Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



жүктеу 95.31 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.02.2017
өлшемі95.31 Kb.
#3158
түріЛитература

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

 

 



Итак, обучение, имеющее целью различного рода коммуникацию, должно быть построено по 

принципам коммуникации. Коммуникативная направленность обучения выражается в развитии 

рече

-

вых навыков через общение (уже начиная с усвоения элементарного уровня языка), через 



насущные  интенции,  необходимые  в  повседневной  жизни,  через  формирование  интереса  к 

выражению  особен

-

ностей  собственного  восприятия  мира,  индивидуального  у  каждого 



человека,  развитие  механизмов  языкового  прогнозирования  ситуации.  Усвоение  грамматики 

при  этом  становится  более  эффективным  за  счет  того,  что  определенные  формы  слов 

включаются в коммуникативно

-

значимые (именно в этот момент) конструкции.



 

 

ЛИТЕРАТУРА

 

 

1. 



Волошинов  В.Н.  Марксизм  и  философия  языка.  Основные

 

проблемы  социологического  метода  в 



науке о языке // Философия и социология гуманитарных наук. 

СПб.: Аста



-

Пресс 


LTD, 1995. - 

С.216


-

380 с. 


 

2. 


Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. // Москва: Интор, 1996. –

 

544 с. 



 

 

3. 



Бабкина М.В. О взаимосвязи различных видов речевой деятельности учащихся на уроках русского языка. 

 

 



 

Москва: РЯШ, №2, 2004.С. 12



-16. 

 

 



4. 

Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. // Москва: ЛКИ, 2010.

-

264 с. 


 

 

Поступила в редакцию 06.10.2012.

 

 

А.М. МУХТАРХАНОВА



 

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚАТЫСЫМДЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ТҤРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА



 

http://www.enu.kz

 

 

 



In this article notions ‘methodology’, ‘methodology of teaching’ and communicative methods of teaching

 

 



English  are  reviewed  according  to  analysis  of  scholars.  Also  this  article  reviews  general 

description of 

communicative methods of teaching English.

 

 



«Әдіс» грек тілінен алғанда зерттеу, таным жолы дегенді білдіреді. Педагогикалық энциклопеди

-

яда  «Оқыту  әдістері  –



 

мұғалім  мен  оқушылар  жұмысының  тәсілдерінің  көмегімен  білімді,  іскерлікті 

және дағдыны игереді, оның нәтижесінде оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері да

-

 



миды» [1].

 

 



Философиялық сөздікке сүйенсек, әдіс

-

белгілі бір мақсатқа жету, іс



-

әрекетін нақты ретке 

келтіру  тәсілдері.  «Оқыту  әдістері  –

 

педагог  пен  оқушының  білім  мақсаттарына  жетуге 



бағытталған біріге жасаған іс

-

әрекеттерінің тәсілі» [2].



 

 

И.Ф.  Харламов  «Әдіс  –



 

оқыту  барысында  ұстаздың  қолданатын  тәсілдері  мен  білімді 

игеру

-

ге  бағытталған



 

түрлі  дидактикалық  міндеттерді  шешу  үшін  шәкірттің  оқу

-

танымдық 



әрекетін ұйымдастыруы. Оқыту әдісінің көмегімен оқушы белгілі деңгейдегі білімді, іскерлік 

әрекеттің  машық,  дағдысын  игереді,  дүниетанымын  қалыптастырады,  қабілетін  өрістетеді. 

Оқыту  әдісінің  атқаратын  қызметі

-

білімдендірудегі  тиісті  мақсатқа  жету,  ал  мақсатқа  жету 



оқытушының  шеберлігіне,  білімдарлығына,  оқу  процесін  тиімді  ұйымдастыра  білуіне  және 

шәкірттерді ынталандыра алуына байланысты» дейді [3].

 

 

«Әдіс» деп оқытушының тұжырымдамасын бейнелейтін, белгілі



-

бір мақсатқа жетелейтін, оқытуды 

ұйымдастырудың тетігі, оқытушының іс

-

тәжірибесін бейнелейтін оқыту жүйесі деп түсінеміз. Жоғары 



оқу орындарында ағылшын тілін жалпы білім беру пәні ретінде филологиялық мамандықтардың сту

-

денттеріне оқытуда олардың кәсіптік даярлығын қалыптастыруда В.Оконьнің оқыту әдістерінің клас



-

сификациясы 6

-

кестеде ұтымды әдістердің бірі ретінде қарастырылады (кесте 6) [4].



 

Мысалы,  филологиялық  мамандықтар  студенттеріне  ағылшын  тілін  кәсіптік  бағыттап 

оқытуда,  олардың

 

кәсіптік  қызметіне  қажетті  интеллектуалдық  бостандық,  рухани 



тәуелсіздік төмендегі әдістер классификациясы негізінде қалыптастырылады.

 

 



Атап  айтсақ,  импрессивтік  әдіс  бойынша  студенттер  әдеби  шығармалармен  жұмыс  істейді  (шығарма 

және оның авторы жайлы ақпарат, оның негізгі идеясын анықтау, салыстыру, өз пікірін білдіру, студенттің 

белсенділігін  ұштау),  экспрессивтік  әдіс  студенттің  қандай

-

да  бір  тапсырманы  өз  жанынан  шығаруын 



(өлең,  әңгіме,  презентация)  немесе  жұппен,  топпен  жасауын  қарастырады.  Бұл  әдістердің  ерекшелігі 

оларды  әрбір  практикалық  сабақта  студенттердің  қатысымдық  бағытта  өздігінен  жұмыс  істеу, 

шығармашылық  тұрғыдан  жұмыс  істеу  шеберліктерін  қалыптастыруда  қолдануға  бейімділігі.  Сондықтан, 

аталған әдістерді қолдану: сабақты тиімді ұйымдастыру, тілді кәсіптік бағытта оқыту

 

 

48



 

№ 1 (92) 2013

 

 



және студенттің меңгерген білімін қолдана алу мүмкіндіктерін кеңейту, студенттердің өздік жұмысын 

тиімді  ұйымдастыру,  студенттердің  танымдық,  шығармашылық

 

белсенділігін  арттыру,  бағалау 



дағдыларын қалыптастыру ағылшын тілін оқытуды тиімді жүзеге асырудың алғышарттары болады.

 

Әдіс



 

арқылы оқытушы түрлі оқу құралдарын, студенттердің білім деңгейін, берілген сағат 

санын ескере отырып, түрлі әдістемелік тәсілдерді қолданады. Жұмыс барысында ағылшын 

тілін оқыту тәжірибесінде қолданылып жүрген түрлі әдістер зерделенді. Әрбір әдістің өзіндік 

ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

 

 



6-

кесте. Оқыту әдістерінің классификациясы

 

 



 

танымдық  белсенділікке  негізделген  білімді  (репродуктивтік  мазмұндағы)  игеру 



әдістері (әңгіме, талқылау, материалмен жұмыс); 

 

 



 

шығармашылық  танымдық  белсенділікке  негізделген  білімді  өздігінен  меңгеру 



әдістері (проблемалық әдіс, ойындар т.б.); 

 

 



 

эмоционалдық



-

көркемдік  белсенділікке  негізделген  бағалау  әдістері  (импрессивті 

әдіс, эк

-

спрессивті әдіс, жаттығулар); 



 

 



 

практикалық әдістер. 

 

 

Жоғары  оқу  орындарында  ағылшын  тілін  оқытуда  студенттердің  кәсіптік



-

қатысымдық 

даярлығын қалыптастыру мақсатталғандықтан, сыни ойлау және шығармашылық

-

ізденімпаздық 



қадамды дамытуға ықпал ететін, оқытушы мен студенттің өзара қарым

-

қатынасын қамтамасыз 



етуге бағытталған қатысымдық әдіс ағылшын тілін оқытуда басшылыққа алынады.

 

 



В.Расторгуев жаңаша қатысымдық әдіс –

 

түрлі оқыту әдістерінің эволюциялық пирамидасының ең 



үстінде тұрған, шетел тілдерін оқытудың көптеген әдіс

-

тәсілдерінің үйлесімді қосындысы дейді [5].



 

Қатысымдық

 

әдіс  өз  бастауын  грамматикалық  –



 

аудармасыз  оқыту,  тура  әдіс,  аудио

-

лингвалдық, суггестопедиялық әдістерден т.б. алады



.

 

 



1875 жылы В. Шмиц жоғары оқу орындарында ағылшын және француз тілдерін оқыту курсы жайлы 25 

тезис  жазады.  Онда  тілдік  дағдылар,  айтылу  және  тілдің  білімдік  құндылығы  жайлы  сөз  қозғалады.  Шет 

тіліне  оқытудың  «тура»,  аудармасыз,  табиғи жолмен  оқыту  әдісі  1882  жылы  В.Фиетордың  «Шет  тілдерін 

оқыту  реформалануы  тиіс»  атты  шет  тілдерін  оқыту  үдерісіне  түбегейлі  өзгеріс  енгізу  туралы  еңбегінде 

көрініс  табады.  Лингвист  В.Фиетор  студенттерге  тіл  үйрету  барысында  теориядан  бұрын  тәжірибелік 

сабақтарды  жүргізу,  студенттердің  өздік  жұмысын  жүйелендіруді  ұсынған.  В.  Фиетор  ұсынған  шет  тілін 

аудармасыз  оқыту  әдісі  шет  тілін  оқыту  теориясы  мен  тәжірибесінде  тың  жаңалық  болды  және  көптеген 

ғалымдардың шет тілін оқыту әдістемесіне жаңа ой

-

пікір әкелуіне түрткі болды.



 

Белгілі лингвист Г. Пауль (1909) жоғары оқу орындарында аудиториялық сабақ пен өздік жұмысты 

үйлестіруді, жаттығулардың жүйелілігі туралы мәселе көтерген алғашқы ғалымдардың бірі. В.Фиетор 

ұсынған шет тілін оқытудағы «тура» әдіс бойынша тіл үйрену барысында ана тілі және ана тіліне ау

-

дару алынып тасталды, осыдан барып жаттығулар арқылы тіл үйрену іске асты [6].



 

Бұл  жүйені  XIX  ғасырдың  20

-30-

жылдары  Г.Пальмер  [7]  және  М.  Уэст  [8]  жалғастырды. 



Г.Пальмер  ағылшын  тілін  жаттығулар  арқылы  «ауызша  әдіспен»  оқытуды  ұсынған.  Белгілі  сөз 

тіркестерінің  дайын  моделіне  жаңа  сөзді  қойып,  қарапайым  сөз  тіркестерін  жасау  арқылы 

жартылай механикалық түрде сөздер меңгерілген. М. Уэст мәтіндік материалдарды іріктеу мен 

оқуға  үйретуді  мақсат  ететін  оқулық  жүйесін  қарастырған.  Аталған

 

ғалымдар  лексикалық



-

грамматикалық материалдарды іріктеу теориясы мен тәжірибесіне зор үлес қосқан ғалымдар.

 

 

Екі онжылдықтан кейін Ч. Фриз Г. Пальмердің тілдік модельдерін ситуативтік негізде үйретуді ұсынған. 



Ч.Фриз  Р.  Ладомен  бірігіп,  шет  тілін  аудио

-

лингвалдық  әдіспен  оқытуды  енгізеді  [9].  Ч.  Фриз  тіл 



үйренушілердің ана тіліне сүйенуі керектігін талап етеді. Шет тілін «тура» немесе аударма арқылы оқыту 

мәселесі көптеген жылдар бойы сыншылардың, ғалымдардың талқылау тақырыбы болды.

 

Аудио


-

лингвалдық  әдіс  бойынша  жаңа  сөз,  грамматикалық  конструкциялар  диалогта 

беріледі және диалогқа қатысты жаттығулар жасалады, әдіс ерекшелігі ауызша және аудио 

дағдыларға, материалды жаттауға көп көңіл бөлінеді.

 

 

1966  жылы  АҚШ



-

та,  Нью


-

Йорк  қаласында  «Басқа  тілде  сөйлеушілердің  ағылшын  тілі 

оқытушылары» бірлестігі құрылады (TESOL). Бірлестіктің алғашқы басшысы белгілі лингвист Х. Ал

-

лен, проректоры Р.Ладо, атқарушы секретары Дж. Е. Алатис болады. Дж. Е. Алатис «Алайда, уақыт 



өте келе аудио

-

лингвалдық әдіс тіл үйретудің жалғыз жолы емес екендігін түсіндік. Тіл үйретудің же



-

 

 



49

 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

 

 



дел әдісі, Dartmouth approach, Community Language learning, Silent way, Suggestopedia, Тotal 

Рhisycal response т.б. көптеген әдістер пайда болды» дейді [10].

 

Тіл  үйретудің  жаңаша  ең  танымал  әдістеріне  қысқаша  тоқталсақ,  суггестопедиялық 



(Suggestopedia)  (лат.  suggestio  иландыру)  бағыттың  авторы  –

 

психотерапевт,  медицина 



ғылымдарының  докторы,  болгар  ғалымы  Г.Лозанов.  Г.Лозановтың  пікірінше,  суггестопедиялық 

жүйемен  оқыту  адамның  жадындағы  ашылмаған  қорларын  ашып,  адамның  интеллектуалды, 

эмоционалды,  мотивациялық  белсенділігін  арттырады,  тіл  үйренушінің  кешенді  дамуына  әсер 

етеді.  Суггестопедия  шетел  тілін  оқытуда  музыка,  дене  және  жан  релаксациясы  арқылы 

студенттің жасырын когнитивті ресурстарын пайдалана отырып, еске сақтауды күшейту [11].

 

 



Калеб  Гатенью  әдісі  «Silent  Way»  (Үнсіз  тәсіл)  оқытуға  мәселелік

-

іздену  қадамы  арқылы 



сипатта

-

лады.  Бұл  әдіс  бойынша  студенттің  дербестігі,  даралығы  және  жауапкершілігі 



дамытылады:  1)  студент  тілді  оқуда  жаттап,  қайталағаннан,  неғұрлым  бір  нәрсені  анықтап, 

тудыруға (discovers or creates) ты

-

рысса; 2) есте сақтау берілген материал бойынша мәселенің 



шешімін іздеу, шығармашылық тұрғыдан анықтау, суреттеу арқылы жүзеге асады. «Үнсіз тәсіл» 

деп  аталуына  байланысты  оқытушы  оқу  уақытының  10%  ғана  пайдаланады,  қалған  90% 

студенттердің еншісінде. Оның мақсаты оқытушының барынша аз сөйлеуі, студенттің неғұрлым 

көп сөйлеуіне ықпал ету болып табылады. Бұл әдіс те оқушылардың қатысымдық шеберліктерін 

арттыруға бағытталған, К.Гатеньюдің айтуынша «шетел тілінде мәселе шешуші» болады [12].

 

 



Н.С.  Кобленцтің  «синтетикалық  әдісі»  бойынша,  мәтін  –

 

жау  деп  есептеледі,  өйткені  мәтін 



студенттің

 

инициативасын шектейді, себебі ол дайын мәтінді мазмұндауға дайын тұрады, сондықтан 



студентке өзі құрастыра алатын құрылыс материалын беру керек. Оқытушы студенттерге белгілі бір 

лексикалық материал тізімін және конструкция топтамасын ұсынуы керек, студенттер осы ұсынылған 

конструкция арқылы көптеген нұсқадағы мәтіндер құрастыруы қажет [13].

 

 



Брейнсторминг –

 

әдісі Алекс Осборн еңбегі. Бұл  –



 

шығармашылық белсенділікті күшейтетін 

белгілі  әдістердің  бірі.  Әдіс  ерекшелігі  ой

-

пікір  айтуда  қандай



-

да  бір  бағалау,

 

сын  айту 



шектеледі. Әдістің А.Осборн ұсынған классикалық техникасы екі негізгі принципке негізделеді –

 

«идеяға үкім шығармау» және «саннан сапа шығады». Бірінші кезеңде тақырып бойынша қиялға 



ерік беріледі: барынша көп идеялар ұсынылады. Екінші кезеңде идеяларды біріне

-

бірін қосып, 



жетілдіреді. Соңғы кезеңде бағалай отырып, ең ұтымды шешім таңдалады.

 

 



Брейнсторминг әдісі студенттердің сыни ойлау шеберліктерін қалыптастыруға ықпал етеді [14]. Г.А. 

Китайгородскаяның белсендіру әдісі негізінде, адамның және ұжымның психологиялық, әлеуметтік

-

психологиялық мүмкіндіктерін белсендіру жатыр. Онда ұжымдық өзара әсер ету, жеке



-

бағыттағы 

қарым

-

қатынас



-

оқыту мен тәрбие мақсаттарын қарастырады. Ағылшын тілін жеделдетіп оқытудағы 

қарым

-

қатынас дегеніміз аудиториядағы барлық студенттердің ағылшын тілінде үнемі бел



-

 

 



сенді араласуы, қарым

-

қатынасы [15].



 

С.Крашен  тілді  табиғи  жолмен  (жаттанды  емес)  үйрену  қағидасын  ұсынады  (Natural  Order 

Hypothesis). Онда жатталған материал меңгерілген материал бола алмайды, өйткені материал

 

«меңгеруді» күшейту үшін «түсініктілігіне» (comprehensibility) қарай өрбуі керек [16].



 

 

Жоғарыда  көрсетілген  тәсілдер  белгілі  бір  жүйемен  кешенді  түрде  пайданылған 



жағдайда, тілдің ең күрделі жағы: ауызекі сөйлеуді меңгеруге ықпал етеді.

 

Сонымен, оқытудың



 

қатысымдық әдістерінің түрлілігіне қарамастан барлығы келесі ортақ 

ерек

-

шеліктермен сипатталады:



 

1. 


Оқыту мақсаты жалғыз грамматикалық немесе лингвистикалық ережелерге ғана емес

қатысымдық

 

құзіреттің 



барлық 

компоненттеріне 

бағытталады 

(лингвистикалық, 

социомәдени, стратегиялық, оқу, кәсіптік). 

 

2. 



Сөйлеу материалын ұйымдастыру оның түріне емес, функциясына бағытталады. 

 

3. 



Қатысымдық

 

бағытта  оқытуда  түпкі  мақсат,  тілді  өңделмеген,  дайындалмаған  контексте 



оқытушының бақылауымен емес, басқаруымен өнімді, рецептивті қолдану болып табылады. 

 

4. 



Қатысымдық

 

бағытта  студенттің  кәсіптік  құзіретін  қалыптастыруда  материалдың 



аутентикалылығы  маңызды  орын  алады.  Бұл  студенттерге  тілді  тіл  иелерінің  қолдану 

қалыбында қабылдауға мүмкіндік береді. 

 

Ағылшын  тілін  нәтижелі  оқыту  мәтінмен  жұмыс,  түрлі  жаттығуларды  орындау,  слайд  жасау,  көрсету, 



әңгімелеу,  талқылау  т.б.  жұмыс  түрлері  арқылы  жүзеге  асады.  Студенттердің  сыни  ойлау  дағдыларын 

дамыту  мақсатында  қорытындылау,  ақпаратты  синтездеу,  түрлі  ой

-

пікірге  реакция,  тестік  тапсырмалар 



қолданыла  алады.  Мұндай  тапсырмалар  арқылы  студенттің  тіл  үйрену  дағдылары  дами

-

ды.  Оқыту 



тәсілдері ретінде болжау, негізгі ойды анықтау, презентация жасау сияқты шығармашылық тапсырмалар 

студенттердің ауызша сөйлеу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сөз қорын молайту тапсыр

 

 



50

 


№ 1 (92) 2013

 

 



малары  студенттің  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  білімін  толықтырады.  Меңгерілген  материалды 

бекіту  тапсырмалары  ретінде  өтілген  грамматика,  сөздер,  мәтін  мазмұнын  қолдана  отырып, 

ситуатив

-

тік  сөйлеу,  талқылау  тапсырмалары,  шығарма,  хабарлама  жазу,  зерттеу  тапсырмалары 



беріледі.  Бұл  тапсырмалар  студенттің  сыни  ойлау  шеберліктерін,  сөйлеу  дағдыларын,  студенттің 

кәсіби бағытта қатысымдық құзіретін қалыптастыруға мол мүмкіндіктер туғызады.

 

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР

 

 



1. 

Педагогическая энциклопедия. Т.2. –

 

Москва, 1965. –



 

272 с. 


 

 

2. 



Философский словарь /под.ред. И.Т. Фролова. 

5-

е изд. –



 

Москва,1987. –

 

278 с. 


 

 

3. 



Харламов И.Ф. Педагогика: Учеб. пособ.. –

 

Москва: Гардарики, 2003. –



 

519 с. 


 

 

4. 



Оконь В. Введение в общую дидактику. –

 

Москва: Высшая школа, 1990. –



 

381с. 


 

 

5. 



Расторгуев В. Методы изучения иностранного языка. Экскурс в методологию // Образование и 

бизнес. –

 1999. 



 



№5. –

 

С.5



-15.  

6. 


Эволюция методов обучения иностранным языкам в ХХ веке //

 

Иностранные языки в школе. –



 2004. 

 



№3. 

 

 



 

С. 45



-51. 

 

 



7. 

Пальмер  Г.Е.  Устный  метод  обучения  иностранным  языкам  //  The  оral  methods  of  teaching 

languages /Пер. Ю.Г. Стрельцовой. –

 

Москва: Учпедгиз,1960. –



 

165 с. 


 

8. West M. Teaching English in Difficult Circumstances. 

 London,1960. 



 250 p.  

 

9. Fries Ch. Teaching and Learning English as a Foreign Language. 



 Ann Arbor, 1948. 

 238 p.  



 

10. Ancker P.W.The Psychic Rewards of teaching: An Interview with James E. Alatis // English Teaching 

Forum. 



 2004. 



 

Vol. 42, №5. –



 

Р. 2


-9.  

11. Lozanov G. Suggestology and Suggestopedia /Innovative Approaches to Language Teaching / Ed.by 

R. Blair. 

 Newbury House Publishers, 1982. 



 176 p.  

12. Caleb Gattegno The Common Sense of Teaching Foreign Languages: New York, 1976. 

 Retrieved 



from http:// en.wikipedia.org/wiki/Caleb_Gattegno  

13. 


Кобленц  Н.С,  Строгановская  И.С.  О  преподавании  иностранного  языка  по  синтетическому 

методу: Мето

-

дическая записка. –



 

Москва, 1935. –

 

136 с. 


 

14.Alex F. Osborn Applied Imagination: Principles and Procedures of Creative Problem-solving //Journal 

of Creative Behavior. 

 2004. 



 

Vol. 38, №1. –



 

Р. 23


-25.  

15. 


Китайгородская Г.А. Интенсивное обучение иностранным языкам: теория и практика. –

 

Москва, 1982. –



  

 

254 с. 



 

 

16.  Krashen S. Second Language acquisition and Second Language learning. 



 Oxford Pergamon Press, 1981. 

 

230 р. 



 

 

Редакцияға 15.09.2012 қабылданды.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

51



 

Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ
repository2014 -> Гендерлік зерттеулер методологиясының ерекшеліктері қиқымбаев М. Ж
repository2014 -> Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы А. Д.Әлтай
repository2014 -> Қазақ әдебиетіндегі шәкәрімтану немесе ақын шығармашылығының зерделенуі А. К. Жундибаева
repository2014 -> Бейнелілік құрылымдағы өлең және шешендік өлең Б. Жылқыбекұлы
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Әлем әдебиетінің таңдаулы драматургиялық туындылары – М.Әуезов аудармаларында
repository2014 -> Айтулы алаштанушы
repository2014 -> С. бегалин мұрасын жариялаудағы тұрсын жұртбай
repository2014 -> Мұратбек тоқТАҒазин әзілхан нұршайықов және қазақ журналистикасы

жүктеу 95.31 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет