтты меКеН – ҚыЗылоРДа

Сыр бойы – қазақтың алтын кені,

Сақтар да мекен еткен мәңгі сені.

Тарихыңа үңілсем, тұнып тұрған,

Қорқыттың күмбірлеген мұңды үні,

Жұлдыздары жарқырайды жымыңдасқан,

Аспанымда дүр далам Тұранымның.

Ақындары елімнің тұр шабыттанып,

Жырға қосып даңқын Қызылорданың.

Қызылорда болған екен ел босағасы,

Толқыған  тарихымның  жылнамасы.

Қызылорда – ақ күріштің астанасы,

Еңбекпен еселенген Сыр жағасы.

жырлаудан байқалатын ерекшелік. 

Әлем әдебиетіндегі әдеби тек түрлері 

(эпос, лирика, драма), жанрлары 

шығармаларындағы да осы ерекшелік 

басты назарға алынады. Планетамыздағы 

бес құрлық қаламгерлерінің ғасырлар 

б о й ы   м ы ң д а ғ а н ,   м и л л и о н д а ғ а н 

оқырмандарының жүректерінен берік 

орын алуындағы басты себеп – әуелде 

өздерінің туған топырақтарындағы 

а т а л а р ы   м е н   ә ж е л е р і н і ң ,   ә к е л е р і 

мен шешелерінің, отбасындағы аға, 

іні, әпке, қарындас­бауырларының, 

ағайын­туыстарының ұстанымдарын, 

дағдыларын сөз арқауына ала тебірене 

жырлауы. Әділбек ақын қазақ халқының 

ұлттық­этнографиялық болмысын, 

бітімін құрайтын көрнекті көрсеткіштерді 

да ралап жырлайды. Ақынның ұлттық­

эт нографиялық   сипа ты  айқын,  өлең­

де рінде халқымыздың бұған дейінгі 

мыңжылдықтар бойы сақталуындағы 

тірек­желі болған ұлттық дүниетанымды 

құрайтын эстетикалық­көркемдік 

ұ с т а н ы м д а р   ж ү й е с і   п о э т и к а л ы қ 

өрнектермен өріле жырланған. Дала 

перзенттерінің азаматтық­отаншылдық, 

ж а у ы н г е р л і к ­ қ а һ а р м а н д ы қ   р у ­

хын асқақтататын жылқыға­тұлпарға 

мінудің, оның шабысының үстіндегі 

психологиялық хал­ахуал өлең өрілімінің 

поэтикалық өрнектерімен бейнеленген:

Жерге тиіп бауыры көсілгенде,

Арынынан танарсың есіңнен де.

Аттың буы – кетерсің айбаттанып,

Жұрттың буын басасың сесіңмен де,

«Жатып алып» жануар жайқалады,

Жорғасына жаның бір жай табады.

... Тізгініңді сүзесің ессізденіп,

Аршындайсың, боз жорға, көзсізденіп.

Шұлғып тастап, ілгері ексімдендің,

Танауыңнан атқиды көкшіл демің.

Емшек таға басады қарш­қарш мұзды,

Тауын шақтың екпіндеп тепсінгеннің.

Қырау шалған жоныңды, алқымыңды,

Түзің­шерлі, ақбоз ай, шалқы мұңлы.

Ақ далада аппақ боп ағызасың,

Алты­ақ аттап өтесің алты қырды.

Өлеңдегі ат әбзелдерінің бейнеленуінде 

(«Құйысқаның күмбезді, шатыралы», 

«Өмілдірік кеудеңді кереді еппен», «Үйрек­

бас ер күптелген күмістелген», «Үзеңгісі 

бедерлі, зерленіпті», «Шылбырың бар орал­

ған талай сұлу») де ұлттық көркемдік таным 

тағылымы танылады. (Ә.Ыбырайымұлы  

«Сүмбіле шуағы», 72­73­бб.).

Ата­бабалар дәстүрін аңсаған дала 

ұрпақтарының қазіргі өркениет дәуірінде 

де тұлпар мінген қаһармандық рух салта­

дар тұтастығымен жырлау – көркемдік 

жинақтау поэтикасы заңдылықтарымен 

жүзеге асырылады. «Дір­дір еткен қурайлар 

қалтырады», «Сары шұнақ кірпікке шық 

байланып», «Ұзақ та келді, көктем де 

ұзамас енді», «Терезесі көңілдің шытына­

ды», «Сыршыл самал сылқылдап сілемге 

салды», «Қапырық...», «Бір бақытты 

мен күтетін әкелер», «Сағым», «Аңызақ 

жел», «Бозаң дала бір­ақ күнде гүлденді», 

«Жүрекке титтей сағыныш салып жыл өтті», 

«Жабыңқылау жаңбыр жауған сүркей түн», 

«Жер жаннаты – мөп­мөлдір Айнабұлақ», 

«Сыбызғы үні», «Төгіліп алтын шапақ 

шартараптан», т.б. өлеңдер табиғаттағы 

тәулік және жыл мезгілдерінің әралуан 

көріністерінің, құбылыстарының болмы­

сын психологиялық, философиялық сыр­

ларымен, дидактикалық­педагогикалық 

тағылымымен жырлаған. Классикалық 

әдебиет дәстүріндегі дәстүрлі көркемдік 

бейнелеу тәсілдері (кейіптеу, пернелеу, 

мегзеу, шендестіру, т.б.) де көркем шындық 

поэтикасы бейнелеулерімен өрілген. 

Ақынның пейзаждық бейнелеулеріндегі 

көркем кестелі тармақтардың эстетикалық 

әсерлілігі оқырман көңілін баурайды. 

Дала келбеті – ақын өлеңдерінің 

көркемдік сипатын құрайтын ерекшелік. 

Ақынның пейзаждық­азаматтық са­

рынды өлеңдерінде қазақ даласының 

романтикалық­реалистік бояулары 

тұтасқан келбеті қуаныш пен мұң аралас 

сезіммен жырланған:

Бозаң дала бір­ақ күнде гүлденді,

Тозбайтындай торғын шәйі жамылып.

Кең дүние мамыражай күйге енді,

Қызыл­жасыл бояуларға малынып.

... Жауды да нөсер күмісін төгіп белеске,

Қырларда гүлдер самалға елтіп дір етті.

...Момақан дөңдер түрленіп демде 

құлпырды,

Бүр жарды ағаш,

Жүрекке соны жыр тұнды.

Қорыта айтқанда, ақын Әділбек 

Ыбырайымұлының халықтану­адамтану 

сарынындағы жырлары қазіргі қазақ 

поэзиясындағы азаматтық­отаншылдық 

лирикалық жырлар тобындағы өзіндік 

көркемдігімен бағаланады. 



темірхан теБегеНов,

филология ғылымының докторы,

профессор, Жамбыл атындағы 

Халықаралық сыйлықтың лауреаты, абай 

атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының 

меңгерушісі

алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі 

басқармасы ақиық ақын м.мақатаевтың қуатты 

да көркем шығармаларын насихаттау, ұлы ақынның 

мұрасы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке 

тәрбиелеу, жас талантты ақындарды тану, өлең 

құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру 

мақсатында «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты 

республикалық жазба ақындар байқауын өткізеді.

Байқау екі кезеңнен тұрады: М.Мақатаев атындағы 

республикалық жазба ақындар байқауының іріктеу 

кезеңі үстіміздегі жылдың наурыз айында облыстар 

мен қалаларда; Республикалық байқау 2015 жылғы 

сәуір айында Талдықорған қаласында  өткізіледі /



нақты  уақыты  қосымша хабарланады/. Байқауға 

Астана, Алматы қалалары мен облыстардан (бір­

бірден)  20­30 жас аралығындағы жастар қатыса 

алады.


Байқау 2 тапсырма бойынша өтеді: «Поэзия, 

менімен егіз бе едің?» (Ақындардың М. Мақатаевқа 

арнаған өлеңі). Мазмұны ақынның поэзияда ала­

тын орнын, туған жерінің  шежірелі тарихын, сұлу 

табиғатын танытатын туынды болуы шарт.   «... Ал  



екінші бақытым – тілім менің» (Тіл тақырыбына 

арналған өлең). Ана тіліміздің баға жетпес байлығын, 

сөз құдіретін, бабалардан қалған асыл мұра, сарқылмас 

қазынаны жыр өзегіне айналдыру. 

Байқау шарттары: Қатысушы талапкерлерден 

төмендегі құжаттар қабылданады:

– облыстық (қалалық) Тілдерді дамыту басқар­

ма ларының байқауға қатысуға сұранысы, байқауға 

қатысушы туралы мәлімет (туған жылы, қызметі немесе 

оқу орны, анықтама телефоны);

– шығармашылық өмірбаяны, бұрын жарияланбаған 

өлеңдерінің электронды нұсқасы (15 шумақтан аспауы 

қажет); 


– түрлі­түсті 9х15 көлемдегі фотосуреті, жеке куәлігінің 

көшірмесін жіберуі тиіс.

Қатысушылардың өлең­жырларын сараптау ко­

миссиясы қарайды, талапқа сай емес өлеңдер байқауға 

қатыстырылмайды.

Ескерту: 

Республикалық байқауға өткен жылдардың Бас 

жүлдегерлері қатыстырылмайды, қатысушы үміткерлердің 

өнерін арнайы құрылған сараптау тобы бағалайды. 

 Қатысушылардың:

– өлеңдеріндегі сөз қолданысына, ұйқасына, ой 

жүйелігіне, жырларының көркемдік ерекшелігіне;

– шығармаларын жатқа және мәнерлеп оқу 

шеберлігіне;

– тіл тазалығына, сахна мәдениеті мен киіміне қатаң 

талап қойылады.  

Байқау жеңімпаздары Алматы облысы әкімінің 

арнайы жүлдесімен,  Алматы облысының Тілдерді 

дамыту жөніндегі басқармасының Дипломы және 

қаржылай ынталандыру, естелік сыйлықтарымен 

марапатталады. 

Республикалық байқауға қатысушылардың жол 

шығыны қатысушы тарап есебінен, жатын орны, 

тамағы ұйымдастырушылардан төленеді. 

Байқауға қатысушы үміткер туралы жоғарыдағы 

көрсетілген құжаттар, өлеңдері (қағаз және электрон­

ды нұсқасы) 2015 жылдың 1­сәуіріне дейін төмендегі 

мекенжайға тапсырылуы тиіс:



Талдықорған қаласы, Тіл сарайы, І.Жансүгіров көшесі, 

36/б. 

Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі 

басқармасы. 

Байланыс телефондары: 8(7282) 40-01-61, 40-01-67, 

факс: 8(7282) 30-59-50, 40-01-60

E-mail: obl.til.damytu.5@mail.ru

АмАнАт жАнның иесі



12

№10 (1268) 

12 – 18 наурыз

2015 жыл


АНА ТІЛІ

Құрылтайшы және шығарушы: 



«ҚАзАҚ ГАзЕТТЕРI» 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Бас директор – 

редакторлар кеңесiнiң төрағасы 



Жұмабек КЕНЖАлиН

қабылдау бөлмесi 394-42-90 

жарнама бөлiмi 394-41-27

kaz_gazeta@mail.ru

www.kazgazeta.kz

Бас редактор 



Самат иБРАиМ

Бас редактордың 

бiрiншi орынбасары 

Нұрперзент ДОМБАй

Бас редактордың 

орынбасары 

Дәуіржан ТӨлЕБАЕв

Бөлiм редакторлары:

ақбота ислӘмБек – тіл мәселелері және мәдениет

Бағдагүл БалауБаеВа – Білім және ғылым

нұрлан Құмар – Әлеумет және ақпарат



фототiлшi

азамат ҚұсайыноВ



Беттеуші

нұржан асаноВ



Терімші

күмісай мерейХан



Корректор

динара масакоВа



Хатшы-референт

назгүл БейсемБаеВа

апталық Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 

ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда 

№7345-г куәлiгi берiлдi.

газет аптасына бір рет шығады.

«ана тiлi» газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы «Қазақ 

газеттерi» Жшс-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.

«ана тiлiнде» жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн 

редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.

Жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. 

газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық 

нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. редакция оқырман хаттарына жауап 

бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды. 

газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «Қазақ газеттерi» Жшс-ның компьютерлiк 

орталығында жасалды. индекс 65367. офсеттiк басылым.

газет: алматы қаласы, мұқанов көшесі, 223 «в». 

 «алматы-Болашақ» аҚ, тел: 378-42-00 (бухг.), 378-36-76 (факс); 

 ақтөбе қаласы, т.рысқұлов көшесі, 190, «а-Полиграфия» баспаханаларында басылып шықты



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал