Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



жүктеу 50.56 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.05.2017
өлшемі50.56 Kb.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

316


анықталатын  ұғым-түрлік  ерекшелігі-тегі.  Мысалы:  Ромб  (анықталатын  ұғым)    дегеніміз  –барлық  

қабырғалары тең (түрлік ерекшеліктері)   параллелограмм (тек). Математикалық ұғымның мазмұны 

мен көлемі болады. Ұғым мазмұны-нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығы. Ұғым 

көлемі-нәрселердің осы ұғым тарайтын жиынтығы. Мысалы: «Үшбұрыш» ұғымының мазмұны үш 

қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі «барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың»  жиыны. Мек-

тепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық  жағынан және физиологиялық  жағынан 

да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының 

жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.                                                                                                              

Белгілі  орыс  психологтары  А.Н.Леонтьев,  А.В.Запорожец,  А.А.Люблинская  [3]  мектепке  даяр-

лау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын  түсінуін, әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік 

қасиеттерінің  дамуын,  өзін-өзі  бақылау  және  өзін-өзі  бағалау  дағдыларын,  мұғалімді  тыңдау  және 

материалды есте сақтау біліктілігін жатқызады.

Е.Е.Кравцова мектептегі оқуға психологиялық  даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас»  

негізгі  рөлді атқарады деген тұжырымға келді. Ал, Л.И.Божович мектепке келетін баланың таным 

қызығушылықтары  дамыған,  әлеуметтік  ортаға  ене  алу  біліктілігі  және  оқуға  деген  ынтасы  болу 

қажет деген пікірге келді.

Р.В.Овчарова  тұжырымдамасында,  мектептегі  оқуға  дайын  бала  өзінің  әрекеттерін  жоспарлап 

және бақылай алады, қоршаған дүниенің заңдылықтарын, заттардың  жасырын қасиетін бағдарлайды, 

оларды өз әрекеттерінде қолдана алады, басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін 

орындай  алу  біліктілігін  жатқызады.Алайда,  мектепке  даярлау  мәселесі  Қазақстан  ғалымдары 

Б.Баймұратова, Қ.Сейсенбаев, Н.Айғабылов, Б,Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. 

Математиканы  оқыту  мәселесімен  мектепке  дейінгі  балалардың  математикалық  түсінігін 

қалыптастыру үшін әдістеме жасап шығарған педагог –практиктер Р.А.Березина, З.А.Михаилова, Не-

помнящая Р. [4], Т.И.Ерофеева [5]  айналысты. Математиканы оқыту мәселесі қазіргі таңда жоғары 

маңызға ие. Ең алдымен таным көзі – сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп 

тануынан тұрады. Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды.

Баланың  логикалық  ойлау  түсінігі  ең  алдымен,  оның  сезінуімен  байланысты.  Баланың 

математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы мен  жас  ерекшеліктеріне байланысты 

болып табылады. Сонымен қатар, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орнала-

суын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді.

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  кішігірім  математикалық  терминдері:  геометриялық 

пішіндердің  атауларын  (дөңгелек,  үшбұрыш,  төртбұрыш  т.б.)  және  олардың  элементтері  (қыры, 

бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйрене отырып, балалар қарапайым математикалық 

дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен қатар,балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы 

артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) – жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индук-

тивті  және  дидуктивті  ойлау  қалыптасады.  Бала  бір  заттың  құрылысына,  қасиетіне  (пішініне,  түсі 

т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Жаңа 

материалдарды бағдарламаның кез -келген бөлігінде («Сан және санау,» «Көлем», «Пішін», т.б.) ке-

зектестіріп 2-5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін екінші бөлімінде оқытқан жөн. Тәрбиеші әр түрлі 

жастағы топтардың бағдарламасының құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық 

дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және 

әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді 

қалыптастыруына көмектеседі. Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс форма-

сы – сабақ  болып табылады.  Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Бала-

ларда бірізді жүйе қалыптасады. Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын, 

жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, 

баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар не-

гізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады.

Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау  және кезекте-

стіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.

Сабақ құрылымының – көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 

жоспарланады және үйретіледі. 

Жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден – педагог көрсетеді, жаңа тапсыр-

маны түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады. Балалар педагогтың іс-

әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл-ойды тәрбиелеуде 

және ой-өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады.



№ 1 (92) 2013

317


Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде сабақтарға арналған ойын әдістеріне үлкен 

мән  беріледі.  Оқытудың  әдістері  мен  тәсілдері  ережеге  сәйкес  қолданылады,  әртүрлі  үйлестіруде 

оқытудың  көп  бейнелі  әдістері  мен  тәсілдерін  пайдалану,  оларды  шебер  үйлестіру  керек,  сонда 

сабақтар балаларға пайдалы, қызықты болады.

Математика сабақтарында дидактикалық ойындарға  (қызықты жаттығулар, шығармашылық тап-

сырмалар, т.б.) ерекше көңіл бөлінуі қажет. Әртүрлі қызықты материалдарды  (жұмбақтар, өлеңдер, 

тақпақтар, мақалдардан, қанатты сөздерден, ертегілерден және де сергіту сәтінен (физминуттардан) 

топтама  жасау)  қолдану  педагогикалық  үдерістің  тиімділігін  арттырады,  сондай-ақ,  олар  баланың 

ақыл-ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады.                                         

Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  логикалық  ойлауын  дамытуда  қиындықтар  кездеседі. 

Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. 

Іс-әрекеттің  айрықша  түрлерінің  бірі  -  ойын  болып  табылады.  Ойын  -  оқу  әрекетіне  тән  бірқатар 

қасиеттерге  ие  екендігі  белгілі.  Мұны  балабақша  тәрбиеленушілерінің  білімі  мен  дағдыларын 

қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар, ойын балаларға қозғау 

салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: ба-

лалар үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), 

игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық 

құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы 

ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, бала өмірінде 

ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық 

ерекшеліктері  ойын  үстінде  қалыптасады.  Олар  ойын  ойнау  барысында  өздерін  еркін  сезінеді. 

Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады. Ойын-

дарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде балабақша тәрбиеленушілеріне тәрбие 

беру  теориясы  мен  оқыту  тәжірибесінде  шешімін  тапқан.  Логикалық  ойлау  барысында  мектепке 

дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішін-

мен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен 

өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын 

қалыптастыру,  затты  тең  екі  бөлікке  бөлу  деген  мәселелерге  назар  аударылады.  Мектеп  жасына 

дейінгі  балалардың  жан-жақты  дамуы  үшін  логикалық  ойындардың  орны  ерекше.  Ойын  –  мектеп 

жасына дейінгі кезден басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық 

ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Логикалық ойын-

дар  баланың  психикасында  сапалы  өзгерістер  тудырады:  бала  зейінінің,  жадының  қалыптасуына 

ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі 

болып табылады. Логикалық ойлау – адамның интеллектуальдық қабілеттерінің негізін құрайды. Да-

мытушы  ойындар  балалардың  логикалық  ойлау  дағдыларын  арттырады.  Сондықтан  да,  балаларға  

логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.     Балалардың мектепалды 

даярлық  кезінде балалардың ақыл-ой қабілеттіліктеріне интенсивті  қалыптасу танымнан логикалық 

танымға, практикалық танымнан шығармашылық танымға өту үдерісі  жүреді. Осы жаста абстрак-

ция, жалпылау, ой тұжырымдаудың қарапайым түрлері пайда болады. Мектепжасына дейінгі бала-

ларда жоғары танымдық белсенділікті, өзіндік танымды қалыптастыруға болатындығы дәлелденген. 

Шығармашылық белсенділік  деңгейін жоғарылату, өндірістің автоматизация мәселелері, электронды 

– есептеу машиналарында модельдеу, т.б. мамандардан үйретілетін үдерісті айқын талдауды қажет 

етеді. Сондықтан, балалар бақшасындағы оқыту балаларда  қоршаған ортаны толыққанды логикалық  

талдауға бағытталған. Оқыту тәжірибесі мектепке дейінгі балалардың логикалық  танымын дамыту 

бастапқы математиканы  үйренуіне мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың 

ойлау қабілетін тереңдету және жетілдіру қарастырылады. Ересектермен күнделікті қарым- қатынас 

үдерісінде,  балабақшадағы  тапсырма  орындау  арқылы  балалар  алдында  таныс  объектілердің,  іс- 

әрекеттің жаңа қырлары, танымның жаңа аспектілері ашылады. Орта және жоғарғы мектепке дейінгі 

балалық шақ жасында балалардың белсенді ойлау іс-әрекетінің объектісі түрлі параметрлер, заттардың 

қасиеттері және  пәнаралық  байланыс арасындағы түрлі  типтер  болып  табылады. Танымның  негізі 

-тәжірибе  мен  бақылаудан  пайда  болған  сенсорлы  дамыту  болып  табылады.  Түрлі-түсті  көптеген 

заттармен  (ойыншықтар,  суреттер,  геометриялық  фигуралар)  жұмыс  жасай  отырып,  балалар  көп 

заттар арасындағы айырмашылықты сөздермен: көп, аз, тең атайды.  Математикалық дамумен мек-

тепке  дейінгі  балалардың  танымдық белсенділігінде математика  мен  логикалық  бағдарламалармен 

байланысқан  түсініктерді  қалыптастыру  нәтижесінде  сапалы  өзгерістер    өтеді.  Педагогикалық 

тәжірибедегі ғылыми зерттеулер талдауы (А.М. Леушина, Н.И. Непомнящая, А.А. Столяр и др) [6]   



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

318


мектепке дейінгі балаларды математикаға ұйымдасқан  түрде оқыту үдерісі балалардың жалпы ақыл-

ой дамуын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Айқын да нақты көп заттарды салыстыру балаларды 

сан ұғымын меңгеруге даярлайды. Қорыта келгенде, балалар санмен жұмыс істей отырып, сандардың 

табиғи заңдылығын және абстрактты сандар түсінігін түсінуге қалыптастырады және алдағы уақытта 

мектепте оқу кезінде де негіз болып қаланады және балаларда  математикалық ұғымдарды меңгеру 

қалыптасады. 

                         

ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Қазақстан  Республикасында  бiлiм  берудi  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттiк 

бағдарламасы.- Астана, 2004 

2. Г.И. Глейзер «Мектептегі математика тарихы».- Алматы, «Мектеп», 1985.  

3. Люблинская А.А. Детская психология.- М.: Просвещение, 1971.

4. Михайлова З.А., Непомнящая Р. Методы формирования элементарных ма-тематических представлений // 

Дошкольное воспитание. 1988 г. № 2- с.26-30.

5. Ерофеева Т. Использование игровых проблемно-практических ситуаций в обучении дошкольников эле-

ментарной математике //Дошкольное воспитание. 1996 г. с. 17-20.

6. Леушина А.М. Формирование элементарных математических представлений у детей дошкольного возра-

ста. -М.: Просвещение, 1974.- 368 с. 

Редакцияға 12.10.2012 қабылданды.

Қ.М. НАҒЫМЖАНОВА, А.З. ДИМЕУОВА 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИМПРОВИЗАЦИЯ –  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БІР БӨЛІГІ

 

This article deals with problems of pedagogical improvisation. It is described as a part of pedagogical 



creative activity of future teachers. The article also gives a description of preconditions of the development of 

improvisation of abilities of future teachers.

Соңғы жылдары психологиялық-педагогика ғылымында «педагогикалық импровизация» термині 

кеңінен қолданыла бастады. В.А.Кан-Калик педагогтің шығармашылық үрдісінің маңызды элемен-

ті    «педогогикалық  импровизация»,  әңгімелесудің  өзгермелі  қағидаларында  үлкен  рөлге  тең  деп 

пайымдаған.

 Мұғалім іс-әркет барысында туындаған, міндетті, жедел түрде коммуникативтік мақсаттарды шешу-

де, дайындалмаған әңгімелесуде қиын жағдаятқа тап болуы мүмкін. Бұл жағдайда эрудиция және кәсіби 

ойлауы, тіл байлығының мол болуы және жалпы сөз мәдениеті, балалармен жақсы қарым-қатынаста 

болуы  маңызды.  Әңгімелесудің  әр  түрін  қолдана  алмағанда  аяқ  астынан,дайындалмаған  қарым-

қатынаста еркін шығудың қағидалық маңызы зор. Мұғалім әңгімелесудің педагогикалық импровиза-

циясын басшылыққа алу қабілетіне ие болу керек. Оқушылардың іс-әрекеттерін және жағдаяттарын 

жедел бағалау, шешімді бірден шығару, алдын-ала логикалық талқылаусыз,педагогикалық білімнің 

эрудицияның,  интуицияның,  балалармен  әңгімелесуде  бұл  шешімдерді  пайдалану,  жағдаяттың 

өзгеруін бақылай отыра, өзінің іс-әрекетін көрсетуде.

А.К.Маркова  педагогикалық  импровизацияны  мұғалімнің  педагогикалық  эрудициясының 

психологиялық сапасы, педагогикалық мақсаткерлік, педагогикалық тапқырлық, педагогикалық ойлау, 

педагогикалық интуиция, педагогикалық бақылау, педагогикалық рефлексия және оны педагогикалық 

шешімнің күтпеген тапқырлығы және оның қиялының көптүрлігі, қалыптастыру үдерісінің  сәйкес 

келуі және  қысқа мерзім кезіндегі пайдаланылудың маңыздылығын анықтаудың бірі деп есептейді.

В.И.  Загвязинский,  педагогикалық  іс-әрекетте  импровизацияның  белгіленуін  талқылай  келе, 

педагогтің  етпеуге құқығы жоқ, ол ылғи да өзімен жұмыс жасауға міндетті,себебі;   импровизациялық 

халде болу керек, ойлағанын тиімді және толық айту  үшін, сабақта тиімді шешімді іздеу және жасау 

керек деп белгіледі. Педагогикалық   импровизацияның қабілетін ескере отырып, ғалым оны педагогтің  

жағдаятты жедел бағалау қабілеттілігі. Шешімді тез шығару,логикалық талқылаусыз, интуицияның 

және тәжірибе мен білімнің негізінде деп анықтайды.

В.Н.Харькин  педагогикалық  импровизацияны  талдауда,  В.И  Загвязинскидің  мәліметі  бойынша, 



«шешу» және «бағалау»  педагогтың қабілетін педагогикалық импровизацияда анықтайды. Мұндай 

Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ
repository2014 -> Гендерлік зерттеулер методологиясының ерекшеліктері қиқымбаев М. Ж
repository2014 -> Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы А. Д.Әлтай
repository2014 -> Қазақ әдебиетіндегі шәкәрімтану немесе ақын шығармашылығының зерделенуі А. К. Жундибаева
repository2014 -> Бейнелілік құрылымдағы өлең және шешендік өлең Б. Жылқыбекұлы
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Әлем әдебиетінің таңдаулы драматургиялық туындылары – М.Әуезов аудармаларында
repository2014 -> Айтулы алаштанушы
repository2014 -> С. бегалин мұрасын жариялаудағы тұрсын жұртбай
repository2014 -> Мұратбек тоқТАҒазин әзілхан нұршайықов және қазақ журналистикасы

жүктеу 50.56 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет