Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



жүктеу 1.87 Mb.
Pdf просмотр
бет1/21
Дата13.01.2017
өлшемі1.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

  Л Т Т Ы       О А М Д Ы   –  С А Я С И   Ж У Р Н А Л

Журнал 1976 жылы  Халықтар  Достығы  орденімен, 2002 жылы  Қазақстан 

Журналистика  Академиясының  «Алтын  Жұлдыз», 2008 жылы  Қазақстан 

Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

1921 жылғы  

қыркүйектен   

шыға бастады



№1, 

ҚАҢТАР

, 2015

МАЗМҰНЫ

ЗАМАНХАТ 

Құрметті оқушылар!...................................................................................................................3

ЕЛБАСЫ ЖƏНЕ ЕЛ МҰРАТЫ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Қазақстан Республикасының тəуелсіздігі – 

мəңгілік елдің ұлы тарихы........................................................................................................4

КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

Жания  ƏБДІБЕК. Қазақ хандығы: Мəселелер мен ұсыныстар.....................................9

КЕЛЕЛІ КЕҢЕСКЕ ОРАЙ

Жанат АМАНҒОЖИН. Тағы да Қазақстан тарихы жайлы..........................................20

ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА

Нұрмахан ОРАЗБЕК. Өткенге өкпе жүрмейді....................................................................21

МƏНІ ЖОҒАЛМАҒАН МАҚАЛА

Секен ДОРЖЕНОВ. Жүзизм...................................................................................................34

КӨЗҚАРАС

Əбдірашит БƏКІРҰЛЫ. Əлемді  мойындатқан  қазақ философы  неге  жоқ?..........40

АЩЫ ДА БОЛСА...

Кəмел ЖҮНІСТЕГІ. Ауыл қайтіп күн көрер?!..................................................................47

БОЯМАСЫЗ ӨМІР 

Айнұр ТӨЛЕУ. Көздің соқырлығы түк емес, көңілдің көр соқырлығы қиын..........51 

ОЙТОЛҒАҚ 

Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ. Ініге  ізет.................................................................................53

ЖАЗУШЫНЫҢ ЖАН СЫРЫ

Герольд БЕЛЬГЕР. Күнделік беттерінен.............................................................................65

ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЖƏНЕ ШЫҒАРУШЫ:  

«Қазақ  газеттері»  Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Бас директор – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек КЕНЖАЛИН

БАС  РЕДАКТОР:  Аманхан ƏЛІМҰЛЫ

РЕДАКЦИЯ  АЛҚАСЫ:  Ораз  ҚАУҒАБАЙ,  Қыдыралы  ҚОЙТАЙ  (редактордың 

орынбасары – жауапты хатшы)Серікқали ХАСАН.

РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС: Сарбас АҚТАЕВ, Есберген АЛАУХАН, Əділ АХМЕТОВ, 

Бүркітбай АЯҒАН, Өмірхан ƏБДИМАНҰЛЫ, Раушанбек ƏБСАТ ТА РОВ, Ғарифолла 

ЕСІМ,  Əбіш  КЕКІЛБАЕВ,  Уəлихан  ҚАЛИЖАН,  Ғалымқайыр  МҰТАНОВ,  Нұрлан 

НЫҒМАТУЛИН,  Серік  ПІРƏЛИЕВ,  Кенжеғали  САҒАДИЕВ,  Қуаныш  СҰЛТАНОВ, 

Ерлан СЫДЫҚОВ, Кеңес ҮШБАЕВ, Əбдісағит ТƏТІҒҰЛОВ, Бектұр ТӨЛЕУҒАЛИЕВ, 

Зарема ШƏУКЕНОВА.

«ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ» ЖШС-нің облыстардағы  өкілдері: Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ (Ақтөбе облысы) – 

8-713-2-55-31-48, Батырбек МЫРЗАБЕКОВ (Қарағанды облысы) – 8-710-2-90-19-73, Толымбек ЫБЫРАЙЫМ 

(Астана) – 87013457938 Оразалы ЖАҚСАНОВ (Қостанай облысы) – 87772307184.



МҰРА 

Аян НЫСАНАЛИН. Ұстындар..............................................................................................74

ЖАЗУШЫ ЖАЗУШЫ ТУРАЛЫ 

Мархабат БАЙҒҰТ. Қараүзген  қаламгер...........................................................................78

ПІКІР

Бауыржан ƏЛІҚОЖА. Арқаттан ескен керімсал.............................................................82

КЕЛБЕТ

Қуантқан ИСАЕВ. Туабіткен қасиет қартаймайды!........................................................85

ҒАЛЫМ МІНБЕРІ 

Л. АМАНҚҰЛОВА. Отан соғысы  жылдарындағы  көркемөнердің дамуы..............89

Жазгүл ЖҰМАБАЙ. Көне түрік мəдениеті туралы..........................................................90

Сансызбай ЧУХАНОВ. Усул фиқһ ілімінің негізгі дəйегі – Құран Кəрім...................91

Назира ЖАМПЕЙСОВА. Шетел тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды 

қолданудың маңызы.................................................................................................................94

Журналдың орысша, ағылшынша мазмұны.....................................................................96

№1    2015    А И АТ

3

Заманхат

Алдыңызға  үшбу  журналымды  са ла -

мын, кішкене екен деп қоңырай ма ңыздар! 

Газет һəм журнал халық үшін екен дігіне 

шек  айту  жоқ.  Халықтың  қай  дə режеде 

алға кеткендігі – халық арасын да таралған 

газет-журнал  һəм  кітап тардан  білінеді.  За-

ман ғылым заманы болған соң əрбір жұрт 

қатарынан кейін қалмас үшін ақша аямай 

кітап-газет, һəм журнал бастырып халыққа 

таратудың  əждə һəтінда.  Соңғы  замандар-

да  біздің  қазақ  жұртында  аз-мəз  тіршілік 

көрсетіп  газет  шығара  беруді  қолға  алып 

қараса да не себепті іске ұқсатып шығара 

алмайды. 1907 ж. II Мемлекеттік думаның 

жиынымен  Шəһмəрден  Қошығұлов  «Сер-

ке» есімді журнал шығара бастап еді. Ұзаққа 

бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды.

Сол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманба-

ев «Киргизская газета» есімді орысша-қазақша 

бір  газет  шығармақ  болып  алғашқы  нөмірді 

шығарды  да  тоқтатты.  Келер  жылы  Орын-

борда  Ысмағұл  Иманшалов  бас  болып,  елдің 

бірқатар  жақсыларының  басын  қосып  газет 

шығару хақында кеңесіп еді. Баяғы қазақтың 

ынтымақсыздығы  себеп  болып,  бұл  да  ыды-

рап кетті. Мен тағы талап етіп, осы кішкене 



журналды  шығармақ  үшін  халқыма  жар-

мастым.  Жұртқа  атақ  шығарып  білім 

сату  үшін  емес,  бəлкі  дəулет  иесі  ағалар 

мұны  көрген  соң  ойға  қалмас  па  екен  де-

ген  ниетпен.  Қолда  пұл  жоқ.  Жұрт  болып 

жұртшылық  етіп,  бұл  журналға  көбірек 

қыридарлық  етпесе,  əлбетте  бұл  журнал 

да  қазақтың  дүниеге  шығара  алмаған 

ісінің  бесіншісі  болар  да  қалар.  Қазіргі 

үміт халықта. Бұл журнал айында бір мəрте 

шықпақшы, программасы мынау болмақ.

1. Сыртқы хабарлар.

2.  Мұсылмандар  тіршілігіне  мысалдар, 

уақиғалар.

3.  Фельетон  (əңгімені 20 жылдарда  С.  Д. 

осы лай атаған).

4.  Кітаптар  хақында  һəм  ғылым  баптан 

кеңестер.

5. Басқарушыға келген хаттар һəм одан-бұ-

дан. Журналға  «Айқап»  деп  есім бердік. Бұл 

сөзге түсінген де болар, тү сінбеген де табы-

лар. Біздің қа зақ тың «Əй, қап» демейтұғын 

қай  ісі  бар?!  Газет  шығармақшы  болдық, 

қолы мыздан  келмеді.  Пұлы  барларымыз 

ынты мақ таса алмадық. Пұлы барларымыз 

ынтымақтассақ та, ақшасыз істің жөні та-

былмады. «Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың 

қысқалығы-ай» дедік. Жақсы жерлерімізді 

қолда  сақтар  үшін  қала  салмақ  болдық. 

Басымыз  қосылмады.  Қолайлы  жерлер 

қолдан кетті. «Қап» ынтымақсыздығымыз-

ай дедік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп 

таластық,  қы рылыстық.  Жеңілгеніміз 

жең ген  жа ғы мызға, «ендігі  сайлауда  кө-

рер міз,  қап,  бəлем-ай!»  дедік.  Осындай 

біздің қазақ тың неше жерде «қап» деп қапы 

қалған  істері  көп. «Қап  дегізген  қапияда 

өткен істеріміз көп болған соң журналымыз 

да өкінішімізге ылайық «Айқап» болды.

Журналға  бастыруға  жіберілген  сөздер 

қазақша, ноғайша, орысша һəм түрікше болса 

да қабыл алынады.



Басқарушы, бастырушы М. Сералин

РЕДАКЦИЯДАН:  Құрметті  оқырман! 

Біз  де  сол  «Айқап»  журналын  шығарған 

алашшылдар  сияқты  алдымыздағы  ағалар 

жолын  ұстанып, «Ақиқат»  журналын 

шы ғарып  жатырмыз.  Бар  ниет-құлық,  ба -

ғыт-бағдарымыз  əрі  ұстанымымыз  ҰЛТ, 

МЕМЛЕКЕТ,  ҚОҒАМ  мүддесі.  М.Се ра лин-

нің  жоғарыдағы  оқырманға  хаты  біздің 

көкейіміздегі жүрген жайларды тілге тиек 

еткен.  Ал,  біз  өз  тарапымыздан  айтары-

мыз,  қазіргі  жаһандандыру  ат жалмандай 

меңдеп  келе  жатқан  ке зеңде,  ұлт  болып 

ұйлықпай ұпайымыз түгел болмайды. Мем-

лекет ұлтты емес, ұлт мемлекетті қалып-

тастырады.  Ендеше,  ұлтымыз  бүгінде 

ақ   параттық  май дан  өтінде  тұрғанда, 

«Ақи қат» жур налының да «Айқаптай» бас-

ты  ұстанымы  ҰЛТ,  МЕМЛЕКЕТ,  ҚОҒАМ 

тағ  дырынан  тыс  қалса,  онда  біздің  кім 

бол  ғанымыз?!  Біздің  де  мақсатымыз  əрі 

ұс  танымымыз  еліміздегі  қоғамдық-саяси, 

мə   дени-экономикалық, 

əлеу  мет тік-тұр-

мыс       тық  өмірге  белсене  атса лысып,  Бай-

тұр      сы  новша айтқанда, ұлты мыздың «кө зі, 

құ лағы һəм тілі» болу.  

Əлқисса,  Құрметті  оқырман, «Ақи-

қат»  журналы  өздеріңіздің  рухани  құн ды-

лық  тарыңыз.  Сол  құндылықты  маз  мұнды 

да мəнді етіп шығаратын ӨЗ ДЕ РІҢІЗ. Ал, 

біз,  редакция  ұжымы  Сіз дерге  сол  жолда 

қызмет  етушілерміз.  Журналдың  сүйенері 

–  СІЗДЕРСІЗДЕР.  Құрметті  оқырман!  Ен-

деше,  Сіздер  мен  Біздердің  арамызда  бір-

бірімізге  деген  СЕНІМ  жүруі  керек.  Біз  сіз-

дердің  журналды  қолдайтындарыңызға 

сене  міз, сондықтан да, сіздер біздерге де се-

ніңіз дер.

Журналдың  Жаңа  жылдық  жаңа  саны 

құтты болып, Жаңа жыл Сіздерге де бақыт, 

бақ əкелсін! 

Ізгі тілекпен редакция ұжымы 

Құрметті оқушылар!



№1    2015    А И АТ

4

Құрметті қазақстандықтар!

Елдігіміздің тұмары, ерлігіміздің шына-

ры болған Тəуелсіздік күні құтты болсын!

Осыдан 23 жыл бұрын адамзат көгінде 

жарық  жұлдыз  пайда  болды.  Ол – көк 

байрағын шалқытып, əлем тарихына мөрін 

басқан Тəуелсіз Қазақстан.

Ғасырлар бойғы халқымыздың арманы 

1991  жылдың 16 желтоқсанында  бүгінгі 

буынның тарихи таңдауына айналды. Бұл 

күн – өз  тағдырымызға  өзіміз  қожалық 

етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға 

қолымыз жеткен Ұлы күн. Тарихи əділет сал-

танат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз 

қанның өтеуі қайтқан Ұмытылмас күн! Сан 

дəуір өтсе де ұрпақтарымыз ұлықтап өтетін 

Ұлағатты күн! Алтай мен Атыраудың, Сыр-

дария мен Есілдің арасында еліміздің жыл-

намасы  алтын əріппен жазылған Ардақты 

күн!


Жер  бетінде  мыңдаған  ұлттар  мен 

ұлыстар  бар.  Біз – дербес  мемлекет  құру 

бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Басқа 

бақыттың қонуы – бір бөлек, сол бақытты 

бағалай білу – бір бөлек. Тəуелсіз елдердің 

барлығы тұрақтылық пен татулыққа ұйып, 

дамудың даңғылына түсе алған жоқ.

Тəуелсіздік – тарихтың  сыйы  немесе 

бүгінгі буынның меншігі емес. Ол – өткен 

бабалардың  алдындағы  қасиетті  борыш 

жəне  келешек  ұрпақтың  алдындағы  зор 

жауапкершілік.

Біз Тəуелсіздігімізге тəу етіп, тəубе деп, 

тəуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ – 

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ



Өткен жылдың 

15 желтоқсан күні 

Елордадағы 

«Астана Опера» 

сарайында еліміздің 

қастерлі 

мерекесі – Тəуелсіздік 

күніне орай салтанатты 

шара өтті. 

Оған Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаев 

қатысып, сөз сөйледі.

Біз бүгін Ұлы тарихымыздың тағы бір 

шебінен сенімді өтіп келеміз.

Қымбатты отандастар!

Жаңа сын-қатерлерге біздің лайықты жа-

уабымыз «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық 

Саясаты болды.

Біріншіден,  əлемнің  құбылмалы  жағ-

дайында  инфрақұрылымды  дамытуға 

ба сымдық берілуі – бұл қазіргі дүниедегі 

та бысты ұлттардың ортақ тренді.

Екіншіден, сапалы жолдар мен комму-

никациялар сала отырып, біз өңірлік жəне 

жаһандық  экономикалық  байланыстарға 

тереңірек кооперацияланамыз.

Үшіншіден, инфрақұрылымдар құрылы-

сының кең ауқымды жобалары – бұл шетел 

инвестицияларының тұрақтылығы.

Олар  ұзақ  мерзімді  экономикалық 

өсімді қамтамасыз етеді.

Төртіншіден,  бұл  лайықты  еңбекпен 

қамтылудың,  еңбек  өнімділігі  өсімі  мен 

халық əл-ауқатының берік кепілі.

Бесіншіден, «Нұрлы Жол» – бұл барлық 

өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер. 

***

Мемлекетіміздің  жүрегі – Астанадан 



тарайтын  жолдар  адам  мен  тауарды  ғана 

емес,  Елорданың  жасампаз  рухын  күллі 

елімізге тарататын күретамыр.        

Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ел тəуелсіз-

дігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты 

ұлы құндылықтар ғана ғұмырлы. 

«Нұрлы Жол» – бізді елдік  құндылық-

Елбасы жəне ел мұраты


№1    2015    А И АТ

5

тардың қадіріне жеткізіп, асқақтата түсетін 

мəнді жол.

***


«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Сая-

сатын Ұлттық қорсыз көзге елестетудің өзі 

қиын. 13 жыл бұрын біз оны экономикалық 

қауіпсіздіктің маңызды тетігі ретінде құрған 

болатынбыз.  Ол 2007-2009 жылдардағы 

жаһандық дағдарыстың салдарын жеңуде 

маңызды рөл атқарды. Ұлттық қор экономи-

каны əлемдік нарықтарда баға құлдыраған 

жағдайларда құтқарады.

Біз инфрақұрылым мен өндірісті инвес-

тициялап, бизнеске, бірінші кезекте, шағын 

жəне орта кəсіпкерлерге көмектесеміз.

Керісінше, өткен бес жыл ішінде оның 

валюталық портфелі 3,8 есеге өсті!

Экономикаға  жаңа  бір  мезгілдік  ин-

вестиция  өсімнің  жаңа  тетіктерін  іске 

қосады.

Құрметті қазақстандықтар!

Алда аумалы-төкпелі заман келе жатыр. 

Əлемдік саясаттағы дағдарыс пен санкция-

лар жаһандық экономика үшін тəуекелдерді 

күшейте түсуде. 

Бүгін  барлық  елдерге  қиын.  Əлемдік 

нарықтар  көмірсутектеріне,  металдарға, 

біздің  өзге  де  экспорттық  өнімдерімізге 

бағаның құлдырауымен жауап беріп отыр. 

Бізге де оңай болмайды. Мұны да назарға 

алу керек.

Сондықтан бізге де бюджеттің бекітіп 

үлгерілген  шығыс  бөліктерін  қысқарту 

қадамына баруға тура келеді. Бірақ мұның 

əлеуметтік  шығыстарға  қатысы  болмай-

ды.  Өздеріңіз  білетіндей,  мен  қазірдің 

өзінде Үкіметке халық алдындағы барлық 

əлеуметтік  міндеттемелерді  орындауды 

қамтамасыз етуге тапсырма бердім.

Бүгін Үкімет пен Ұлттық банк алдына 

тағы екі маңызды міндет қоямын.

Біріншіден,  экономиканы  долларсыз-

дандыру.

Екіншіден,  инфляциялық  шектеуге 

өту.

Олар «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық 



Саясатының құрамдастары болуы тиіс.

Дағдарыстар  ұзаққа  созылмайды.  Жо-

ғарыда  айтқанымдай,  бұл  дағдарыс  та 

өтеді.  Əлемдік  экономикадағы  қиындық-

тарды еңсеруімізге, əлемдік нарықтардағы 

бағалардың  тұрақтануына,  экономикалық 

жобаларымыздың  жүзеге  асырылуына 

орай,  біз  міндетті  түрде  өсім  қарқынын 

қайта оралтамыз.

***


Тұтас  дүниені  шарпыған  дағдарыстар 

бүгінгі  күннің  басты  сипатына  айна-

луда.  Жаһандық  экономика  кезекті  рет 

соқтықпалы,  соқпақсыз  жолға  аяқ  басты. 

Сондықтан,  біз  алдағы  сын-қатерлерге 

дайын болуға тиіспіз. Біз жағдай ширыққан 

сайын  шынығуға,  кедергіге  кездескен 

сайын келесі серпіліске қуат жинауға дағ-

дыландық. Алысты көздеген даму жолында 

кездесетін  уақытша  кедергілерге    мойы-

маймыз. Еңсені түсірмей, ертеңге сеніммен 

қараймыз.



Құрметті менің отандастарым!

Біздің ұлы тарихымызда қазақстандық-

тардың  қазіргі  ұрпағының  тарихи  іс-

əрекеттеріне ерекше орын беріледі.

Біз Ұлы жолдан жүріп өттік.  Бұл – 1995 

жылдың  наурызында  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының өмірге келуі.

Бұл – 1995 жылдың 30 тамызында 

ел  Конституциясын  бүкіл  халық  болып 

қабылдау.

Бұл – 1998 жылы  Астананы  еліміздің 

Елордасы деп жариялау.

Біздің  бас  қаламыз  барлық  қазақ-

стан  дықтар  үшін  нағыз  киелі  мекенге, 

Ота нымызға  деген  біздің  ортақ  сүйіспен-

шілігіміздің символына айналды.

Біз,  қазақстандықтардың  қазіргі  за-

ман ғы  ұрпағы,  бір  халық  ретінде  жаңа 

тарихымыздың «кіндік уақытын», болаша-

ғымыздың  басты  векторын  айқындап 

алдық.

Біз, сондай-ақ, тарихи дамудың жүрісін 



өзгертіп,  оны  ырғақты  ете  түстік.  Біз  өз 

тарихымызда  алғаш  рет  оқиғалардың 

соңынан ермей, əуелі 2030 Стратегиясын, 

ал  енді  «Қазақстан-2050»  Стратегиясын 

ілгерілетіп, олардың алдын орап отырдық.

ХХІ  ғасырдың  əрбір  жылы  Тарихқа 

елдің  үдемелі  табыстарының  уақыты 

ретінде кіретін болады.

Біз,  қазақстандықтардың  қазіргі  буы-

ны, жаңа Қазақстанның Ұлы жылнамасын 

нағыз жасаушылар болдық.

Н. НАЗАРБАЕВ. Қазақстан Республикасының тəуелсіздігі – мəңгілік елдің ұлы тарихы


№1    2015    А И АТ

6

Біз  жаңа  ел  жасап,  халқымызға  Жаңа 

тағдыр сыйладық!

Қадірлі халқым! 

Тарихсыз болашақ жоқ.

Ұлы  Далада  күллі  Еуразия  құрлығын 

уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. 

Алып  кеңістікті  ен  жайлап,  еркін  билеп-

төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген.  

Бүгінгі  Қазақстан – сол  бабалардың 

заңды мұрагері.

Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы 

мемлекет үлгісі тек соңғы бірнеше ғасырда 

ғана  пайда  болды.  Бұл  кез  халқымыздың 

бостандықтан  айырылып,  бодандыққа 

түскен мезетіне тап келді.

Көк түріктер мен Алтын Орданың ай-

барын айтпағанда, Қазақ хандығы – біздің 

елдігіміздің түп-тамыры. Тəуелсіз Қазақстан 

халқымыздың  азаттық  жолындағы  сан 

ғасырлық  арманын  ақиқатқа  айналдыр-

ды.  Біздің  буын  жаңа  тарихқа  Қазақстан 

Республикасы деген атпен аяқ басып, жас 

мемлекетті əлемнің төріне оздырды.

Қымбатты отандастарым!

Ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі 

бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы 

көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым 

– Ұлы халық!

Тəуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-

қайрат керек болса, оны баянды ету үшін 

одан да зор қажыр-қайрат керек.

Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа 

кемел  Қазақстанды  табыстау – ортақ  па-

рыз.

ХХI  ғасырдың  сын-қатерлеріне  төтеп  



беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу 

– ортақ жауапкершілік.

Біз  халқымыздың  қаһармандық  тари-

хын  жасампаздық  тарихына  ұластырдық. 

Əлемдегі ең мықты 50 елдің сапына еркін 

қосылып,  енді  ең  қуатты 30 елмен  иық 

тірестіруге бет алдық.

Рухы биік, еңсесі тік, еңбегі ерен, бірлігі 

мығым  Мəңгілік  Елдің  мəртебесі  асқақ 

болуы үшін бізде бəрі бар. Ендеше, барды 

бағалап, дамыта білейік, қадірлі халқым!

Құрметті қазақстандықтар!

Біз  бірнеше  күннен  кейін  жаңа 2015 

жыл дың бірінші парағын ашамыз.

Біріншіден, Қазақстан халқы Ассамбле-

ясы жылына жəне Қазақстан Респуб лика-

сының Конституциясын бүкіл халық болып 

қабылдаудың 20 жылдығына арналған шара-

лар өтеді. Бұл – біздің мемле кеттілігіміздің 

басты негіздері.

Екіншіден,  ұлттық  тарихымыз  бен 

мəдениетіміздегі маңызды датаны – Қазақ 

хандығы құрылуының 550 жылдығын атап 

өтетін боламыз.

Үшіншіден,  Біз  ТМД  елдерімен  жəне 

бүкіл  əлеммен  бірге  Ұлы  Отан  соғы сын-

дағы  фашизмді  жеңудің 70 жыл дығын 

мерекелейтін боламыз.

Біз  үшін  соғысқа  қатысушылардың 

ерліктері  туралы  естеліктер  қашанда  қа-

сиетті.


Біз – өзіміздің өткенімізге қай кезеңде де 

ризашылықпен жəне кешіріммен қарайтын 

халықпыз.

Біздің  тарихи  өткенді  қабылдауымыз 

қашанда  біртұтас  жəне  позитивті    болуы 

тиіс. Ол барлық қазақстандықтарды бөлуі 

емес, біріктіруі тиіс.

***


Біздің  ұлттық  тарихымыз – теңдессіз 

тарих.  Ол  Еуразия  құрлығының  ұлы 

өркениетінің  жылнамасына  өшпес  қол-

таңбасын қалдырды.

Тарихи  тамырымыздың  бірлігі  бізді 

түркітілдес  халықтармен  ешқашан  іргесі 

бөлінбейтін бауырлас етті. 

Ұлы  Түркі  елі  қазіргі  заманауи  мем-

лекеттер – Қазақстан,  Əзербайжан,  Қыр-

ғызстан,  Өзбекстан,  Түрікменстан  жəне 

Түркия  елдерінің  ортақ  тамыры.  Біздің 

мыңжылдықтарға ұласатын шежіреміз бір. 

Мақтаныш тұтатын бабаларымыздың тари-

хи  ерліктері  бір.  Бөле-жара  қарау  мүмкін 

емес рухани қазынамыз бір.

Осының  бəрі – баршамызға  ортақ 

мұралар.

***


Біздің Ресеймен ұзақтығы бір ғасырлық 

тарихи  жолымыз  бар.  Қазір  біздің  ортақ 

тарихымыз Еуразиялық экономикалық одақ 

шеңберіндегі интеграция үшін берік негіз 

қалыптастыруда. Мен осыдан 20 жыл бұрын 

ілгерілеткен осы идеяны заңдық ресімдеу 

аяқталды. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан, 

ЕАЭО  қызметі  басталуымен  шындыққа 

айналады. Қазір онда Қазақстан, Беларусь, 

Ресей, Армения бас біріктіріп отыр.



Елбасы жəне ел мұраты

№1    2015    А И АТ

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 1.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет