Лекция мəтіндері Дайындаған: Ш. Смамутова



жүктеу 436.8 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата15.09.2017
өлшемі436.8 Kb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5

 

1

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚ БІЛІМДЕНДІРУ МИНИСТРЛІГІ 



 

 

БЕРДАҚ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚ МЕМЛЕКТТІК 



УНИВЕРСИТЕТI 

 

 



 

 

ҚАРАҚАЛПАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ 



 

ТҮРКI ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ 

 

 

 



 

 

Қазақ əдебиетін оқыту методикасы пəнінен 



 

лекция мəтіндері 

 

 

 



 

 

 



Дайындаған:         Ш.Смамутова     

 

 



 

 

 



 

 

 



Н Ө К І С- 2 0 11 

 

2

1. Қазақ əдебиетінің методикасы  жалпы негіздері, мақсаты 



 Жоспары: 

 

1.Əдебиетті оқыту əдістеменің өзіне тəн сипаты 



2. Əдістеменің мақсаты 

3. Əдістеменің негізгі міндеттері 



Тірек  сөздер:  эстетика,  педагогика,  психология  ғылыми  салалармен 

сабақтардағы таным əдісін үйрету. 

 

Əдебиет методикасы - педагогика ғылымының салаларына жататын ғылыми 



пəн.  Мұның  қамтитын  объектісі,  қарастыратын  мəселелері  педагогикалық 

процесс,  яғни  мектепте  əдебиетті  оқыту  сабақтары  кезінде  мұғалім  мен 

оқушылардың  оқу-тəрбиелік  процестердегі  өз  ара  қарым-қатынасы  болып 

табылады.  Демек,  əдебиеттік  материалдарды  оқып  үйрену  негізінде  оқушыларға 

əдеби  білім  мен  тəрбие  беру  жөніндегі  туатын  заңдылықтарды  қарастырады. 

Əдебиет  методикасы  тек  көркем  əдебиетті  оқып  үйрену  негізінде  оқушыларға 

берілетін білім мен тəрбие мəселелерін өз шеңберінде ғана алып баяндайды. 

Оқушыларға əдеби білім мен соның негізінде тəрбие беру ісі əдебиетті оқып 

үйренумен  шектелмейді.  Əдебиет  методикасының  тағы  бір  маңызды  объектісі - 

құралы  бар,  ол  əдебиетке  байланысты  жүргізілетін  сыныптан,  мектептен  тыс 

жұмыстар (драмалық үйірмелер, əдеби кешелер, экскурсиялар т.б.) 

Əдебиет  методикасы  дегеніміз - нақты  оқу  процесінде  оқушыларға  əдеби 

білім мен тəрбие берудің ғылыми жəне тиімді жолдарын үйрететін оқу пəні. 

Əдебиетті оқыту əдістемесі мұғалімнің тəжірибесі мен іскерлік дағдылардан 

қалыптастыратын негізгі пəннің қатарына жатады. 

Əдебиетті оқыту əдістемесі қоғамдық-саяси ой филология, əдебиеттану, тіл 

білімі,  эстетика,  педагогика,  психология  т.б.  ғылым  салалардың  дамуымен 

сабақтас. 

Əдебиетті  мектепте  оқыту  əдістемесінің  алдына  қояр  мақсаты-əдебиетті 

өмірмен  байланыстыра  оқыту,  əдеби  шығарманың  тəрбиелік  мəнін  тиімді 

пайдалану,  шəкірттерді  өз  бетімен  көркем  шығарманы  оқуға  қызығушылығын 

қалыптастырып,  өз  тарапынан    ойланып-толғануға  тəрбиелеу,  таным  əдісіне 

үйрету. 

 Əдебиеттің адамтану, қоғамтанудағы қызметі-оқушылардың творчестволық 

ойлауы  мен  қабілетін  жетілдіруге,  ауызша  жəне  жазбаша  сөйлеуді  меңгеруіне, 

жазушының  эстетикалық  мұраттары  мен  талғамын  дұрыс  танып,  ұғына  білуіне 

бағытталады. 

Мектептегі  оқу  мен  тəртібінің  өмірмен,  өнімді  еңбекпен  байланысын 

нығайту  əдебиет  мұғаліміне  үлкен  міндет  жүктейді.  Методикалық  шеберлік 

əдебиет сабақтарда оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастырады; олардың 

идеялық-саяси  жəне  моральдық-эстетикалық  жақтарынан  өсіп  жетілуіне 

көмектеседі, олардың дұрыс ойлай білушілік қабілетін жетілдіріп, тіл мəдениетін 

дамытады. 

Əдеби  методикалық  мазмұнын  белгілеудегі  басты  мəселелердің  біріне 

мұғалімнің əдебиет пəнін оқытуда қолданатын əдіс-амалдары, тəсілдері жатады. 


 

3

Нақтылы  бір  материалды  өтуде  көздеген  мақсат  негізінен  бір  болғанмен, 



əрбір  оқытушы  бұл  мақсатқа  əр  түрлі  методикалық  əдіс-амалдарды  қолдану 

арқылы жетеді. Əдеби материалдың ерекшелігіне байланысты əрбір сабақтардың 

өзіне  тəн  тақырыбы,  мақсаттары,  құрал-жабдықтары,  əдіс-амалдары,  барысы, 

құрылысы, мазмұны т.б. болады.  Демек, сабақ өтілетін материалдың өзгешелігіне 

қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түріне қарай əр алуан құбылып, 

түрленіп  отырып  құбылысқа,  күрделі  оқу-тəрбиелік  процесіне  жатады.  Əрбір 

методиканың  негізгі  міндеті:  мұғалім  жұмыстардың  əдістері  мен  тəсілдерден 

принциптік  жолмен  негіздеп  беру.  Бұл  əдебиет  методикасының  басты  мазмұны 

болып табылады. 

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1. Əдебиеттің қоғамдағы қызметі не

2. Əдебиет əдістемесінің мақсаты не



3. Əрбір методиканың міндеті. 

4. Методикалық шеберліктің маңызы. 

Əдебиеттер  

1. А. Көшімбаев  Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. А.1994ж.  

2. Ə.Қоңыратбаев. 4-7 сыныптарда əдебиет оқыту методикасы А.1987ж. 

3. Қ.Бітібаева. Əдебиет пəнін оқытудың тиімді жолдары. А.1990ж. 

4. Ə.Қоңыратбаев. Əдебиетті оқыту методикасы. А. 1988ж. 

5. Т.Ақшолақов. Мектепте əдеби шығарманың компоненттерін оқыту. А.1995ж. 

6. Т.Жұмажанова. Əдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың 

ғылыми-əдістік негіздері. А.1995ж. 

7. Т.Жұмажанов. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру 

мəселелері. А. 1988ж. 

 

 



 

Мектепте қазақ əдебиетiн оқытудың мазмұны, құрылысы, мiндеттерi 

Жоспар: 

 

1.Қазақ əдебиеті пəні.  



2.Əдебиетті оқытудағы міндеттер  

3. Қорытынды  



Тірек  сөздер:  Əдебиетті  мектепте  оқытудың  мақсаты-əдебиетті  өмірмен 

байланыстыра оқыту, таным əдісіне үйрету. 

 

Қазақ  əдебиеті  кеңес  дəуіріне  дейін  өз  алдына  дербес  ғылым  болып 



қалыптаса  алмады.  Ол  кездегі  қазақ  əдебиеті  осы  күнгі  Əдебиет  тарихы, 

Əдебиет  теориясы,  Əдебиет  сыны  деген  сияқты.  Сондай-ақ  əдебиет  тану 

ғылымының  историография,  библиография,  текстология  сияқты  жанама 

салаларда да зерттелмейтін қалпында жатты. 

Қазақ  əдебиетінің  толық  зерттелмеуіне,  оның  ғылыми  болып  болып 

қалыптаса  алмауына  қазақтың  орта  жəне  жоғары  дəрежелі  мектептерінің 

болмауы, сонымен қатар жазба əдебиеттің өте нашар дамуы да себеп болды. 



 

4

Сөйтіп,  қазақ  əдебиеті  өзінің  даму  мешеулігінен,  ғылыми  тұрғыда  жан-



жақты  толық  зерттелмеуінен  өз  алдына  ғылым  болып  қалыптасып,  ғылыми  пəн 

дəрежесіне  жете  алмады.  Мұндай  жағдайда  əдебиетті  оқыту  жөніндегі 

педагогикалық, методикалық ой-пікірлердің дами алмайтындығы сөзсіз.  

Отызыншы  жылдарда  қазақ  халқының  мəдениеті  мен  əдебиеті  тарихының 

кейбір  мəселелері  түбегейлі  жəне  толық  шешілмегенмен,  ұзын-ұрғасы,  жобасы 

көрініп  қалып  еді.  Міне,  осы  кезеңнен  былай  қарай  қазақ  əдебиеті  өзіне  тəн 

тарихы,  сыны,  жүйесі  бар  дербес  ғылым  болып  қалыптасып,  орта  жəне  жоғары 

дəрежелі оқу орындарында ғылми оқу пəні ретінде оқыла бастайды. Демек, жалпы 

білім  беретін  мектепте  қазақ  əдебиетінің  оқу  жоспарына  еніп,  дербес  оқу  пəні 

ретінде  оқыла  бастауы 1930 жылдан  есептеледі.  Осы  кезден  бастап  күні  бүгінге 

дейін  қазақ  əдебиеті  оқушыларға  əдеби  білім,  тəрбие  беру  жөнінде  мектепте 

оқылатын негізгі оқу пəндерінің бірі болып келеді. 

Қазақ  əдебиетін  оқыту  методикасы  студентке  арнаулы  мамандық  беретін 

профильдік  пəндердің  қатарына  жатады.  Ол  пəн  ретінде  Қазақстанда  мұғалімдік 

жəне  педагогикалық  институттар  мен  университеттер  қазақ  тілі  мен  əдебиет 

факультеттері  ашылуымен байланысты оқыла бастады. 

Əдебиет  методикасы – педагогикалық  ғылымдардың  саласын  танытатын 

ғылыми  пəн.  Мұның  қамтитын  объектісі,  қарастырылатын  мəселелері 

педагогикалық процесс, яғни мектепте əдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім 

мен  оқушылардың  оқу-тəрбиелік  процестегі  өзара  қарым-қатысы  болып 

табылады.  Демек,  əдебиеттің  материалдарды  оқып  үйрену  негізінде  оқушыларға 

əдеби  білім  мен  ұлттық  тəрбие  беру  жөніндегі  туатын  заңдылықтарды 

қарастырады.  Бұл  мақсат-міндеттерді  ойдағыдай  жүзеге  асыруда  сөз  жоқ, 

педагогика ғылымының, оның теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. 

Бірақ  əдебиет  методикасы  педагогика  сияқты  мектеп,  оқу-тəрбие  мəселелерін 

тұтастырып  қарастырмай,  тек  көркем  əдебиетті  оқып  үйрену  негізінде 

оқушыларға  берілетін  білім  мен  тəрбие  мəселелерін  өз  шеңберінде  ғана  алып 

баяндайды. 

Сөйтіп əдебиет методикасы дегеніміз – нақты оқу-педагогикалық процесте 

оқушыларға  əдеби  білім  ұлттық  тəрбие  берудің  ғылыми  жəне  тиімді  жолдарын 

үйрететін оқу пəні. 

Сайып келгенде, осылардың бəріне арқау, тірек болатын негізгі материал – 

көркем əдебиет. Тек осымен байланысты əдебиет сабақтарындағы жəне одан тыс 

уақыттағы оқу-тəрбиелік процесс жүзеге асырылады. 

Мектептегі  оқу  мен  тəрбиенің  өмірмен,  өнімді  еңбекпен  егемендік 

құрылыстың  практикасымен  байланысын  нығайту  əдебиет  мұғаліміне  де  зор 

талап  қойып  үлкен  міндет  жүктейді.  Өйткені  жас  жеткіншектерді  егемендік 

рухында тəрбиелейді, өскелең жаңа міндеттері əдебиет мұғалімінен терең білімді 

болуды,  педагогикалық  жəне  методикалық  шеберлікті,  əдебиетті  əрдайым 

творчестволық  шабытпен  оқытуды  талап  етеді.  Ол  əдебиет  сабақтарында 

оқушылардың  дүниеге  жаңаша  көзқарасын  қалыптастырады:  олардың  идеялық-

саяси  жəне  моральдық-эстетикалық  жақтарынан  өсіп  жетілуіне  көмектеседі: 

олардың дұрыс ойлай білушілік қабілетін жетілдіріп, тіл мəдениетін дамытады. 


 

5

Бұл  айтылған  міндеттердің  дəрежесінде  болу  үшін,  əдебиет  мұғалімі  өз 



жұмысының мазмұны мен формасын айқын ұғынып, жетік білуге тиісті. Бұл ретте 

əдебиет мұғалімінің арқа сүйеп, тірек тұтатыны - əдебиет методикасы. 

Əдебиет мұғалімі жұмысының мазмұны, мақсаты мен міндеті негізінен IV-

IX  сыныптарға  арналған  əдебиет  бағдарламасында  белгіленген.  Мұғалім  оқу 

жылы  басталар  алдында  бағдарламаның  түсінік  хатын  оқып,  əдебиетті  оқыту 

міндеттерімен,  бағдарламаның  құрылысы  жəне  негізгі  мазмұнымен  кейбір 

методикалық  нұсқауларымен,  əдебиетке  байланысты  сыныптан,  мектептен  тыс 

жүргізілетін жұмыс түрлерімен т.б. 

Əдебиет методикасының мазмұнын белгілеудегі басты мəселелердің біріне 

мұғалімнің əдебиет пəнін оқытуда қолданатын əдіс-амалдары, тəсілдері жатады. 

Нақтылы  бір  бағдарламалық  материалды  өтуде  көздеген  мақсат  негізінен 

бір болғанмен, əрбір оқытушы бұл мақсатқа əр түрлі методикалық əдіс-амалдарды 

қолдану  арқылы  жетеді.  Əрбір  сабақтың  жақсы  немесе  нашар  өткенін  дұрыс 

бағалау үшін, оған ғылыми жолмен талдау жасалады. Талдауда барлық факторлар 

есепке алынады. Тек осы факторлардың нəтижесінде ғана əрбір сабақтың сапалы 

жəне  сапасыз  жақтарын  айырып  білуге  болады.  Сөйтіп,  əдебиет  методикасының 

негізгі  міндеті:  мұғалім  жұмысының  əдістері  мен  тəсілдерін  принциптік  жолмен 

негіздеп беру. Бұл əдебиет методикаларының басты мазмұны болып табылады. 

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1) Əдебиет пəні жөнінде айтып беріңдер. 

2) Əдебиетті оқытудағы мақсат не 

3) Оқытуды əдебиетсіз елестетуге бола ма



Əдебиеттер:  

1. А. Көшімбаев  Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. А.1994ж.  

2. Ə.Қоңыратбаев. 4-7 сыныптарда əдебиет оқыту методикасы А.1987ж. 

3. Қ.Бітібаева. Əдебиет пəнін оқытудың тиімді жолдары. А.1990ж. 

4. Ə.Қоңыратбаев. Əдебиетті оқыту методикасы. А. 1988ж. 

5. Т.Ақшолақов. Мектепте əдеби шығарманың компоненттерін оқыту. А.1995ж. 

6. Т.Жұмажанова. Əдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың 

ғылыми-əдістік негіздері. А.1995ж. 

 

 Əдебиет бағдарламасы, оқулықтар мен көмекші құралдар 



Жоспары: 

1.Бағдарлама жасаудың негізгі формасы 

2. Оқулық жəне іс жоспарлары. 

3.Көмекші құралдар жəне олардың құрылымы 



Тірек  түсінік:  Бағдарлама-  мұғалімге

 

оқытылып  отырған  пəнді  жүйелі



 

де 


дəйекті турде баяндайтын құжат. 

  

Бастауыш жəне орта мектептің жоғары сыныптарымен  салыстырғанда, IV-



VII сыныптарда əдебиетті оқытудың принциптік өзгешелігі бар. Əрине, бастауыш 

сыныптарда  əдебиет  деген  пəн  жоқ,  бірақ  бағдарлама  бойынша  қазақ  тілінің 

құрамында  оқу  жəне  тіл  дамыту  деген  арнаулы  білім  саласы  бар.  Міне,  осы 

саламен  байланысты  жүргізілетін  жұмыс  түрлеріне  арналған  материалдардың 



 

6

ішінде  көптеген  əдеби  шығармалардың  нұсқалары  да  бар  (өлең,  əңгіме,  ертегі, 



мысал  өлең  т.б.).  Бастауыш  мектептің  ІY  сыныбы  тоғыз  жылдық  жəне  орта 

мектептің IV сыныбына даярлық саты болғандықтан, ІY сыныпты бітіріп шыққан 

оқушылар тексті мəнерлеп оқу, оның мазмұнын ұғыну, ауызша мазмұндап айтып 

беру, шығарма тексін жеке-жеке бөліктерге ажыратып, əр бөлікке ат қою, оқиғаға 

қатысушы  адамдардың,  олардың  іс-əрекеттерін,  мінез-құлқын  атап  көрсету, 

оларға  өзінше  баға  бере  білу,  т.б.  жөнінен  бағдарламаның  талап,  тілектеріне 

сəйкес  білім,  дағды  алып  келеді.  Осымен  қатар  оқушылардың  ауызша  жəне 

жазбаша  тілі  дамытылып,  машықтанады.  Сөйтіп,  бастауыш  мектепті  бітірген 

оқушылар  түсіндірме  оқу  негізінде V сыныпқа  осы  сияқты  дайындықпен  келіп 

түседі. 


Оқушылар V сыныптан бастап көркем əдебиетті алғаш рет жеке пəн ретінде 

оқиды.  Бұл  пəн V-VІІІ  сыныптарда  əдебиеттік  оқу,  жоғары  сыныптарда  тарихи-

əдебиеттік  курс  болып  екі  жүйемен  оқылады.  Бұл  бағдарламалардың  құрылысы 

мен  мазмұнында  жəне  əрқайсысының  алдына  қоятын  мақсаты  мен  міндетінде 

өзіне тəн өзгешеліктер бар. Алдымен V-VІІІ сыныптарға арналған əдебиеттік оқу 

бағдарламасының құрылысы мен мазмұнына тоқталайық. 

V-VІІІ  сыныптарда  қазақ  əдебиетінің  тарихы  өтілмейді.  Бұл - əдебиеттің 

бастауыш  курсы.  Сондықтан  бұл  сыныптардың  бағдарламасы  əдебиеттік  оқу 

принципіне  негізделіп  құрылған. V-VІІІ  сыныптардың  бағдарламасына  келсек, 

əдеби-көркем 

шығармалар 

негізінен 

идеялық-тақырыптық 

жақындығы 

жақтарынан  үйір-үйір  топтастырылып  берілген.  Мысалы,  ауыз  əдебиеті  үлгілері 

бір  бөлек.  Отан  соғысы  туралы  туындылар  өз  алдына  деген  сияқты, 

топтастырылып  орналастырылған  Ал  VІІІ  сынып  бағдарламасының  құрылысы 

бұлардан гөрі өзгешелеу болып келеді. Мұнда əдеби-көркем шығармалар алдымен 

халықтың  ауыз  əдебиеті  үлгілерінен  басталып,  жазба  əдебиет  үлгілері  ақын, 

жазушылар  бойынша  тарихи-хронологиялық  із,  желімен  берілген.  Сөйтіп, 

тоғызыншы  сыныптың  бағдарламасы  фольклорлық  нұсқалардан  басталып,  ХІХ 

ғасыр  басындағы  əдебиеттің  кейбір  үлгілерін  көктей  етіп,  əдебиет 

шығармаларымен аяқталады. 

V-VІІІ сыныптарда əдебиет тарихы оқылмаса да, жалпы əдебиеттік оқудың 

бағдарламасы  тарихымен  байланысты  болып  келеді.  Өйткені  бағдарламаға 

енгізілген ірілі-уақты көркем шығармалардың қай-қайсын өту, оқып үйрену (оқу, 

мазмұнын  ұғыну,  талдау  т.б.)  ретті  жерінде  тарихи  деректер  мен  фактілерге 

негізделіп, сүйеніліп отырады. 

V-VІІІ сыныптардағы əдебиеттің бастауыш курсында мақал, мəтел, жұмбақ, 

ертегі,  айтыс,  батырлар  жəне  лиро-эпостық  жырлар  сияқты  халықтың  ауыз 

əдебиетінің  үлгілері,  прогресшіл  əдебиет  пен  туысқан  халықтар  əдебиетінің 

таңдаулы  үлгілері  өтіледі.  Бағдарламада  осында  жеке  əдеби  шығармалардың 

лирикалық  өлең,  жырлар,  мысал  өлең,  баллада,  əңгіме,  очерк,  поэзия,  повесть, 

роман сияқты əдебиет тектерінің əр түрлі жанрлары берілген. Оқушылар əдебиет 

курсын  төрт  жыл  бойы  өтудің  негізінде  көркем  сөз  тексін  мəнерлеп,  сазына 

келтіріп  оқи  білуге,  оқыған  шығармаларын  дұрыс  түсінуіне,  олардың  идеялық-

тақырыптық,  мазмұнын,  көркемдік  өзгешеліктерін  талдау  арқылы  ұғына  білу 

жөнінен білім, дағды алып шығады. 



 

7

Осымен  байланысты  оқушыларға  əдебиет  теориясынан  қажетті  мағлұмат 



беріледі.  Əдебиет  теориясы  көркем  шығарманы  талдаудың  кілті  болғандықтан, 

оқушылардың əдеби-теориялық ұғымдарын қалыптастырып молайту аса маңызды 

іс  деп  қаралады.  Əдеби  шығармалардың  тақырыбы  мен  идеялық  мазмұнын, 

кейіпкерлерін,  табиғат,  зат-жағдай  бейнелерін,  сюжеті  мен  композициясын,  тіл 

ерекшеліктерін, жанрлық өзгешеліктерін т.б. талдап түсіне білуге дағдылану, осы 

əдебиет теориясының мəселелеріне келіп тіреледі. Бұларды үйретіп білгізбейінше, 

оқушылардың əдеби білім, білік, дағды алып шығуы мүмкін емес. 

Осымен қатар бағдарлама көлемінде көрнекті ақын, жазушылар өкілдерінің 

өмірбаяны  мен  қызметі  туралы  мағлұмат  беріледі.  Ауызша  жəне  жазбаша 

жүргізілетін жұмыс түрлері негізінде тіл мəдениеті қалыптасып, дамытылып, тіл 

қазынасы  молайтылады.  Сөйтіп.  Оқушылардың  бастауыш  сыныптардағы 

түсіндірме оқу негізінде алған білімдік, тəрбиелік біліктері мен дағдылары V-VІІІ 

сыныптардағы  əдебиеттік  оқу  сабақтарында  берілетін  əдеби-білім  арқылы  ілгері 

дамытылады.  Осының  нəтижесінде  ІХ  сыныпты  бітірген  оқушылар  жоғары 

сыныптардағы тарихи-əдебиеттік курсты меңгеріп кетуге мүмкіндік алады. 

Оқушыларға  əдеби  білім  жəне  ұлттық  тəрбие  беруде  əдебиеттік  оқу 

кітаптарының  маңызы  аса  зор.  Өйткені  бұл  хрестоматиялар – оқушылардың 

екінші ұстазы. Бұл құралдармен оқушылар ғана емес, мұғалім де пайдаланады. 

Əдебиеттік  оқу  хрестоматиясы:  а)  əдеби-көркем  шығармалардан;  б) 

жаттығу; в) иллюстративтік материалдардан тұрады. 

Əр сыныптың əдебиеттік оқу кітабына бағдарламада міндетті түрде өтілуге 

тиісті  шығармалардың  бəрі  енгізілген.  Бұлар  хрестоматияда  бағдарламада 

көрсетілген  желінің  рет  тəртібі  бойынша  орналасқан.  Егер  осы  көркем  сөз 

материалдарын  əдебиеттік  тегіне  қарай  бөлсек,  эпостық,  лирикалық 

шығармалардың  көптеген  түрлері  бар:  лирикалық  өлең,  жыр,  ертегі,  мəтел, 

жұмбақ,  батырлық  жырлар,  айтыс,  мысал,  өлең,  əңгіме,  очерк,  баллада,  поэзия, 

повесть,  роман.  Бұлардың  ішіндегі  күрделі,  көлемді  шығармалар  қысқартылып 

немесе  үзінді  түрде  берілген.  Бұл  жанрлар  фольклордан  бастап,  жазба 

əдебиетіміздің  қазіргі  үлгілеріне  дейін  қамтиды.  Осы  үлгілердің  қай-қайсысы  да 

оқушыларға  əдеби  білім,  тəрбие  беру  мақсатына  идеялық-тақырыптық  мазмұны, 

көркемдік  сапасы  жөнінен  өте  сұрыпталып  алынған.  Мұғалімнің  міндеті  көркем 

сөздің яғни сөз өнерінің осындай таңдаулы шығармаларының пəрменді, құдіретті, 

сиқырлы күшін оқушылардың көкейіне құйып, санасына жеткізіп, олардың ақылы 

мен  еркіне  бірден  жəне  тікелей  тигізетін  əсер-ықпалын  творчестволық 

шеберлікпен жеткізе білуінде болып табылады. 

Хрестоматияда,  бағдарламада  көрсетілгендей,  кейбір  шығармаларды  оқып 

үйрену  негізінде  əдебиет  теориясынан  мағлұматтар  берілген.  Əрине,  бұлар 

оқушылардың əдеби-теориялық ұғымдармен қалыптастыруға тиісті мəселелердің 

бəрін түгел қамтиды деуге болмайды жəне олардың негізгілері болмаса, барлығын 

бірдей хрестоматияда қамту мүмкін де емес. 

Өйткені əдеби-көркем шығарманы оқу, мазмұнын ұғыну, талдау барысында 

ірілі-уақты  əдеби-теориялық  мəселелердің  алуан  түрлері  кездеседі.  Оларды 

оқушылардың  білім,  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  бағдарламаның  көлемі 

мен  талабына  сəйкес  үйретіп,  түсіндіріп  отыру  мұғалімнің  міндетіне  қалады. 



 

8

Сондай-ақ  хрестоматияда  берілмейтін  кейбір  əдеби-теориялық  ұғымдарды 



оқушылардың əдебиет дəптеріне жаздырып отыру қажет. 

Бұдан кейін əдебиеттік оқу кітабында əрбір шығарманың соңында жаттығу, 

тапсырма  материалдары  берілген.  Бұлардың  міндеті – шығарманың  тақырыбы 

мен  мазмұнын,  идеялық-көркемдік  жақтарын,  əдебиет  теориясының  мəселелерін 

ұғынуын  қамтамасыз  ету  үшін  оқушыларға  көмектесу.  Оқушылар  жаттығу 

материалдарын  елең  қылмауы  да  мүмкін,  елең  қылғанның  өзінде  олардың  не 

екенін,  неден  бастап,  қалай  пайдалану  керек  екенін  түсінбеуі  де  иқтимал. 

Шынында,  бұл  материалдар  оқушыларға  ғана  емес,  мұғалімге  де  пайдалы, 

көмекші  деп  қарау  керек.  Сондықтан  мұғалім  алдағы  əдебиет  сабағына 

əзірленгенде,  сабаққа  жоспар-контекст  жасағанда,  жаттығуда  көрсетілген  сұрау-

тапсырмаларды  негізге  алады,  пайдаланады.  Əрине,  бұдан  мұғалім  осы 

жаттығудың  шеңберінен  шықпауы  керек  деген  пікір  тумайды.  Қайта,  керісінше, 

жаттығу  материалдарына  оның  қосары  болуы,  өзгерістер  енгізуі  немесе  одан 

қалдырып  кететіні  болуы  мүмкін.  Қысқасы,  мұғалім  оларды  сын  көзімен, 

творчестволықпен пайдаланады. Өйткені жаттығуда шығарманы оқуға, мазмұнын 

ұғынуға,  талдауға,  əдеби-теориялық  ұғымға,  ауызша  жəне  жазбаша  тіл  дамыту 

жұмыстарына т.б. байланысты жұмыстарды толық қамти алмайтыны сөзсіз. 

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1) Бағдарламаның  түрлерін атап беріңдер. 

2) Көмекші құралдарды пайдаланудың маңызы. 

3) Оқу құралдардың түрлерін атап беріңдер. 

Əдебиеттер:  

1. А. Көшімбаев  Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. А.1994ж.  

2. Ə.Қоңыратбаев. 4-7 сыныптарда əдебиет оқыту методикасы А.1987ж. 

3. Қ.Бітібаева. Əдебиет пəнін оқытудың тиімді жолдары. А.1990ж. 

4. Ə.Қоңыратбаев. Əдебиетті оқыту методикасы. А. 1988ж. 

5. Т.Ақшолақов. Мектепте əдеби шығарманың компоненттерін оқыту. А.1995ж. 

6. Т.Жұмажанова. Əдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың 

ғылыми-əдістік негіздері. А.1995ж. 

 

 



 

 Қазақ əдебиетiн мектепте оқыту əдiстерi. Əдебиеттi оқытудың түрлерi. 

Жоспар: 

1. Əдебиетті оқытудағы жетекші принцип.   

2. Негізгі жəне қосымша əдістер 

3. Қорытынды 



Тірек  сөздер:  Əрбір  пəнді  табиғи  ерекшеліктеріне  сəйкес  оқытудың 

принциптері  мен  əдіс-амалдарын  теориялық  тұрғыдан  баяндау,  жеке  пəндерді 

оқыту  методиканың  үлесіне  тиеді.  Мəнерлеп  оқу,  лекциялық  баяндау,  сұрақ-

жауап əдістері. 

 


 

9

Мектепте  əдебиетті  оқытудағы  жетекші  принцип  пен  қолданылатын  негізгі 



əдіс-амалдар  мұғалім  мен  оқушының  барлық  жұмыс  түрлерін  жандандырып 

отыруына  негізделеді.  Бұл  принципті  іске  асыру  үшін  мұғалім  сабақтың 

тақырыбы  мен  мақсатына,  құрылысы  мен  мазмұнына  сəйкес  тиімді  негізгі  жəне 

көмекші əдіс- амалдардың түрлерін қолданады.  

Мұғалім  оқытудың  əдіс-амалдарын  түрлендіре  отырып,  оқу-тəрбиелік 

процесті  творчестволық  белсенділікпен  ұйымдастырып  өткізуі  керек.  Əрбір 

сабақтардың  идеологиялық-теориялық  дəреженің  жоғары  болуы,  мазмұнды 

сапалы  болып  өтуі  алдымен  ұстазға  жəне  шəкірттердің  əдебиет  жөніндегі  білім 

біліктеті мен дағдыларына байланысты

.

  



Педагогика  ғылымы  мектепте  оқылатын  оқу  пəндерін  оқыту    теориялық, 

басты  принциптерді,  қолданылатын  негізгі  жəне  көмекші  əдіс  амалдар  жалпы 

түрде  баяндалады.  Əрбір  пəнді  табиғи  ерекшеліктеріне  сəйкес  оқытудың 

принциптері  мен  əдіс-амалдарын  теориялық  тұрғыдан  баяндау  жеке  пəндерді 

оқыту методиканың үлесіне тиеді. Осындай пəндердің қатарына əдебиетті оқыту 

методикасы жатады. 

Əдебиет  пəнін  оқытудакөптеген  негізгі  жəне  көмекші  əдістер  бар.  Мысалы, 

көркем  сөз  тексін  мəнерлеп  оқу,  сюжетті  шығармаларды  əр  түрлі  вариантта 

ауызша мазмұндау т.б. 

Баяндау  əдісі - IV-VII сыныптарда  мұғалім  сөзі  (кіріспе  сабақ). VIII-XI 

сыныптарда  лекция  түрінде  қолданылады.  Лекцияның  өзара  бөлінетін  жоспары 

болады. Бұл əдіс арқылы ірілі-ұсақты көптеген  мəселелерді  (оқу материалдары) 

түсіндіреді. 

Мысалы: IV-VII сыныптарда  ақын-жазушылардың  өмірбаяны,  өтілгелі 

тұрған,  шығарма  жайындағы  тарихи - əдебиеттік  түсініктеме,  түсініксіз  сөздер 

мен ұғымды түсіндіру, көркем шығарманы талдау, əдебиет - теориялық ұғымдар, 

мазмұндама, шығарма жазу жұмыстарына байланысты айтылатын сөздер т.б. 

Өмірбаянды игерудің екі түрлі жолы бар: 

а)  кіріспе  сөз  немесе  лекция  оқылған  соң  оқушыларға  оқулықтардың  сол 

мағлуматқа құрылған бөлімін оқып келу. 

б)  синхроникалық  таблица  жасау. (Автордың  өмір  сүрген  заманы,  еңбегі, 

өмірінің  елеулі  кезеңдері,  даталары).  Төмендегі  сыныптарда  өмірбаянның  жеке-

жеке  элементтері  ғана  беріледі  (Ыбырайдың  балалық  шағы,  оқудағы  кезі,  оқу-

білімге  шақыруы).  Жоғары сыныптарда автордың заманы, өмірі,  творчестволық 

жолы тұтас əңгімеленеді. 

Сұрақ-жауап  түріндегі  əңгіме  əдісі  бойынша  оқушылар  көркем  сөздердің 

мазмұны  (айту,  оқу,  жазу)  тақырыбы,  идеясы,  образдары,  тілі,  компониясы 

жөнінде өз түсініктерін айта білерліктей бағытта жұмыс істеуі тиіс. Сұрақ-жауап 

түріндегі  əңгіме  əдістерінің  орталығында  сөз  емес,  зат,  сұрақ-жауап,  бірлесіп 

істеу, сабақты активтендіру тəсілі тұрады. Коменскийдің ойынша əдебиет сабағы 

бала  жанында  сыншыл  ой  тудыруы  қажет.  Оқушы  əрбір  шығарманы  өздігінше 

актив  қабылдап,  қорытынды  жасай  білуі  тиіс  еді.  Шығармаға  пікір  білдіргенде 

оқушы  өз  білгеніне  сүйенуі  керек  жəне  қорытынды  шығармаға  тырысуы  қажет. 

Жетпегенін басқалар толықтырады, ал мұғалім соны жүйеге келтіреді. 



 

10

Көркем  сөз  тексін  мəнерлеп  оқу  əдісі - əсіресе IV-VII сыныптарда  көбірек 



қолданылады.  Мысалы,  көлемі  шағын  шығармаларда  (қысқа  өлең  жырлар, 

əңгімелер,  мысал  өлеңдер  т.б.)  ақын  жазушылардың  өмірбаяны  мен 

творчестволық  жолын  айқын  түсінуге  көмектесетін  шығарма  текстерін,  тарихи 

əдеби  шолуларды  өткенде,  дəуір  өзгешеліктері  сыр-сипатын  түсінуге  жəрдемі 

тиетін үзінділерді т.б. мəнерлеп оқу. 

Түсіндірмелі оқу - жанды əңгіме түрінде  өтілуге тиіс. Түсіндірмелі оқудың 

кілтін  ғылым  оқу,  айту,  талдау  деп  бөледі.  Оқудың  бұл  түрі  бойынша  сабақтан 

бұрын баяндамалар, тексті үйде 2-3 рет оқып, əңгімеге əзірленеді, оны «ескертпе» 

оқу деп аталады. 

Түсіндірмелі  оқудың  екінші  сатысында  бала  оқып  қана  қоймай,  соның 

мазмұнын  айта  білуі  тиіс.  Оны  сөйлеуге  үйрету  дейміз.  А.Д.Альферов 

«түсіндірмелі оқуды» екіге бөледі. Бірінде бала оқыған текстің мазмұнын игереді, 

екіншісінде  соның  құрылысын  зерттеп,  мəнін  ашады.  Төменгі  сыныптарда 

мұғалім  оқылған  текстің  мазмұнын  əңгіме  əдісі  бойынша  анықтап  талқылайды, 

жоғары  сыныптарда  соның  идеясын  анықтайды,  талдайды. (мінездеу,  тіл, 

композиция) 

Эксперимент  əдісі  техникалық  пəндер  тəжірибесінде  көбірек  қолданылады. 

Оны  əрі  теория,  əрі  тəжірибе  (көрнекілік)  деп  алуға  болады.  Мысалы, 10 сағат 

құрылған  көлемді  текстерді  экспериментке  құрып,  тіркестіріп  сабақ  үлгілерін 

жасау, ол сабақтар тұсында оқу, талдау, баяндау əдісінің қалай ұштасып, келетінін 

көрсету мұғалімдерді өз бетімен іздестіріп отыруға жетелейді. 

Бұлардан басқа көрнекілік, техникалық құрылымды қолдану əдістері де бар. 

Лекциялық əдіс - негізінен жоғары сыныптарда қолданылады, ретті жерінде 

төменгі  сыныпта  да  қолданылады.  Мысалы,  тарихи-əдеби  шолулар,  ақын, 

жазушының  өмірі  мен  творчестволық  қызметіне  сипаттама,  əдебиеттің  тарихы 

мен теорияларына байланысты мəселелерді жинақтап қорыту, көркем шығарманы 

талдау т.б. 

Əдебиетті  оқытуда  əдіс-амалдардың  басқа  түрлері  де  бар.  Мысалы,  сөз 

жарысы (айтыс) баяндама жасау, ауызша мазмұндау, жазба жұмыстардың түрлері. 

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

1) Əдебиетті оқытудағы жетекші принцип не

2) Қандай негізгі жəне көмекші əдістер бар



3) Əңгіме əдісі деген не

4) Лексикалық əдісінің маңызы. 



5) Түсіндірмелі оқу деген не

    



 

Əдебиеттер:  

1. А. Көшімбаев  Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. А.1994ж.  

2. Ə.Қоңыратбаев. 4-7 сыныптарда əдебиет оқыту методикасы А.1987ж. 

3. Қ.Бітібаева. Əдебиет пəнін оқытудың тиімді жолдары. А.1990ж. 

4. Ə.Қоңыратбаев. Əдебиетті оқыту методикасы. А. 1988ж. 

5. Т.Ақшолақов. Мектепте əдеби шығарманың компоненттерін оқыту. А.1995ж. 


 

11

6. Т.Жұмажанова. Əдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың 



ғылыми-əдістік негіздері. А.1995ж. 

7. Т.Жұмажанов. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру 

мəселелері. А. 1988ж. 

8. Қ.Тасполатов. Əдебиет сабақтарда оқушылардың танымдық белсенділігін 

арттыру. А. 1985 

9. Ұжымдық жинақтар. Мектепте қазақ тілі мен əдебиетін оқытудың мəселелері.                

А. 1985ж. 

10. Жинақ. Қазақ əдебиетін оқыту методикасы. А.1985ж. 

11. Б.Спанов Кейіпкер бейнесін талдау. А.1986ж. 

 

Əдеби шығарманы оқу, мазмұнын ұғыну жəне оны талдау   



 

 

Жоспары: 



 

1. Шығарманы сыныпта жəне үйде оқудың маңызы. 

2. Көркем шығарманы оқудың түрлері. 

3. Оқушыларды дұрыс оқуға, талдауға жаттықтырудың тəсілдері. 



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 436.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет