Лекция. Есенберлин Ілияс шығармашылығы Ілияс Есенберлин (1915 жылы Ақмола облысы, Атбасар қаласын дүниеге келіп 1983 жылы Алматыда қайтыс болған) жазушы. Қазақ әдебиеті



жүктеу 166.47 Kb.

Дата22.01.2017
өлшемі166.47 Kb.
түріЛекция

 

1 лекция. Есенберлин Ілияс шығармашылығы 

 

Ілияс Есенберлин (1915 жылы Ақмола облысы, Атбасар қаласын дүниеге 



келіп  –  1983  жылы  Алматыда  қайтыс  болған)  –  жазушы.  Қазақ  әдебиеті 

дамуының  тарихында  жазушы  Ілияс  Есенберлин  төргі  орындардың  бірін 

алады.  Ол  –  туған  жеріне,  өскен  еліне  шығармагерлік  алапат  еңбегімен, 

талмас талантымен танылған, ірі қаламгердің бірі. 

Қазақ  әдебиетінің  көркем  қазынасын  байытуға  қомақты  үлес  қосқан 

жазушы әр түрлі жанрларға құлаш ұрды. Қыруар өлең, он дастан, екі повесть, 

он жеті роман жазды. Драматургия, кино, аударма саласында да еңб

ек етті. Елінің күнделікті өмірімен тыныстаған шығармалармен қатар, 

ұлт  өмірінің  ғасырларға  кететін  кең  ауқымды,  қарымды  панорамасын 

жасаған  құнарлы  туындылар  берді.  Ата-бабамыз  қалай  өмір  сүрді?  Қандай 

жолдан өтті? Тарихи тағдырлары неге сүйіндірді, неден жирендірді? “Қазақ 

жазушыларының  арасында  үлкен  оқырманның  бұл  шақыруына  үн  қосқан 

алғашқы  қаламгерлердің  бірі  –  Ілияс  Есенберлин.  Біз  оны  жаңа  сапа 

белесінен көрдік те таныдық, – деп жазды сыншы Мұхаметжан Қаратаев... – з 

оны қажырлы еңбегі үшін сыйлаймыз.”

1

 



Жазушы  туындылары  жұртшылық  жүрегіне  жол  тапты.  Көптеген  шет 

тілдеріне аударылды.  Туындыгердің шабытты еңбегі, шалқар творчествосы 

жоғары  бағаланды.  Ілияс  Есенберлин  Қазақ  ССР-інің  Абай  атындағы 

Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  атанып,  Еңбек  Қызыл  Ту,  “Құрмет 

белгісі”  ордендерімен,  көптеген  медальдармен  марапатталып,  халқының 

құрметіне, зор абырой, даңққа бөленді.  

 

 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



І. Есенберлин «Қаһарңмен «Көшпенділерң романы 

2.

 



«Қаһарң романының таихи – фольклорлық негізі 

3.

 



І. Есенберлин шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері 

4.

 



Қаламгер прозасындағы тарихи тұлғалар бейнесі  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

 


2 лекция. Нұрпейісов Әбдіжәміл шығармашылығы 

 

Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы Қызылорда обл. Арал ауд. Құланды 



ауыл советінде дүниеге келген) – жазушы, ҚР халық жазушысы (1985). Отан 

соғысына  қатысқан.  Әл-Фараби  атындағы  Қаз.ҰУ-ін  бітірген  (1952). 

Москвадағы  әдебиет  институтын  бітірген  (1956).  1962  –  64  жылдары 

«Жұлдызң журналының бас редакторы болды. Әдебиетке 40-шы жылдардың 

2-ші  жартысында  араласа  бастады.  Тұңғыш  шығармасы  –  Отан  соғысы 

тақырыбына  жазылған  «Курляндияң  романы  1950  жылы  жарық  көрді.  Бұл 

роман  Жамбыл  атындағы  республикалық  сыйлыққа  ие  болды  (1950). 

Шығарманы  автор  қайта  өңдеп,  толықтырып  «Күткен  күнң  (1958)  деген 

атпен  жариялады.  Романда  халықтар  достығы,  кеңес  адамдарының 

адамгершілік,  моральдық,  патриоттық  тұлғасы  терең  ашылған.  Жазушының 

күрделі туындысы – «Қан мен терң трилогиясы (1-кітап., «Ымыртң,1961;  

2-кітап., «Сергелдеңң, 1964; 3-кітап.,«Күйреуң, 1970; КСРО Мем.сыйл.,1974). 

Трилогияда  1914  –  20  жылдары  Қазақстанда  болған  тарихи  оқиғалар 

шындыққа  сай,  шынайы  көркемдікпен  суреттелген.  Нұрпейісов  сол  тарихи 

кезеңдегі  халық  өкілдерінің  қайталанбас,  дара,  күрделі  тағдырын,  типтік 

бейнесін жасады (Еламан, Қален, Сүйеу, т.б.). Жазушының романы бойынша 

жасалған  инсценировка  Қазақ  драма  театрының  репертуарынан  (1974 

жылдан)  тұрақты  орын  алды.  Шығарма  негізінде  «Қазақфильмң 

киностудиясы көркемсуретті кинофильм түсірді (1976). Жазушы очерк және 

әдеби-сын  мақалалар  жанрында  да  жемісті  еңбек  етіп  келеді.  Л.Н.Толстой, 

Ф.М.Достаевский,И.С.Тургенов, 

М.Әуезов, 

С.Мұқанов, 

Ғ.Мұстафин, 

Ш.Айтматов  творчестволарын  сөз  еткен  сын  мақалаларының  таңдамалысы 

«Толғауң  деген  атпен  қазақ,  орыс  тілдерінде  жарық  көрді  (1972).  Жазушы 

очерк пен әдеби портрет жанрын әдебиеттің түрлі кезеңдерінің панорамасын 

жасауға  шебер  пайдаланды.  1983  жылы  жазушының  «Сеңң  романы  жарық 

көрді.  Шығарма  ішкі  динамизмнің  қанықтығымен,  тақырыбының,  көтерген 

мәселесінің  көкейкестілігімен  назар  аудартады.  Заман  тынысы,  бүгінгі 

таңдағы  экологиялық  проблемалар  төңірегіндегі  толғаныс  –  тебреністер, 

адамның  өз  ары  алдындағ  жауапкершілігі,  замандастары  мен  келешек 

ұрпақтар  алдындағы  азаматтық  борышы  жайында  сөз  болады.  Романдағы 

оқиға  суы  тартылып  бара  жатқан  Арал  теңізіне,  табиғатқа  деген  екі  түрлі 

көзқарастың  қақтығысы  төңірегінде  өрби  келіп,  қазіргі  заманғы  қайнауы 

жеткен  елеулі  проблемаларға  тіреледі.  Жазушы  көркем  аудармамен  де 

шұғылданады.  Ол  А.П.Чеховтың,  А.М.Горькийдің  әңгімелерін,  Назым 

Хикметтің  және  испан  жазушысы  А.Кэсонның  пьесаларын  т.б. 

шығармаларды  қазақ  тіліне  аударды.  Жазушының  шығармалары  ТМД 

халықтары және шетел тілдеріне аударылған. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл 

Ту, «Құрмет белгісің ордендерімен және медальдарымен марапатталған. 

 

 



 

 


Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

 

1.



 

«Қан мен терң романындағы жаңашылдық 

2.

 

Дәуір үні – суреткер сыры 



3.

 

«Сеңң романының көтерген мәселесі 



 

 

3 лекция. Әкім Тарази шығармашылығы 

 

 Әшімов  Әкім  (1933  жылы  Алматыда  туылған)  –  жазушы,  драматург, 



сценарист. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2000). Абай атындағы 

АГУ- нің филология факультетін бітірген (1955). Москвадағы сценаристердің 

жоғарғы  курсын  бітірген.  1955  –  56  жылдары  Жамбыл  облыстық  ауыл 

мектебінде  мұғалім.  1956  –  58  жылдары  «Ара»  журналында  фельетонист, 

1958  –  59  жылдары  «Қазақстан  пионері»  (Ұлан)  газетінде  жауапты  хатшы, 

1962 – 70 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында редколлегия мүшесі, бас 

редакторы,  1970  –  71  жылдары  «Литературная  газетаның»  Қазақстан 

бойынша 


меншікті 

тілшісі, 

1971 

– 

80 



жылдары 

Қазақстан 

Кинематогрофистер  одағы  басқармасының  бірінші  хатшысы,  1986  жылы 

Қазақстан  Жазушылар  одағының  бірінші  хатшысы.  Таразидың  алғашқы 

кітабы  «Құйрықты  жұлдыз»  повесі  1966  жылы  шықты.  Тарази 

шығармаларында  ауыл,  қала  жастарының  тіршілігіне,  бүгінгі  жұмысшылар 

өміріне,  олардың  арман-мақсатына  арналған  «Үлкен  ауыл»  (1968),  «Асу  – 

асу»  (1970),  «Қиян  –  соқпақ»  (1976),  «Бұлтқа  салған  ұясын»  (1978), 

«Тасжарған»  (1980),  т.б  повесть-романдары  жарық  көрді.  Сондай  –  ақ 

«Күлмейтін  комедия»  (1966),  «Жақсы  кісі»  (1968),    «Жолы  болғыш  жігіт» 

(1972),  «Қос  боздақ»  (1985),  т.б  пьесалардың,  «Тұлпардың  ізі»  (1984, 

реж.М.Бегалин), «Арман – атаман» (1965, реж.Ш.Бейсенбаев), «Қараш-қараш 

оқиғасы»  (1972,  реж.  Б.Шәмшиев),  т.б  кино-фильм  сценарилерінің  авторы. 

Бірқатар кітаптары шетел тілдеріне аударылған. 

 

 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



Тарази шығармаларындағы жастар тіршілігі 

2.

 



Шығармаларындағы жұмысшылар өмірі 

3.

 



Жазушы шығармаларындағы психологизм 

 

 

4 лекция. Жүнісов Сәкен шығармашылығы 

 

Жазушы,  драматург.  Қазақстанның  халық  жазушысы  (1996).  Әл-



Фараби  атындағы  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1957).  1957  –  59  жылдары  «Пионер» 

(Ақжелкен)  журналында  және  1960  –  64  жылдары  Қаз.мем.драм.театрында 

әдеби  бөлім  меңгерушісі.  Қостанай  пед.инс-да  оқытушы.  1964  –  68  жж 


«Қазақ  әдебиетің  газетінде  бөлім  меңгерушісі.  1988  жылдан  КСРО  әдеби 

қоры  Қазақ  бөлімшесінің  директоры,  Қазақстан  жазушылар  одағының 

хатшысы.  Жүнісовтің  балаларға  арналған  алғашқы  кітапшасы  («Сонардаң) 

1959 жылы шықты. Бұдан соң жас жеткіншектер үшін «Әжем мен емші және 

дәрігерң  (1961),  «Кімнің  мекені  жақсың  (1962),  «Сақау  бәтеңке»  (1983),  т.б 

кітаптары  жарық  көрді.    Жазушы  бүгінгі  өмір  тынысы  жайлы  «Өшпейтін 

іздерң  повесін  (1968),  тың  туралы  «Жапандағы  жалғыз  үй»  романын  жазды 

(1965).  Мұнда  тың  игерудегі  ерлік  еңбектер  суреттеледі.  Ақын  әнші  – 

композитор  Ақан  сері  Қорамсаұлының  (1843-1913)  өмірдегі  және  өнердегі 

жолын,  19ғ  2-ші  жартысындағы  қазақ  елінің  қоғамдық  қарым  –  қатынасын, 

әлеуметтік  құрылысы  мен  тұрмыс  –  тіршілігін  баянндайтын  «Ақан  сері» 

дилогиясы  жарық  көрді.  (1-кітап,  1971.2-кітап,  1977).  Жазушы  –  Қазақстан 

жеріне  келген  әр  ұлт  өкілдерінің  тың  игерудегі  қажырлы  еңбегі  туралы 

«Алғашқы  вагонң  (1982),  қазақ  әйелдерінің  қиын  тағдыры,  бүгінгі  жарқын 

тұрмысы  жөнінде  «Аманай  мен  Заманай»  (1987)  повестерін  жазды. 

Жазушының  драматургиясы  тақырыбының  сонылығымен,  көтерген 

мәселесінің  актуальдылығымен,  оқиға  байлығымен,  шұрайлы  тілімен 

ерекшеленеді. «Ажар мен ажал» (1967), «Тұтқындар» (1970), «Қызым, саған 

айтам» (1972), «Жаралы гүлдер» (1973), «Қос анар» (1974), «Әр үйдің еркесі» 

(1975),  «Қысылғаннан  қыз  болдық»  (1976),  т.б  пьесалары  республика 

театрларында  қойылды.  «Өліара»  пьесасы  –  қазақ  драматургиясындағы 

таңдаулы  шығармалардың  бірі.    Мұнда  сондай  –  ақ  Петропавловск  – 

Көкшетау  –  Петрокок  темір  жол  тармағын  салған  жұмысшылардың 

жанқиярлық  еңбегі  суреттеледі.  Жазушының  көптеген  шығармалары  шетел 

тілдеріне аударылған. Ол Л.Н.Толстойдың, С.Цвейгтің бірқатар әңгімелерін, 

О.Т.Гончардың  «Перекоп»,  «Көк  адыр»    романдарын  т.б.  қазақ  тіліне 

аударған. 

 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



«Ақан сері» дилогиясындағы кейіпкерлер тартысы 

2.

 



«Аманай мен Заманай» повесіндегі әйел образы 

3.

 



Шығармаларындағы сюжеттік байланыстар 

4.

 



Прозасындағы әлеуметтік талдау мәселесі 

 

5 лекция. Мұратбеков Сайын шығармашылығы 

 

1936  жылы  Талдықорған  обл.  Қапал  ауд.  Қоңыр  ауылында  дүниеге 



келген.  Әл-Фараби  атындағы  Қаз.ҰУ-ін  бітірген  (1969).  Москвадағы 

М.Горький  атындағы  Әдебиет  институты  жанындағы  жоғарғы  курсты 

бітірген (1971). 1954 – 62 жылдары туған ауылында колхозшы, мұғалім, ауд., 

обл. газеттерде әдеби қызметкер, 1962 – 72 жылдары «Жұлдыз» журналында, 

«Қазақ  әдебиеті»  газетінде  бөлім  меңгерушісі,  Қазақстан  Жазушылар 

одағында әдеби қызметкер, әдеби кеңесші және Көркем әдебиетті насихаттау 

бюросының директоры, 1972 – 77 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нде 


жауапты қызметте болды. 1977 – 80 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас 

редакторы,  1980  –  84  жылдары  Қазақстан  Жазушылар  одағының  хатшысы, 

1984  –  86  жж  «Жазушы»  баспасының  директоры.  Мұратбековтың  есімі  60-

жылдардың  басындағы  қазақ  әңгіме  жанры  мен  новеллистикасыа  өзіндік 

нәзік лиризм және терең сыршылдық ала келуімен ерекшеленеді. Оның 1961 

жылы жарық көрген «Менің қарындасым» атты әңгімелер жинағынан бастап 

«Ауыл  отың  (1964),  «Көкорайң  (1967),  «Отау  үйң  (1968),  «Жабайы  алма» 

(1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973), «Көкорай» (1979), т.б. кітаптарында ауыл 

тіршілігі  көркем  бейнеленген.  «Тел  өскен  ұл»  (реж.  Ш.Бейсенбаев;  1976) 

кинофильмі  сценарийінің  авторы.  Алекс  ла  Гуманың  «Тас  ғалам»  романын 

қазақ тіліне аударған. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.  

 

 



Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

 

1.



 

С. Мұратбеков шығармаларындағы нәзік лиризм 

2.

 

Жазушы шығармаларындағы рухани өмір шындығы 



3.

 

С.Мұратбеков шығармашылығындағы көркемдік ізденістер 



4.

 

Жазушы шығармашылығындағы адам және табиғат концепциясы 



 

 

 

 

6 лекция. Ысқақов Қалиқан шығармашылығы 

 

Қалиқан Ысқақов (1935 жылы Шығыс Қазақстан обл. Катонқарағай ауд. 



Топқайың  ауылында  дүниеге  келген.)  –  жазушы,  драматург.  Әл-Фараби 

атындағы  Қаз.ҰУ-ін  бітірген  (1957).  1957  –  64  жылдары  «Лениншіл 

жасң(Жас  алаш),  «Қазақ  әдебиетің  газеттерінде,  «Мәдениет  және  тұрмысң 

(Парасат)  журналы  редакциясында  қызмет  атқарды.  1967  –  72  жылдары 

«Қазақфильмң киностудиясындағы аға редактор. 1972 жылдан Қазақстан  

Жазушылар  одағында  драматургия  секциясын  басқарды.  «Қоңыр  күз  еді» 

атты алғашқы повесі 1963 жылы жарық көрді. Кейін «Дос хикаясы» (1963), 

«Менің  ағаларым»  (1965),  «Қоңыр  күз  еді»  (1981)  повестер  мен  әңгімелер 

жинақтары,  «Тұйық»  (1975),  «Қара  орман»  (1980),  «Ақсу  –  жер  жаннаты» 

(1989),  романдары  басылды.  «Апа-апатай»  (1975),  «Жәке-жәкетай»  (1976), 

«Кемпір  іздеп  жүр  едік»  (1977),  «Өмірбаян»  (1978),  «Таңғы  жаңғырық» 

(1978),  «Көктемнің  салқын  кезі  еді»  (1978),  «Қаздар  қайтқанда»  (1979), 

«Сары  бәйбіше,  кепкен  шал  және  саяқтар»  (1980),  т.б.  пьесалары 

республикалық,  облыстық,  театр  сахналарында  қойылды.  «Сарша  тамыз» 

(1968),  «Ұшы  қиырсыз  жол»  (1969),  «Охрана  бастығы»  (1976)  атты  көркем 

фильмдер  сценарийін  жазды.  Бірқатар  шығармалары  шетел  халықтары 

тілдеріне  аударылды.  Жазушыға  «Ақнар»  пьесасы  үшін  1987  жылы 

Қазақстан Жазушылар одағының Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлығы берілді.  

 


Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

 

1.



 

Қ. Ысқақов шығармаларындағы Алтай табиғаты 

2.

 

«Ақсу-жер жаннаты» романындағы ауыл адамдарының бейнесі 



3.

 

«Тұйық» романындағы әйелдер бейнесі 



4.

 

Жазушының «Қоңыр күз еді» повесі 



 

 

7 лекция. Ахтанов Тахауи шығармашылығы 

 

Тахауи  Ахтанов  (1923  жылы  Ақтөбе  облысы,  Қарабұтақ  селосында 



дүниеге  келіп  –  1998  жылы  Алматыда  дүние  салған)  –  жазушы,  драматург. 

Абай  атындағы  Мемл.университетін  оқып  жүріп,  Отан  соғысына  аттанған 

(1941).  Майдан  газетінде  біраз  өлеңдері  жарияланған.  1956  жылы 

жазушының  атын  кеңінен  танытқан  «Қаһарлы  күндерң  романы  басылып 

шықты.  Бұл  кітап  кейіннен  қазақ,  орыс,  неміс,  ТМД  елдері  тілдерінде  және 

ГДР-де  бірнеше  рет  басылып  шықты.  Романда  қазақ  жауынгерлерінің  Отан 

соғысының  қиын  –  қыстау  кезінде  басынан  кешірген  істері  шынайы 

бейнеленеді.  Жазушының  «Махаббат  мұңың  (1960),  «Дала  сырың  (1963), 

«Боранң (1966), «Шырағың сөнбесінң (1973) атты әңгіме, повесть, романдары 

жарық көрді. «Боранң романында Құспан секілді қарапайым еңбек адамының 

бейнесі  терең  де  нәзік,  бар  болмысымен,  қалың  қыртысымен  жан  –  жақты, 

психологиялық тұрғыдан көрініс таба білді. Сол себепті де бұл роман қазақ 

әдебиетіндегі  кейіпкердің  бейнесін  ішкі  жан  дүниесі,  сезім  құбылысы 

арқылы  аша  білген  психологиялық  шығарма  болып  табылады.  Соңғы 

туындысы  «Шырағың  сөнбесінң  роман  –  дилогиясында  жазушы  соғыс 

тақырыбына  тағы  оралады.  Жазушы  прозалық  шығармалар  жазумен  бірге 

көптеген  драмалардың  да  авторы:  бірсыпыра  аудармалар  жасап,  ғылыми  – 

эерттеу  жұмыстарын  жүргізеді;  әдебиеттің  сынына  араласты.  Қаламгер 

А.С.Пушкиннің  «Алтын  әтеш  туралы  ертегісің,  А.Толстойдың  «Азапты 

сапардаң трилогиясын, С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігітң романын, 

И.С.Тургеновтің,  А.М.Горькийдің,  т.б.  әңгімелерін  тәржімәлап,  қазақ 

оқырмандарының  игілігіне  айналдырды.  Т.Ахтанов  –  көркем  проза  мен 

драматургия саласында елеулі еткен жазушы. 

       


Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

 

1.



 

Т. Ахтанов «Шырағың сөнбесінң романы 

2.

 

«Боранң романындағы Құспан бейнесі 



3.

 

Жазушы шығармаларындағы соғыс тақырыбы 



4.

 

Жазушының аудармалары 



 

 

 

 

8 лекция. Мұртаза Шерхан шығармашылығы 

 

Шерхан    Мұртаза  (1932  жылы  Жамбыл  облысы,  Жуалы  ауданы, 



Талапты селосында дүниеге келген) – жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының 

иегері  (1978).  МГУ-ді  бітірген  (1955).  Мұртаза  Шерхан  шығармашылық 

жолын  студент  кезінде  Л.Лагиннің  «Хоттабыч  қартң,  М.Кәрімның  «Біздің 

үйдің  қуанышың  шығармаларын  қазақшаға  аударумен  бастады.  Ал  тұңғыш 

кітабы  –  «Құрылысшы  Дәкуң  очерктер  жинағы  1958  жылы  жарық  көрді. 

Қазіргі замандас бейнесі, Отан соғысы жылдарындағы тылдағы адамдардың 

қажырлы  еңбегін  баяндаған  «Табылған  теңізң  (1963),  «Бұлтсыз  күнгі 

найзағайң (1965), «Белгісіз солдаттың баласың (1967), «Мылтықсыз майданң 

(1969), «41-жылғы келіншекң (1972), «Ахметжанның антың (1973), «повесть, 

«Интернат наның (1974) әңгімелер жинақтарының авторы. Өндірістің дамуы 

жөнінде,  адам  атаулыға  қамқорлық,  табиғатты  қорғау  туралы  маңызды 

мәселелер  көтерген,  ғылыми  –  техникалық  реолюция  проблемаларын 

сипаттаған  «Қара  маржанң  (1976)  романы,  мемлекет  қайраткері 

Т.Рысқұловтың  өміріне  арналған  «Қызыл  жебең  (1-2  –  кітап,  1980,  3-кітап, 

1984)  роман  –  трилогиясы  басылды.  Драматургия  саласында  жазушының 

«Қызыл жебең (1987,Қ. Ысқақпен бірге), «Сталинге хатң (1988), сондай – ақ 

«Бесеудің  хатың  (1989)  атты  пьесалары  қойылды.  Ол  Г.Х.Андерсонның, 

венгр  халық  ертегілерін,  Ш.Айтматовтың  «Ботакөзң,  «Қош  бол,  Гүлсарың, 

«Теңіз  жағалап  жүрген  тарғыл  төбетң  повестерін,  «Боранды  бекетң, 

«Жанпидаң  романдарын  қазақ  тіліне  аударған.  Қазіргі  заманның,  қоғамдық 

өмірдің  маңызды  проблемаларын,  ел,  жер,  ана  тілі  мәселелерін  көтеретін 

көптеген  мақала-эсселер  жазды.  «Құрмет  белгісің  орденімен  және 

медальдармен марапатталған. 

 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



Ш.Мұртаза  «Жүрекке  әжім  түспейдің  әңгімелер  жинағы  және  ұлттық 

характер 

2.

 

Жазушының  «Қызыл  жебең  романындағы  тарихи  және  көркемдік 



шындық 

3.

 



Жазушы әңгімелеріндегі заман шындығы 

4.

 



Ш. Мұртаза шығармаларының композициясы 

 

 

9 лекций. Нұржекеев Бексұлтан шығармашылығы 

 

Бексұлтан  Нұржекеев  (Талдықорған  обл.  Октябрь  ауд.  Жамбыл 



атындағыколхозда дүниеге келген.) – жазушы. Әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ-

нің филология факултетін бітірген (1965).  1965 – 68 жылдары Талдықорған 

обл. Панфилов ауданына қарасты Үшарал орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің 

меңгерушісі. 1968 – 69 жылдары Панфилов аудандық комсомол комитетінің 

екінші,  бірінші  хатшысы.  1969  –  72  жылдары  Қазақстан  ЛКСМ  Орталық 


комитетінің  нұсқаушысы  қызметтерін  атқарған.  1972  жылы  «Жалынң 

альманағы  проза  бөлімінің  меңгерушісі,  1973  –  76  жылдары  «Жұлдызң 

журналының  очерк  және  публицистика  бөлімінің  меңгерушісі.  1976  –  79 

жылдары  «Жалынң  баспасында  бас  редакторының  орынбасары  қызметін 

атқарады.  1979  –  86  жж  «Жалынң  баспасының  бас  редакторы  болды.  Қазір 

шығармашылық қызметін жалғастыруда.  

Шығармалары: Күй толғақ. Әңгімелер мен повестер.Алматы,1972; 

      Күтумен өткен ғұмыр. Әңгімелер мен повестер. Алматы, 1974; 

      Бір ғана махаббат. Әңгімелер мен повестер. Алматы, 1977; 

      Бір өкініш, бір үміт. Роман. Алматы, 1980;   т.б. 

 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



Б.Нұржекеев прозасындағы замандас бейнесі 

2.

 



«Күтумен өткен ғұмырң шығармасы 

3.

 



«Бір өкініш, бір үмітң шығармас 

 

 

10 лекция. Кекілбаев Әбіш шығармашылығы 

 

Әбіш  Кекілбаев  (1939  жылы  Маңғыстау  облысы,  Онды  ауылында 



дүниеге  келген)  –  жазушы,  Мемлекет  және  қоғам  қайраткері.  Әл-Фараби 

атындағы Қаз.ҰУ-ін бітірген (1962). Кекілбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы 

(«Алтын  шуақң)  1962  жылы  жарық  көрді.  Содан  бері  проза,  әдеби  сын 

саласында  елеулі  еңбек  етіп  келеді.  «Бір  шөкім  бұлтң  (1966),  «Дала 

балладаларың (1968), «Тырау – тырау тырналарң (1973), «Бір уыс топырақң 

(1974), «Құс қанатың (1975), «Баллада степейң (1975), «Баллада забытых летң 

(1979),  «Үркерң  (1981),  «Елең-алаңң  (1984),  «Мартовский  снегң  (1985), 

«Плеяды  –  созвездие  надеждың  (1987),  «Заманмен  сұхбатң  (1998), 

«Азаматтықтың  ақ  таңың  (1998),  т.б.  әңгімелер  мен  повестер  жинақтарын, 

эсселер мен романдарын жариялаған. Кекілбаев шығармалары адам өмірінің 

мәнін,  замандарын  сырын  терең,  шебер  бейнелеуімен  ерекшеленеді.  Ол  – 

«Ұйқыдағы  арудың  оянуың  (1979),  дейтін  әдеби-тарихи,  «Өмірмен  бетпе  - 

бетң  (1972),  «Заманмен  сұхбатң  (1996)  аталатын  әдеби  –  сын,  әдебиет  пен 

өнер,  өмір  мен  заман  туралы  эсселер  мен  әдеби  –  философиялық, 

публицистикалық  еңбектердің  авторы.  Ол  Л.Н.Толстой  мен  К,Гоцидың, 

Г.Мопассан  мен  Г.Ибсеннің,  А.Чехов  пен  И.Буниннің  бірқатар 

шығармаларын  қазақ  тіліне  аударған.  Шығармалары  әлем  халықтарының 

көптеген  тілдеріне  аударылған.  Немістің  «Фольк  унд  Вельтң  кітап  баспасы 

жүргізген  сауалдама  хаттамасында  оның  есімі  «20-ғасырдың  таңдаулы 

жазушыларың  тізіміне  енгізілген.  Ол  кеңестік  кезеңде  Одақтық  жазушылар 

алқасының, халықаралық «Лотосң жазушылар сыйлығы қазылар алқасының, 

орталық  «Художественная  литератураң,  «Дружба  народовң  баспалары 

редакциялық  алқаларының  мүшесі  болды,  Азия  -  Африка    жазушылары 

халықаралық  комитетінің  мүшелігіне  сайланды.  Кекілбаев  шығармаларын 



М.Әуезов, Ш.Айтматов, З.Кедрина, т.б. заманымыздың белгілі қаламгерлері 

жоғары  бағалаған.  Ол  «Үркерң,  «Елең  -  алаңң  романдар  циклі  үшін  1986 

жылы Абай атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Кекілбаев жаңа 

драмасында Абылайханның кесек тұлғасын сахнаға шығарып, ұлы қолбасшы, 

дана  саясаткерлердің  елдің  еркіндігі,  келешегі  үшін  күресін  әсерлі 

бейнелеген.  Көрнекті  жазушы,  философ,  тарихшы,  мемлекет  және  қоғам 

қайраткері Кекілбаевтың терең ой, құнарлы тілмен адам жан сезімінің қат – 

қат  иірімдерін  шеберлікпен  суреттеп,  дүниетанымдық  білімдарлығымен 

баурайтын  шынайы  шығармалары  жұртшылыққа  кең  тараған.  Жазушы 

«Құрмет Белгісің орденінің иегері.   

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

       1.     Ә. Кекілбаев шығармашылығы 

       2.     Ә. Кекілбаетің «Үркерң романындағы Абылай хан бейнесі 

 3.     Ә. Кекілбаев романдарындағы халықтық мәдениет үлгілерін талдау 

 4.     Жазушы шығармаларындағы тарихи шындық 

 

 

11 лекция. Исабеков Дулат шығармашылығы 

 

Дулат  Исабеков  (1942  жылы  ОҚО,  Арыс  ауданы,  «Ленин  жолың 

колхозында  дүниеге  келген)  –  жазушы,  драматург,  ҚР  мемлекеттік 

сыйлығының  иегері  (1992).  Әл-Фараби  атындағы  Қаз.ҰУ-н  бітірген  (1966). 

Алғашқы  әңгімесі  «Жолдаң,  «Замандастарң  атты  жинақта  1963  жылы 

жарияланды.  Кейін  «Бекетң  (1966),  «Ащы  балң  (1969),  «Мазасыз  күндерң 

(1970),  «Қара  шаңырақң  (1973),  «Тіршілікң  (1975)  повестер  мен  әңгімелер 

жинақтары,  «Қарғынң  (1980)  романы  басылды.  Таңдамалы  повестері  «Екі 

жиырмаң (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне 

аударылып,  «Полыньң  (1978),  «Отчий  домң  (1979),  «Смятениең  (1986),  

«Новоселье  в  старом  домең  (1986)  деген  атпен  басылды.  Жекелеген 

туындылары  венгр,  неміс,  поляк,  чех  тілдерінде  жарияланды.  Жазушының 

«Ректордың қабылдау күндерің (1975), «Әпкең (1977), «Ертеңгі күтуң (1979), 

«Мұрагерлерң  (1982),  «Алымтан  келген  ананасң  (1984),  «Кішкентай  ауылң 

(1986),  т.б.  пьесалары  республикалық,  облыстық  театр  сахналарында 

қойылды.  Таңдаулы  пьесалары  «Жеті  желкенң  1987  жылы  жарық  көрді. 

Жекелеген  туындылары  бойынша  «Гауһартасң  (реж.  Ш.Бейсембаев,  1975), 

«Дерменең (реж. А.Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді. «Мұрагерлерң 

пьесасы  үшін  жазушыға  Қазақстан  Жазушылар  одағының  М.Әуезов 

атындағы сыйлығы (1985) берілді. 

    

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



Д. Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы 

2.

 



Д. Исабеков әңгімелеріндегі ұлттық мінез көрінісі 

3.

 



«Қарғынң романындағы кейіпкер келбеті 

4.

 



Жазушы шығармаларының идеясы 

12 лекйия. Бөкеев Оралхан шығармашылығы 

 

Оралхан Бөкеев (1943 жылы ШҚО, Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай 



селосында  дүниеге  келіп  –  1993  жылы  дүние  салған)  –  жазушы,  драматург. 

Әл-Фараби  атындағы  Қаз.ҰУ-ін  бітірген  (1969).  1965  –  68  жылдары  ШҚО, 

Большенарым  ауд,  «Еңбек  туың  газетінде  корректор,  аудармашы, 

редактордың  орынбасары,  ШҚО-тық  «Коммунизм  туың  газетінде  әдеби 

қызметкер,  кейін  «Лениншіл  жасң  газетінде  (1968-74),  «Жұлдызң 

журналында  (1974-83)  бөлім  меңгерушісі.  1983  –  93  жылдары  «Қазақ 

әдебиетің  газетінің  бас  редакторының  орынбасары.  «Қамшыгерң  (1970), 

«Үркерң  (1971),  «Қайдасың  қасқа  құлынымң  (1973),  «Мұзтауң  (1976),  «Ән 

салады  шағылдарң  (1978),  «Үркер  ауып  барадың  (1981),  «Біздің  жақта  қыс 

ұзақң (1984), әңгімелері мен повестер жинақтары, «Өз отыңды өшірмең (1983) 

романы,  «Құлыным  меніңң  (1987)  пьесалар  жинағы  шықты.  «Құлыным 

меніңң (1974), «Текетіресң (1976), «Қар қызың (1982), «Зымырайды поездарң 

(1984),  «Жау  тылындағы  балаң  (1985),  «Мен  сізден  қорқамынң  (1987) 

пьесалары  қазақ  және  орыс  тілдерінде  респ.,  обл.,  сондай  –  ақ  одақтас 

республикалар  театрларында  қойылды.  Орыс  тілінде  «Жасынның  ізің 

(М.,1978)  әңгімелер  мен  повестер  жинағы  жарық  көрді.  Бірқатар 

шығармалары шетел халықтары тілдеріне аударылған. Бөкеев шығармалары 

бойынша  «Кісікиікң  (реж.,  М.Смағұлов,  1985),  «Сайтан  көпірң  (реж., 

Д.Манабаев, 1986), көркем фильмдер түсіріліп, «Кербұғың әңгімесінің желісі 

бойынша  балет  –  спектакль  (1986,  балетмейстер  Б.Аюханов)  қойылды. 

«Құрмет белгісің орденімен марапатталған. 

 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



О. Бөкеевтің көркемдік әлемі 

2.

 



Жазушы шығармаларындағы кейіпкерлер келбеті 

3.

 



Шығармадағы әлеуметтік әділет тартысы 

 

 

13 лекция. Нұршайықов Әзілхан шығармашылығы 

 

Әзілхан  Нұршайықов  (1922  жылы  Семей  облысы,  Жарма  ауданы, 



Ақбұзау селосында дүниеге келген) – жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының 

иегері (1980). Әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ-ін бітірген (1949). Отан соғысына 

қатысқан.  Еңбек  жолын  мұғалім  боп  бастаған.  Нұршайықов  творчестволық 

жолын  ақын  және  публицист  ретінде  бастады.  Өлеңдері  мен  очерк, 

публицистикалық  мақалалары  ауд.,  обл.,  респ.  баспасөзде  және  соғыс 

жылдарында  майдан  газеттерінде  жарияланды  тұрды.  Тың  игерушілер 

өміріне  арналған  алғашқы  очерктер  жинағы  «Алыстағы  аудандаң  (1958) 

жарық  көрісімен  оның  осы  тақырыпқа  арналған  очерктер  мен  әңгімелер 

жинақтары  («Тың  астығың-1958;  «Ертіс  жағасындаң-1959;  «Жомарт  өлкең-

1967) жариялана бастады. Жастардың өмірін, арманы толы ой сезімдерін жан 



– жақты айшықтауға арналған лирикалық повестері «Махаббат жырың (1964), 

«Әсемң  (1966),  Отан  соғысы  жылдарындағы  жауынгерлердің  ерлігін  паш 

еткен 

«Махмет 


Қайырбаевң 

(1967), 


«Батырдың 

өмірің 


(1969), 

замандастарымызды  интернационалдық  рухта  тәрбиелейтін  «Тоғыз  толғауң 

(1977),  «Невель  түбіндең  (1977),  әдебиетіміздің  белгілі  қайраткерлерінің 

творчестволық қабілетін сомдаған «Автопортретң (1977), «Екі естелікң (1985) 

әңгіме,  повесть  жинақтары,  жастардың  ой  –  арман,  адал  достығы,  махаббат 

туралы  «Махаббат,  қызық  мол  жылдарң  (1970)  романы,  жауынгер  жазушы 

Б.Момышұлының  өміріне  арналған  «Ақиқат  пен  аңызң  (1976)  роман  – 

дилогиясы  жарық  көрді.  Нұршайықовтың  шығармалары  Отан  соғысы  және 

еңбек ардагерлерінің өмірін үлгі ету арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық, 

еңбекшілдік,  адалдық  тәрбиесін  беруді  мақсат  етеді.  Бірқатар  кітаптары 

шетел тілдеріне аударылған. Жазушы әскери-патриоттық әдебиетті дамытуға 

қосқан үлесі үшін А.А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық – күміс 

медальға  (1987)  ие  болған.  2-дәрежелі  Отан  соғысы,  Халықтар  достығы, 

«Құрмет  белгісің,  3-дәрежелі  Даңқ  ордендерімен  және  медальдармен 

марапатталған. 

 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



Ә. Нұршайықов прозасындағы адамгершілік ізденістер 

2.

 



Махаббат тақырыбы – жазушы шығармаларында 

3.

 



«Ақиқат пен аңызң роман-диалогы 

 

 

14 лекция. Досжанов Дүкенбай шығармашылығы 

 

Дүкенбай  Досжанов  (1942  жылы  Қызылорда  облысы,  Жаңақорған 



ауданы, Бірлік совхозында дүниеге келген) – жазушы. Әл-Фараби атындағы 

Қаз.ҰУ-ін  бітірген  (1964).  1963  –  66  жылдары  Алматы  облыстық  «Жетісуң 

газетінде  әдеби  қызметкер.  1966  –  75  жылдары  «Жазушың  баспасында  аға 

редактор, 1976 – 84 жылдары ҚазССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы 

істері  жөніндегі  мемлекеттік  комитетінде  бөлім  бастығы.  1984  Қазақстан 

Жазушылар  одағында  әдеби  кеңесші.  «Жусан  мен  гүлдерң  (1966),  «Зауалң 

(1970),  «Жібек  жолың  (1973),  «Дарияң  (1975),  «Кісі  ақысың  (1978), 

«Табалдырығыңа  табынң  (1980),  «Жолбарыстың  сүрлеуің  (1984),  «Құмда 

қалған  кемелерң  (1986),  «Мұхтар  жолың  (1988),  «Абақтың  (1992),  «Алаңң 

(1993),  т.б.  әңгіме,  повесть  жинақтары,  «Алыптың  азабың  (1998)  романы 

шықты. Жазушының 1990 жылы 2-томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 

Досжановтың  шығармалары  КСРО  халықтары  мен  шетел  тілдеріне 

аударылған.  

 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



Д. Досжановтың тарихи шығармалары 

2.

 

Жазушы шығармаларының көркемдік әлемі 



3.

 

Шығармаларының идеясы 



 

 

 

15 лекция. Әбдіков Төлен шыфғармашылығы 

 

 



Жазушы (1942 жылы Қостанай обл. Жангелдин ауд. Еңбек совхозы) –  

Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1965).  1965  –  70  жылдары 

«Қазақстан  пионерің  (Ұлан)  газетінде  әдеби  қызметкер,  бөлім  меңгерушісі. 

1970  –  77  жылдары  «Жалынң  альманағында  бөлім  меңгерушісі,  бас 

редактордың 

орынбасары, 

1977 

– 

79 



жылдары 

«Қазақфильмң 

киностудиясында  бас  редактор.  1979  –  90  жылдары  Қазақстан  КП  ОК-нде 

жауапты  қызметте.  1990  –  92  жылдары  «Қазақ  әдебиетің  газетінің  бас 

редакторы.  1993  жылдан  ҚР  Президенті  әкімшілігінде  қызметте. 

Шығармалары  1964  жылдан  жариялана  бастады.  Жазушы  –  «Көкжиекң 

(1969),  «Күзгі  жапырақң  (1971),  «Ақиқатң  (1974),  «Айтылмаған  ақиқатң 

(1979)  әңгіме-повестер  жинақтарын,  республикадағы  тарихи  оқиғаларды 

суреттейтін  «Өліараң,  «Ақшоқыда  қыс  қаттың  романдарын  жариялады. 

Әңгіме,  повестері  орыс  тілінде  «Истинаң  (1980,  1981)  деген  атпен  шықты. 

Республикада  «Біз  үшеу  едікң  пьесасы  қойылды.  Грек  аңыздары  «Эллада 

ерлерінң  (1977)  қазақ  тіліне  аударған.  Жекелеген  шығармалары  шетел 

тілдеріне аударылған. 

 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



Жазушы шығармаларындағы кейіпкерлер психологиясы 

2.

 



«Өліараң романындағы ел, жер көрінісі 

3.

 



Шығармаларындағы тарихи оқиғалар 

4.

 



Т.Әбдік прозасы 

 

 



16 лекция. Жұмаділов Қабдеш шығармашылығы 

 

Қабдеш  Жұмаділов  (1936  жылы  ҚХР,  Шыңжаң  өлкесі,  Шәуешек 

ауданы, Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген) – жазушы. 

Әл-Фараби  атындағы  Қаз.ҰУ-ін  бітірген  (1965).  «Қазақ  әдебиетің  газетінде 

(1965-67), «Жазушы баспасында (1967-76), ҚР Баспа, полиграфия және кітап 

саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1976-81) қызметте болды. 

1981  жылдан  творчестволық  жұмыста.  Алғашқы  өлең,  әңгімелері  Шыңжаң 

өлкесіндегі  «Шыңжаңң  газеті  мен  «Шұғылаң  журналында  жарияланды. 

Тұңғыш  өлеңдер  жинағы  «Жас  дәуренң  1967  жылы  жарық  көрді.  «Қаздар 

қайтып  барадың  (1968),  «Сары  жайлауң  (1978),  «Шарайнаң  (1981), 

«Сәйгүліктерң  (1984)  әңгіме,  повесть  жинақтары,  Шыңжаң  қазақтарының 


өміріне  арналған  «Соңғы  көшң  (1974-1981)  роман  –  дилогиясы,  адам 

жанының иірімдеріне терең үңіліп, кейіпкер бейнесін, характерін жасаудағы 

өзіндік ерекшелігін танытқан «Көкейкестің (1969), «Бақыт жолындаң (1976), 

«Атамекенң  (1985),  «Тағдырң  (1988)  романдары  шықты.  1989  жылы  2-

томдық  жинағы  жарыққа  шығып,  оқырман  көңілін  қозғады.  1972  жылы 

«Көкейкестің, 1992 жылы «Соңғы көшң роман және түрік, орыс тілінде 1995 

жылы  «Атамекенң  романы  орыс  тілінде  жарияланды.  1990  жылы  «Тағдырң 

романы  үшін  Қазақстан  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  1998  жылы 

«Қазақстанның халық жазушысың атағы берілді. 1994 жылы «Дарабозң атты 

тарихи романның 1-кітабы, 1996 жылы 2-кітабы, ал 1999 жылы «Таңғажайып 

дүниең атты ғұмырнамалық романы жарық көрді.  

 

    



 

 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



Қ. Жұмаділов романдарының поэтикасы 

2.

 



Қ. Жұмаділов шығармашылығы 

3.

 



Жазушы романдарындағы халықтық мәдениет үлгілерін талдау 

4.

 



Жазушы еңбегі және өмір шындығы 

5.

 



Қ. Жұмаділов повестерінің көркемдік сипаты 

 

 

17 лекция. Мағауин Мұхтар шығармашылығы 

 

М.М.Мағауин  (1940  жылы  Семей  облысы,  Шұбартау  ауданында 



дүниеге келген.) – жазушы, әдебиет зерттеуші. Әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ-

ін  бітірген  (1962).  Филология  ғылымдарының  кандидаты  (1967).  Тұңғыш 

әңгімесі «Кешқұрымң 1964 жылы «Жұлдызң журналында жарияланды. Отан 

соғысынан  кейінгі бейбіт  ауыл  өмірі  мен  қала  тіршілігі, қазіргі  интеленция, 

студент жастар өмірі мен халықтар достығы тақырыптарына арналған «Ақша 

қарң (1969), «Бір атаның балаларың (1973), «Қияндағы қыстауң (1977), «көк 

кептерң  (1979)  повестер  мен  әңгімелер  жинақтары,  жастар  тақырыбына 

арналған  «Көкмұнарң  (1971),  16-ғасырдың  аяғы  мен  17-ғасырдың  бас 

кезіндегі  қазақ  даласы  мен  орыс  елінің  тарихи  қарым  –  қатынасы,  екі  ел 

арасындағы дипломатиялық достық байланыстарды шыншылдықпен, көркем 

бейнелеген «Аласапыранң (1-кітап, 1981; 2-кітап, 1983;) роман  – дилогиясы 

жарық  көрді.  15  –  18  ғғ  қазақ  поэзиясы  туралы  «Қобыз  сарының  (1968) 

монографиясында  хандық  дәуірінде  өмір  сүрген  ақын,  жыраулардың 

творчествосын зерттеп, жүйеледі. Ғалымға халқымыздың өткені мен бүгінін 

терең толғаған шұрайлы туындыларымен қатар ежелгі Түрік дәуірінен бастау 

алатын  «Алдаспанң,  «Бес  ғасыр  жырлайдың  сияқты  көне  әдеби  нұсқалары 

антологияларын  бастырып  шығарған.  Таңдаулы  әңгімелері  мен  повестері 

орыс  тіліне  аударылып,  «Тазының  өлімің  (1978),  «Жыланды  жазң  (1984), 



«Лирикалық  шегінісң  (1986)  деген  атпен  республикалық  және  Ресей 

баспаларынан  жарық  көрді.  Бірқатар  шығармалары  шетел  халықтары 

тілдеріне аударылды. 

 

 



 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

 

1.

 



М.Мағауин повестеріндегі баяндау компоненттері 

2.

 



М. Мағауин зертеуші ғалым, жазушы 

3.

 



«Аласапыранң романындағы кейіпкер бейнесі 

4.

 



«Көкмұнарң романының жазылу стилі 

 

 

 

 

18 лекция. Әлімжанов Әнуар шығармашылығы 

 

Жазушы  (1930  жылы  Алматы  обл.  Сарқанд  ауд.  Қарлығаш  ауылында 



туылып – 1993 жылы Алматыда дүние салған) – шығармаларын орыс тілінде 

жазған.  Лепсі  пед.  уч-щесін  (1949),  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нің 

журналистика  факультетін  бітірген  (1954).  «Алма-Атинская  правдаң 

газетінде  әдеби  қызметкер,  «Литературная  газетаныңң  Қазақстандағы 

меншікті  тілшісі,  «Ленинская  сменаң  газеті  редакторының  орынбасары, 

«Правданыңң  Қазақстан  мен  Қырғызстан  бойынша  тілшісі,  «Қазақфильмң 

студиясының  бас  редакторы,  Қазақстан  Жазушылар  Одағы  басқармасының 

бірінші  хатшысы  т.б  қызметтер  атқарады.  Шығармашылық  жолын 

журналистикадан бастап, кейіннен жазушылыққа ұласқан. «Ақ дос, сары дос, 

қара досң (1958), «Достар кездескендең (1959), «Мәңгілік тамырларң (1960), 

«Күнге  бет  алған  керуенң  (1963),  «Жалындаған  найзаң  (1968),  «Көгілдір 

тауларң  (1964,1967),  «Отырар  ескерткішің  (1966),  «Махамбеттің  жебесің 

(1969,  1972),  «Жәмшид  айнасың  (1970),  «Қарасұңқар  көпірің  (1969), 

«Жаушың  (1974),  «Ұстаздың  оралуың    (1978,  1981),  «Таңдамалың  (екі 

томдық,  1979),  т.б  кітаптардың  авторы.  Жазушы  шығармаларында  көтерген 

бүгінгі  күннің  проблемалары  тарихпен  тұтасып,  үндесіп  жатады. 

Әлімжановтың  тарихи  тақырыпқа  жазылған  шығармаларында  бүгінгі  өмір 

кешегі  тарихтың  заңды  жалғасы  ретінде  суреттеліп,  халықтың  жарқын 

болашаққа ұмтылған жасампаздық күресі, сарқылмас күш-қуатын, өршіл үні, 

арманы,  мүддесі  көрініс  табады.  Бірсыпыра  шығармалары  Азия,  Африка 

халықтарының  ұлт-азаттық күресіне арналған. Шығармалары көтеген шетел 

тілдеріне аударылған. 

 

Студентердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 



 

1.

 



Ә. Әлімжановтің тарихи тақырыпқа жазылған шығармалары 

2.

 

Жазушы шығармаларында көтерілген проблемалар 



3.

 

Ә. Әлімжанов шығармаларындағы кейіпкерлер көрінісі 



4.

 

Жазушы шығармаларының көркемдік ерекшеліктері 



 

 

Қосымша әдебиеттер: 

 

1.

 



Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. А., 1985 

2.

 



Егеубаев А. Сыр мен сымбат. А., 1981 

3.

 



Егеубаев А. Сөз жүйесі. А., 1985 

4.

 



Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. А., 1982 

5.

 



Рахымжанов Т. Қазіргі қазақ романдарының поэтикасы. А., 1992 

6.

 



Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. А., 1984 

7.

 



Нұрпейісов Ә. Шығармалар. Төрт томдық. А., 1982-1984 

8.

 



Есенберлин І. Шығармалар. Он томдық. А., 1984 

9.

 



З. Қабдолов. Әдебиет теориясы негіздері. А., 1994 

10.


 

С. Негимов. Шешендік өнер. А., 1992 

11.

 

Ж. Дәдебаев. Өнер шындығы және көркемдік шешім. А., 1991 



12.

 

М. Жолдасбеков. Асыл арналар. А., 1990 



13.

 

Қ. Алпысбаев. Көркем шығарманы талдау жолдары. А., 1995 



14.

 

Қазақ жазушыларының таңдамалы шығармалары (Ә. Нұршацықов, Ә. 



Кекілбаев, Ш. Мұртаза, О. Бөкеев, Д. Исабеков, Т. Әбдік, Б. Нұржекеев, 

С. Мұратбеков, т.б) 



 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал