Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



жүктеу 371.09 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі371.09 Kb.
  1   2   3   4

Анаға сәлем!

Әйел – ару, әйел – жар, 

әйел – ана

БӘРЕКЕЛДІ !!!

университетi



№ 3-4 (208-209)

Ақпан, 2016 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Көктемнің, яғни жаңару, 

жасару мерзімінің алғашқы 

күнінде бүкіл әлемде 

біздерге өмір мен бақыт 

сыйлаушы – аналарымызға, 

қарындастарымызға, аяу­

лыларымызға құрмет көр сетіледі.  

Талай  ғасырлардан бері 

әйелдер сезімталдықтың, нәзіктік 

пен мейірімділіктің таңқаларлық 

қайталанбас бейнесіне айналды. 

Жанұяның жылуы мен жарасымы, 

туған үйдің тыныштығы, махаббат 

пен сенім сияқты баға жетпес 

құндылықтар Ана  есімімен тығыз 

байланысты.

«Отан отбасынан басталады» 

демекші, сол отбасының 

ортаймас ырысына, шапағат­

шуағына айналған қыз­

келіншектер елімізге  аты мәлім 

жоғары оқу орындарының бірі 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінде еңбек 

көрігін қыздырып жүр. Олар 

 

білім мен ғылымда тамаша 



нәтижелер көрсетіп, ел болашағы 

жастарымызға  сапалы әрі терең 

білім беріп қоғамдық, әлеуметтік 

жұмыстарда  белсенділік таны­

туда.  Еселі еңбектерінің арқа­

сында мемлекеттік  марапаттарға  

ие болып оқу ордасының 

мақтанышына айналғандары да  

аз емес.      

Құрметті аналар мен арулар,  

«Әйел – ару, әйел  – жар, әйел 

– ана».  Әлемді шуаққа, адамды 

шаттыққа бөлеген мерекелеріңіз 

құтты болсын! 



Ректор 

Ерлан СЫДЫҚОВ

Халықаралық 

Әйелдер күні!

Университетімізде  3156  адам қызмет атқарады , соның  2060-ы  ару жандар,  ардақты аналар.  

Оқу ордамыздағы жауапты салаларда  2 академик,  99  профессор, ғылым докторлары еңбек етуде.  

4  факультет деканы, 4  департамент  директоры қызметін нәзік  жандарымыз басқарып отыр.  

Олар  оқу  ордамыздың  абыройының  биік болуы бағытында  сапалы  қызмет   көрсетуде!!!

Мереке күніңмен,

Қарсы алам өзіңді.

Сәбилік үніммен

Арнаймын сөзімді.

Көргенше алаңмын,

Аңсаймын, толғанам.

Қабыл ал балаңның

Сәлемін жолдаған.

Бөбегің оянса,

Ұйқыңнан мың тұрдың.

Гүліңмен балауса

Көктемдей құлпырдың.

Аялап алақан,

Әлпештеп өсірген.

Аяулы жан анам

Қатемді кешірген.


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл



Абырой 

биігінде

Білім мен ғылым 

жолын қуған

XX ғасыр көп құпиясын өзімен алып кетті. Ғасыр ауыс­

ты. Адамдар өзгерді ме? Өзгерді, өзгергенде қандай. Құн­

дылықтар құлдырап, жаңа құндылықтар жайғаса бастады. 

Алайда, адам баласының мәңгілік қасиеттері де бар емес пе? 

Шәкәрім әулиеміз 1912 жылы «Айқап» журналына бес сау­

ал жолдаған.

Иә, заман замандарды қуып, зымырап барады, ал адам 

ше, оның Шәкәрім айтқан адамшылығы қандай халде? Осы 

сауал мені мазалап, тиянақты жауап таптырмай­ақ жүргені. 

Адам көңілі – жүйрік.  Өткен жылдар келмеске кеткен оқиға­

лар дегенмен келісе алмаймын. Сол жылдары мен студент 

Ерланмен таныстым, одан ілгеріде Ұлы Даланың айтулы 

шешені әкесі Бәтташ ағамен танысқам. Шағын Семейде 

оқығандар бір­бірін білісіп жүрді. Мен Ерланның туған ме­

кені Саржалдың біршама азаматтарымен достас, дастархан­



Сыдықов Ерлан Бәтташұлы  1956 жылы 29 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген. 1978 жылы С.М. Киров 

атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 

Жамбыл ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының КОКП тарихы және саяси экономика кафедрасының 

стажер­зерттеушісі, ассистенті,  оқытушысы, доценті, Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының сырттай 

оқыту факультеті деканының орынбасары, саяси тарих кафедрасының меңгерушісі, коммерциялық және оқу­тәрбие мәселелері 

жөніндегі проректоры қызметінде болған. Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы 

бөлімі консультанты, Семей мемлекеттік педагогикалық институты және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті 

ректоры қызметін атқарған. 2011 жылдан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Мемлекеттік наградалары:  «Парасат» ордені, «Қазақстан Республикасының 

тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 

20 жыл» /2011/ мерейтойлық медальдары, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы бар. Шығыс Қазақстан 

облысының құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының құрметті азаматы болып табылады.

2012 жылы бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды. Әлеуметтік­мәдени мәселелері 

жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. «Нұр Отан»  Партиясының мүшесі.

Мерейлі мерейтой!



60

жыл

дас, сұхбаттас болдым, олар Арап Еспенбетов, Мұрат Әлин, Дәулет Сейсенов, Мақсат 

Жарылғасин, Аман Тілеубаев, Шаған Жұмақсанов  және т.б.  

Ерлан Сыдықов дәл осы кезде студент болып Алматыда білім алып жатты. Заманда 

леп бар, ал ненің лебі екендігін айыру қиын. Шығыс Европа елдерінде (социалистік ла­

герьдегі) қоғамдық толқулар басталған. Елімізде әлдеқандай либерализм, демократизм 

лебі сезілгендей бола ма, қайтеді?! Бірақ Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, 

Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтар бастаған шеру топ 

жабулы. Шәкәрімнің есімін дауыстап айту қауіпті. Коммунистік партия өзінше қуатты, 

дегенмен әлсірей бастаған. Әлде қалай тың сөз бола ма деп «Америка» деген журналды 

жасырып оқып, «Америка дауысын» ұрлана тыңдаймыз. Мәселе осыда ма деп, Олжас 

Сүлейменовтың «Аз и Я»­сын қайта­қайта аударыстырып қоямыз. Студенттер арасын­

да жеңіл­желпі, кейде ауыр­ауыр сөздер айтылып қалуда. Жұлмаланған тарих туралы бі­

раз жазушылардың шығармалары жарық көрген кезең.  

Тарихшы болам деген арман жетегіндегі Ерланның студенттік дәуірінің картинасы 

осы айтқандарға жақындау. Жас жігіт алдында таңдау тұрды. 

Ерлан білім, ғылым жолын таңдады. Өзгелер сияқты билік сағымын қуған жоқ. Кеңес 

заманындағы билік халыққа жақынмын дегенімен, халықтың жанын жылатқан жоқ. Билік 

тым сұсты, суық еді, халық көнбіс, момын еді. Аралары «алты айлық алыс» болатын.  Ол 

елге оралды, қызметке кірісті. Сол жылдары Шырын Асылханқызымен отбасын құрды. 

Өз жұрты,  нағашы жұрты, енді қайын жұрты қосылды. Олар Семей педагогикалық ин­

ститутының доценті Өжкен Кәрібжанқызы мен елге белгілі ғалым, профессор Асылхан 

Құрманбаевтар еді. Ерлан нардың жүгін көтеретін нағыз азамат атанды. 

1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» күллі қазақстандықтардың психологиясын да, 

санасын да төңкеріп тастады. Ойланбаған ойланды. Түсінбеген түсінік іздеді.  Алаңға 

шыққан жастар «Қазақстанды қазақ билеуі керек» деп ұрандатып, шырқаған әні – 

«Менің Қазақстаным» болды. Ал  Ерланды осы кезде көрсеңіз, ол – жанып тұрған 

патриот, айтқаны – ел мүддесі, ел тарихы. «Желтоқсан оқиғасы» Ерлан Сыдықовты 

шыңдай түсті. Мен әкесі Бәтекеңнің сол кездегі көзқарасын жақсы білемін, ол кісі – ұлт­

шыл еді. Бәтекең айғай ұлтшыл емес, сабырлы ұлтшыл болатын, айналасына қамқор еді, 

жарықтық!  Үйінде терлеп­тепшіп Үміт апайдың шайын ішіп отырып, заман, саясат тура­

лы айтпағанды айтып кетуші ек, сонда Бәтташ аға өзіне тән сабырлы мінезбен:

– Қарақтарым, байқаңдар, сендер білмейсіңдер, біз апаттың шетін көрдік қой, Ерлан 

інілеріңе ақылдарыңды айтыңдар дейтін. 

Біздегі не ақыл бар дейсің, әйтеуір ішімізде бір шоқ барын сеземіз. Ол шоқ мектепте 

жүргенде оқыған Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасында бір маздаған. 

1986 жылы ол шоқ отқа айнала бастады. Сол шоқтың алаулаған Тәуелсіздікке  айналуына 

бес­ақ  жыл қалып еді.

Ерлан ат жалын тартып мінді. Ол өзіміздің қара шаңырақ Семей педагогика ин­

ститутына ректор болып тағайындалды. Басында үш жоғарғы оқу орындары қосылып, 

Шәкәрім атындағы университет етіп құрды.  

Нағыз қиын, дағдарыс кезі. Бәрі тапшы, бәрі жоқ, бірақ студенттерге білім беру 

үрдістері тоқтамауы қажет. Ер болсаң, көрсет Ерлігіңді! Ерлан ерлігін көрсетті, сыннан 

сүрінбей өтті. Оған білімі, ғылымы, адамшылығы, көрегендігі, басқару шеберлігі, бола­

шақты сезе білуі бәрі­бәрі болысты, тамаша басшы қалыптасты. 

Осы қасиеттер Ерлан Бәтташұлы Сыдықовты Лев Гумилев атындағы Астанадағы 

бірінші университеттің Ректоры деген дәрежеге,  мәртебеге жеткізді.

Рахметқажы БЕРСІМБАЙ,  

ҚР ҰҒА академигі

Ғарифолла ЕСІМ, 

ҚР ҰҒА академигі

Ерлан  Бәтташұлын азамат ретінде, ректор ретінде біраздан бері білемін. 

Әсіресе, 1997 жылдан  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде, 

2004  жылдан  Семей педагогикалық институтында басшы  болып түрғанда, 

менің жерлестеріме – Таулы Алтайдағы Қосағаш қазақтарына – көп пайдасы 

тиді. Оны бүгінге дейін  аузы толып,  ел мақтап айтып отырады.

Ерекең институттың ұстаздарын жүйелі түрде дәріс оқуға Алтай 

Республикасына жіберіп, ол жақтан мұғалімдердің, оқушылардың Абай еліне 

келуіне қолдау жасап, тікелей өзі қадағалап отырды. Алыстағы ауыл мектептеріне 

қазақ оқулықтарымен, басқа да әдеби кітаптармен көмектесті. Соның ішінде 

Абай мен Шәкәрімнің жинақтары, ғылыми­зерттеулер  болғаны сөзсіз. Осы 

арқылы тәуелсіздік заманда Алтайға ұлы Абай бастаған ұлт абыздары тағы да бір 

барды деп айтуға болады. 

Ерекең Алтай Республикасы Қосағаш  ауданының қазақтарына ғылыми­

мәдени  тұрғыдан  бүгінге дейін үзбей  қолдау жасап келеді. Осы бағытта  

Семейдегі  Ерлан Бәтташұлы ұйымдастырған  «Шәкәрімтану» ғылыми­

зерттеу орталығының көмегімен «Таулы Алтай  қазақтары»  мәдени­танымдық 

энциклопедиясы жарық көрді. Өткен жылы ғана ауданның «Мирас»   мәдени  

орталығы  Астана күніне арнап Еуразия университетінде кездесулер өткізіп, 

концерт қойып қайтты.

Мен былай деп ойлаймын: Семей – ертеден зиялы қазақ пен Алаштың  

орталығы болса, сол миссиясын XXI  ғасырда жалғастырған бірегей тұлға – Ерлан 

Бәтташұлы. Неге бұлай дейміз? Оған себеп – ол экономикамыз  үшін аса қиын  

90­жылдары төрт мемлекетке қарайтын ( Ресей, Қазақстан, Қытай, Монғолия) 

Алтай  қазақтарын бір мүддеге үйлестіруі еді. 

Бұл мүдде – Қазақстан мүддесі, әлемге достық көңілімен, толеранттылығымен  

танылған Қазақ елі мақсаты еді. Семей – Алаш кезінде қазақ  орталығы болса, 

Ерекең ректор болып тұрғанда  да ұлттың рухани орталығы болып қалды. Жақсы 

дәстүрді жалғастырған  Ерлан Бәтташұлына халықтың ризашылығы шексіз.

Мен  2004­2005 жылдары Білім және ғылым министрлігінде қызметте  

болғанымда  қаншама алқа жиындарда, басқосуларда, ғылыми кеңестерде, 

конференцияларда бірге болдық. Әріптес ретінде ақылдасқан, кеңескен 

кездеріміз аз болған жоқ.

Ерлан Бәтташұлы 2011  жылы Еуразия ұлттық университетіне ректор болып 

тағайындалды. Бұл – оқу орнындағы жаңа кезең еді. Ерекеңнің кеңдігі, зиялылығы 

осы жерден  ерекше  көрінді. Бірден жастармен де, үлкендермен де кездесіп,  

университеттің жұмыстарын  әрі қарай дамытуды қолға алды.  Аға буынмен 

ақылдасып, пікірлесіп отыруды дәстүрге айналдырды. Ақмола, Павлодар, 

Шығыс Қазақстан, Қарағанды  облыстарына іссапармен  барып, қаншама оқу  

орындарында, жергілікті мәдени орындарда болып, халықпен араластық. Елдік 

дәрістер оқыдық. Осы шара идеясының авторы да – Ерекең.

Қазір Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ – республика  мен әлемге танымал 

университет. Оның ғылыми деңгейі, әрине ғалымдарға байланысты. Осы ретте 

Ерекең біздің тәжірибе жасайтын зертханаларымызды дамытуға, мамандықтарды 

халықаралық аккредиттеуден өткізуге көп атсалысты.  Нәтижесінде 2015 жылы 

біздің биология, биотехнология, экология мамандықтарымыз  халықаралық 

акредиттеу агенттіктерінен жоғары баға алып өтті.

Университет бас ғимараты жанында «Ғалымдар аллеясы» бар. Оны да 

ұйымдастырған, орнатқан – Ерлан Бәтташұлы. Қазір сол жерге  жастар да, аға 

буын өкілдері де барып демалады. Университет жанында демалған астаналықтар, 

әрине, Еуразия  университеті туралы, оның жетістіктері туралы айтады.  Бұл – 

бәрімізге де абырой.

Толайым жетістіктерге жету жолында Ерлан Бәтташұлына зор денсаулық 

тілеп, әрі қарай да еңбегі жана беретініне, еліміздің көркеюіне өлшеусіз үлес 

қосатынына сенім білдіреміз. 


3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл



Үйлесімді тұлға 

Білікті басшы, білімдар азамат

Ақ тілектер

Музыка, өнер, сәулетте біртұтас нәрсенің 

бөлшектерінің қатаң  үйлесімділігі "гармония" деп 

аталады. Бұл ұғым барлық жағынан парасатты, 

ізгілікті, жоғары адами және іскерлік қасиеттері қай 

жағынан болса да үйлесімді жарасқан адамдарға да 

келтіріп айтуға болады. Адамдардың осындай ізгі 

де, текті де қатарына біздің құрметті ректорымыз, 

академик  Ерлан Бәтташұлы жатады. Ерлан 

Бәтташұлы – үйлесімді тұлға! 

Бірнеше мыңжылдық бай тарихы бар, қазіргі 

таңда бейбіт әрі адами құндылықтарды насихаттау 

арқылы әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі 

болып және Мәңгілік Ел идеясын асыл мұратына 

айналдырып отырған Қазақ елінің қай өңірі 

болмасын тарихқа да, тарихи тұлғаларға да бай. 

Сондай қасиетті әрі киелі өңірлердің біріне – Семей 

өңірі, Абай елі жатады. Абай елі дегенде есімізге бірден Құнанбай, Абай, 

Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтер түсетіні белгілі. Бұл есімдермен әрбір қазақ 

мақтана алады. Өйткені бұл тұлғалар қазақты бүкіл әлемге танытып, әлемдік 

деңгейдегі есімдерге айналған. Киелі топырақтан шыққан, халықтың мол 

Пейілін кеңге салған, қырманын 

дөңге салған қыран мінезді, ақ 

көңілді, жайдарман, әдеп, нұсқа, 

тәжірибесі кемел, саясында тұрған 

жанның мейірін сусыз қандырғандай, 

атқа жеңіл, тайға шақ, ұйқысы жоқ, 

жолға сақ нағыз сабаздың өзі, қас 



Болат  КӨМЕКОВ, 

ҚР ҰҒА академигі

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ,

ҚР ҰҒА академигі

Серік НЕГИМОВ,

филология ғылымдарының 

докторы, профессор,

Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері

ҰСТАЗ.


ҒАЛЫМ. 

ҚАЙРАТКЕР

Бүгінде Қазақстанға ғана емес, ТМД көлеміне танылған, белгілі ғалым, қоғам 

қайраткері Ерлан Бәтташұлы Сыдықов өзінің ісімен, зиялы болмысымен елдің алғысына 

бөленіп жүрген АЗАМАТ.

Олай болмауы мүмкін емес еді. Абай елінде туып, ержеткен ол жастайынан Абай 

поэзиясымен сусындап өсті.  Ұстаздар отбасында дүниеге келген Ерлан өсе келе ұстаздық 

жолын таңдап, КазГУ-дің тарих факультетін тамамдағаннан соң Семей педагогикалық 

институтында оқытушылықтан бастап ректорға дейін көтерілді. Семей мемлекеттік 

университетін құрушы, оны 15 жыл басқарушы қызметін атқара жүріп, облыстық 

мәртебесінен айырылған Семей қаласының құрдымға кетпей, өзінің бұрынғы әлеуетін, 

әсіресе ғылыми, мәдени дәрежесін жоғалтып алмауына бүкіл күш-жігерін, білімін, 

беделін жұмсады, қаладағы білім ошақтарына орасан еңбек сіңірді. Осы жолда ол үлкен 

мектептен өтті, қайраткерлікке жетті.

Осындай қыруар шаруа атқара жүріп, ғылымда да толағай табысқа жетті. Оның 

зерттеулері түгелдей дерлік тарихымыздың «ақтаңдақтарына» арналған. Дәлірек 

айтқанда, докторлық диссертациясының өзі «қаны шығып» тұрған  проблемаға арналған 

еді. «Казахстан в составе Российской Федерации (1917-1937 гг.)» деп аталып, зұлмат 

жылдардың тарихын зерделеген болатын. Осы проблема – оның басты еңбектерінің 

барлығында өзек болып отырады. Ресей мен Қазақстан қатынастарының 1917-1937 

жылдарындағы  жағдайы,  репрессиялық  машинаның  іске  қосылуы, – бұл тақырыптар Алаш 

қозғалысының тарихы, Алаш арыстарының өмірі, қызметі, саяси, мәдени көзқарастары 

мен іс-әрекеттері – бәрі нақты деректер негізінде қарастырылады. Дәлел ретінде 

Ерланның «Шәкәрім және Алаш-Орда» (Новосибирь,  2008), «Шәкәрім» (М., 2012), 

«Шәкәрім» (А., 2013) атты кітаптарын атауға болады. Тарихшы-ғалым болғандықтан 

Шәкәрім туралы жазғандары бұрын беймәлім болып келген тың материалға, дерекке бай. 

Шәкәрімтануға, Алашты тануға зор үлес қосқан бұл еңбектер тарихшылар тарапынан да, 

әдебиеттанушылар тарапынан да әлі ойдағыдай зерделене қойған жоқ. Қаншама нақты 

оқиғалар, қаншама жазықсыз жапа шеккен адамдар тағдыры, әділдік үшін күрескен 

азаматтар тағдыры ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық 

үдерістермен сабақтастырыла қаралады. Советтік солақай саясат, идеологиялық қыспақ, 

зорлық-зомбылық, өтірік жала – бәрі оқырманның төбе-шашын тік тұрғызады, себебі 

мұнда әдеби-көркем шарттылық жоқ, мұнда нағыз тарих, нағыз күрес нақты беріледі. 

Мұнда ресми де, бейресми де құжаттар сөйлейді: партия қаулылары, КГБ шешімдері,  

жалған  арыздар және  т.б. Яғни, Совет кезіндегі қоғамның болмысы, адамдардың  кей 

жағдайларда ардан аттап, адамдық қасиеттерінен қалай айырылғанын көресіз. Осындай 

адамсымақтармен күрескен, әділетсіздікке қарсы шыққан абзал жандарға риза боласыз. 

Бір ғана мысал ретінде Шәкәрімнің ақталу тарихына арналған беттерді атауға болады.

Ұлты үшін, ұлтының жарқын да азат болашағы үшін жан қиған зиялылардың 

еңбектерін соттаған, репрессиялаған құжаттар ғалым  Е.Сыдықовтың зерделілігі, аса 

ұқыптылығы, ғылымға адалдығы әрі шыншылдығы арқасында белгілі болып отыр. 

Мәселен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің үгіт және насихат бөлімінің 

меңгерушісі Ілияс Қабылов қол қойған құпия құжат бойынша (1937 жылғы 21 тамызда) 

228 кітапты жою қажеттігі айтылған. Бұл тізімнің ішінде көркем әдебиет үлгілері, 

оқулықтар, хрестоматиялар саяси-әлеуметтік еңбектер, т.б. дүниелер жүр.

Профессор Ерлан Сыдықов тарихтағы «ақтаңдақтарды» анықтау мен саяси 

қателіктердің салдарын жою жолында мол еңбек етіп келеді.  Тіпті  2015  жылы  Москвада 

жарық көрген «Жамбыл» атты кітабында да осы проблемаға үлкен орын берілген. 

Демек, Ерлан нағыз тарихшы-ғалым ретінде өте маңызды мәселелерді зерделеп, өзіндік 

ғылыми концепциясын анықтаған, қалыптастырған деп айта аламыз.

Азаматтың толысқан жасына толағай жетістіктермен келіп отырған Ерлан 

Бәтташұлына ғылымда да, ұстаздықта да, ұйымдастырушылық қызметте де жаңа 

табыстарға жетуіне тілектеспіз.

жақсының көзі – Ерлан Бәтташұлы 

Сыдықов. Жігіттің жампозы, балауса- 

балғын Ерлан Бәтташұлының дидары 

1973 жылы КазГУ-ге түскен кезінен 

көз алдымда дәл бүгінгідей елестейді. 

Тойған қозыдай сүйкімділігі, артық 

ауыз сөзі жоқ, қақ-соқпен ісі жоқ 

болмысы, жарқыраған жаздай көңілі 

сол кездің өзінде көрініс берген-

ді. Содан бері білімнің, ғылымның, 

руханияттың жолында өлшеусіз 

еңбектеніп, 2011 жылдың жазынан 

бері Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 

ректоры міндетін мінсіз, мүлтіксіз 

атқарып келеді. Университет 

мәртебесі мен дәрежесін мейлінше 

жоғары ұстап, өркендетіп, ғылыми-

шығармашылық әлеуетін тереңдетіп 

келе жатқаны аян. «Айна – айна 

емес, халық – айна» дегендей, ел 

сөзі бұған куә. Шаһбаз өзі басқарып 

отырған университетті алуан-алуан 

жетістіктерге жеткізді. Нақты 

айтқанда, Л.Н.Гумилев атындағы 

ЕҰУ «Алтын сапа» (2012), ТМД 

сапа сыйлығы және Ұлттық Тәуелсіз 

рейтинг бойынша 1-орын, Әлемдік 

рейтинг бойынша 303-ші орын 

бұйырды. Бұлар университетіміздің 

маңдайалды екендігін бек 

танытады, сүйсіндіреді. Ректор 

Е.Б.Сыдықовтың тұлғалық қасиетін, 

ұйымдастырушылық қабілетін 

терең түсіндіреді. Осы тұрғыдан 

келгенде, ол – ТМД университеттері 

қауымдастығының вице-президенті. 

Негізінде, ол Республиканың саяси-

қоғамдық, әдеби-мәдени, ғылым 

өмірінде жалынды, жарқын істерімен, 

көкейкесті идеяларымен салмақты 

үлес қосып жүрген дарабоз. 

Расында, Ерлан Бәтташұлының 

болмысына атаның пейілі, 

ананың мейірі  дарыған.   Және 

де білікшіліктің, зиялылықтың 

жемісіндей, 

абы рой дың 

табиғи 

көрінісіндей қарапайымдылығын 



айтсаңызшы!

Алты асқардың басына шыққан 

халық қызметкері академик Ерлан 

Бәтташұлының еңбегіне жеміс, 

деніне саулық, отбасына амандық 

тілеймін! Әманда жұлдызың 

жоғары болғай! 

рухани дүниесінен нәр алған небір азаматтар алдыңғы буын ағалардың 

дәстүрін одан әрі жалғастырып жүр. Ерлан Бәтташұлы да Ұлы аталарының 

ізімен жүре отырып, қазақтың жаңа заманға лайықты тарихи санасын 

қалыптастыруға еңбек етіп жатқанына ел куә. 

Тектілік пен көргенділік, сонымен қатар өзінің табиғи дарындылығы 

өмірлік жолында алтын қазығы ретінде негізгі діңгегіне айналған. Әрқилы 

қоғамдық, ұйымдастырушылық және творчестволық жұмыстардың көзін 

тауып, істі ойдағыдан да артық, көздегеннен де жоғары тұтып атқару Ерлан 

Бәтташұлының бойына сіңген ерекшелік. Басқарып отырған Еуразия ұлттық 

университеті Еуразия құрлығында әлемдік деңгейде танымал, белсенді оқу 

орнына айналды және зерттеу орталығы нышанына нық қадам басуда. 

Тарихи үрдістің  қашанда қоғам дамуына ықпалы аса зор. Рухани 

байлығы биік, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі берік халықтың экономикалық 

тұғыры да мықты болады. Сондықтан да Ерлан Бәтташұлы «Мәңгі Ел» 

халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналдың бас редакторы ретінде, 

тарихшылардың Ұлттық Конгресінің төрағасы ретінде елдің бірлігі мен 

татулығын дәріптеп, халықтың тарихи санасын одан әрі қалыптастырып, 

қоғамдағы рухани және өнегелі құндылықтарды насихаттап, жаңашыл 

тарихи бағыттарға көңіл бөліп, жастар өресінің кемелденуіне назар 

аударып салиқалы еңбек атқаруда. 

Бүгінгі таңда білікті ғалым, адамгершілігі мол, ізетті, сыпайы академик 

Ерлан Бәтташұлының ерекше ұлтжандылығы өскелең ұрпақтарға өнеге 

болғай.


Сізді 60 жылдық мерейтойыңызбен құттықтап, деніңізге саулық, 

отбасыңызға аманшылық, бақ-береке мен қуаныш тілеймін.  Туған жердің 

киесі және бойыңыздағы асыл қасиеттер әрқашанда қорған болып, алға 

жетелей берсін демекпін! 

4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл

Көңілге 

қуаныш 


ұялатады

Халықаралық 

Әйелдер күні!

Ақжайықта білім алып, еңбек жолын 

бастаған, қазіргі кезде отанымыздың жүрегі – 

Астана қаласындағы білім мен ғылым ордасы 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің белгілі ұстазы, сүйікті апайым, 

биология ғылымдарының кандидаты, доцент 

Жансұлу  Іңкарованы кездестіре қалсам, ол 

кісінің үнемі жарқын жүзбен "менің шәкірттерім" 

деген сөзін ести  қалсам қанаттанып кетемін.  

Жансұлу Іңкарова А.С.Пушкин атындағы 

Орал педагогикалық институтын бітіріп, ҚР ҰҒА 

Физиология институтында биология ғылым-

дарының кандидаты ғылыми дәрежесін сәтті 

Ұстаздардың ұстазы

қорғағаннан кейін  Орал пединститутында «Адам 

және жануарлар физиологиясы» кафедрасында 

оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра 

меңгерушісі лауазымына дейін көтеріліп, ұстаздық 

етті.


Жансұлу апай қазіргі кездегі білім саласының 

оқу үрдісіндегі талаптарды жақсы меңгерген, 

білімін үнемі шыңдауды кәсібінің басты ұстанымы 

ретінде қабылдаған ұлағатты ұстаз, «Физикалық 

және экономикалық географиясы» кафедрасының 

доценті. «Географияны оқыту әдістері», 

«Биогеография» және т.б. сабақтардан дәріс 

оқып, практикалық сабақтар жүргізеді, курстық 

және дипломдық жұмыстардың жетекшісі. 

Жаратылыстану ғылымдары факультеті ғылыми 

кеңесінің мүшесі, кәсіподақ ұйымының төрағасы. 

Бізге «Адам және жануарлар физиологиясы», 

«Адам анатомиясы» пәндерінен сабақ берген 

кездерінде Жансұлу Ишанқызының дәрістерін 

шын ықыласпен тыңдап, ұстаздың білімділігіне, 

байсалдылығына, еңбекқорлығына тәнті боламыз. 

Ресейде білім алса да ана тілімізді жетік білетін 

маман.  Сондықтан да шәкірттері   бұл кісіні  үлгі 

тұтады, құрметтейді.

ЖАНСҰЛУ ІҢКАРОВА, Сізді Халықаралық 

әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтап, 

отбасыңызға амандық, шығармашылық табыс, зор 

денсаулық тілейміз. Алдағы уақытта да абыройыңыз 

артып, еңбегіңіз жана берсін!


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 371.09 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет