Л. Толстойдың «Той тарқар» шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы



жүктеу 43.03 Kb.
Pdf просмотр
Дата08.03.2017
өлшемі43.03 Kb.

Г.Қ.Қазыбек 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор м.а., ф. ғ. к., 

Алматы қ., Қазақстан 

e-mail: Kazybek__68@mail.ru 



 

Л.Толстойдың «Той тарқар» шығармасының 

қазақ тіліне аударылу тарихы 

 

Мақалада  орыс  халықының  атақты  жазушысы  Л.Н.Толстойдың  өзіндік  ерекшелігі, 



тарихы бар шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы туралы сөз етіледі.  

Шығарманың қазақ тіліндегі нұсқасы түпнұсқамен салыстырылады. Аудармашылар 

қолданған тәсілдер талданады.  

Аудармашы М.Әуезовтің аталған шығарманы аударуындағы қолданған тәсіл туралы 

айтылады.  

Түйін сөздер: аударма, балама тәсіл, түпнұсқа, еркін аударма 

 

История перевода на казахский язык произведения   Л.Толстого 

“После бала" 

В  статье  говорится  об  истории  перевода  на  казахский  язык    исторического 

произведения великого русского писателя Л.Толстого. 

       Казахская  версия  перевода  сравнивается  с  оригиналом.    Анализируются  методы 

использованные переводчиками. 

         Говорится  о методе  который использовал при переводе переводчик  

 М. Ауезов. 

      Ключевые слова: перевод, эквивалент ,оригинал , вольный перевод . 

 

 

 



 

The history of the translation to the Kazakh language L. Tolstoy’s literary  

work “After the ball” 

 

       The article is about the history of the translation to the Kazakh language of historical work 

of Russian great writer   L.Tolstoy. 

       The Kazakh version of translation is compared with the original methods used by translator 

are analyzed. 

        It is  said about the method which was used by the translator M.Auezov in the translation. 

        Key words : translation, equivalent, original, liberal translation. 

 

Л.Н.Толстойдың  «Той  тарқар»  шығармасын  қазақ  тіліне  аударған 



М.Әуезов  болатын.  М.Әуезов  аударманың  еркін  түрін  қолданған.  М.Әуезов 

Л.Н.Толстойдың  «После  бала»  дейтін  әңгімесін  «Той  тарқар»  деп  аударып, 

1938  жылы  өзі  құрастырған  әдебиет  хрестоматиясына  (орталау,  орта 

мектептердің 6-класына арналған) енгізді. Бұдан соң ол аударма кейде басқа 

хрестоматияларға  да  қосылып  жүрді,  1953  жылы  «Жаңа  өмір»  журналында 

басылды.  

   Л.Толстойдың  бұл  әңгімесі  терең  психологиялық  әрі  лирикалық 

толғаныспен  жазылған,  Николай  патшаның  кезіндегі  әлеуметтік  теңсіздікті, 

әскери өмірдегі айуандық қалыпты әшкерлеуге арналған. Әңгіме  кейіпкердің 

өз  атынан  баяндалады.  Онда  адам  баласына  озбырлық  жасап,  зәбір 



көрсетушіліктен  жирену  сезімі  кісіні  шын  махаббаттың  өзінен  де  кісіні 

бездіріп  жіберетіндігі  әңгімеленген.  Көлемі  шағын  ғана  осы    әңгімеде  зор 

эпикалық  серпін,  философиялық  меңзеу  бар.  М.Әуезов  әңгімені  өте  шебер 

аударған.    Сондықтан  да  аударма  өте  жақсы  шыққан.  Оқырман 

қызығушылыпен  оқиды.  Аудару  үлгісі  жағынан,  бұл  еркін  аударма. 

Осындағы  еркіндік  оқырмандарға  түсінікті  болу  мақсатынан  туғандығы 

белгілі.  

М.Әуезов  орысша  атауларды  батыл  енгізіп,  қазақ  жұртшылығына 

соншалықты  жатық  етіп  берген.  Мысалы,  балда  қыз  әкесі    –    қарт 

полковникке  жұрттың  бәрі  жабыла  қошемет  көрсетіп,  биге  шақырғанда, 

оның  біраз  паңданып  тұрып  барып  билеп  кететін  жерін  Толстой  ғашық 

жігіттің сөзімен былай суреттеген: «Мазурка күйінің басы бастала бергенде, 

ол бір аяғын екпінмен  тарс еткізіп екіншісін соза бастады. Зор, ауыр денесі 

кейде  жай,  кейде  қалқып,  кейде  құлшынып,  екіленіп  кетеді».  Бір  аяғын  бір 

аяғына  соғып  немесе  табанымен  тақтай  теуіп,  зал  бойымен  жылжып  берді. 

Вареньканың нәзік, сұлу бойы қасында ілесе жүзіп келеді. Кішкене, ақ, атлас 

аяғының адымын мезгілімен, кейде қысқарта басады. Барлық зал бұл пардың 

бар  қозғалысына  тесіле  қарап  тұр.  Мен  сүйсіну  былай  тұрсын,  ерекше  бір 

қуанышпен елжірегендей де едім. Екеуіне солай қарадым» [1,102].  

Осы  көрністегі  аударма  бар  бояумен,  динамикалық  екпін,  ырғағымен,  өз 

үні,  өз  тынысымен,  сана-сезіміңе,  жүрегіңе  еркін  жетіп  жатады.  Енді  осы 

үзіндіні түпнұсқамен салыстырайық: 

«Дождавшись  начала  мазурочного  мотива,  он  бойко  топнул  ногой, 

выкинул другую, грузная фигура его то тихо и плавно, то шумно и бурно, с 

топотом подошв и ноги об ногу, задвигалась вокруг залы. Грациозная фигура 

Вареньки  плыла  около  него,  незаметно,  вовремя  укорачивая  или  удлиняя 

шаги  своих  маленьких  белых  атласных  ножек.  Вся  зала  следила  за  каждым 

двжением  пары.  Я же  не  только  любовался,  но  с  восторженным  умилением 

смотрел на них» [2,16]. 

Осы  екі  мәтінді  салыстырып  қарағанда  аударманың  қ  дәл  және  көркем 

берілгендігін  байқаймыз.    Сөйлем  бөлшектеніп  тұр,  алайда  автордың  сөз 

құрау  жүйесі  мен  стилі  бұзылмаған.  Себебі,  түпнұсқаның  ұзақ  күрделі  

сөйлемдерін  бөлшектейтін  жерде  аудармашының  толымсыз  сөйлемдер 

(неполные  предложения)  жасағандығын  байқаймыз.  Мысалы,  «Дождавшись 

начала мазурочного мотива, он бойко топнул одной ногой, выкинул другую, 

и высокая, грузная фигура его то тихо и плавно, то шумно и бурно, с топотом 

подошв  и  ноги  об  ногу,  задвигалась  вокруг  залы  »  деген  сөйлемнің 

бөлшектеп, аударылғандығын салыстырайық. «Мазурка күйінің басы бастала 

бергенде,  ол  бір  аяғын  екпінмен  тарс  еткізіп,  екіншісін  соза  бастады.  Зор, 

ауыр денесі кейде жай, кейде қалқып, кейде құлшынып, екіленіп кетеді. Бір 

аяғын  бір  аяғына  соғып  немесе    табанымен  тақтай  теуіп,  зал  бойымен 

жылжып берді». 

Бір күрделі, құрмалас сөйлем үшке бөлінген. Бірақ екеуі де бастауышсыз 

сөйлемдер  болғандықтан,  алдыңғысымен    жалғасып,  бәрі  қосылып,  бір 

көріністі ғана бейнелейді. Автордың стилін сақтағандығын осы үзіндіден де 


анық  байқауға  болады.  Асы  аталған  үзіндіні  аудару  барысында  толымсыз 

сөйлем  етіп  аудармай,  әрқайсысын  жеке-жеке  берген  болса,  аударма  нұсқа 

әсерсіз болып шығар еді деген ойдамыз. Яғни, автордың стилі бұзылар еді.  

М.Әуезовтей  көркем  сөз  шеберінің  қолынан  шыққан  бұл  аударма  үлкен 

әдеби  мұра  болып  қалады.  Бірақ  уақыт  озып,  мәдениетіміз  дамыған  сайын 

оның  тілі  мен  стилі  байқалатыны  сөзсіз.  Қазақ  халқының  әдеби  тілі  де 

жаңарып, жетілді. Аударма ғылымы да өсіп-өркендеді. Сондықтан да, көркем 

аударманың тамаша  туындылары өз дәуірінің құнды ескерткіші болып қала 

береді  де, ал  әр кезеңде  жаңа аудармалар туып жататыны да заңдылық.  

Жоғарыда    айтылған  дәуірдің  ізі  осы  аудармада  да  сезіледі.  Оны  біз,  ең 

алдымен, қолданылған сөз баламаларынан көреміз. Мәселен, «бал» дегеннің 

барлық  жерде  «той»  деп  алынуы,  «ғашық»  дегеннің  орнына  кейде  «асық  » 

боп  кетуі  (...  «мен  ол  кезде  асық  едім.  Тегінде  көп  рет  асық  болдым,  бірақ 

мынау  солардың  ішіндегі  ең  күштісі  еді»  деген  сияқты),  «теория»  дегеннің 

«жүйе», «коньки» дегеннің «шаңғы аяқ» боп жүруі – осылардың бәрі тек қана 

сол 


кездегі 

әлі 


көп 

сөздердің 

аударма 

баламаларының 

қалыптаспағандығының негізгі айғағы.  

Шығарманың    атының  «Той  тарқар»  деп  алынуын  қолдаймыз.  Әдеби 

еңбектердің  аттары  кейде  осылай  образды  түрде  еркін  алына  береді.  Қайта 

«Балдан кейін» деуден гөрі «Той тарқар» деген әлдеқайда әсерлі де. Бірақ дәл 

қазіргі  уақытта  болса,  М.Әуезовтің  өзі  де  мәтіннің  ішінде  кездесеін  «бал» 

деген сөзді «той » деп алмас еді. Өйткені «бал» - «той» емес.  

Осындай  тек  қана  тілдің  дамуына,  мезгілдің  озуына  байланысты  оқта-

текте  кездесетін  бірен-саран  ұғымдар  болмаса,  бұл  аударма,  негізінен 

алғанда, күні бүгінге дейін көркемдігі жағынан сапалы да тартымды.  

 «Той  тарқар»  әңгімесінен  бір  мысал  алып  талдап  көрейік.  Түпнұсқада 

«Держалась  она  всегда  необыкновенно  прямо,  как  будто  не  могло  иначе, 

откинув  немного  назад  голову,  и  это  давало  ей  с  ее  красотой  и  высоким 

ростом, несотря на ее худобу, даже костлявость, какой – то царственный вид, 

который отпугивал бы от нее, если бы не ласковая всегда веселая улыбка и 

рта,   прелестных блестящих глаз,  и  всего  ее  милого,  молодого существа  »  . 

[2,105]. 

Қазақшасы: «Бойын тіп-тік ұстайды, басқаша ұстауға болмайтын сияқты. 

Иегі көтеріңкі басы аз шалқалай тұрады. Сонысы ұзын бойы мен сұлу жүзіне 

сонша  жарасып,  біраз  арықтығын,  сүйектілігін  білдірмей  тұрады.  Қайта 

барлық  қалпына  бір  ханзаданың  реңкін  береді.  Маңғаздық  реңкінен  жұрт 

қаймыққанда  болар  еді.  Оған  жібермейтін  сұлу,  нұрлы  көзі  мен  езуіндегі 

ерке,  ашық  күлкісі  және  сүйікті  жас  тұлғасының  барлық,  нәзік  еркелігі  ». 

[1,16]. 

М.Әуезов түпнұсқадағы күрделі сөйлемді қысқа-қысқа алты жай сөйлемге 

бөліп  аударған.  Автордың    бір  сөйлемдегі  айтқан  ойын  түгел  қамтыған. 

Дегенмен,    интонация,  ырғақ,  түпнұсқаға  тән  стильдер  сақталынбаған. 

Аудармашы нағыз еркін аударма түрін пайдаланған. 

Аудармашылық  дегеніміз – әдеби-шығармашылық өнер болғандықан да, 

ол өнер иесінің тек қана өзіне тән өрнегі әрқашан аңғарылып тұруы тиіс деп 


есептейміз. Мәселен, көркем аудармада қандай әдісті қолданғанымен, мейлі 

еркін аударсын, мейлі дәл аударсын, бәрібір біз М.Әуезовтің қолын, стилін, 

ырғағын т.б. аңғарамыз.  

Аудармашы-жазушы  неғұрлым  көрнекті  тұлға  болған  сайын  оның 

аудармадағы өзіндік ерекшелігі де соғұрлым айқынырақ аңғарылады. Мұны 

біз Л.Н.Толстойдың «Той тарқар» әңгімесінің аударылуынан көреміз.                  

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

 

 

1

 



М.Әуезов. Толық шығармалар жинағы. 20 томдық.7 том.,- 354 б. 

2

 



Л. Н. Толстой. Собрание сочинений в восьми томах. Т. 7. М., Лексика, 1996.,-245с. 

3

 



Қ. Жармағамбетов Көркем аударманың кейбір мәселелері. А., 1957.,-137б. 

4

 



Ә. Сатыбалдиев. - Алматы : Жазушы, 1987. - 232 б.  

5

 



С. Талжанов Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері.  – Алматы: Жазушы, 1975, - 232 б. 

 

List of references 

1 M. Auyezov. collection of compositions. 20 tom.7 volume.,-354 pages. 

2 L. N. Tolstoy. collected works in eight volumes. T.7.M., Lexicon, 1996.,-245 pages. 

3 K. Zharmagambetov some questions of a literary translation. And., 1957.,-137 pages. 

4 A. Satybaldiyev. – Almaty: Zhazushy, 1987.-232 pages. 

5 S. Talzhanov Perevod and questions Kazakh literatures. – Almaty: Zhazusha, 1975,-232 pages. 

 

 



 

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы
publications -> Макашева К. Н., Идрышева Ж.Қ
publications -> История развития теоретической метеорологии в ХХ веке
publications -> И. Р. Гальперин: Мәтін әр түрлі лексикалық
publications -> С. Б. Бөрібаева Борибаева Сафура Болатовна Boribaeva Safura Bolatovna
publications -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі дайындық факультеті
publications -> Айтбаев Н. Б. (Қарағанды, Қармту) Айтбаев Б
publications -> Жоо-ға дейінгі білім беру факультеті Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәні сабағында пайдаланудың маңызы
publications -> Биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері
publications -> Темірбек қожакеев

жүктеу 43.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет