Летопись трудовых



жүктеу 489.96 Kb.

бет1/5
Дата23.02.2017
өлшемі489.96 Kb.
  1   2   3   4   5

ЖАСАМПАЗ ЖЫЛДАР

ЖЫЛНАМАСЫ

Карағандыға - 65 жыл

Караганде -65 лет

ЛЕТОПИСЬ ТРУДОВЫХ

СВЕРШЕНИЙ

Қарағанды - 1999 ж.



Жасампаз жылдар жылнамасы/Құраст. А.Ж. Жанғожин,

Е.С. Лұқпанов — Қарағанды: Болашақ-Баспа, 1999. — 96 б.



Құрастырушылар:

А.Ж. ЖАНҒОЖИН, Е.С. ЛҰҚПАНОВ, Қазақстан Журналистер

одағы сыйлығының лауреаттары.

Л.В. МИХЕЕВА, облыстық мемлекетгік архивтің құжаттарды пай-

далану жөне жарияланым бөлімшің меңгерушісі.

Қ.С. ТАЛДЫБАЕВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.

С.Д. ШАЙМҰХАНОВА, доцент, тарих ғылымының кандидаты.

Пікір жазған:

Ә.Ә. ӘБДІӘКІМОВ, тарих ғылымдарының кандидаты.

Кітап қаланың қалыптасуы мен дамуының қысқаша шежіресі бо-

лып табылып, Қарағандының 65 жылдық мерекесіне арналады. Онда

мемлекеттік мұрағаттардың құжаттары, тарихи зерттеулер, мерзімді

баспасөздің материалдары, сирек кездесетін оқиғалы фотосуреттер

кеңінен найдаланылған.

Летопись трудовых свершений./Сост. А.Ж. Жангожин, Е.С.

Лукпанов — Караганда: Болашақ-Баспа, 1999. — 96 с.

Составители:

ЖАНГОЖИН А.Ж., ЛУКПАНОВ Е.С., лауреаты премии Союза

журналистов Казахстана.

МИХЕЕВА Л.В., зав отделом исполъзования документов и публи-

каций облгосархива.

ТАЛДЫБАЕВ К.С., заместитель акима г. Караганды.

ШАЙМУХАНОВА С.Д., донент, кандидат исторических наук.

Рецензент:

А.А. АБДАКИМОВ, кандидат исторических наук.

Книга является летописью становления и развития города и посве-

щается 65-летнему юбилею Караганды. В ней широко использованы

документы госархивов, исторические исследования, материалы пери-

одической печати, уникальные событийные фотографии.



ІSВN 5-7667-8543-7

© Жанғожин А.Ж., Лұқпанов Е.С.

© Қарағанды маңызды білім

беретін "Болашақ" институт ы

РИО "Болашақ-Баспа"

Оқырмандарға

Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орта-

лығы ретінде Қарағанды қаласының тарихы рес-

публика жұртшылығы үшін үлкен ынта тудыра-

ды.

Қарағанды көмір кеніші бұдан бір жарым ғасыр



бұрын ашылған. Оны жан-жақты геологиялық бар-

лау осы ғасырдың 20-жылдарында Мәскеу тау-

кен институтының профессоры А.А.Гапеевтің

жетекшілігімен басталды. Кеніштің 300 шаршы

километрден астам аумағын зерттеу барысында ол

үкіметке «...Қарағанды кеніші әлемдік маңыздағы

бассейн болып табылады» деп баяндады.

Қарағанды көмір бассейні бүкіл елдің көмегіне

сүйене отырып, қарышты қадамдармен дамыды.

Донбасс пен Кузбасстың, Ленинград пен Мәскеудің,

Днепропетровск пен Свердловскінің жұмысшыла-

ры, ғалымдары мен инженерлерінің көмегі арқа-

сында көмір өндіру күннен күнге арта түсті, оны

өндірудің технологиясы жетілдіріле берді. Сағым

қуған сары далада шахтерлер қаласы мен жүмыс

шы поселкелері бой көтерді.

Қаланың қалыптасып, дамуы Қарағанды көмір

бассейнімен тығыз байланыста болды. Қарағанды

қала мәртебесін 1934 жылы алды. Содан бері 65

жыл өтті. Осы мерзімде қала жедел қарқынмен



3

өсті. Республика көмір өнеркәсібінің ірі орталығы

болғаннан соң ол біртіндеп машина жасау және

металл өңдеу, энергетика және көмір химиясының,

дамыған құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ

өнеркәсібінің де орталығы да болып, жоғары мәде-

ниет пен озық ғылымның ошағына айналды.

Міне осы тұрғыдан алғанда көп ұлтты Қазақ-

станның ірі өнеркәсіп, мәдениет және ғылыми ор-

талықтарының бірі — Қарағанды қаласының тари-

хы көкейкесті тақырып болып табылады.

Қала өзі өмір сүрген кезеңде адам танымастай

өзгерді. Қазірде осы заманғы архитектуралық ан-

самбльдер, кең даңғылдар мен көшелер, биік қабат-

ты үйлер мен жасыл желек көмкерген парктер мен

скверлер көз жайнатады,

Қала аға ұрпақ өкілдерінің қолымен тұрғызыл-

ғаны белгілі. Қалада Қазақстан Республикасы

Президентінің «1999 жылды Ұрпақтар бірлігі мен

сабақтастығы жылы деп жариялау туралы» Жар-

лығын орындау жөнінде айтулы шаралар

өткізілуде. Сол шаралар шеңберінде Қарағанды

қаласының 65 жылдығы аталып өтілді.

Оқырмандарға ұсынылып отырған мына кітап

қаланың қалыптасуы мен дамуының қысқаша

шежіресі болып табылады. Онда мемлекеттік мұра-

ғаттың құжаттары мен материалдары, тарихи зер-

ттеулер, статистикалық мәліметтер, мерзімді бас-

пасөз деректері, сирек кездесетін оқиғалы сурет-

тер кеңінен пайдаланылған.

Д.А.ШАЙМҰҚАНОВ,

ҚР гуманитарлық ғылымдар академиясының

академигі, тарих ғылымдарының докторы,

профессор.

ЖАСАМПАЗ ЖЫЛДАР ЖЫЛНАМАСЫ

Қазыналы өлке

1999  ж ы л Қазақстан Республикасы

Президентінің Жарлығымен Ұрпақтар бірлігі мен

сабақтастығы жылы болып жарияланды.

Осы жылы Сарыарқа төріндегі алып индустрия

орталығы Қарағанды қаласына 65 жыл толды. Қала

аға ұрпақ өкілдерінің қолымен қаз тұрғызылды.

Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық да-

муында Қарағанды көмір бассейнінің маңызы ерек-

ше. Ендеше қала ғайыптан пайда болған жоқ, оны-

мен облыстың тарихы бассейн тарихымен тығыз

байланысты.

Қарағанды көмір кенішін алғаш ашушы Аппақ

Байжанов, ол 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке

қарай Қарағандыбасы деген жерде тас көмір

кесектерін табады.

Аппақтың бұл олжасына әкесі мен туыстары

жөнді мән бермеді, Бірақ көмірдің отқа жағуға

жарамды екенін олар білетін. Бұл хабар орыс

кепестерінің де құлағына жетеді.

1856 жылдың наурыз айында Қызылжар көпесі

Н.Ушаков, өндірісші көпестер — Рязанов, Зотов

және басқалармен бірге осы жерді сатып алады.

Орыс көпесі өкілімен бай Игілік Өтеповтың ара-

сындағы келісім-шартта былай делінген: «...Осы

жерді өз еркімен бергені үшін көпес Ушаковтан 250

сом алды және олар да, мирасқорлары да Ушаков

пен компаниядан ештеңе талап етпеуге тиіс...».



5

1856 жылы «Қара забой» деп аталатын Иванов

ашық карьері пайдалануға берілді. 116,3 пұт көмір

өндірілді. Осы жыл Қарағанды көмір бассейнінде

тас көмірдің өндіріле бастаған  ж ы л ы болып

есептеледі.

Сол жылы көпес Н.Ушаков Қарағанды көмір

кенішінен 40 шақырым жерден Спасск мыс қоры-

ту заводы құрылысын салуға рұқсат алады. Мыс

кені Нілді қойнауындағы Өспен руднигінен

өндірілетін болды, Сөйтіп, Қарағанды көмір кеніші

Спасск мыс қорыту заводының отын базасына ай-

налды.


Көмір өндіру өте төмен қарқынмен жүріп жат-

ты. Қарағанды шахталарының жұмыс істеген алғ-

ашқы 30 жылында (1856-1886 ж.ж.) барлығы 302,8

мың тонна көмір шығарылды.

1886 жылы қарыздың өсіп кетуіне байланысты

өкімет Рязановтардың барлық тау-кен

кәсіпорындарын тоқтатуға шешім қабылдайды.

Қарағанды көмір кеніші, Спасск мыс қорыту  з а в о -

ды және Өспен руднигі 12 жыл жабылып, бос

тұрды.


1898  ж ы л ы Рязановтың мұрагерлері өз

кәсіпорындарын қайрадан іске қосуға әрекет жа-

сады, бірақ XX ғасырдың басында оған қаражат-

тары болмай қалды.

1904 жылы Францияның бұрынғы президентінің

ұлы Клод-Эрнест Жан Карно патша Николай-ІІ са-

райындағы тамыр-таныстығын пайдаланыи, Қара-

ғанды кенішіне ие болады, бұл үшін ол орыс

көпестеріне 766 мың сом төлейді.

Қарағанды көмір кеніші мен басқа кәсіпорындар

1907 жылдың шілдесінде Лондонда Джим Роберт

ұйымдастырған негізгі капиталы 3 млн. фунт стер-



6

линг болып табылатын «Спасск мыс кені»

акционерлік қоғамының меншігіне өтеді. 1908

жылы заводты оның отын базасы — Қарағанды

көмір бассейнімен байланыстыратын ұзындығы 40

шақырым Қарағанды — Спасск тар табанды темір

жолы салынды 1916 жылы Өспен руднигінен

солтүстік-шығысқа қарай Жақсы Сарысу өзені

бойынан салынған Сарысу байыту фабрикасы іске

қосылды.


Ағылшындар Қарағандыда 1920 жылға дейін

иелік етті. Жылдың басында Ақмола аумағына

енетін Қарағанды өңірі ақ гвардияшылар мен

интервенттердің қолынан  б о с а т ы ғ а н н а н кейін

ағылшн алпауыттары Қарағандыны тастап кету-

ге мәжбүр болады. Ағылшындардан қопарылған

және су толған шахталар мен басқа да іске алғы-

сыз шаруашылықтар мирас болып қалды. Қара-

ғанды шахталарында осы кезде небәрі 125 жұмыс-

шы болған. Азамат соғысы жылдары Қарағанды-

да көмір өндіру мүлде доғарылды. Сөйтіп, 1929

жылға дейін көмір кеніші консервацияда тұрды.



Үшінші көмір ошағы

Қарағанды мекені 20 жылдардың басында бір-

бірінен алшақ орналасқан, орыстар, украиндар,

қазақтар мекендейтін Үлкен Михайловка, Ескі Ти-

хоновка, Зеленая Балка деп аталатын және т.б.

шағын поселкелерден тұратын,

1920 жылы профессор А.Гапеевтің басшылығы-

мен Қарағанды аймағында геологиялық-барлау

жұмыстары жүргізіліп, Қарағанды тас көмір кеніші

туралы тұңғыш ғылыми негізделген жұмыс жа-

салды. Мұның өзі Қарағанды бассейнінің жаңа

тұрғыда дамуына негіз болды.



7

Елдің халық шаруашылығын дамытудың бірінші

бесжылдық жоспарына сәйкес Қарағанды бассейні

Магнитогорск, Башқұрт және басқа металлургия

заводтарын кокстелетін көмірмен қамтамасыз ету

базасы болып белгіленді. Қала құрылысы бассейнді

өнеркәсіптік игерудің жалпы жоспарына енді.

1929  ж ы л ы Қарағандының көмір байлығын

кеңінен пайдалану мақсатында КСРО Жоғарғы

х/ш кеңесі Қазақстанда «Казстрой» тресін ұйымда-

стыру жөнінде шешім қабылдайды, ол 1930 жыл-

дың желтоқсанында «Қарағандыкөмір» тресі болып

қайта құрылады. Трестің басқарушысы болып Дон-

бастың бұрынғы шахтері Корней Осипович Горба-

чев тағайындалады.

1931 жылғы 21 қаңтарында ХКК жанындағы

Еңбек және Қорғаныс кеңесі «Қарағанды кенішін

дамыту жоспары туралы» арнайы қаулы қабыл-

дайды, онда КСРО Жоғарғы х/ш кеңісінің 1931

ж ы л ы Қарағанды ауданында 16 шахта салу

жөніндегі шешіміне келісім беріледі.

БК(б)П Орталық Комитетінің 1931 жылғы 15

тамыздағы «Көмір және кокс ресурстарын молай-

ту туралы» қаулысындағы: «Қарағанды бассейнінің

географиялық жағдайы, көмірдің орасан мол қоры-

ның болуы, оның кокстелетіндігі, көмір қабатта-

рының қолайлы орналасуы Қарағанды көмір

кенішінің негізінде КСРО-ның қуатты үшінші көмір

базасын жасауды талап етеді» деп аталып өтілген.

Осы тарихи шешімдер Қарағанды бассейнінің елдің

отын базасын дамытудағы халық шаруашылық

маңызын белгілеп, үшінші «Бүкілодақтық көмір

ошағының» қауырт өркендеуінің бастауы болды.

Бассейннің одан әрі дамуына темір жол байла-

нысының жоқтығы негізгі кедергі болды. Петро-

павл — Ақмола темір жолы Қарағанды станциясы-

иа жеткізіліп, 1931 жылдың 1 ақпанында Ақмола-

дан тұңғыш поезд келді. Қарағандыға шахта жаб-

дықтары, құрылыс материалдары, азық-түлік ти-

елген вагондар келе бастады.

Сол жылы бассейн құрылысы аумағында пайда

болған елді мекеннің маңызын ескере келе, сон-

дай-ақ Қарағанды ауданына бірегей шаруашылық

бағытын беру мақсатында Қаз ОАК секретариаты

Қарағандыны аудан құрамынан бөліп,  ж е к е

бюджеті бар және Қаз ОАК-не тікелей бағынатын

Қарағанды поселкелік кеңісін құру туралы мәселе

қарады. Жаңа поселкелік кеңестің орталығы бо-

лып Үлкен Михайловка селосы белгіленді.

Қала құрылысы мен шахталарды пайдалану

адам айтқысыз қиын жағдайларда өтті: техника мен

жабдықтар жетіспеді, материалдық жабдықтау

нашар болды, адам ресурстарының тапшылығы да

айқын сезілетін. Техникалық проблемалар қараған-

дылықтардың қанағаттанғысыз тұрғын үй-тұрмы-

стық жағдайларымен ұштасып, ауыртпашылық

тереңдей түсті. Бассейннің қаз тұруына Донбасс

шахтерлері үлкен көмек көрсетті. Олар 400-ден

астам бідікті жұмысшылары мен инженер-техник

қызметкерлерін жіберді.

1931 жылы қалада қуаты 260 квт. Қарағанды

электр станциясы іске қосылды, су құбыры құры-

лысы басталды. Көмірші мамандарды оқыту үшін

тау-кен техникумы ашылды.

Сол жылы газеттердің тұңғыш саны шықты:

Қарағанды аудандық патрия комитетінің,

поселкелік кеңестің және аудандық кәсіподақ

кеңесінің органдары 11 қыркүйекте орыс тіліндегі

«Большевисткая кочегарка» (қазір «Индустриаль-

9


ная Караганда»), 4 қазанда қазақ тілінде «Қараған-

ды пролетариаты» («Орталық Қазақстан») газеттері

— жарық көрді. Бұл газеттердің қызметі Қараған-

ды көмір бассейні мен Қарағанды қаласының құры-

лу және даму тарихымен тығыз байланысты. 1931

жылы 7 қарашада Қарағанды радиосы тұңғыш рет

эфирге шығып, қала тұрғындарына Мәскеу үнін

жеткізді.

VIII шақырылған Қаз ОАК секретариатының 1931

жылғы 27 желтоқсандағы мәжілісінде «Қараған-

дыдағы қазіргі поселкелік кеңес орнына Қаз ОАК-

ке бағынатын дербес далалық кеңес ұйымдасты-

рылсын» деген шешім қабылданды. Бұл қаулы тек

1934 жылдың ақпанында бекітілді.

1932 жылдың шілдесінде Қарағанды қалалық

кеңесінің бірінші мәжілісі болып өтіп, оның күн

тәртібінде «Ағымдағы жағдай  ж ә н е қалалық

кеңестің Кеңестер Одағының үшінші көмір база-

сының құрылысындағы міндеттер туралы» мәселе

қаралды.


БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің 1932 жылғы

13 қаңтардағы III кеңейтілген пленумы Қараған-

дыда тұрғын үй құрылысында қалыптасқан жағ-

дайды талқылап, қала шаруашылығын құрылыс

материалдарымен қамтамасыз ету жөнінде нақты

шаралар қабылдады. Пленумда «Қарағандыны

бүкіл Қазақстан, бүкіл Кеңестер Одағы болып са-

ламыз!» атты ұран көтерілді.

1932 жылғы тамызда Ауыр өнеркәсіп халық

комиссариаты Қарағандыдағы тұрғын үй -комму-

налдық құрылысқа 8 млн. сом бөлді. КСРО ХКК

Ауыр өнеркәсіп Халық комиссариатына «Қараған-

ды құрылысын ауыр өнеркәсіп Халық комиссари-

атының ерекше назарында болатын құрылыстар



10

тізіміне енгізуді» ұсынды.

1932 жылғы 10 наурызда БОАК қаулысымен

орталығы Петропавл қаласы болып табылатын

Қарағанды облысы құрылды,

Қарағанды тарихына объективті көзқарасты ес-

кере отырып, біз қала тұрғындарының өмірлік

жағдайы өте ауыр болғандығын атап өтуіміз ке-

рек. Шешек, цинга, асқазан-ішек аурулары, сүзек

сияқты жұқпалы аурулар кеңінен тарады. Жыл

басында ашқұрсақтыққа байланысты асқазан-ішек

ауруларына ұшыраудан шахталардың жұмысын-

да үзілістер көбейді. Цингамен ауыратындардың

саны 8 мыңға, асқазан-ішек ауыруымен ауыратын-

дар саны 3,5 мыңға дейін (тек есепке алынғанда-

ры) жетті.

Қарағанды маңайындағы аудандардан өз бетімен

көшіп келушілердің көп болуына байланысты жағ-

дай қиындай түсті, мысалы 1932 жылдың екі ай-

ында ғана Қарағандыға 2700 отбасы (есепке алын-

ғандары) көшіп келді, іс жүзінде мұнан да көп бо-

луға тиісті.

Қарағанды жұмысшыларын жабдықтау мүлде

қанағаттанарлықсыз болды. 1932 жылдың 25 ма-

мырынан 1 маусымына дейін жұмысшыларға нан

мен ұн орнына жарма берілді Алайда, бұл оларды

қанағаттандыра алмады.  Ж е р астындағы 4 мың

жұмысшы тіпті ештеңе алмапты, нәтижесінде олар

үш күн бойы жұмысқа шықпай «Нан беріңдер!»

деп талап қойды.

Қазақ даласын қаусатқан ашаршылық халықты

Қарағандыға, жұмысшы «паёгіне» қарай бұрды.

Сондықтан қаладағы жағдай қатерлі бола баста-

ды.


«Бестіктің» 1933 жылғы 7 қаңтардағы мәжілісінің

11


хаттамасынан: «Көшіп келгендерді қайтаруға ша-

ралар қолданылуына қарамастан олардың Қара-

ғандыға келуі одан әрі жалғасуда. Қарағандыға өз

беттерімен келуді азайту үшін Қарқаралы, Спасск,

Баянауыл, Тельман, Шет, Сарысу, Жаңаарқа, Қор-

ғалжын аудандарының жолдарында постылар қою

қ а ж е т деп саналсын. Қарағанды станциясына

келетін әрбір поездың жолаушыларын тексеру

міндетті деп есептелсін».

20-шы жылдардың аяғында — 30-шы жылдар-

дың басында, жаппай ұжымдастыру және «Кулак-

тар» деп аталатындарды күшпен көшіру кезеңінде

қала халқы бұрынғы Кеңестер Одағының түрлі

аудандарынан көшіп келген адамдардың есебінен

тез өсті.

БК(б)П Қарағанды қалалық комитеті бюросы-

ның 1932 жылғы 7 мамырдағы мәжілісінде Қара-

ғандыда осы кезде 65 мың арнайы көшкіндер мен

Карлаг тұтқындары бар екендігі атап өтілді.

30 жылдарда Қарағандының шеткі аймақтарында

салынып жатқан шахталар, поселкелермен қоса

Жаңа Тихоновкада, Компанейскіде, Федоровкада

және т. б. арнайы көшкіндер поселкелері жедел

қарқынмен салына бастады. Қарағандыда орнала-

с қ а н көшкіндер  қ а л а н ы ң 70-тен астам

кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарында

ж ұ м ы с істеді. Олардың негізгі бөлігі көмір

өнеркәсібімен айналысты. 1934 жылдың 1 қаңта-

рында Қарағанды көмір бассейнінде жұмыс істеген

10397 адамның 5525-і арнайы жер ауып келген-

дер екендігі жөнінде мәлімет бар. Олардың Қара-

ғандыға ағылып келуі Кеңес үкіметі 30-шы жыл-

дардың екінші жартысында тұтас халықтарды

көшіріп жіберуіне байланысты күшейе түсті.

12

1932 жылдың 23 шілдесінде «Правда» газеті



« Үшінші бүкілодақтық көмір ошағына көмек қажет»

деген мақаласында Қарағандыдағы жабдықтау ісі

жағдайына егжей-тегжей талдау жасайды.

Газет дабылынан кейін іле БК(б)П Қазақ өлкелік

комитеті мен Қарағанды облыстық комитеті Қара-

ғандыны азық-түлікпен жабдықтау мәселесін қара-

ды. Қала әкіметі Қарағанды еңбекшілерін азық-

түлік товарларымен жабдықтауды жақсартуға ба-

ғытталған бірқатар практикалық шаралар белгіледі.

Жұмысшыларды жабдықтауда тәртіпті нығайтуға

қаланың барша жұртшылығы қамтылды. КСРО

жабдықтау халкомы 1932 жылдың 1 қыркүйегінен

Қарағанды шахтерлерін жабдықтау нормасын Дон-

баспен теңестірді.

Одақтық, республикалық және қалалық орган-

дардың жүргізген шараларының нәтижесінде

тұрғын үй құрылысы мен қала еңбекшілерін азық-

түлікпен қамтамасыз етуде жағдай біртіндеп жақ-

сара түсті.

1934 жылдың ақпанында, жоғарыда атап өтке-

кіміздей, БОАК қаулысымен Қарағанды қала деп

танылды:


«Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің

Президиумы қаулы етеді:

1. Қазақ АКСР-інде мына төмендегі елді мекен-

дер:

б) Қарағанды облысының Тельман ауданында —

Қарағанды тас көмір бассейнін пайдалану

жөніндегі мемлекеттік трест құрылысының аума-

ғында пайда болған елді мекенге «Қарағанды» аты

беріліп, қала болып өзгертілсін.

Москва. Кремлъ. 10.02.1934 ж.»

Міне, осы уақыттан бері 100 мыңнан астам ха-

13


лқы бар Қарағанды елді мекені қала деп түпкілікті

танылды. Қарағанды қалалық Кеңесінің тұңғыш

төрағасы болып Дүйсен Тәжібаев тағайындалды.

Кездескен қиындықтарға қарамастан қала зор

қарқынмен өсе берді, іске қосылған объектілер

қатары жаңа өнеркәсіп орындарымен және тұрмы-

стық мекемелерімен толыға түсті Қарағандының

тұрғын үй аумағы 243 мың шаршы метрді құра-

ды.

Жас шахтерлер мен құрылысшылардың драма



үйірмесінен 1932 жылы С. Сейфуллин атындағы

қазақ драма театры құрылды. К. С. Станиславс-

кий атындағы орыс драма театрының тууы қала-

ның индустриалдық дамуының қарқынды кезеңіне

тұспа-тұс келеді. Ол Түркіетан — Сібір темір жол

құрылысында құрылған «Жанды газет» үгіт бри-

гадасынан Қазақстандағы ірі театр ұжымына

дейінгі даңқты жолдан өтті.

Қалада 30-дан астам клуб мекемелері, 12 кино-

театр, 300-ден астам кітапхана мәдени қызмет

көрсетті.

1932  ж ы л д а н медициналық-санитарлық

мекемелердің құрылысы басталды. 1933 жылдың

соңына қарай қалада 8 аурухана болды. 1935 жылы

Қарағандыда медицина училищесі ашылды, ал 1937

жылы Үлкен Михайловкада хирургия кешені са-

лынды.

30-шы жылдардың басында Майқұдық, Жаңа



Тихоновка және Пришахтинск поселкелері салын-

ды. 1934 жылы Жаңа қаланың негізі қаланды.

1935 жылы қала халқының саны 135 мың ада-

мға жетті. Сол жылы жалпы көлемі 10906 шаршы

метр кірпіш және тас үйлер салынды. Барлығы 23

жеке үй тұрғызылды. Шахта маңындағы Майқұ-

14

дық, Тихоновка, Компанейск жұмысшы



поселкелерінде құрылыс үлкен қарқын алды.

Қарағандыда қалалық шаруашылықтың тұрғын

үй-коммуналдық, жеке үй, мәдени-ағарту және

т ұ р м ы с т ы қ мекемелер  қ ұ р ы л ы с ы кеңінен

жүргізілді. Қалада бес кірпіш, цемент және але-

бастр заводтары, әк-шлак блоктарын шығаратын

екі завод жұмыс істеді. Құрылыс жұмысшыларын

дайындау азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс-

тың өндірістік базасын ұлғайту жұмыстары

күшейтілді. Осының бәрінің нәтижесінде қоғамдық

тұрғын үй қоры 280664 шаршы метрге дейін ұлғай-

тылды.


Облыс орталығы

1936 жылғы 29 шілдеде БОАК Президиумының

қаулысымен Қарағанды облысының аумағы Қара-

ғанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына

бөлінді. Қарағанды қаласы Қарағанды облысының

орталығы болды. Облыс ортаулығы мәртебесіне

жеткеннен кейін қала шаруашылығының барлық

түрлері кеңінен құлаш жайды.

Қаланың 300 мың тұрғынға арналған бірінші бас

жоспарын Мәскеудің жобалау институты 1938

жылы жасаған болатын. Облыс орталығы осы жос-

парға сейкес салынды. 1938-1940 жылдары қоғам-

дық және мәдени мекемелердің көптеген үйлері,

көп пәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға берілді

Қаланың қоғамдық тұрғын үй қоры 412113 шар-

шы метрге дейін өсті. Қала өсіп, көркейе түсті Осы

мақсатқа едәуір қаржы бөлініп отырды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының

1938 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қараған-

дыда үш аудан құрылды, олар: орталығы Киров

15


атындағы шахта поселкесі болып табылатын Ки-

ров, орталығы  Ж а ң а қаладағы Ленин және Ескі

қаладағы Сталин аудандары.

Сол жылы Қаз КСР Халкомсовы қаулысымен

мұғалімдер институты ашылды. Оның оқыту

мерзімі екі, жылдық тарих және тіл мен әдебиет

бөлімшелері болды.

Осы жыл қаланың мәдени өміріндегі бірталай

елеулі оқиғалармен аталып өтті: қалалық көпшілік

кітапхана (қазіргі Гоголь атындағы облыстық әмбе-

бап ғылыми кітапхана) ашылды, Қарағанды филар-

мониясы жұмыс істей бастады, қуыршақ театры

ұйымдастырылды, жануарлар паркі құрылды.

Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында

қарағандылықтардың еңбек белсенділігінің қайнар

бұлағы бір күн де толастаған жоқ. Осы қиын

уақытта Қарағанды кеншілері шахталарда жан

аямай еңбек етті.



Қала шежіресі беттерінен

1940 жылы тамызда Қарағандыда Ботаникалық

бақша ашылды.

Ұлы Отан соғысыньщ басталуына байланысты

1941-42 жылдары Қарағандыға бұрынғы Одақтың

батыс аумағынан мынадай мекемелер мен кәсіпо-

рындар көшіріліп әкелініп, орналастырылды: Киевтің

Леся Украинка атындағы мемлекеттік академиялық

орыс драма театры; Астрахань кондитер фабрика-

сы; Артемовск аяқ киім фабрикасы (оның базасында

1942 жылдың ақпанында Қарағанды аяқ киім фабри-

касы құрылды); Донбастан ФЗО мектептері мен

кәсіптік училищелері, балалар бақшалары және Харь-

ковтың саңырау балаларға арналған мектеп-интер-

наты.

16

Соғыс кезінде Қарағандыда 6 эвакогоспиталь бол-



ды, олар мұғалімдер институтында, фельдшер -аку-

шер мектебінде, «Қарағандыкөмір» тресі үйінде,

Теміржолшылар клубы мен теміржолшылар ауруха-

насында орналасты. ҚК(б)П Қарағанды обкомы бю-

росы мен облаткомның 1941 жылғы 18 қарашадағы

бірлескен қаулысына сәйкес Қарағанды облысында

майдан аймағынан ауып келген 71200 азаматты,

қаланың өзінде 42200 босқынды орналастыру жоспар-

ланды.

1941 жылы Ворошиловоградтан эвакуацияланған

Пархоменко атындағы машина жасау заводы іске

қосылды.

1942 жылдың 19 желтоқсанында Нұркен Әбдіров

ерлікпен қаза тапты, оған 1943 жылдың мамырында

Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.

КСРО Көмір өнеркәсібі халкомының 1942 жылғы 16

наурыздағы бұйрығымен «Қарағандыкөмір» тресі

жүйесінде Киров, Ленин және Сталин руда басқарма-

лары құрылды, Сол жылдың маусымыяда руда басқ-

армалары «Кировкөмір», «Ленинкөмір» және

«Сталинкөмір» мемлекеттік тас көмір трестері бо-

лып қайта құрылды. 1943 жылдың маусымында

«Ленинкөмір» тресінен «Молотовкөмір» тресі бөлініп

шықты

1942 жылдың 13 қыркүйегінде Мемлекеттік Қорғ-

аныс Комитетінің «Қарағанды көмір бассейнінде

көмір өндіруді ұлғайту жөніндегі шұғыл шаралар

туралы» қаулысы, ал 24 қыркүйекте БК(б)П Орта-

лық Комитетінің Қарағанды көмір бассеішінде көмір

өндіруді ұлғайту міндетіне байланысты партиялық

жұмысты жақсарту жөніндегі шаралар туралы»

қаулысы қабылданды.

1942 жылдың 25 сәуірінде КСРО Халкомсовы Қара-


  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал