Ұлы Жеңіске – 70 жыл! «Сенің дауысың – сенің тағдырың» Ел қалауы – НҰРСҰлтан!



жүктеу 394.27 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата06.02.2017
өлшемі394.27 Kb.
  1   2   3   4   5

Ұлы Жеңіске – 70 жыл!

«Сенің дауысың – сенің тағдырың»

Ел қалауы 



НҰРСҰЛТАН!

Ерлікке тағзым...



№ 10 (191),  

мамыр, 2015 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Бүгін Қазақстан тарихының тағы бір жарқын беті ашылды. Өткен сайлау 

халықтың ауызбірлігін, тұтастығын паш етті.  Ал Елбасын ұлықтау салтанаты  –

бүкіл халқымыздың қуанышы. Ел Елбасыға шын сенеді, оның қадамдарына, 

жетістіктеріне өзінікіндей қуанады.

ЕҰУ жастары мен оқытушы-профессорлар қауымы  кешегі сайлауда 

Елбасының болашақ ел тұтқаларына жасаған игіліктері үшін, Қазақстанды әлем 

төріне шығарып, туған халқының дана перзенті ретінде ата-жұртымыздың бағын 

жандырғаны және әсем де айбынды Астанамен салтанатымызды асырғаны үшін 

бірауыздан қуана-қуана дауыс берді. Елдің тізгіні Елбасының қолында барынша 

ұзақ болуы үшін ЕҰУ жастары мен оқытушы-профессорлар қауымы қолдан 

келгеннің бәрін жасайды. Елбасын шын жүректен осынау жарқын жеңісімен 

құттықтаймыз!  

Биыл мамыр айында еліміз  Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің  70 

жылдық мерекесін атап өтпек.  Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі Елбасының 

Жарлығымен мемлекеттік мәртебеге ие болып, тойланып келеді. Бұл күн – бейбіт 

елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен 

байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн. 

Бүгінгі таңда Қазақстан армиясы Қазақстан Республикасының Президенті 

– Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының басшылығымен 

оны әрі қарай нығайтуға, әскери-өнеркәсіптік кешенді дамытуға, қазақстандық 

патриотизмді тәрбиелеуге бағыт алды.

Қазақстан армиясы негізінен қазақстандық әскери оқу орындарын, жоғары 

оқу орындарының әскери кафедраларын бітірген офицерлермен жасақталуда. 

Осыған байланысты Қазақстанда базалық әскери білім беретін ұлттық әскери 

білім беру жүйесінің табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өткен жөн.

Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы 

Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды 

қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал – айқас 

алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры 

атағын алуы. Бүгінгі отан  қорғаушылары «Отаным» деп соққан жауынгерлердің 

сол соғыстағы ерліктерін еш ұмытпақ емес. Өйткені, ерлік – ұрпаққа үлгі, елдікке 

мұра.

Отан қорғаушысы атану абыройлы да ардақты іс. Оның жауапкершілігін 



оқытушы-профессорлар құрамы мен әрбір әскери қызметші жоғары түсініп, 

келешек ұрпақтың санасына Отансүйгіштік сезімін ұялатуға үлес қосады деп 

сенемін.

Құрметті профессор-оқытушылар, сала қызметкерлері, студент-жастар, 

сіздерді  Отан қорғаушылар күнімен және  Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен 

шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық,  жанұяларыңызға амандық, 

еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен,

ректор Е. СЫДЫҚОВ


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 10 (191), 

мамыр, 2015 жыл

ТҰСАУКЕСЕР

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

«Акинак» кітабы таныстырылды   

Ғылыми-әдістемелік семинар    

Ағылшын тілінде 

жарық көрді 

«Шапағат» дипломымен марапатталды

Л.Н. Гумилев 

атындағы Еу­

разия ұлттық 

университетінің 

ректоры, ҚР ҰҒА 

академигі, тарих 

ғылымдарының 

докторы, халық­

аралық «Мәңгі 

Ел» ғылыми­

көп  шілік  тарихи 

жу рналының  бас 

редакторы  Ер  лан 

Сыдық овтың 

«Шәкә рім»  атты 

та  ным дық­ғұ­

мыр баяндық  кі­

табы «Шәкәрім. 

Қазақ  ақыны ның 

өмірі» («Sha­

karim. The life of  Kazakh poet») деген атпен 

ағылшын тілінде жарық көрді. 

Сөйтіп, бұған дейін қазақ, орыс («Молодая 

гвардия» баспасы «ЖЗЛ» сериясы), түрік 

тілдерінде («Bengu» баспасы) шыққан әлемдік 

руханият тарихында орны бар қазақ тұлғасы туралы 

толымды еңбек ағылшын оқырмандарына жол 

тартты. 

Кітаптың тұсаукесері Лондон қаласында Абай 

күндері қарсаңында ұйымдастырылған «Қазақтың 

Лондондағы өнер фестивалі» шеңберінде 

өтті. Салтанатты шараны "Werner Capital" 

компаниясының басшысы Томас Вернер ашты. 

Кітапты ағылшын тілінде өнертанушы ғалым 

А. Тайзенхаузен таныстырды: «Бұл кітапта қазақ 

ақыны, философ әрі педагог Шәкәрімнің бүкіл өмірі 

ғана емес, сонымен қатар ұлт тарихы жатыр» деп 

ерекше атап өтті.

Тұсаукесер рәсімге Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің ғылыми 

хатшысы Жанна Нұрманова, орыс филологиясы 

кафедрасының доценті Гүлбану Шәріпова және 

кітапты ағылшын тіліне аударған Лондондағы 

Шыңғыс Айтматов атындағы академияның 

тәржімашысы Джон Амор қатысты.

ХХІ ғасыр руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры 

екені баршамызға белгілі. Қай қоғамның тұрақты 

дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға 

тартсақ, рухани тынысымыздың бірі – кітапхана. 

Ал кітапхана қашанда кітап қорының молдығымен 

маңызды. Осыны ескерген Ерлан Сыдықов ел 

есінде жүретін игілікті іс жасап: «Мен он ойлана, 

жүз толғана келіп, 1890 жылы негізі қаланған 

Ресейдің атақты «Молодая гвардия» баспасынан 

(«ЖЗЛ» сериясымен) шыққан «Шәкәрім» атты 

танымдық-ғұмырбаяндық еңбегімді республика 

кітапханаларына тарту еткенді жөн көрдім. Осыған 

дейін бұл сериямен С.Сейфуллин, Қ.Сәтбаев, 

М.Әуезов т.б. қазақ тұлғалары туралы ғана кітаптар 

шыққанын ескерсек, Мәскеуден 5000 дана 

таралыммен жарық көрген бұл еңбек Қазақстан 

әдебиеті мен мәдениеті үшін үлкен олжа. Ал көп 

ұлт мекендеген Ресей оқырмандарына аса көрнекті 

ақын, ойшыл, дінтанушы, шежіретанушы Шәкәрім 

Құдайбердіұлы туралы кең мағлұматтың жетуі – 

Қазақстан тәуелсіздігінің биік талаптарына жауап 

беретін оқиға», –  деп еді.

Айтса айтқандай, ақын, дінтанушы, шежіреші, 

ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы 

бұл ғұмырбаяндық кітаптың енді ағылшын 

оқырмандарына жетуі мен танылуы – Қазақстан 

әдебиеті мен мәдениеті үшін шын мәніндегі үлкен 

олжа әрі Тәуелсіздік пен Елбасымыз жүргізіп 

отырған салиқалы саясаттың үлкен жемісі. Қазақтың 

біртуар ақыны жайлы кеңінен жазылып, ағылшындар 

елінде тұсауы сәтті кесілген Ерлан Сыдықовтың бұл 

кітабы өз оқырмандарын табатынына шүбә жоқ. 

Жазар көбейсін!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті машина жасау, ауылшаруашылығы 

және құрылыс аясында Қазақстанның 

инновациялық дамуына қосқан үлесі үшін 

«Шапағат» дипломымен марапатталды. Сүйінші 

хабар өнертабыс саласындағы республикалық 

«Шапағат – 2015 байқауының қорытындысында 

мәлім болды. 

Байқауды Қазақстан Республикасының Әділет 

министрлігі мен Қазақстан Республикасының 

инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан 

Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

ұйымдастырған болатын.

Байқаудың  мақсаты – Қазақстан Республи-

касында интеллектуальдық меншіктің рөлін арттыру, 

өнертапқыштық қызметті кеңінен насихаттап, 

инновацияны дамыту, өнертапқыш иелерін 

ынталандыру және жаңашыл идеяны болашақта 

өндіріске енгізу. 

Салтанатты шара барысында өндіріске енгізілген, 

қызықты да болашағы зор жобалардың көрмесі 

ұйымдастырылды.

Өткен жылы Еуразия ұлттық университеті 43 

өтінім беріп, нәтижесінде 56 құжатқа қол жеткізді. 

Талдап, тарқата айтсақ, оның 30-ы инновациялық 

патент, 4-еуі Қазақстан Республикасының патенті, 

22-сі авторлық куәлік болатын. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің бұл бағыттағы жұмысы биыл 

да жоғары деңгейде бағаланды: машина жасау, 

ауылшаруашылығы, құрылыс саласы бойынша 

өнертабыстардың 30 инновациялық патенттерінің 

иесі атанды. Сөйтіп, Қазақстанның инновациялық 

дамуына қосқан үлесі үшін «Шапағат» 

дипломымен марапатталды. Атап өту керек, бұл 

жетістікке коммерциализация және технология 

департаментінің қосқан үлесі елеулі болды. 



«Отырар  кітапханасы» ғылыми 

 

 

орталығы баспаға ұсынған филология 

ғылымдарының  докторы, профессор Тұрсын 

Құдакелдіұлы Жұртбайдың «Акинак» 

және Мереке Нәбиұлы құрастырған 

«Торғайдың күдері ақыны» кітаптарының 

таныстырылымы өтті.

«Акинак» кітабының жазылуы жайында 

автор, жазушы-ғалым Тұрсын Құдакелдіұлы 

Жұртбай, кітапты қазақ тілінен орысшаға 

аударған Орынбай Жанайдаров, «Аударма» 

баспасының өкілі, баспа ардагері Қайырды 

Назырбаев сөз алды. 

Жиналған оқырман қауымға «Торғайдың 

күдері ақыны» кітабына деректер жинау, оны 

қазіргі қазақ қарпіне түсіру, баспаға дайындау 

жұмыстары туралы құрастырушы-автор, 

Күдері Жолдыбайұлының немересі Мереке 

Нәбиұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, 

доцент Құрманғали Даркенов айтып берді. Оқырманға таныстырылып отырған еңбектер жайлы ғалымдар 

Қаржаубай Сартқожа, Қайырбек Кемеңгер жылы лебіздерін білдірді.

Жазушы еңбегін құрметтеп келген барлық оқырманға кітаптар таратылды.



Халықаралық қа­

ты настар 

факул ь­

те 

ті шетел тілдері 

кафедрасында Қа­

зақ  стандағы 

Ис па ­

ния елшілігінің қол­

дауымен Орталық 

Азия өңіріндегі испан 

тілі оқытушыларына 

арналған I Халық­

аралық ғылыми­

әдістемелік семинар 

ұйымдастырылды. 

Семинар Л.Н. 

Гумилев атындағы ЕҰУ-

де Руй Гонсалез де 

Клавихо атындағы испан 

тілі орталығында Астана, Алматы, Испания мен Оңтүстік Америка өңірлеріндегі испан тілі оқытушыларының 

қатысуымен өтті. 

Іс-шараның мақсаты - Орталық Азиядағы испан тілін оқытудағы негізгі мәселелер, қарым-қатынас орнату 

және испан тілі мен мәдениетін дамытуда тәжірибе алмасу.

Семинарды  Қазақстандағы Испания елшілігінің орынбасары Педро Торрес Соса мырза және 

халықарылық қатынастар факультеті шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Эдита Денст-Гарсия ашты. 

Дәрісханада ерекше баяндамалар қарастырылды.  

Семинар соңында қатысушылар аталмыш іс-шараны болашақта жалғастыруға ниет білдірді. Осындай іс-

шаралар сабақ беру сапасын жоғарылатып, Орталық Азияда испан тілін оқытуды дамытуға үлкен мүмкіндік 

туғызады. Семинар нәтижесі бойынша Қазақстандағы Испания елшілігінің қолдауымен материалдар жинағы 

шығарылады.



3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 10 (191), 

мамыр, 2015 жыл

Қайта оралған ән көкке самғайды

ЕЛ МЕН ЕРДІҢ ЖЕҢІСІ



Жақында Ұлы Отан 

соғысының 70 жылдық 

мерекесіне орай Фило­

логия факультеті қытай 

филологиясы мен практи­

калық қазақ тілі кафедрасы 

«Ерлікке тағзым» ат­

ты Ұлы Отан соғысы 

ардагерлерінің қатысуымен 

тарихи­танымдық кездесу 

кешін өткізді.

Кездесуге соғыс арда­

герлері – Боранбаев Мнайдар 

(«Ұлы Отан Соғысының II 

дәрежелі Құрмет белгісі» 

орденімен, «Белоруссияны 

фашистерден азат еткені 

үшін», «Германияны жеңгені 

үшін» медальдарымен мара­

пат 


талған), Тәбеш Бар­

лы 


бай («Отан соғысы» 

Аушакимов   Шұғаеп  («Тыңға 

50 жыл», «Еңбек Ері», 

«Жеңіс ке 50 жыл», «Еңбек 

ардагері») аталарымыз және 

факультеттің профессорлық­

оқытушылар құрамы қа­

тыс 


ты. ҚР Мемлекеттік 

Ән ұранымен 

басталған 

кездесу кеші факультет 

деканы, профессор Ш.Қ. 

Жарқынбекованың «Соғыс 

– адамзат үшін қатерлі ұғым, 

оның салдарынан қаншама 

азаматтарымыз дүниеден 

өтіп, елін, жерін қорғауда 

ерлік көрсетіп, жас ұрпаққа 

үлгі­өнеге болып келеді, сол 

үшін сіздерге мың алғыс, 

қымбатты ардагер» деген 

тілегіне ұласты.

Өз кезегінде сөз алған 

мен анасын жоғалтты... Бұл 

қасірет болды. Сол кезде 

небір аштық, қиындықты 

көрдік қой. Енді соғыс 

болмасын, бейбітшілік заман 

мәңгіге орнасын, елімізде 

тыныштық пен береке болсын 

деп тілейік» деген естелік 

ойларын айтты. 

Кездесу барысында 

Боранбаев Мнайдар ақсақал: 

«Соғыста Қазақстаннан 

қаншама батырлар шықты. 

Біздің отаншылдық сезіміміз 

жоғары болды. Енді әрқашан 

да бейбітшілік, елдің бірлігі 

мен тілімізді сақтауды 

ойлауымыз қажет. Бұл туралы 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 

та үнемі айтып жүреді. 

Біз болашақта өзіміздің 

құндылықтарымыз арқылы 

ғана қуатты ел бола аламыз. 

Ол үшін әрбір отбасында елге, 

тілге деген құрмет жоғары 

болу керек. Соғыс уақытында 

небір жантүршігерлік оқиға­

лардың куәсі болдық қой, 

қиындықтың барлығы да 

көз алдымызда... Қазіргі 

жас ұрпақ осы тағылым 

мен тарихтың қадірін білсе 

деген тілегіміз бар», – деп 

ой түйіндесе, тылда еңбек 

еткен Аушакимов Шұғаеп 

атамыз «Соғыс жылдары 

жас болсақ та ешқандай 

қиындыққа қарамай, қара 

жұмыс атқарып, майдандағы 

отандастарымызға азық­

түлік, материалдық көмектің 

жеткізілуіне ат салыстық. Сол 

кезеңдегі ана­әкелеріміздің 

бейнеті ауыр еді. Осындай 

заманға жеткен бақыттымыз 

деп ойлаймын» деген 

тілектерін айтты.

Кездесу барысында 

соғыс тақырыбына жазылған 

жыр жолдары (Достанова 

Салтанат, Бектаев Мақсат, 

ордені, «Германияны 

жеңгені үшін», «Әскери 

қызметі үшін», «Украинаны 

азат еткені үшін», 

«Белоруссияны азат ет­

кені үшін», «Маршал 

Жу 


ков», «Еңбек арда­

гері», «Жеңістің 25 жыл­

дығы», «Астанаға 10 жыл» 

медальдарымен марапат­

талған) мен тыл ардагері – 

ардагер Тәбеш Барлыбай 

атамыз: «Біз жастықтың 

жалынын елді қорғау ісіне 

арнадық. Сол жылдардың 

ауыр қасіреті – жаныңда 

жүрген жолдасың ажал оғы 

келгенде қолды сермеп қала 

берді, бұл өте ауыр жағдай 

деп ойлаймын. Қаншама 

боздақтар қыршынынан 

қиы 


лып, жас ұрпақ атасы 

СиС­12) мен «Смуглянка» 

(Н.Таласбаева, Т.Уалиулина, 

А. Ахматуллина, ИФК­22), 

«Ана туралы баллада» 

(Т.Ғаб драхман), 

«Ана» 

(К.Бек  қожина,  БТ­14)  ән­



дері шырқалып, «Мәншүктің 

анасына жазған хатынан» 

үзінді  (З. Ахметова А.Жуа­

сова (ШФК­31), Н.Ораз, 

М.Құрманәли (ИФК­32) 

көр 


сетіліп, барлық қаты­

сушылар сол кезеңнің ауыр 

күндерінен тәлім алып, әсерлі 

естеліктер тыңдады. Кездесу 

кешін филология факультеті 

орыс тілі мен әдебиеті 

мамандығының 1­курс 

студенттері Д. Ағабеков пен 

Ә. Жарасовалар жүргізіп, 

көрермендер ықыласына 

бөленді. Сондай­ақ шарада 

ЕҰУ ғылыми кітапхана 

қызметкерлері «Ерлік – 

елге мұра, ұрпаққа ұран» 

тақырыбында кітап көрмесін 

ұйымдастырып, іс­шараның 

маңызын аша түсті. Кездесу 

барысында студенттер та 

­

ра 


пынан жауынгер атала­

рына көкейлерінде жүрген 

сұрақтар қойылып, қазақ 

қаһармандары туралы кеңі­

нен әңгіме болды. Музыкалық 

бағдарлама соңында қытай 

филологиясы мамандығы 

студенттерінің орындауында 

«Жеңіс күні» хоры айтылды. 

Кеш соңында кафедра 

меңгерушілері Д.Мәсімхан 

мен Қ. Құлмановтың «Сіздер 

тек қана КСРО емес, әлем 

халықтарының тыныштығын 

қорғап, бейбітшілікті алып 

келдіңіздер. Ел басына төнген 

қатерлі уақытта ерліктің ерен 

үлгісін көрсетіп, жауынгерлік 

рух, жігер таныттыңыздар.

Өскелең ұрпақ бұл 

қаһармандық істеріңізді 

ешқашан ұмытпақ емес.

Мерекелеріңіз, Ұлы Жеңіс 

құтты болсын, қымбатты 

ардагерлер! Бүгінгі 

кездесуіміз сіздерге және 

де жеңіс салтанатын көре 

алмай кеткен боздақтардың 

рухына арналады. Әрбір 

істеріңізтарих бетінде 

қала бермек. Мықты 

денсаулық, амандық, 

жақсылықтар тілейміз!» 

деген сияқты ыстық 

ықыласқа толы тілектерімен 

қорытындыланып, қонақ­

тарға сыйлықтар табыс 

етіліп, естелік суретке 

түсумен аяқталды. 

Айнұр НАЙМАНБАЙ,

филология  ғылымда ­

рының кандидаты

Гүлмира ӘБДІМӘУЛЕН,

деканның студенттермен 

жұмыс жөніндегі 

орынбасары

Қазіргі қоғамда қазақ 

қаламгерлерінің жазған ту­

ын  дылары 

көбіне 

ғалам­


тор желілерінде, жеке 

парақшаларында, әлеуметтік 

сайт беттерінде жарияланып 

жатады. Оған көзіміз үйреніп 

те кетті. Бұл еңбектің 

артық­кемі  сол желілерде 

«отыратын» оқырмандар та­

ра 


пынан бағаланып жатады. 

Дегенмен де, бұрынғы киіз 

кітаптан бастау алатын, қазіргі 

мұқабалы, суреттермен көркем 

безендірілген кітапты қолға 

алып, беттерін парақтаудың өзі 

бір ғанибет емес пе? Сондай 

бір қуанышты сезім сыйлаған 

көркем туынды практикалық 

қазақ тілі кафедрасының 

доценті, ф.ғ.к. Алдан Алтайқызы 

Мұсабекованың «Қайта оралған 

ән» атты өмірбаяндық мемуары 

болатын. 

Кітаптың тұсаукесері 9 сәуір 

күні филология факультетінде 

өтті. Кеште сөз алған практикалық 

қазақ тілі кафедрасының 

меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент 

Қ.С.Құлманов автордың әрдайым 

ұстаздық еңбек пен қаламгерлік 

әрекетті қатар алып жүретін 

шығармашыл жан екендігін 

айта келе,  жаңа кітаптың келер 

ұрпақ үшін тағылымдық рөлі 

зор екендігін және  осындай 

еңбектердің ауыл адамдарының 

беделін көтеретінін айтты. 

 

Тұсаукесерге қонақ ретінде 



қатысқан ф.ғ.д. Бекжан Досжан, 

доцент Гүлнар Мамаевалардың 

аталмыш шығарма туралы 

айтқан  жылы лебіздері, автордың 

шығармашылық ерекшеліктеріне 

тоқталған талдаулары шығарма­

ның мазмұнын аша түсті. Бекжан 

Досжанның: «Шығармаңыз 

ауыл өмірін сондай шынайы 

суреттеуімен, кейіпкерлеріңізді 

артық сөзбен әсірелемей­ақ  аз 

ғана сөзбен мөлдіретіп суреттей 

білуіңізбен тартымды. Кітапты 

оқи отырып, өзім өскен елу ғана 

үйі бар шағын ауылыма, қара 

шаңырағымда өткен балалық 

шағыма деген сағыныш бойымды 

биледі.  Әкем қайтыс болған соң 

ауылдан көшіп кеткен едік, үй 

алдында жайқалып өскен алмамыз 

болатын. Көрші шешей «Бекжан 

осы қара шаңыраққа оралады, 

алмасы қурап қалмасын» деп, 

сол алманы ылғи күтумен 

жүреді екен. Ауыл адамдарының 

қамкөңіл мінезі жайлы жазылған 

тебіреністеріңізді оқығанда, 

осындай аяулы сәттер есіме түсіп, 

жүрегімді сыздатты» деген сөзі 

отырғандардың бәрін бір сәт 

сағыныш бесігінде тербеткендей 

болды.  Кафедра доценті,  ақын 

С.А.Қамаеваның кітаптың 

көркемдік ерекшелігіне берген 

бағасы да барлығының ойымен 

үндесті.


– Кітапты бір деммен 

оқып шықтым. Алдында 

ашаршылықтан, кейін соғыстан 

тұралап қалған ауылды нағыз 

қар кешіп, от басқан ерендердің 

қайта көтерген еңбектерін 

бейнелейтін тұстарын тебіренбей 

оқи алмайсың. Кішкентай ғана 

ауылдан қаншама бейбіт күннің 

батырлары шыққан десеңізші! 

Мүмкін оларға сондай алапат 

күш берген киелі топырақ, әсем 

табиғат, әруақты ата­бабалар 

болар, ­ деді Сәруар Аплашқызы.

Кафедраның барлық оқы­

тушылары кітаптағы қызықты, 

тартымды, бірде жылатып, бірде 

күлдіріп отыратын эпизодтарды 

жарыса айтып, мәре­сәре болды. 

Бұл тұсаукесердің  ара­арасында 

Алдан Алтайқызы кейіпкерлердің 

суреттерін көрсетіп, олардың 

кейінгі тағдырлары жайлы да 

айтып отырды.     

«Қайта оралған ән» ­ 

ар мен намысты, білім мен 

парасаттылықты бойына жи­

нақтаған, ата­анасын, туған 

ауылының ардақтыларын ма­

дақтаған, әлі де бергенінен 

берері мол ұлағатты ұстаздың 

тағылымды өмір жолы» деп 

қорытқан жиналғандар жаңа 

туындының тартымдылығына 

ризашылық білдіре отырып, 

оның авторына шығармашылық 

белсенділік тілеп тарасты.  

Қ.С. ҚҰЛМАНОВ, 

Б.С. АБДУОВА,

Практикалық қазақ тілі 

кафедрасының  доценттері


4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 10 (191), 

мамыр, 2015 жыл

Мен әкемді мақтан тұтамын

МОЙ 

ОТЕЦ


ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ  70 ЖЫЛ

Неміс басқыншыларының 

жаулап алуынан қорғап қалған 

Ұлы Отан соғысының жеңіспен 

аяқталғанына 70 жыл толуын 

еліміз мерекелеуге даярлық 

үстінде. Ұлы Отан соғысының 

тарихын оқулықтардан 

оқып білеміз. Ерлік істерді 

кинолардан, теледидардан 

көреміз. Соғысқа қатысқан 

ардагерлер әңгімесі одан да 

құндырақ. Менің әкем бүгін 

95 жасқа келер еді. Ол осыдан 

бес жыл бұрын 90 жасында 

өмірден озды. Жастай ардагер 

әкемнің әңгімесін тыңдау - 

менің ой-сезіміме үлкен әсер 

қалдырды. Сондықтан әкем 

Қасабеков Ильястың әңгімесін 


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 394.27 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет