Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



жүктеу 371.09 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата08.09.2017
өлшемі371.09 Kb.
1   2   3   4

Әзиза  СҮЙІНІШҚАЛИЕВА,

Журналистика  және саясаттану 

 факультетінің   1-курс студенті  

Жуырда Жастар саясаты орталығының белсенді мүшелері Ақмола облысы 

Зеренді елді мекенінде орналасқан  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетіне тиесілі «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығында болып қайтты.   

Ну орман аймағында орналасқан «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығында Жастар 

саясаты орталығының белсенді мүшелері шаңғы,  шанамен сырғанап, семинар-тренингтер, 

дөңгелек үстелдер өткізіп, түрлі ойындар арқылы интеллектуалдық қорларын арттырды. 

Сонымен қатар 2016 жылға жоспарланған жұмыстар, әртүрлі салада орын алған 

негізгі мәселелер талқыланып, Елбасы негізін қалаған университетіміздің 20 жылдық 

тарихына арналған іс-шаралар туралы сөз қозғалды. 

Жастар саясаты орталығының белсенді мүшелері оқу-сауықтыру орталығында 

қолайлы жағдайлар жасалғанын ескеріп, бұл сапарға қолдау көрсеткен университетіміздің 

"Сенім" студенттер мен магистранттар кәсіподақ ұйымына алғыс білдіреді. 

«Тұмар» шақырады

"

Еуразия университеті" газетінің студент-жастарға арналған қосымшасы

№2 (2)

Құрметті Ерлан Бәтташұлы! «Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар 

ол» деп Абай данамыз айтқандай, мерейтойыңызға өзіңіз жақсы көріп,  «жас 

достарым» деп атайтын, біздер – студенттер де  үлгілі тәртібімізді, үздік 

оқуларымызды тарту етпекпіз.

Біз Қазақстанның білім беру жүйесінде алар орны ерекше саналатын 

Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия  ұлттық университетінде  білім алып 

жатқанымызды  мақтан тұтамыз.  Сіз басқарып отырған оқу орны профессор-

оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігімен де, аудиториялардың жаңа 

технологиялармен жабдықталуымен де көз тартып  бізді өзіне баурап алды.

Ұлан-байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінен білім іздеп келген жастар 

сіздердің шынайы қамқорлықтарыңызды сезінуде. Сіз сияқты  қарапайым ғана 

қазақ азаматының өмір жолы біздер үшін үлгі-өнеге. 

Мерейтойыңыз құтты, денсаулығыңыз мықты, білім мен ғылым жолында 

төккен теріңіз абыройыңызды асқақтата берсін! 

Ізгі ниетпен: Сіздің «Жас достарыңыз».


8

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл

«Қыз – ұлттың айнасы,

Халқымыздың  ұлттық  салт-дәстүрін, әдет-

ғұрпын,  ұлттық   киім   үлгілерін  насихаттау,  қыздарды 

инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында   университетімізде 

дәстүрлі «Қыз Жібек»  байқауы жыл сайын өтіп тұрады. 

Үстіміздегі жылдың 2-9 ақпан аралығында «Қыз Жібек – 

2016» байқауының  іріктеу сыны өтті.  Іріктеу  сынында 

арулар  үш  кезең  бойынша  бақ  сынасты:  қазақ  тілінде  өзін 

таныстыру,  білім  сайысы (сұрақ-жауап),  өзінің  бойындағы 

өнерін көрсету  (би,  ән  айту,  көркем  сөз,  т.б.). 

Байқау шарттары: 



Қазақ тілін еркін меңгерген студенттер қатарынан 



ару  қыздар  қатыса  алады .



Салт-дәстүр,  әдет- ғұрыпты  дәріптей  алуы .



Сахнада  өзін-өзі  ұстай білу.



Бойы  167  см  жоғары  болуы  тиіс. 



80-ге  жуық  үміткер  қатысқан  байқаудың  ақтық  сынына  

оқу  ордамыздың  13  факультетінен  ең  сұлу,  ең  дарынды, 

ақылына  көркі  сай  14  ару  жолдама  алды. 

Еске сала кетейік, байқаудың ақтық сыны 4 наурыз 

күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-зертханалық 

ғимаратының  концерт  залында  өтеді. 

Іріктеу сынынан сүрінбей өткен барлық қатысушыларға 

алдағы  ақтық  сында  сәттілік  пен  жеңіс  тілейміз!

Сражадин Інжу, СҚФ

Айтмұқашева Айя, 

ТАРИХ

 факультеті

Қайыргелді Гүлзат,

 ЖУРНАЛИСТИКА және 

САЯСАТТАНУ факультеті

Шүкей Інжу, ӘҒФ

Рақымжан Набира,

ТАРИХ

 факультеті

Серкебаевав Салтанат, 

ЖҒФ

Қалиева Камила, 

ФИЛОЛОГИЯ 

факультеті

Қожаниязова Әсем, ХҚФ

9

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл



«Қыз Жібек – 2016» байқауы 

ұлыстың шамшырағы»



Темірғалиева Гауһар, КЭФ

Жексембаева Гауһар, 

ЗАҢ факультеті

Әділова Бағдат, 

ЭКОНОМИКА

 факультеті

Кенжеханова Бибінұр, ММФ

Көшембаева Мөлдір, АТФ

Базарбаева Меруерт, ФТФ

10

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл

Студенттер ақынды еске алды

АНА ТІЛІМ – МӘҢГІЛІК  

БОЙТҰМАРЫМ

ОҚУ  ЗАЛЫ

СҮЙІКТІ  ЕҰУ

ЕКІНШІ ҮЙІМ

Тағзым

Дәл қазір мен отырған оқу залы 

Адам толы аз емес оқырманы. 

Бірі сотка, ал бірі компьютермен, 

Ғаламторға шырмалып отыр бәрі. 

 

Әйтеуір өзім солай пішімдеймін, 

Қалайша ойдан шумақ пісірмеймін. 

Әйтпесе сабақ оқып отырғанда  

Құлаққап неге керек түсінбеймін. 

 

Кешке қарай көбейіп бала саны 

Бір орынға үш адам таласады. 

Содан соң ғаламторға телміріп ап, 

Таңғы сағат 4-5 те тарасады. 

 

Бізге бақ боп қонатын құс қайда  

екен?

Оқу залға жақындау ұшпай ма екен. 

Неге мұнда көп келеді адам десем, 

Бұл жерде wi-fi жақсы ұстайды екен.

Сүйікті ЕҰУ, 

Қуаныш жүрегіңе сыйып келу.  

Бұл шақырым жолдарды 

бағындыру,  

Бұл орасан жемісті жиып теру.

  

Сүйікті ЕҰУ,  

Сендік міндет барыңды үйіп беру,  

Мендік мақсат өзіңдей биік болу.  

Арманымды көтерер иық болу.

  

Сүйікті ЕҰУ,  

Саған ғана тән қанат қиып беру,  

Саған келу – ой тастау ертеңгіге,  

Ертеңгіге сенімді түйіп келу.  

Сүйікті ЕҰУУУ !

Мақсаттардың таразысын саралай, 

Жанашырдың жоқтығына қарамай. 

Студенттіктің сергелдеңін аңсаумен, 

Келдім мұнда арман бағын аралай. 

 

Жатақханам айналғандай үйіме, 

Шаттық сыйлап күнде көңіл-күйіме. 

Қабатымның әр тұрғыны туыстай, 

Жүздеріне қарайлаймын сүйіне. 

 

Апайлар бар ақыл беріп, байытқан, 

Нәр алғандай сабырлық пен 

байыптан.

Тәртіп пенен тазалықты ту етіп, 

Бар жағдайды жанымызға сай ұққан. 

 

«Көңіл сыйса бәрі сияр» жайымыз, 

Туылады әлі оңынан айымыз. 

Ошағаны, тікені бар орманның, 

Татулық пен бірлік тұнған сайымыз.

Осы халықтың сөзіне, өзіне айналған тұлғаның көзі 

тірісінде көп еленбейтіні несі екен ?! Өкінішті. Бірақ, шын 

бақыттылар да осылар! Өйткені,  жоқ іздегендер айналып 

келіп соларға жолығады.  Қай кезде, қай мезетте болсын 

олар достыққа – берік, сүйгенге – адал, сұраққа – жауап, 

құлағанға – сүйеніш, жылағанға – жұбаныш бола білді. 

Сонысымен елеулі, сонысымен биік.



Бізге ерекше хат келіп түсті.

Кімнен дейсіздер ғой?

Кешегіден.

Кімге?

Болашаққа !

Аңыз абыз Мұқағалидан арнайы хат. Ал, бағытталған 

тікелей мекен-жайы біз екеніміз еш күмәнсіз.   Сол хат 

келіп түскелі бәріне алаңдаумен болдық.

Ақпанның тоғызыншы жұлдызы алаштың Алатау 

ақынының дүние есігін ашқан күн.   Осы күнге біз үлкен 

жауапкершілік арттық. Шағын болса да қолынан келгенше 

өз міндеттерін атқарғандардың саны аз емес. Соның бірі  

Еуразия ұлттық университетінің № 6 «Алтын белгі» 

Студенттер үйінде   ақынның 85 жылдығына орай еске 

алу шарасы өтті.  Мереке сценарий, бағдарламадан тыс, 

шынайы болды. Кештің ерекшелігі де осында. Студент 

жастардың өлеңді, оның ішінде Мұқағалиды құрметтейтіні 

соншалық, кезек-кезек таласа жыр оқып, жан-дүниелерін 

түлетті. Олардың келген хатқа жауабы да әзір :

«Анықтап қай жағынан қарасақ та,

Есімің айналмады оғаш атқа.

Кеше келген хатыңды, Аға, сенің,

Жібердік болашақтан болашаққа.»

Ештеңе кездейсоқ болмайтынындай, бұл да тегіннен-

тегін емес.

Мүмкін ғаламдағы  ең басты құндылық осы адресат пен 

адресанттың арасындағы байланыс шығар. Мұра. Сенім. 

Міндет. Парыз. Жауапкершілік.

Сіз кімнен хат күтесіз ?!

                    



Әлімжан  ӘЛІШЕР

Журналистика  және саясаттану 

факультетінің  студенті

Өмір – өзен, заман – тарих  көшінде,

Нені  ұмыттым, нелер қалды есімде.

Қанша заман, қанша тарих алмасты,

Сағым тұнған сары даланың төсінде.

Байқатпастан жылжып уақыт кемесі,

Әрбір дәуір алды өзінің үлесін.

Жаңа заман жаңғыртса да санамды,

Туған тілім әлі жасап келесің.

Бастау алып Жиенбет  пен  Асаннан,

Шалқыған ең Біржан  сал мен Ақаннан.

Дана Абай Шәкәрімнен мұра боп,

Жеттің бізге Міржақып пен Ахаңнан.

Бұл тағдырдың талайында кештің сен,

Заманының керуенімен көштің сен.

«Әупірімдеп»бұл ғасырға жеткенде,

Кешіре гөр, қадіріңді кеш білсем!

Сондықтан да бағаң сенің ұлық  тым,

Жас кеудемді құдіретіңмен жылыттым.

Тіл – ана ғой, ал анаңды ұмытсаң,

Ойлай бергін, өзімді-өзім ұмыттым.

Ана тілмен тарих та сыр шертеді,

Ана тілмен баянды ел ертеңі.

Мен үшін сен – анам айтқан әлдисің,

Сен – мен үшін әжем айтқан ертегі.

Ана тілім – мәңгілік бойтұмарым,

Менің шалқар шабытымның шырағы.

«Ана  тілің – арың бұл»деп санаған,

Бұл қазақтың өшпейтін  бір  ұраны.

Тілімменен  мақтана  алам мен бүгін,

Туған  тілді жырға қосар келді күн.

Қазақстан мойындатса әлемді,

Ана тілмен айшықталар елдігім.

Шаттық әнін шарықтатқан көгімде,

Ана  тілдің  мерейі  үстем  бүгінде.

Қаны – қазақ, жаны – қазақ  ел  барда,

Қазақ тілі  мәңгі  қазақ  төрінде!

Әсем  Құлманова, 

Журналистика және саясаттану 

 

факультетінің 1 курс студенті

Асылхан Теңізбаев, 

Журналистика және саясаттану 

факультетінің ІІ курс студенті

Әлімжан

 Әлішер



Журналистика және

 саясаттану

 

факультетінің

 студенті

.

Жансая  Қамбарова



Журналистика және саясаттану 

факультетінің ІІ курс студенті

« ...Тойланбаса тойланбасын, 

Не етейін. 

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін. 

Қаламымды берші маған, бәйбіше, 

Болашаққа арыз жазып кетейін...»

(Мұқағали Мақатаев)


11

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл

Модульдік  оқыту 

технологиясының маңызы



Тағылым

Терең ой, биік зерделі Ұстаз

Қазіргі білім беру саласында оқыту-

дың озық технологияларын меңгермей-

інше сауатты, жан-жақты маман болуы 

мүмкін емес. Жаңа технологияны меңге-

ру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік, 

адамгершілік, рухани азаматтық және де 

басқа көптеген адами келбетінің қалып-

тасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, 

оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруы-

на көмектеседі. Сабақта қолданылатын 

әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде 

жан-жақты дамыған, шығармашылық 

ойлау білімі меңгеріледі. Педагогикалық 

технологияларды талдау барысында мына 

факторлар ескерілуі керек:

– алынып отырған технология са-

бақтың тақырыбы мен мазмұнына сай 

болуы;

– тиімділігі, жүйелілігі және басқа 



жақтары.

Модульдік жаңалық – бір-бірімен 

тығыз байланысты блокты жүйе бойын-

ша оқытудың жаңа әдісі. Бұл мақсатқа 

жетудің бірден-бір жолы - оқытудың 

тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін 

іздестіру. Міне, сол идеяларды іске асы-

ру үшін оқушыны оқу үрдісінде өздігінен 

білім жинап, белсенді және өз бетінше 

қарым-қатынас жасай алатындай тәр-

биелеу - ең басты мақсат. Мұнда оқушы 

дара тұлға, оның айналасында әртүрлі 

әдіс-тәсілдермен білім беру жүзеге асы-

рылып, тәрбие жұмыстары жүргізіледі. 

Сабақты үнемі қалыптасқан бір формадан 

гөрі, әсіресе жоғары сыныптарда оқушы 

әрекетіне қозғау сала оқыту тиімді.  «Мо-

дуль» термині – педагогикаға әр түрлі 

ақпараттық жүйелер мен құрылымдарға 

қолданылатын конструкцияны белгілей-

тін және олардың икемділігі мен қайта 

құруын қамтамысыз ететін информати-

кадан келді. «Модуль» термині – интер-

националдық.  Модульдік тәсіл әдетте оқу 

мәліметтерін дайындау және атрибут-

Ұстаз! Ол маған даладай дархан кеңдік, 

кемел ой, пайым-парасаттың иегері, 

күні кеше арамыздан алыстаған Әбіш 

абыздың, өзі туған топырақтың данагөй 

перзенті Әбунасыр әл-Фарабидың 

жалғасындай көрінеді. Қашан көрсең 

маңғаз, «ақырын жүріп, анық басатын» 

(Абай) қалпынан айныған емес. Әрқашан 

кеңінен толғап, кесек ой айтады. Ғылыми-

шығармашылық жұмыс пен қоғамдық 

қызметтің арасында жастармен кездесуге, 

әлем мен елдегі түрлі оқиғалар турасында 

пікірін білдіруге үнемі уақыт табады. 

«Ұстаз» деп отырғаным – қазақтың 

қабырғалы азаматы, экономист ғалым, 

жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді 

Кемел.


Атына қанық болып, «Жұлдыздар 

отбасы» журналына ағынан жарыла 

берген сұхбатын оқып тамсанғаныммен, 

алдын көріп, дәріс аламын, ғылыми 

жетекшіме айналады деген ойлар үш 

ұйықтасам, түсіме кірген емес. Үшінші 

курстың басында «Кафедрамызға 

қызметке Мырзагелді Кемел келіпті» 

деген хабар жетті. Көрсек, дәрісін 

тыңдасақ деген ойдың қылаң бергені рас. 

Көңілді тербеп, көкіректе ұзақ толғаған 

арман-ойдың шындыққа айналары рас 

болар. Алғашқы семестрде ағайымыз 

«Мемлекеттік басқару теориясынан» 

дәріс оқи бастады. Табиғатында кісіні 

жатсыну жоқ ағамызбен тез тіл табысып, 

араласып, «ағай» деп атап кеттік.

 «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» 

деп Қасым ақын толғағандай, ұстазым 

жайлы жүрек тебіренісін жеткізу ұзақ 

уақыт ойда жүргенмен реті енді келіпті. 

Саналы ғұмырында қарапайым 

ауыл басшысынан үлкен мінбердегі 

Парламент Мәжілісінің депутатына 

дейінгі аралықтағы басшы қызметтерді 

атқарған адамның қарапайымдылығын, 

кісілік келбетін жоғалтпауы тектілігін 

байқатса керек. 

Қай іске де жанын сала кірісіп, өндіріп 

еңбек ететін Мырзагелді Кемелұлы 

екі ғылым докторын, төрт ғылым 

кандидатын, бірнеше магистрлерді 

даярлап шықты. Көптеген докторлық 

диссертациялардың оппоненті болды. 14 

монография, 100-ден аса ғылыми мақа-

лалармен қатар ана тілімізде мемлекеттік 

басқарудың теориясы мен тәжірибесі 

жөніндегі алғашқы оқу құралын жазып 

шықты. 

Жазушылық – сан қырлы азамат 



талантының бір қыры. Көркем әдебиеттен 

гөрі өмір оқиғаларына құрылған, 

философиялық ойы терең, әлеуметтік 

жүгі зор көсем сөзі ортағасырлық 

трактаттардан бір кем түспейді.  Өз 

туындыларын жазумен қатар қытай 

ақылмандары Лао Цзы, Конфуций, 

испан философы Бальтасар Грасианның, 

көне грек-рим ойшылдарының, Дейл 

Карнеги, Луиза Хей, Пауло Коэльоның 

шығармаларын ана тілімізге аударды. 

Өзін-өзі тануды өмірлік 

философиясының арқауы еткен «Ақыл 

қалта», «Абзалдық әліппесі», «Өзіме 

сабақ» кітаптарының қай қайсысында да 

өмірдің мәніне үңіліп, адалдық, кісілікті 

адамның ең ізгі қасиеттеріне балайтын 

ағайдың үнемі тынымсыз ізденіс 

үстінде жүргенін байқаймын. Қашан 

көрсең, дәрісіне мезгілінен бұрын келіп, 

кітапханада жас білімгерлермен қатар 

том-том кітаптың ортасында ойға шомып 

отырғаны. Тынымсыз еңбек, үздіксіз 

ізденістің жемісін жас ұрпақ көруде, әлі 

де көретін болады. Өткен жылы ғана 

профессордың экономика ғылымындағы 

алғашқы«Мемлекет және кәсіпкерлік» 

атты оқу құралы, өзін-өзі тануға арналған 

әдістемелік құралдары жұртшылық 

қолына тиіп, ғылыми қауымдастық пен 

жас буынның оң бағасын алды. 

Ағайды қашан көрсем де жігерімді 

жанып, жаңа іске бағыттап отырады. 

«Адалдық, адамдық қалпыңнан айныма. 

Ғылым жолы – адалдық пен төзімділікті 

талап ететін қиын жол. Ғылымдағы 

жолың еңбектеніп, өзіңе жоғары талап 

қойғанда ғана даңғыл болады. Өз күшіңе, 

біліміңе сен, осы екі қасиет қашан да 

адам баласын биіктерге жетелейді» 

деуден танған емес. Ағай үшін ар, ұят – 

философиялық, этикалық категория ғана 

емес, өмірдің мән-мағынасы. Академик 

Төрегелді Шармановтың «Құндылықтар 

құлдырауы» атты мақаласына үн қатуын 

«Өмір сүрудің ең басты қағидасы – Ұят» 

деп атауы да содан болар деп ойлаймын. 

Ұстазым биылғы жылы алпыстың 

бесеуін бағындырып, жетпістің шыңына 

бет алды. Мерей жасыңыз құт әкелсін! 

Нағыз  Ұстаз! Нағыз профессор! Елге 

қыз мет етуден танбаңыз! Дүние тұрған-

ша тұрыңыз! Біздің тілек осы.

Айбол  АРҒЫНҒАЗИНОВ,

магистрант

тық сипаттамаларын есепке ала отырып 

аяқталған бірліктер түріндегі процедура-

ларды жасау деп түсіндіріледі. 

Әлемнің әртүрлі елдерінде (АҚШ-та, 

Ұлыбританияда, Бельгияда, Ресейде және 

т.б.) жүргізілген зерттеулерде оқытудың 

технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлел-

денген. 

Осындай  зерттеуде Ресей студент-

тері арасында модульді технологияның 

мынадай жетістіктерін көруге болады:

– әрбір модуль ішінде және олардың 

арасында оқу процесінің барлық түр-

лерінің әдістемелік негізделген үйлесімін 

қамтамасыз ету;

– курстың құрылымы мен оның 

мазмұнын анықтаудың жүйелі жолы;

– курстың модульдік құрылуында 

икемділігі;

– студенттердің білім меңгеруін 

тиімді бақылау;

– оқытушының ғылыми-әдістемелік 

жұмысының болашақ бағыттарын айқын-

дау;

– студенттердің тез дифференциа-



циялануы: оқу озаттарының «орташа-

ланған» топтары, үлгерімі жақсы және 

төмендеу студенттердің орнына курстың 

бірінші, екінші, оныншы, жүзінші және 

т.б. студенттердің келуі;

– аспирантураға кандидаттарды 

таңдау кенет жеңілдетіледі, аса қабілетті 

емес, бірақ белсенді студенттердің жыл-

жуы жойылады;

– дәріс пен сабақтардың жаңа түр-

лерін іздеу уақыты едәуір қысқартылған-

да оқытушы студентерге өзінің пән са-

ласындағы қажетті білім, дағды және ше-

берлік бере алады.

Курстың модульдік қалыптасуы оқу 

жоспары бойынша оны меңгеруге бөлін-

ген уақытты қайта реттеуге мүмкіндік 

береді. Оқу процесінің жеке түрлері 

бойынша тәжірибелік және зертханалық 

жұмыстардың, сондай-ақ сту-

денттердің өзіндік жұмысының 

үлесін кеңейтеді. 

Модуль танымдық және 

кәсіби сипаттамаларға ие, сон-

дықтан модульдің танымдық 

(ақпараттық) және оқу-кәсіби 

(әрекетшіл) бөлігі жөнінде ай-

туға болады. Біріншінің міндеті - 

теориялық білімнің қалыптасуы, 

екіншінің қызметтері - алынған 

білім негізіндегі кәсіби шеберлік 

пен дағдыларды қалыптастыру. 

Әрекетшіл модуль ретінде зерт-

ханалық тәжірибелер (практи-

кум) мен зертханалық жұмы-

стар, арнайы тәжірибелер, технологи-

ялық және педагогикалық тәжірибелер, 

курстық және диплом жұмыстары қызмет 

атқарады. 

Оқу процесі кезінде дәрістер, тәжіри-

белік және дәрісханалық сабақтар, өзіндік 

дәрісханалық және студенттердің дәріс-

ханадан тыс жұмыстары түрінде жүзеге 

асатын ақпараттық қамтамасыздандыру 

курстың жеке тақырыбының мазмұнын 

ашатын негізгі ұйытқысы болып табы-

лады. Модульдің әрбір элементтерінде 

ЭВМ үшін қолданбалы бағдарламалар 

түрінде сәйкес бағдарламалық қамтама-

сыздандыру болуы қажет. Жұмыстың 

қорытынды кезеңінде студенттерге не-

месе оқушыларға нақты ұсыныстар мек-

тептегі тәжірибелік сабақтар, жоғары 

оқу орнындағы немесе колледждегі және 

дипломдық жобалауда, сонымен қатар 

жоғары оқу орнын аяқталған соң практи-

калық жұмыста пайдалану үшін беріледі.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақса-

тында жаңа білім парадигмасына сүйене 

отырып, осы технологияның идеяларына 

тәжірибелік негіздеме беру мақсатында 

тоғыз жыл бойы (1992-2001 жж.) оның 

ғылыми-теориялық әзірлемесі Қазақстан-

ның әртүрлі аймақтарындағы білім меке-

мелерінде сынақтан өткен.

Оқыту технологиясының бір ерек-

шелігі – оның білімді меңгеруге емес, 

тұлғаның танымдық қабілеттерін және 

танымдық процестерді, яғни жадының 

алуан түрлерін (есту, көру, қимыл, және 

т.б.), ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін 

арнайы  жасалған оқу және танымдық 

жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ 

тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзек-

тілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, 

ойын, танымдық және шығармашылық 

қабілетттерін қанағаттандыруға, белсенді 

сөздік қорын (ауызша және жазба тілін-

де) дамытуға бағытталуы.

Яғни, модульдік оқыту - педагоги-

калық процестің тиімділігінің артуына 

мүмкіндік беретін, сонымен қатар оны 

ұйымдастыру үшін белгілі жағдайлар 

құруды талап ететін оқытудың прогрес-

сивті қадамы.


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 371.09 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет